Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сүйінбай Аронұлы

Сүйінбай Аронұлы

Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) – 19-шы ғасыр­дағы Жетісу ақын­да­рының ал­тын діңгегі, ай­тыс ақыны. Ал­ма­ты об­лы­сының Жам­был ауда­нын­да туған. Сүйінбай жас­тайынан жы­ра­улығымен ел­ге та­ныл­ды. Жам­был ақын «Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөй­ле­мен сыйын­бай» деп оны ұстаз тұтты. Ақын­ның арғы ата­сы Күсеп Жи­енқұлұлы жа­уын­гер ақын, жыр­шы, күйші, қобыз­шы бол­са, оның үлкен ұлда­ры Жаңбыр­шы мен Жа­манақ қазақ ара­сына жыр­шы, қобыз­шы, күйшілігімен белгілі, ал кен­же ба­ласы Арон жас­тайынан өткірлігімен, мәмле­гер ше­шендігімен ел ауызы­на ілікті. Ата­дан ба­лаға жалғасқан ақын­дық, ше­шендік өнер Сүйінбайға да да­рыды. Сүйінбай­дың өзінен үлкен Жа­ман­шыл, Жұмық де­ген ағала­ры, Ос­пан ат­ты інісі сын­шыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл ара­сына та­нымал бол­ды. Бұл жөнінде Жа­ман­шыл Сүйінбайға: «От­ба­сын­да мен жүйрікпін, шар­шы топ­та сен жүйріксің» дейді екен. Та­рихи де­рек­терде Қоқан шапқын­шы­лығының әсерінен жан-жаққа бы­тырай көшіп, қиын-қыс­тау ке­зеңде іргесі ыды­раған қазақ ру­лары­ның ба­сын біріктіру­де Сүйінбай мен Са­рыбай бидің ықпа­лы зор болған­дығы ай­ты­лады. Осы тұста ақын ха­лықты қоқан­дықтарға қар­сы тұрып, тәуелсіздік үшін күре­суге шақыр­ды.

Ол «Өте­ген ба­тыр», «Қара­сай ба­тыр», «Са­урық ба­тыр», «Сұран­шы ба­тыр», «Жа­бай ба­тыр» сияқты толғаулар шығар­ды. Аума­лы-төкпелі қоғам­да өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғам­дық-әле­уметтік істер­ге бел­се­не ара­лас­ты. Өлеңдерінде Қоқан би­ле­ушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төре­лер­ден, бай-бо­лыс­тардан жасқан­бай, ту­расын ай­тып отыр­ды. Әсіре­се ақын Те­зек төре­мен, қырғыз ақыны Қатаған­мен ай­тыс­та­рын­да, сон­дай-ақ «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Төрт би­ге», «Мо­мын ма­лын зұлымға алып беріп», тағы басқа өлеңдерінде қиянат­шылдықты, оз­бырлықты аяусыз сынға ал­ды. Оның ше­шендік нақыл­да­ры, бо­лыс-би­лер­ге ар­налған сықақ өлеңдері («Мақсұтқа», «Қасымға», «Бо­лыс­тарға баға») сақталған.

Қазақ халқының та­рихи-қоғам­дық да­му са­тыла­ры мен өткен ғасыр­лардағы өмір шын­дығы ақын шығар­ма­ларын­да жан-жақты көркем су­рет­телген. Сүйінбай по­эзиясы те­рең фи­лосо­фи­ясы­мен, ой сұлу­лығымен, ақын тіліндегі со­ны по­эти­калық өрнек-ай­шықта­рымен ерек­ше­ленеді. М. Әуезов Сүйінбай­ды «ай­тыс өнерінің ал­тын діңгегі» деп атаған. Қазақ халқы әділет үшін күрес­те қорғаушы­сы, жақта­сы болған ақиық ақын­ның өлең, толғау, ай­тыс­та­рын күні бүгінге дейін сақтап, «Сүйінбай осы­лай де­ген» деп әрдайым зер­де­лерінде тұтты. Сүйінбай­дың ай­тыс­та­ры мен өлең-толғаула­рын жи­нау, жа­ри­ялау ісі ХХ ғасыр­дың бас кезінде қолға алы­на бас­та­ды. 1920 жы­лы Түркістан АКСР-і ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты жа­нынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылы­ми ко­мис­си­ясы ауыз әде­би­еті үлгілерін жи­нау мақса­тын­да Сыр­да­рия, Жетісу об­лыста­рына экс­пе­диция ұйым­дасты­рып, эт­нограф ғалым Ә. Ди­ва­ев Сүйінбай­дың өлең-толғаула­рын, ай­тыс­та­рын жа­зып ал­ды. 1929 жы­лы алғаш рет «Жаңа әде­би­ет» жур­на­лын­да (№6) ақын­ның «Апыр­мау, мы­нау жатқан Са­рыбай ма» де­ген өлеңі ба­сыл­ды. Ақын шығар­ма­лары әр ке­зеңде жа­рық көрген хрес­то­мати­ялық оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде на­сихат­талды.

С. Сей­фул­лин құрас­тырған «Қазақтың ескі әде­би­ет нұсқала­ры» ат­ты жи­наққа «Ша­пыраш­ты Сүйінбай ақын­ның қар­тайған шағын­да айтқаны» де­ген өлеңі енді. 1935 жы­лы І. Жансүгіров пен Ф. Ғаби­това­ның құрас­ты­ру­ымен ақын­ның бір топ шығар­ма­сы «Сүйінбай ақын» де­ген ат­пен тұңғыш рет же­ке жи­нақ бо­лып жа­рық көрді. Қазақстан Ғылым ака­деми­ясы құрылған­нан кейін ақын мұра­сын жи­нап, жа­ри­ялаумен ай­на­лысқан ғалым­дар Ә. Ди­ва­ев, С. Бе­галин, Б. Жақып­ба­ев, қырғыз фоль­кло­рис­тері Ш. Үмбетәли­ев пен Э. Мұқан­бе­тов­тардың еңбек­терін ай­рықша атауға бо­лады. Сон­дай-ақ Сүйінбай мұра­сының бірша­масы Ж. Жа­ба­ев­тың ме­мори­ал­дық мұра­жайының әде­би қорын­да сақта­улы.

Сүйінбай ақын­ның «Ақиық» ат­ты жи­нағына таңда­улы шығар­ма­лары­мен қатар, тыңнан қосылған көпте­ген өлең-толғаула­ры, ай­тыс­та­ры ен­ген, шығар­ма­лары жүйеге келтіріліп, тақырып­тарға бөлінген. Кітапқа көлемді ғылы­ми алғысөз жа­зылып, со­нынан түсіндірме сөздік берілген. Мәске­уде «Әлем әде­би­етінің кітап­ха­насы» се­ри­ясы­мен жа­рыққа шыққан 200 том­дық жи­нақтың 102-ші то­мын­да ақын­ның «Кәрілік» ат­ты өлеңі жа­ри­яланған. Бұл оның шығар­ма­шылығының дүни­ежүзі сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әде­би ес­керткіш екендігін та­ныта­ды. Ал­ма­ты об­лыстық фи­лар­мо­ни­ясы, сон­дай-ақ Ал­ма­ты қала­сын­да үлкен даңғыл, туған ауылы, он­дағы мек­теп Сүйінбай есімімен ата­лады. Туған жерінде ме­мори­ал­дық мұра­жайы жұмыс істейді.