Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Дүкенұлы Ықылас (1843 - 1916 ж.ж)

Дүкенұлы Ықылас (1843 - 1916 ж.ж)

Дүкенұлы Ықылас (1843–1916) – қазақтың әйгілі күйші қобыз­шы­сы. Ту­ып өскен жері Қараған­ды об­лы­сының Жаңаарқа ауда­ны, Мұңлы Қулы та­ула­рының етегі. То­пырақ бұйырған жері Жам­был об­лы­сының Са­рысу ауда­нына қарас­ты Шу өзенінің бойын­дағы Қуарал де­ген жер. Шыққан тегі Кіші жүз Жетіру ішіндегі Та­ма ру­ынан, оның ішінде Жөгі бұтағынан. Ықылас­тың өскен ор­та­сын­да күйшілік өнер ай­рықша әспет­те­летін дәстүрге ай­на­лып, дәулес­кер күйшілердің қалың шоғыры қалып­тасқан.

Тәттімбет, Тоқа, Дай­ра­бай, Қыз­дарбек, Итаяқ, Әбди сияқты күйшілердің Ықылас бірінің даңқын естіп, күйін құлағына құйып өссе, ке­лесісінің көзін көріп, қадірлес сый­лас болған. Бұл ор­та­да бағзы­дан жет­кен теріс бұрау күй­лері ұшта­лып, өрісін ұзартқан. Ықылас бол­са сол ұлы дәстүрді қобыз тілінде жалғас­ты­рушы дәулес­кер күйші. Қорқыт ата­дан кейін тәңірлік ас­папқа адам­ның тілін да­рытып, жоғын жоқта­тып, мұңын мұңдатқан бірту­ар ком­по­зитор. Ықылас­тың әкесі Дүкен де, оның әкесі Ал­тын да қобыз­шы болған. Ал­тын қобызға әуес­теніп жүрген боз­ба­ла шағын­да түс көріп, түсінде бір ақсақал­ды абыз: «Бұл қобыз сенің жеті ұрпағыңа да­рып, же­леп же­бейтін бо­лады!» деп аян бе­реді де­ген шежіре сөз бар.

Ықылас­тың Дүй­се­бай, Түсіпбек, Ақын­бай ат­ты үш ба­ласы да көшелі қобыз­шы­лар болған. Олар­дың ба­лала­ры мен не­мере шөбе­релері қазір Жам­был об­лы­сының Са­рысу ауда­нын­да тұра­ды. Ықылас­тың қара қобы­зы бұл күнде Ақын­бай­дың ба­ласы Дәулеттің қолын­да сақта­улы. Ықылас­тың тыр­нақал­ды ту­ын­ды­лары «Қасқар», «Ықылас» деп ата­лады. Оның «Кер­толғау», «Ер­ден», «Жалғызаяқ», «Жа­рым пат­ша», «Жез­киік» сияқты күй­лерінде өзі өмір сүрген ор­та­ның қоғам­дық әле­уметтік көріністері бей­не­лен­се, «Қабар На­зым», «Ай­ра­уық», «Қазан» сияқты күй­леріне ел ара­сына кеңінен та­раған аңыз әңгіме­лер, қиял ғажайып оқиғалар арқау болған.

Осы күй­лердің қай қай­сы­сы да Ықылас­тың адамға де­ген, қоғамға де­ген, та­биғатқа де­ген аза­мат­тық тұлғасын, адам­гершілік үнін айқын аңғар­та­ды. Ықылас­тың күйшілік дәстүрінің жығасын қисай­тпай жалғас­тырған төл шәкірттері Бек­мағам­бетұлы Ашай, Тоқта­мысұлы Әбікей, Әли­ев Сүгір және өзінің бел ба­ласы Түсіпбек болған. Бұлар­дан тіке­лей тәлім алған белгілі қобыз­шы дом­бы­рашы­лар Мықты­ба­ев Дәулет пен Қалам­ба­ев Жап­пас. Ал, Дәулет пен Жап­пастың төл шәкірттері Үмбет­ба­ев Сма­тай, Қос­ба­саров Ба­зар­хан. Көшпелі елдің көшінен түсіп қала жаз­дап, қадау-қадау өнер­паздар­дың қол жалғауы арқылы көне­ден бүгінге жет­кен қобыз өнері қазір ар­на­сын кеңейтіп, өрісін ұзар­тып, өресін биіктетіп, халқын қоңыр үніне ұйыту­да.