Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сұраншы батыр Ақынбекұлы (1815 - 1864 ж.ж)

Сұраншы батыр Ақынбекұлы (1815 - 1864 ж.ж)

Сұран­шы ба­тыр Ақын­бекұлы (1815–1864) – қазақ ба­тыры, Са­урық ба­тыр­дың не­мере інісі. Ал­ма­ты об­лы­сының Жам­был ауда­нын­да туған. Ұлы жүздің ша­пыраш­ты ру­ының Есқожа тар­мағынан шыққан. Ата­лары Қара­сай ба­тыр, Түрікпен, Мыр­за­бек, Кәшке ел ара­сына атағы шыққан ше­шен, ба­тыр болған адам­дар. Сұран­шы ба­тыр Ре­сей өкіметіне Вер­ный (Ал­ма­ты) бекінісін са­луға көмек­тесті. Орыс әскер­лерімен бірге Той­шы­бек бекінісі маңын­да Қоқан ха­нының 3 мың әскерімен соғысып, жеңіске жетті. 1851 жы­лы орыс жа­сағымен қосы­лып, Ор­ман (Ор­мон) хан­ның 2 мың қолы­на той­та­рыс берді. 1852–1853 жыл­да­ры Қоқан ха­нының әскері тілеуқабыл ру­ын ша­уып, мал-мүлкін та­лан-та­ражға сал­ды. Сұран­шы ба­тыр Са­урық ба­тыр­мен бірге 300 қол­мен олар­ды Қопа­да қуып жетіп, ел кегін қай­тар­ды. 1853 жы­лы Аңырақай алқабын ме­кен­де­ген Ду­лат еліне қоқан­дықтар ша­бу­ыл жа­саған­да, ол Са­урық, Ан­дас, Жа­гор, Дәуқара, Шы­мыр­бай бас­таған жа­сақтар­мен бірге сол елдің бір бөлігін жа­удан азат етті. 1858 жы­лы Ом­бы­дағы Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы­на жазған ха­тын­да Г. Кол­па­ковс­кий Сұран­шы ба­тыр­дың дос­тығын, оның әрқашан 2 мың қол­мен дайын тұра­тынын айтқан. 1860 жы­лы Сұран­шы ба­тыр­дың жа­сақта­ры Г. Кол­па­ковс­кийдің әскерімен бірігіп, Ұзы­нағаш­тағы шайқас­та Қоқан әскер­лерін ой­сы­рата жеңді. Ол 1864–1965 жыл­да­ры Ұзы­нағаш­тан Сай­рамға дейінгі ара­лықты Қоқан басқын­шы­лығынан азат ету соғысы­на қаты­сып, осы жо­рықта ерлікпен мерт бол­ды. Ш. Уәли­ханов 1863 жы­лы шілденің 14-інде К. Гут­ковс­кий­ге жол­даған ха­тын­да Сұран­шы ба­тыр ту­ралы «… қазақтар­ды қоқан­дықтар­дың езгісінен құтқару­шы» деп та­ныс­тырған. Оның ерлігі жайын­да Сүйінбай «Сұран­шы», «Ту алып жауға шықсаң сен» толғаула­рын­да, Жам­был «Сұран­шы ба­тыр» по­эма­сын­да жыр­ла­ды. Де­реккөзі: Қазақстан ұлттық эн­цикло­педи­ясы, 8 том.