Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Саурық батыр

Саурық батыр

Ұлы жа­зушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы за­ман» хи­ка­яты көпке жақсы та­ныс. Кітап­тың бас кейіпкер­лері – Ұзақ ба­тыр мен Жәмеңке бас­таған пат­ша­лық Ре­сейдің отар­шылдық са­яса­тына қар­сы көтерілген 1916 жылғы Қарқара көтерілісі шығар­ма­ның негізгі арқауы болғанын оқыр­ман жақсы біледі. Ұлы қалам­гер оқиғаның қаси­етті ошағы Қабан-Қарағай­дан бас­талғанын, осын­да Ұзақтың ақ бо­зы азат­тықтың алғашқы құрба­ны бо­лып, ант қабыл­дағаны­нан бас­тау алған­дығын жа­зады. Осы жи­ын­да да­нагөй Ал­банның Райым­бек, Са­урық бас­татқан қадірлі ұлы аруақта­рының бәрін атап тұрып, Жәмеңке: «со­лар­дың оң са­парын бер» деп, мой­ны­на бұршағын са­лып тұрып тілек қылып, бір әкенің ба­ласын­дай бір ни­ет­ке тас түйін бо­лып бу­ылған ел­ге ақ ба­тасын берді" де­ген жол­дар бар. Ұлы жа­зушы осы көріністе Са­урықтың кім болған­дығынан оқыр­манға аз да бол­са ха­бар­дар етеді. Кітап­та атақты Райым­бек ба­тыр­дан кейін Са­урықтың аты ата­луы оның тегін адам еместігін білдірсе ке­рек. Ұлы жа­зушы бұл жер­де Са­урықтың ел­ге та­нымал болған­дығын қысқаша сю­жет арқылы бер­ген. Ен­де­ше осы Са­урықтың кім болған­дығын оқыр­ман әлі де то­лық білмейтіні кімді де бол­сын ой­лан­ды­рары анық. Көпшілік ша­пыраш­ты Са­урық ба­тыр­ды ғана біледі. Оқыр­манның көкейінде қалған Ұзақтың әкесі Са­урықтың қан­дай ерлік жа­сап, ел есінде қалған­дығы осы күнге дейін көпке жұмбақ күйінде қалып ке­леді. Біз осы сұраққа орай ел ішінде әлі де ай­ты­лып ке­ле жатқан әңгіме­лер­ге на­зар ауда­руды жөн көрдік. Ба­тыр ту­ралы ел аузын­да әлі де ай­ты­лады. Ақ пат­ша­ның отар­лау са­яса­тына қар­сы шығып, со­ның құрба­ны болған Са­урық қал­мақтар­дың соңғы демін өшірген ба­тыр ретінде ел есінде сақталған. Бірақ ол жайын­дағы әңгіме­лер ауыз­ша ғана жет­кен. Ал Мұхтар Әуезовтің шығар­ма­сынан кейін Са­урықтың есімі Жетісудің дүлдүл ақыны Көдек Бай­шығанұлы­ның өткен жы­лы жа­рық көрген «Қай­тейін, жалған дүние…» ат­ты жыр кіта­бын­да кез­де­седі. Он­да ба­тыр Ұзақтың арғы ата­лары мен әкесі Са­урық жөнінде мағлұмат­тар аз емес. Ақын:

… Ай­ттағы Сайынбөлек, Құрман­да Ал­пар,
Бұлар­ды туа Қызыр ша­лып өткен, –

де­ген өлең жол­да­рын­дағы Ал­пардың бел ба­ласы Са­урықты ақын жырға қосқан. Әкесі за­манын­да дәулетті, ірі бай, ел­ге қайырым­ды, зор бе­дел иесі болған­дығын Көдек ақын ай­та келіп, ата­сы Түмен­бай би де қазақ пен қырғызға та­нымал болған­дығын жыр­лай­ды. Арғы ата­лары Әлме­рек­тен бас­тап, жоңғар шапқын­шы­лары­на қар­сы күрес­кен ұрпақтан та­раған Ал­пардың Қолаң бәйбіше­ден туған Са­урық, Іліпбай және Сәске де қол­да­рынан най­за­сы түспе­ген ба­тыр­лар бол­са, оның басқа да ал­ты әйелінен өрбіген ұрпақ ал­дыңғы ағала­рына ілесіп, елін, жерін жа­удың шапқын­шы­лығынан қорғаған­дар. Бұлар­дың ішіне інісі ақын, әрі күйші Шал­та­бай да қосылған. Ұлы қалам­гердің бас кейіпкері Ұзақтың ата ба­басы осы­лай дүни­еден өтсе, әкесі Са­урықтың ерлігі де елдің есінде қалуы бе­кер емес.

Осын­дай уақыт­тың бірінде боз­ба­ла Са­урық та қал­мақтың қолы­на түсіп, тұтқын­да бо­лады. Бұл азап­ты өмірден қашып құтылған Са­урық ел­ге келіп, қол жи­нап, жа­уды қай­та бас көтерт­пейтіндей етіп ша­бады. Соғыс Құлжа­ның бергі жағы Те­кес­тен бас­та­лып, одан әрі Жұлдыз, Та­ясу де­ген жер­лерде өтеді. Ол кез­де қал­мақты Бүргә әмбі де­ген ба­тыры басқарып, екі жақта соғыс жүреді. Соғыс­тың жойқын болған­дығы сон­ша­лықты, қал­мақтар­дың есінде әлі күнге дейін сақта­лып қалған­дығы ту­ралы әңгіме бар. Қазіргі Құлжа­ның арғыбергі жағын ме­кен­де­ген қал­мақтар қара қасқа ат мінген Са­урықтың шапқан­дығын әлі ай­та­ды. Және де олар күні бүгінге дейін қара қасқа жылқы ұста­май­ды. Се­бебі біздің түбімізге жет­кен қара қасқа ат­ты Са­урық деп, он­дай жылқы ба­ласын төл кезінде не са­тып, не сойып тас­тай­ды. Мұндай әңгімені біз 1990 жыл­да­ры Қытай­дың Мұңғұл күре ауда­нына барған са­пары­мыз­да сол жақтан естідік. 1930 жыл­да­ры ашар­шы­лықтың сал­да­рынан Қытайға ауған қазақтар­дың ішінен Са­урықтың ту­ысқан­да­рын жергілікті қал­мақтар сұраққа алып, Бүргә әмба­ның гауһар жүзігін іздеп, біраз адам­ды азапқа салғаны ту­ралы да әңгіме ай­тыл­ды. Ал Са­урықтың бе­кер адам бол­мағанын ба­тыр­дың ту­ысқаны­ның бірі Мұқамәди қари­яның сөзі де рас­тай­ды. «Біз қызыл­дардан қуғын көріп Қытайға барған­да Мұңғұл күренің Қара­су де­ген жерінде тұрдық. Та­удан Те­кес өзеніне ат­пен қарағай тар­та­мыз. Ел қарағай са­тып жан бағатын. Бір күні топ ба­ламен қарағай тар­ту үшін тауға шықтық. Ал­ды­мыз­дан екі-үш қал­мақ кез­десті. Олар­дың ішіндегі бір ег­де­леуі бізден жөн сұра­ды. Өзі қазақша су­дай ағып тұр. Ке­зек маған кел­генде: Сенімен ой­науға бол­май­ды екен. Сен Са­урықтың тұқымы екенсің, – деп жөніне кетті» де­генді айтқан еді. Осын­дай әңгімені қазір сек­сенге кел­ген са­рыбас­та­улық Төкен қария да рас­тай­ды. «Оты­зын­шы жыл­да­ры ел қызыл­дар салған қырғынға шы­дамай Қытайға қаш­ты. Ше­кара –мы­на тұрған жер. Мен он­да жөргек­тегі ба­ла екенмін. Ел түн ішінде көшіп, ше­кара­дан өтпек болған­да менің бес-ал­ты жас­тағы үлкен ағам тайға мініп бірге жүріпті. Ше­караға кел­генде атыс бо­лып, көшкен ел жан сауғалаған. Ағам­ды тай алып қашып, өзінше кет­кен. Со­дан ол тай­дан құлап, қалың шөптің ара­сын­да жатқан жерінен қал­мақтар та­уып алып­ты. Со­лар­дың бірі ағам­ды өзіне ба­ла етіп алуға ни­ет­теніпті де. Қал­мақтың үйіне қазақтың бір кісісі ара-тұра са­уда­мен келіп тұра­ды екен. Ол үй­дегі бөтен ба­лаға на­зары түсіп: „Бұл кімнің ба­ласы?“ – деп сұраған ғой. Қал­мақ өзімнің ба­лам деп жеңістік бер­мепті. Ал қазақ бол­са ба¬ла¬дан аты-жөнін сұрап білген соң: „сен ба­ланың тағды­рымен ой­на­ма, бұл Са­урықтың тұқымы, ата-ана­сына қай­тар. Ба­ла сен­де еке¬нін олар білсе, жағдайың қиынға соғады“ де­ген әңгімені айтқан. Со­дан ба­ладан күдерін үзген әке-ше­шеме әлгі қал­мақ ағам­ды әкеп беріпті» де­ген еді.

Бүргә әмба­ны шапқан Са­урықтың бұдан кейінгі өмірі аз уақыт ты­ныш болғаны­мен орыс­тың қазақ жерін отар­лау са­яса­ты бас­та­лып, олар өз үстемдіктерін ел ішінде көрсе­те бас­тай­ды. Мұндай са­ясатқа Са­урық шы­дамай орыс әскерімен де соғысып, елінің бо­дан бол­ма­уына қар­сы­лық білдіреді. Алай­да ай­ла­кер орыс жағы оны ал­дап ұстап, тұтқын­дай­ды. Қамауға алынған Са­урықты сұраққа алып қинаған да. Бірақ оны өлтіру­ге ба­тыл­да­ры жет­пейді. Са­урықтың бе­делі ел ішінде зор екенін білген олар еліне қай­та­рады. Алай­да, орыс­тар оның мінген аты­ның ер-тоқымы­ның мінер жағын­дағы үзеңгісіне қас­тандықпен у жағып жібе­реді. «Осы удан Са­урық қат­ты ауырып, қай­тыс болған» де­седі көнекөз қари­ялар. «Са­урық қат­ты ауырып жатқан­да қара қасқа аты кісінеп үйіне келіпті» де­ген әңгімені Ба­лабақсы де­ген ат­пен ел­ге та­нылған қария айтқан еді: «Ба­тыр Ке­геннің Түмен­бай де­ген жеріне жер­ленген. Оның мінген қара қасқа аты есті жылқы болған. Та­лай жо­рықта сенімді серігі болған қара қасқа ат ба­тыр қат­ты ауырып жатқан­да үйіне кісінеп келіпті. Сон­да Са­урық жа­ну­ар­дың кісіне­геніне жа­ны ашып, ба­уыз­дауға қимап­ты. Осы­дан кейін ба­тыр көз жұмған. Мұны ол бе­кер істеді деп әкем ай­ту­шы еді» дейді қария. Жал­пы Са­урық жо­рыққа шыққан­да екі ат мініпті. Бірі – жи­рен қасқа бол­са, бірі –қара қасқа ат. Жи­рен қасқаны жа­умен най­за­ласқан­да, ал қара қасқаны жауға атой салған ұрыс­та, не қашқан жа­уды қуған­да мінген екен. Одан қашқан жау құтыл­маған. Осын­дай ат Са­урықты та­лай қиын-қыс­тау шайқас­тан алып шығып, жа­уын жеңуге көп көмек­тескені өз ал­ды­на бір әңгіме. Сон­дай шайқас­тың бірі Құлжа­ның арғы жағын­дағы Жұлдыз де­ген жер­де бо­лады. Қал­мақтар тауға бекініп, бас көтер­мес соғыс салған­да Са­урық қара қасқа атқа мініп, та­удың жалғыз аяқ қия жо­лымен отыз шақты мер­генді алып өтіп, олар­дың ту сыр­ты­нан ша­бу­ыл­даған. Осы ұрыс­та қал­мақтар жеңіліп, Бүргә әмбінің ба­сы ша­былып, қолын­дағы гауһар жүзігін және олар­дың та­бына­тын бұрха­нын атқа ар­тып, Са­урық ел­ге үлкен ол­жа­мен оралған. Ұрыс­тарда Са­урықтың сенімді серігі, әрі қана­ты болған қара қасқа осы жо­лы қал­мақтар­ды қай­ран қал­дырған. Ат­тың ақыл­ды, әрі ба­тыр­дың сенімді серігі болған­дығын Көдек ақын кіта­бын­да бы­лай деп су­рет­тейді:

… Ер­ге лайық ат ту­ар,
Қасқа ат­ты құдай пар­лапты.
Шыл­бы­рын түрген ноқта­мен,
Ар­ты­нан еріп қал­мапты.
Қысыл­таяң кезінде,

Ерт­теп мініп самғап­ты, – деп ақын жырға қосып, атқа өзінің бағасын бе­реді.

Са­урық орыс­тың қас­тандығынан Қытай­дың Ат­тың та­уы де­ген жерінде көз жұма­ды. Бұл жаз­дың ысыған айы бол­са ке­рек. Ба­тыр­дың сүйегі жат жер­де қалып ба­ра жатқаны елдің қабырғасы­на қат­ты ба­тады. Осы жағдай­ды ой­лаған Ұзақ қытай мен орыс­тың ара­сына келісімсөз жүргізіп, әкесін ар­шаға ора­тып, Ке­ген ауылы­ның жа­нын­дағы ата­сы Түмен­бай­дың қасы­на жер­лейді. Елі оның ба­сына күмбез ор­на­тады. Күмбездің ішіне қара қасқа ат­тың бас сүйегін де іліп, жа­нына най­за­сын қояды. Сол қара қасқа ат­тың бас сүйегі 1970 жыл­дарға дейін сақталған де­седі оны көрген жұрт. Бұны Райым­бек ауда­нының құрметі ақса­лының бірі Бей­сен­бек қа¬рия да рас­тай­ды. «1972 жыл­да­ры Ұйғыр ауда­нының ор­та­лығы Шон­жы­дан ке­ле жа­тып, жо¬лай Ке­ген­дегі Түмен­бай ауылын­дағы ата­мыз­дың ба­сына құран оқу үшін Тіле­ужан Өстеміров де­ген жүргізуші еке­уміз бейіт ба­сына бар­дық. Ата­лары­мызға құран оқып, ба­сынан то­пырақ ал­дық. Күмбездің сыр­тында үлкен жылқының қураған бас сүйегін көрдік. Мен оны қолым­мен қарыс­тап едім, төрт қарыс, төрт елі бол­ды. Сон­да ойыма кел­мепті, сол қу бас сүйекті үй­ге не­ге алып кет­пе­геніме әлі күнге дейін өкінемін» де­ген еді. Бір ғасыр­дан ас­там уақыт­тай ілінген сол бас сүйек қай жыл­да­ры жоғалғанын қазір ешкім білмейді. Мұндағы қос шы­нар­дай бо­лып алыс­тан көрінетін қос күмбез күні бүгінге дейін ерек­ше көрінсе, кейін үлкен қорымға ай­налған. Бұл жер­де Са­урықтың ата­сы Түмен­бай­дан бас­тап, әкесі Ал­пар және олар­дың ту­ысқан-туған­да­ры жер­ленген. Түмен­бай­дың жа­нын­да бұлақ та ағып жа­тыр. Мұны Түмен­бай бұлақ де­седі ел. Бірақ кімнің қай жер­де жатқанын көп ешкім біле де бер­мейді. Осы­дан екі жыл бұрын осы ауыл­дың ең үлкен қари­ясы 83 жас­тағы Төле­ген Ба­тырақовқа жо­лығып, біраз нәрсені анықта­дық. "Әкеміз Жылқыбай 96 жа­сын­да қай­тыс бол­ды. Сол кісі өлер ал­дында мені және ба­ласын шақырып алып, айтқан еді. «Мен өлсем Түмен­бай­дың қасы­на жер­леңдер. Біз Түмен­бай­мен жек­жат бол­сақ, бір жағы әулие кісі» деп ама­нат­та­ды. Біз әкеміздің ама­натын орын­да­дық. Мұнда жатқан­дардың біра­зы Түмен­бай­дың тұқым­да­ры деп, ол кісі қос күмбездің оңтүстік шығысын­дағы Са­урықтың күмбезін көрсетті. Күмбез кірпіш тәрізді тақта тас­тан қалаған. Күмбездің жар­ты­сы құлап, бүлінген. Төле­ген қария Түмен­бай мен Са­урық ба­тыр­дың аруақта­рына ар­нап құран бағыш­та­ды.

Са­урық ба­тыр ту­ралы де­рек­тер ел ара­сын­да әлі де көп кез­де­седі. Оның қырғыз­дармен болған соғысқа және де Құлжа­дағы дүнген мен та­ран­шы­лар ара­сын­дағы соғысқа да қатысқанын та­рих та жоққа шығар­май­ды. Ел аузын­дағы та­рих­та бір шын­дықтың ба­ры анық бол­са, елдің есінде ердің ерлігі мен жақсы­лығы мәңгі қала­тыны анық. Ал Ұзақтың әкесі Са­урық ба­тыр­дың әлі күнге дейін зерт­тел­мей, көпшілікке та­ныл­ма­уына кеңестік за­ман­да оның бай­дың тұқымы және орыс­тардың отар­лау са­яса­тына қар­сы шығып, бас көтер­гендігі се­бепші болған. Осы­ның сал­да­рынан Са­урық ба­тыр зерт­тел­меді, ел­ге та­ныл­ма­ды. Ал Қытай­дың Іле қазақта­ры Са­урықты бізден бұрын та­нып, ел­ге жа­рия етіп үлгерді. Оны ел­ге та­нытқан өзіміздің қан­да­сымыз, жа­зушы Әскер Тойған­бекұлы. Жа­зушы өткен та­рих бе­теріне үңіліп, «Ар­манда кет­кен арыс­тар» ат­ты кітап жа­зып, Са­урық ба­тыр­дың ерлігін ел­ге та­нытқан. Кітап 2000 жы­лы жа­рыққа шыққан соң, об­лыстық ра­ди­оха­бар­да Са­урықтың ерлігі кең түрде на­сихат­талған. Бұл кітап­тан Са­урық ба­тыр және оның ай­на­ласын­дағы ба­тыр­лардың елді жа­удан қалай қорған­дығы және орыс­тардың отар­лау са­яса­тына қалай күрес­кендігі көркем тілмен жеткізілген. Кітап ав­то­ры қазір ел­ге ора­лып, өзінің осы кіта­бын үш-төрт жыл­дан бері жа­рыққа шығар­сам деп әркет етіп жүр. Бірақ қара­жат­тың жоқтығы жа­зушы­ның қолын бай­лап­ты. Кітап­ты құзыр­лы орын­дар шығара­мыз деп уәде бер­генімен әлі шықпай жа­туы ой­ла­нар­лық жайт. Ал кітап шығып жат­са, қазақтың ұлы жа­зушы­сы Әуезов жазған Са­урық ба­тыр­дың ерлігін ел біліп, ұрпақ же­те та­нитын еді…