Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920 ж.ж)

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920 ж.ж)

Қазаққа ілгерілеу ке­рек бол­са, мұны аз қалып­та қал­дырмай, көбірек тұрсын, бәріне та­ныс жетілген жұрттар­дың қата­рына қосу ке­рек; олар­мен бірге адам ба­ласы­ның жеңіл күн көруіне, тегіс бақыт­ты бо­лу­ына жол та­бу ке­рек, іздесіп ат са­лысу ке­рек… Бізге ке­регі қай­ткен­де со­лар­дың білімін тез үй­реніп, қай­ткен­де сол қатарға тез қосы­лу қамын қылу ке­рек. (Сұлтан­махмұт)


Өмірба­яны. Абай­дан кейінгі қазақтың жаз­ба әде­би­етінде әр жанр­да еңбек етіп, ерек­ше көзге түскен көрнекті ақын­да­рының бірі Сұлтан­махмұт То­райғыров бол­ды. Ол 1893 жыл­дың 28 қаза­нын­да Көкше­тау об­лы­сының Қызыл­ту ауда­нын­да туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған ке­дей, мо­мын ша­руа ада­мы болған. Шоқпыт­та екі ба­ласы болған: Байқоңыр, Сұлтан­махмұт. Сұлтан­махмұттың екі жа­сын­да ше­шесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң ба­лала­рын алып, өзінің туған жері Пав­ло­дар об­лы­сының Ба­янауыл ауда­нына көшеді. Ақын­ның ба­лалық шағы Ба­янауыл­да өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тор­тай, Мұқан де­ген ауыл мол­да­ларын­да оқиды. 1908 жы­лы Сұлтан­махмұт Ба­янауыл­дағы Әбдірах­ман де­ген мол­да­ның мед­ре­сесіне түсіп, одан 2–3 жыл са­бақ ала­ды. Мол­да­ның ұрып – соғуына шы­дай ал­май, ол оқуды тас­тап ке­теді. Мол­да­ның қатал­дығын, на­дан­дығын сықақ етіп өлең шығара­ды.

Ол 1911 жы­лы бір қыс бойы Нұрғали Бек­ба­уов де­ген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, са­уат­ты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтан­махмұт қазақ, та­тар тілдерінде шыққан әде­би кітап­тарды, га­зет – жур­налдар­ды оқуға дағды­лана­ды. Өзінің білімінің са­яз­дығын сез­ген Сұлтан­махмұт 1912 жы­лы Тро­ицк қала­сына ба­рып, Ахун Рах­манқұли де­ген та­тар­дың мед­ре­сесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауыр­лығынан мұнда ұзақ оқи ал­май­ды. Қар­жы­ның тап­шы­лығынан көп қиын­шы­лық көріп, ауруға шал­дығады. Жаз шыға Тро­ицк маңын­дағы бір ауылға ба­ла оқытуға ке­теді. Он­дағы ойы ба­ла оқыта жүріп, ден­са­улығын түзеп, қар­жы жи­нап, қай­та оқуға ке­лу бо­лады. Ол ба­ла оқыту­дан бос уақытын­да, өз бетімен оқумен шұғыл­да­нады, өлеңдер жа­зады. Сұлтан­махмұт То­райғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінез­де­ме беріп, оны қазақ әде­би­етінің өкілдерінің бәрінен ерек­ше, да­ра тұлға деп бағалай­ды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жа­саған) әлде­неше ли­рика­лық өлең, он­даған мақала, екі ро­ман, 5–6 по­эма жаңа са­тыға көтер­ген, Абай­дан кейінгі ірі су­рет­кер, ре­алист ақын бо­лып та­была­ды.

«Ақын есімі – ел есінде»

Кей­де «Есіл- қай­ран ерім-ай, еліне бе­рерін түгел бе­ре ал­май кетті-ау», — деп өкінетініміз бар. Иә, өкінішсіз өлім жоқ. Әй­тсе де! Аз жа­саса да, өртеніп өтетін, асы­ра асыл сый­лап үлге­ретін, ар­ма­нына, же­тетін алып­тар бо­лады!

«Сөндіріп ай мен күніңді,

Тек денімді сау қыл­шы!» — де­ген тірлікке құштар, өмірді шексіз сүй­ген ұлы жан- Сұлтан­махмұт То­райғыров аз жа­сап, көп ар­ма­ны көкірегінде кетті. Өз дәуірін жа­нар­та­удай жа­рып шығып, қара түнде жарқыл­даған най­зағай­дай жа­лын атқан ақын, аққан жұлдыз­дай небәрі 27-жа­сын­да дүни­еден қыр­шын кетті.

Әде­би­ет­те не ба­ры он-ақ жыл қалам тебірент­кенінің өзінде, өлең-жыр­ла­ры өз ал­ды­на бір шы­нар бол­са, «Қамар сұлу», «Кім жа­зықты» ро­ман­да­ры, «Ке­дей», «Адасқан өмір» по­эма­лары, «Ауыр­май есімнен жаңылғаным» әңгімесі қазақ әде­би­еті әлемінде шын­шыл сыр­ла­рымен, көркемдік си­пат­та­рымен, орын­ды­лығымен, от­ты­лығымен ке­лешек ұрпақтан-ұрпақ қадірлеп оқитын клас­си­калық ұлы ту­ын­ды­ларға ай­нал­ды.

«Жұрттың бақыт­ты бо­лу­ына себін тигізген адам ғана бақыт­ты адам», — депті Де­ни Дид­ро. Олай бол­са бар өмірін, күш-қай­ра­тын, ой-са­насын, ақылын, бүкіл та­лант дүни­есі жа­лынын ақтық демі сөнген­ше ел-жұрты­ның бақыт­ты бо­лу жо­лына себін тигізу­ге жұмсаған Сұлтан­махмұт тірлігінде қан­дай бақыт­ты болған де­сек, енді бүгінгі күнде де, жарқыраған асыл по­эзиясы да бүкіл та­биғаты­мен бақыт­ты. Ақын по­эзиясы өте өміршең по­эзия. Үлкен та­лант иелерінің өмірінде өлім жоқ де­ген осы бол­са ке­рек. «Өлді де­уге бо­ла ма, ой­лаңдар­шы, өлмейтұғын ар­ты­на сөз қал­дырған» де­ген екен Абай ата­мыз. Туғаны­на 113 жыл то­лып отырған, 27 жа­сын­да қыр­шын кет­кен Сұлтан­махмұт твор­чест­ва­сы сан ғасыр­лар жа­сап ұрпақтан-ұрпақ жалғаса бер­мек.

Он екі жа­сын­да-ақ та­уды тесіп, тас­ты жа­рып шыққан қай­нар­дай бұрқ етіп өлең-жыр шу­мақтаған бал­дырған Сұлтан­махмұт 17 жа­сын­да туған халқының өмір сы­рына үңіліп, ке­лешегін ой­лай­ды. Шын­дықтың аулын іздеп жолға шығады.

Сұлтан­махмұт өмір сүрген ке­зең ХХ-ғасыр­дың бас кезі- Ре­сей то­пырағын­дағы ең бір дүр сілкіністің, азат­тық үшін ар­па­лыс­тың ке­зеңі бол­ды. Бірімен-бірі қабат­тасқан үш бірдей төңкеріс пат­ша­шыл­дық биліктің тас-талқанын шығар­ды. Отар­шылдық езгінің әлсіреуі ұлттар­дың ояну­ын тез­детті. Са­яси жағдай ұлттық са­наның ояну­ына се­беп­кер болған төмен­де ай­тып кет­кен үш төңкеріс, ол Ре­сей­дегі 1905–1907 жыл­да­ры және қазақ да­ласын­дағы пат­шаға қар­сы 1916 жылғы қозғалыс­тар, 17-ші жылғы Ақпан төңкерісі. Ақын­ның бел ше­ше жа­зу ісімен ай­на­лысқан кез­дері де осы бір шы­тыр­ман жыл­дар еді. Ол мәде­ни­еті озық ел­дердің жоғары жетістіктерін уағыз­дап, жаңалық жар­шы­сы бо­ла білді. Сол се­беп­тен ақын «Бүгіндегі жас­тарға оқу міндет, бар қиын­дық тек қана ғылым жеңбек» де­ген үлкен ой­дың қажыр­лы көрінісіндей жыр жол­да­рын өз оқыр­манда­рына жол­да­ды.

Аса көрнекті қай­рат­кер С. То­райғыров­тың әде­би мұра­сының зерт­те­лу та­рихы­на тоқта­лайық.

Сұлтан­махмұт шығар­ма­ларын жи­нау, бас­ты­ру, зерт­теу ісінің де ұзақ та­рихы бар. Ақын­ның өз ба­сы да, әде­би мұра­сы да дау-да­майға көп түскені мәлім. Осын­дай уақыт­та ақын­ның кейбір өлеңдері жоғал­ды, та­былғаны дау туғыз­ды. Қол­да ба­рының кейбірі ұлтшыл­дық қарғыс таңба­сы ба­сылып, қай­та жа­был­ды. Сон­дай шығар­ма­сының бірі- «Ай­тыс» (қала ақыны мен да­ла ақыны­ның ай­тысқаны) ата­латын дас­та­ны. Бұл-аяулы ақын­ның ке­мел ой­лап, кең пішкен шығар­ма­сы. Аяқтал­ма­уы өкініш. Мұнда Сұлтан­махмұт еге­менді еліміздің тәуелсіздігі, тіл теңдігі, төл өнеркәсіп, Ұлттық қорғаныс тәрізді аса ірі және көкей­кесті мәсе­лелерді сол кез­де-ақ – 1919 жы­лы қозғап, та­маша жыр­лағанын көреміз. Жи­ыр­ма жеті жа­сын­да дерт меңдеп, тағдыр кер­месіне ілінген ақын! «Тым бол­ма­са екі жыл тұрма­дым, іштегіні түгел жа­рыққа шығара ал­май кетіп ба­рамын», — деп, «Ай­тыс­ты» тәмәмдай ал­мағанын зор өкініш етіпті.

«Ай­тыс» С. То­райғыров қай­тыс болған­нан кейін, со­веттік за­ман­да- 1922 жы­лы Қазан қала­сын­да белгілі ақын Бер­ни­яз Күле­ев бас­тырған «Адасқан өмір» және 1933 жы­лы Қызы­лор­да­да шыққан «Сұлтан­махмұт То­райғырұлы­ның то­лық шығар­ма­лар жи­нағы» кітап­та­рын­да жа­ри­ялан­ды.

1933 жы­лы ақын жи­нағын Жүсіпбек Ай­ма­уытов бас­паға дайын­да­ды. «Сұлтан­махмұт өлген соң (1920ж) оның шығар­ма­ларын он жыл бойы жи­нап – теріп, бас­паға әзірлеп, өмір та­рихын жазған Ж. Ай­ма­уытов­тың еңбегі ай­рықша екенін ба­са ай­ту ке­рек. Жүсіпбек бол­ма­са То­райғыров­тың то­лық жи­нағының шығуы, оның то­лық өмір та­рихын білуіміз неғай­был еді.», -дейді Қайым Мұха­мед­ха­нов.

По­эма­ны С. То­райғыров­тың 1922 және 1933 жыл­да­ры жи­нақта­ры бойын­ша бас­паға дайын­даған – фи­лоло­гия ғылым­да­рының кан­ди­даты Арап Ес­пенбе­тов.

С. То­райғыров­тың кейінгі жыл­да­ры шыққан екі жи­нағын­да да (1950 және 1957) еле­улі кемшіліктер кез­де­седі.

Біріншіден, жа­зушы­ның қол­жазба­лары жоғалып кет­кенін сыл­тау етіп, ти­янақты ешбір текс­то­логи­ялық жұмыс жүргізілмей кел­ген. Екіншіден, Сұлтан­махмұт То­райғыров­тың твор­чест­во­лық өмірба­янын жа­зуда да ауыз тол­ты­рып ай­тар­лықтай ізде­нулер мен жаңадан тапқан жөнді де­рек­тер бол­маған.

1926 жы­лы «Сұлтан­махмұт То­райғырұлы­ның сөздерін жи­нау науқаны­на ат са­лыңыз­дар!» де­ген ашық ха­тын­да Жүсіпбек Ай­ма­уытов: "ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк ет­кен жа­ны ғой, жа­нын же­ген ары ғой, ай­та ал­май. Жан­нан, ар­дан без­бе­се, ақынын қан­дай ел қас­терле­месін! – деп жаз­ды. Сұлтан­махмұт шын мағына­сын­да осы сөзге та­титын ақын. Ол көп жа­бының бірі емес, от бо­лып жа­нып кет­кен, құй­рықты жұлдыз­дай ағып түскен, тұлпар та­лант еді. Сон­дықтан Сұлтан­махмұт есімі қазақтың жыр – да­ри­ясын құрай­тын үлкен, асау, ар­на­лы өзенінің бірі бо­лып қал­мақ. Ол ха­лық жүрегінен құрметті орын ала­ды.

Ақын есімі – ел есінде мәңгі қал­мақ. Ал­тын – ұя мек­тебім С. То­райғыров есімін 1993 жы­лы ал­ды. Ол кез­де ақиық ақыны­мызға – 100 жыл толған еді. Мек­тебімізде ақынға ар­налған мұра­жай бар.

То­райғыров көшесі қала­ның ор­та­сын­да ор­на­ласқан Қона­ев көшесінен бас­та­лып, Энер­ге­тик­тер көшесімен аяқта­лады. То­райғыров көшесінде мешіт, ауру­хана ке­шені, «Шах­тер» мәде­ни­ет және де­малыс бағы, «Са­ры – Арқа» дәмха­насы, №35 ли­цей мек­тебі, Қазақстан – Ре­сей уни­вер­си­теті ор­на­ласқан.

Пав­ло­дар қала­сын­да қаси­етті қара шаңырақ Пав­ло­дар мем­ле­кеттік уни­вер­си­теті С. То­райғыров аты­мен ата­лады. Сол қала­да То­райғыров көшесінде ақынға ар­налған ес­керткіш ор­на­тылған.

Ба­янауыл­да С. То­райғыров­тың құрметті есімімен аталған «То­райғыр көлі» бар екені бар­лығымызға мәлім. Сол көлдің маңын­да То­райғыр ауылы ор­на­ласқан.

«Шәкірт ойы»
Қараңғы қазақ көгіне
Өрме­леп шығып, күн бо­лам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн бол­маған­да, кім бо­лам? …

«Асыл сөз»
Асыл сөзді ізде­сең,
Абай­ды оқы ерінбе.
Адам­дықты көзде­сең,
Жат­тап, тоқы көңілге.
Сөз мәнісін білме­сең,
Өлең оқып не ке­рек?
Не айтқанын сез­бе­сең,
Жа­рапа­зан не бе­ред?

«Шығамын тірі бол­сам адам бо­лып»
Шығамын тірі бол­сам адам бо­лып,
Жүрмеймін бұл дүни­еде жа­ман бо­лып,
Жатқаным көрде ты­ныш жақсы емес пе,
Жүрген­ше өмір сүріп на­дан бо­лып.
Мен ба­лаң, жа­рық күннен сәуле қуған,
Алуға, күнді ба­рып, белді буған.
Жұлдыз бо­лып көмеймін елдің бетін.
Бол­ма­сам толған ай­дай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асы­лық емес,
Ойын­да оты бар­лар асы­лық де­мес.
Те­бем деп, тірі бол­сам на­дан­дықты,
Серт етіп, өз-өзіме ет­кем егес.

«Мен қазақ»
Мен қазақ, қазақпын деп мақта­намын,
Ұранға «алаш» де­ген ат­ты ала­мын.
Сүй­генім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен не­ге қазақтықтан сақта­намын?!
Ерікті ен да­ланың құсын­ша ұшып,
Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп.
… Ал­тай, Ертіс Сыр­да­рия, Есіл, Жайық,
Ара­сын қоныс қыл­дым ірге жайып.
Елім, жерім, қорғай­тын ерім бо­лып,
Ер жеттім ен да­лада лықа байып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кет­кен,
Бір кез­де Еуро­паңды тітірет­кен.
Кіргені есік, шыққаны тесік бо­лып,
Күнба­тыс, Күншығысқа әмірі жет­кен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақта­намын,
Ұранға «алаш» де­ген ат­ты ала­мын.
Сүй­генім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен не­ге қазақтықтан сақта­намын!

* * *
Сүйдіріп, жүрегімді тартқан менің,
Са­ры­арқа, Са­рыда­ла – туған жерім.
Көк күмбездің ас­тында көк ма­саты
Сәуле­мен ал­тындаған са­ры белім.
Кең да­ла, шаңсыз ауа, та­за қоныс,
Исі аңқып, бетім сүй­ген са­мал желім.
Кіндік бо­лып, мал ме­нен жан­ды өсірген,
Жаз жай­лау, күзгі күзек, қысқы тебін.

* * *
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқаным­да-ақ бер­ген білім
Шыр етіп жер­ге түскен ми­нутімнен
Құлағыма сіңірген та­ныс үнім.
Сол тілмен ше­шем мені әлди­леген,
Ер­ке­лет­кен, «құлы­ным», «жа­ным» де­ген
Сол тілме­нен бірінші білгізілген:
«Ана» де­ген сүй­гендік сөз әм ме­нен
Қыл­жықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілме­нен ой­на­дым да­лада еркін
Сол тілме­нен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен да­лада ұққан көркім.