Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сыпатай Әлібекұлы

Сыпатай Әлібекұлы

Қазақ халқының ру­хани биіктігі мен біліктілігінің куәсі- бай фоль­кло­ры мен жаз­ба әде­би­еті. Қазақ әде­би­етінің ту­уы мен қалып­та­су, да­му жол­да­ры оның белгілі өкілдерінің шығар­ма­шылықта­рын зерт­те­уде ай­тар­лықтай іс тын­ды­рылғаны да белгілі. Қоғам­дық са­наға бай­ла­ныс­ты да­мып, өзіндік ар­на тартқан әде­би­етіміз әлемдік деңгей­ге көтерілген ұлттық қазы­наға ай­на­луда. Де­ген­мен, әлі де зерт­тел­ме­ген, ар­найы зерт­те­уді қажет етер мұра­лары­мыз да же­терлік. Со­ның бірі- Та­раз өңіріндегі әде­би, та­рихи мұра­лар дер едік. Атап айтқан­да, елі мен жерінің бос­тандығы үшін ұлт- азат­тық қозғалы­сына бел­се­не қаты­насқан, шейіт бол­са да, аңыз бен әде­би кейіпкер­ге, көзі тірісінде ұранға ай­налған ұлт қай­рат­керлерінің бірі- әрі ба­тыр, әрі би Сы­патай Елібекұлы. Кезінде, со­лақай са­ясат­тың ықпа­лымен ай­тылған кейбір пікірлер Сы­патай­дың өмірі мен ол ту­ралы жа­зылған дүни­елерді зерт­те­уге мұрсат бер­меді.

Еліміз еге­мендік алып, еңсесін тікте­гелі жан- жағымызға үңіле бас­та­дық. Өз туған жерінде ме­рей­той­ла­ры өтіп, ба­сына ке­сене ор­на­тылып, ес­керткіштер қойылғаны­мен, ар­найы ғылы­ми зерт­те­улер әлі де то­лық жүргізілмей ке­леді. Ба­тыр­дың көрсет­кен ерлік істері, ше­шендігі мен көсемдігі ел есінен кет­пепті. Ұрпақтан- ұрпаққа ми­рас етіп, та­быс­тап келіпті. Тек кейінгі жыл­да­ры ба­тыр­дың өмірі мен шығар­ма­шылық қыз­меті зерт­те­ушілер мен жа­зушы­лар: Ш. Мұрта­за, Ә. Жылқыши­ев, М. Қал­ды­ба­ев, Б. Әбілдаұлы, Ж. Дәде­ба­ев, С. Дәуітов, К. Аман­келди­ев, М. Қой­гел­ди­ев, Б, Әлімха­нов, О. Қабы­лов, Р. Жар­жа­нов т. б. жур­на­лис­тер, жа­зушы­лар еңбек­терінде бей­не­ленді, на­зар ауда­рыла бас­та­ды.

Ба­райын енді аян­дап Сы­патайға,
Ай­тпай оны кет­пеймін тегі жайға.
Ұлы жоздің тірегі ба­тыр­мын ғой,
Бір бол­маған ығай мен сығайыңа,
Қайыры қара­шыға сон­дай жақсы,
Қан­ды­рар су­сын­да­тып қант пен шайға.
Бай­лық, бақыт тек оның ерлігінде,
Ерлікпен ел на­мысын берді кімге?!
Өңкей са­сық бай­ла­рың сен мақтаған,
Қол­да­рынан түк кел­мей жүр өмірде.
Кімің бар Сы­патай­дай тірек­тері,
Арғымақ мінгізеді ат ке­рек­ке.
Түген­деп бір жұма­да бо­ла ал­май­ды,
Көсілтіп қам­шы ба­сып көксе­рек­ке.
Ерлігі мен жо­март­тығы жан­нан асқан,
Пай­да­сы тиіп жа­тыр күнде көпке.
Кім мақта­мас қайырым­ды ер Сы­патай­ды,
Дәулетімен ораған Ала­та­уды,
Қан­ша ха­лық ара­лап жүрсем – дағы.

Жалған­да күргенім жоқ он­дай жан­ды- деп, Жам­был Жа­байұлы әспет­тей жыр­лаған Сы­патай­дың күрес­керлік қыз­метіне әде­би­ет та­рихы­ның қазіргі өлшемімен баға бе­рер уақыт жетті деп ой­лай­мыз.

Әлібекұлы Сы­патай (1782–1867) – Қоқан басқын­шы­лары­на қар­сы күрес­те аты шыққан ба­тыр, ерлігі мен ше­шендігі, әділдігі мен ақыл­дығы ел жа­дын­да сақта­лып қалған үлкен бе­дел иесі. Шыққан тегі – Ду­лат тай­па­сының Бот­пай ру­ынан. Әкесі Әлібек мо­мын, етік тігіп, өрім өру­мен ай­мағына аты та­нылған адам екен. Бірақ ба­лала­ры – Ан­дас та, Сы­патай да на­мысқой, өр ке­уделі жігіт бо­лып өседі. Көне көз қарт­тар­дан естігені бойын­ша Сы­патай ба­тыр кескінін Ке­нен Әзірба­ев: «зор де­нелі, құлағы сүйем­дей, омы­рау жүні бір түп қамыс­тай, құлағын­да тұрған қыра­уды қам­шы­сымен қағып түсіреді екен. Сөзге де ше­шен, тапқыр бо­лып­ты» — деп су­рет­тейді.

ХІХ ғасыр­дың ба­сын­да Сыр­дың төменгі ағысы­нан Ақмешітке дейін, шығысын­да Жетісуға, оңтүстігі мен солтүстік шығысын­лағы қырғыз жер­лерін қоқан­дықтар ба­сып ала­ды. Басқын­шы­лар­дың ел­ге көрсет­кен зор­лық– зом­бы­лығын көріп өскен Сы­патай Қоқан хан­дығынан елін азат етуді өз өмірінің бас­ты мұра­ты етеді. Атқа мініп, қол жи­нап, ел­ге қырғидай тиіп, са­лық жи­нап жүрген Қоқан ха­нының жа­са­уыл­да­рын ай­дап шығады. Міне, осы кез­де оның ұйым­дасты­рушы­лық қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөле­неді.

Арқадан ығысқан Ке­неса­ры хан оңтүстікке келіп, Қоқан, Хи­уа хан­дығының бекіністеріне ша­бу­ыл жа­сағанын естіп, со­дан рух­та­нып атқа қонған ел аза­мат­та­рын бас­тап, Сы­патай да көтеріліске шығады. Кейін Ке­неса­рыға ба­рып қосы­лады, оның сенімді ба­тыр­ла­рының біріне ай­на­лады. Бірақ Ке­неса­ры қырғыз­дарға соғыс жа­саған­да, Сы­патай одан бөлініп, өз әскерін бас­тап кетіп қала­ды. Оның өзіндік бір се­бебі бар еді. Біз бұл тұрғыдағы Б. Әбілдаұлы­ның пікіріне құлақ асқан­ды жөн көреміз.

Жи­ыр­ма­дан жаңа аса бер­ген ал­бырт кез­дерінде өз елінің жу­ан­да­ры ағайын­ды екі ба­тыры – Ан­дас пен Сы­патай­ды сыйғыз­бай қуып жібер­генде, олар көрші қырғыз­дарға ба­рып па­налаған бо­латын. Қырғыз ағайын­да­ры елін Қоқан бас­шы­лары­нан қорғасқан екі ба­тырға ри­за бо­лып, өз ұлда­рын­дай көріп, ал­да­рына мал са­лып, үстеріне үй тігіп, қоны­сына жер бе­реді. Қалың ма­лын төлеп қыз әпе­реді. Қырғыз­дың сол­то тай­па­сының ма­набы Қанай Сы­патай­дың екінші әкесіндей бо­лып, үлкен қамқор­лық көрсе­теді. Өзін ба­ласын­дай етіп өсірген ел­ге Ке­неса­ры ша­бу­ыл жа­самақ болған­да, не істерін білме­ген ол қат­ты қина­лады. Ақыры өздеріне адам­гершілікпен сон­ша­лық жақсы­лық жа­сап, екінші ота­нына ай­налған ел­ге ша­бу­ыл жа­сауға ұжда­ны жібер­мейді, әрі ата жұрты­ның ежелгі көршісі ба­уыр­лас ел­мен қарым- қаты­нас­ты бұзғысы кел­мейді.

Ке­неса­ры көтерілісі жеңілген­нен кейін, Қоқан езгісінен елді құтқару­дың жалғыз жо­лы- Ре­сей қара­мағына өз еркімен ену деп түсінген ол орыс­тың пат­ша­сы Алек­сандр ІІ-ге хат жа­зады. Ор­та Ази­яны жа­улап алу құлқынын тесіп отырған пат­ша өкіметі кідірмей, 1863 жы­лы Вер­ный қала­сын­дағы пол­ковник Чер­ня­евқа Қоқан хан­дығына қар­сы жо­рыққа дайын­да­луға бұй­рық бе­реді.

Сы­патай- сек­сен бес жыл жа­саған өмірінің са­налы ал­пыс жы­лын күрес– тар­тыспен өткізіп, шапқын­шы­лықта ерлігін, бейбіт күнде мәміле­герлігін, әділдігін та­нытып, халқына қалтқысыз қыз­мет ет­кен ер­лердің бірі.

Оңтүстік өңірінде Сы­патай есімді екі ба­тыр өткен. Оның бірі ұлы жүздің Ша­пыраш­ты ішіндегі Есқжа ру­ынан шыққан атақты Са­урық ба­тыр­дың ба­ласы– Сы­патай ба­тыр, екіншісі — қазіргі Жам­был об­лы­сы, Меркі жерінде өмір сүрген ха­лық қамқор­шы­сы Сы­патай Әлібекұлы.

Өтептің ба­ласы Сәмен де­ген ба­тыр­ды бет­ке ұстаған Бот­пай ру­лары Іле өзенінінің Балқашқа құяр сағасын жоғары өрлей қоныс­танған. Осы Бот­пай жұрты­ның ішінде сіңірі шыққан ке­дей ағайын­ды­лар Әлібек пен Өмірбек бірге жа­саѓан. Әлібектің төрт ұлы болған, бірақ екеуі ер­те қай­тыс болған, екі ұлы қалған. Олар­дың есімдері Жа­лайыр елінде өткен, ерлігімен ел­ге әйгілі қос ба­тыр есімімен Аңдас, Сы­патай деп аталған.

Өсе ке­ле ат жа­лын тар­тып мініп, жұртқа әділдігімен, ба­тыр­лығымен, қамқор істерімен көзге түсе бас­таған Сы­патай ел на­зары­на ер­те іліккен. Сөйтіп, оңтүстік өңіріндегі қазақ халқының қамқор­шы­сы, ақыл­шы­сы бо­ла бас­таған. Бо­лашағынан зор үміт күттірген Сы­патай­дың кем­тарға бер­ген көмегі, жар­лы– жақыбай­ларға жа­саған жақсы­лығы, әділдігі мен ерлігі, мәрттігі Бот­пай жұрты­на ғана емес, төрт Ду­латқа тегіс естіліп жатқан. Елінің бо­лашағын- ой­лаған ұлы жүздің ру­лары-Ыс­ты, Ошақты, Ша­пыраш­ты, Жа­лайыр, Сиқым, тағы басқалар Сы­патай төңірегіне топ­тасқан.

Қырғыз- қазақ ара­сын­дағы ру ша­бысын, ба­рым­та­сын тоқта­тып, қырғыз­дың бас ба­тыры Тіле­убердіұлы Қанай­мен бітім жүргізіп, дос­тықты қалып­тастырған. Сөйтіп, 1806 жы­лы Қара­бал­та­дан бас­таған Та­лас­тың төменгі сағасы­на, оңтүстік Түркістанға дейін со­зылған да­ланы төрт Ду­лат­тың еншісіне алған. Келісім- шарт бойын­ша қазақ- қырғыз халқы бір- бірінен ба­рым­та мен ұрлыққа, адам өліміне се­беп­кер шапқын­шы­лыққа бар­май­тын болған. Ал егер шарт­ты бұзған­дар бол­са Ре­сей заңымен жа­зала­нып, өтініш- шағым­дар да­ла заңымен шешілетін бо­лып келісілген. Келісім шартқа Әлі Әділов, Әкіш Аб­ла­ев, Рүстем Ас­фанди­яров, Сөк Аб­ла­ев, Бүлен Шан­ха­ев, Туған­бай, Қой­гелді, Ачек­ке Да­ир­бе­ков, Сы­патай Әлібекұлы, Биқан­бай Көпса­лов, Са­ры Ал­та­ев­тар қол қойған.

«Ол жас кезінен – ақ жаһұттай жарқырап, ел көзіне ер­те түскен екен… Осы орай­да, ер­те­рек­те көнекөз қари­ялар­дың айтқаны­нан есімде қалған шағын бір хи­ка­яны тілге ти­ек ет­сем деймін»- деп жа­зады Қыдыр­бек Аман­гелди­ев «Меркі ты­нысы» га­зетінде.

Сы­патай­дың 16–17 дегі боз­ба­ла шағы бол­са ке­рек. Ол кез­де Су­сымыр жай­ла­уын қырғыз- қазақ жаз бойы қатар жай­лай­ды екен. Бірақ, кейінгі жыл­да­ры қырғыз ха­ны Ор­манхан­ның ха­лық ара­сын­дағы асқан бе­делін арқа тұтынған қырғыз­дың атқамінер­лері екі ел­ге қашан­нан ор­тақ Су­самыр­ды өздерінің ба­сыбай­лы меншігіне ба­лап, қазақтар­ды шетқақпай­лап, жай­ла­удың шұрай­лы бет­теріне жібер­мей, теріскей­ден жай беріп, же­ки сөй­леп, жат пиғыл байқата­ды. Екі елдің ара­сын­да жік түсіп, бөрік ұшып, бас жа­рылып, жең жыр­ты­лып, қол сы­на бас­тай­ды. Мұны естіген Сы­патай: «Қой, бүйтіп жа­та бер­мейін, екі елдің ын­ты­мағы біржо­ла ыды­рап кет­пей тұрып, апат­ты ауру­дың ал­дын алайын, не­де бол­са, қай­ма­на қара­сын бы­лай қояйын да, тәңіріндей хан­ның өзімен сөй­лесіп қай­тайын» деп атқа қонып, қасы­на ағасы Ан­дасты ертіп Ор­манханға ат­та­нады. Хан­ның ор­да­сына ке­ле ханға кісі са­лып, кіру­ге рұхсат ала­ды. Ор­даға кіріп, аман­дық- са­улық сұра­сып бо­ла бе­ре, Сы­патай хан­нан да­тын сұрай­ды. Ор­манхан «да­тың бол­са айт!» дейді. Сон­да Сы­патай бөгел­местен:

- Ас­са­ла­умағалей­кум, тақсы­рым,
Дүрісің игі жақсы­ның.
Су­самыр­ды қатар жай­лаған,
Еншісі бірге егіз ел,
Қырғыз бе­нен қазақтың,
Қамқоры өзің, тап шы­ным.
… Арғы ата­мыз Алаш хан,
Бегілік оған жа­расқан.
Ал­ты Арыс боп Алаш­тан,
Дүни­еге та­расқан…
Алаш­тан туған Мей­рам- ды,
Мей­рам­нан үш ұл болған- ды.
Сейілхан, Са­тар, Жайыл­хан,
Жайыл­ханнан- қырғыз, қазағың.
Қарақал­пақ пен со­зағың.
Міне, осы­лар, хан ием,
Түбі бірге ту­ысың.
Бұ фәнидің бір көрген,
Ра­хаты мен аза­бын.
Осы шаққа жет­кенше,
От пе­нен су, ауа ор­тақ.
Жақсыға бірге сүйіндік,
Иен да­ла тау ор­тақ,
Жа­манға бірге күйіндік.
Арыз ғып баққан дау ор­тақ,
Жұды­рықтай түйілдік.
Ан­дыздан шыққан жау ор­тақ,
Жас қыран­дай шүйілдік-
Біріміз үшін біріміз,
Жан берісіп, жан алып,
Ауызбірлікке иілдік.
Несін ай­та бе­рейін?!
Осы шаққа жет­кен соң,
Түсіп тұр басқа қиын­дық.
Арғы беті- Су­самыр,
Бергі беті- Жайыл­ма.
Қашан­нан ор­тақ ме­кенді,
Бас- ба­сымызға ием­деніп,
Іші кет­кен си­ыр­дың,
Жа­пасын­дай сұйыл­дық- дейді.

Ор­манхан ұзақ ой­ла­нып оты­рып, әлден уақыт­та ба­сын әнтек көте­ре қыз­метші жігіттеріне: … Сы­патайға ар­найы үй тіктіріңдер, сы­баға- сыйын беріңдер, қыз- боз­ба­ланы жи­наңдар, жас­тар та­нысып, біліссін! – дейді…. Ер­теңіне Ор­манхан Сы­патай­ды ал­ды­на шақырып: -Ба­лам, айтқан да­тың орын­ды, өтінішің қабыл. Еліңнің үлкен- кішісіне түгел менің сәлемімді жеткізе бар. Бұдан бы­лай да, Су­самыр қырғыз- қазақтың ор­тақ жай­ла­уы, құт- ме­кені… Бізді құдай қосқан, пен­де ажы­рата ал­май­ды- деп, ба­тасын беріп ат­танды­рады.

1845 жы­лы пат­ша­лық Рос­си­яның отар­шылдық са­яса­тына қар­сы ха­лықты бас­тап, көтерілісті ұйым­дастырған Ке­неса­ры сұлтан Қасымұлы қырғыз еліне жойқын ша­бу­ыл жа­сай­ды. Сөйтіп, оның қылыш, най­за, ай­бал­та, білтелі мыл­тық, бірне­ше зеңбірек­пен қару­ланған Пішпек маңын­дағы қара қырғыз­дарды қырып-жойып, жа­зықсыз сәбиді най­заға түй­реп, екіқабат әйелдің ішін жа­рып отырған, әрі Сы­патай сал­дырған Қанай ма­нап­тың күмбезін быт-шыт етеді. Бұған қат­ты қын­жылған, әрі екі елдің дос­тығын қалып­тасты­руды көзде­ген Сы­патай ба­тыр Ке­неса­ры хан­ның көмек­ке сар­баз жігіттер сұрағанын қабыл ал­мастан, оның то­бына қосыл­май­ды. Қай­та Ке­неса­ры хан­ның ту­ысқан қырғыз халқын ша­бу райынан қай­туға шақыра­ды. Ке­неса­ры айтқаны­нан қай­тпай, бірне­ше рет қара қырғыз­дарды жан алқымға алып, жойқын қырғынға ұшы­рата­ды. Ақыры Ыс­тықкөл жақтан Ор­ман хан­нан күтпе­ген жер­ден соққы алып, 1847 жы­лы Тоқмақ маңын­дағы Ал­ма­лы шатқалын­да өзі тұтқынға түсіп, жеңіліске ұшы­рай­ды.

1860 жы­лы Қоқан ха­ны Хұди­яр­хан Вер­ный бекінісіндегі орыс әскеріне соққы бе­руге 20 мың әскерін дайын­дай­ды. Сы­патай ба­тыр, одан бас тар­тып, Балқаш көлі жағасы­на көше бас­тай­ды. Көп ұза­май Хұди­яр­дың қолы Вер­ный түбінде үлкен жеңіліспен кері қай­та­ды. Қаты­гез хан айтқаны­на көнбей Меркі– Ас­па­ра өңіріне қай­та кел­ген Сы­патай ба­тыр­ды ұстап, зын­данға са­лады. Оның үстіне үза­тылған әрбір қызға са­лынған бір тіллә ал­тынға қар­сы­лық білдіреді. Міне осы шек­тен шыққан оз­бырлықты ержүрек С. Әлібекұлы ше­шендік сөзбен Хұди­ярға ай­тар сөзін тіке жеткізген.

Бұл кез­де Жетісу халқы ара­сын­да үлкен толқу өріс ала бас­тап, одан сес­кенген хан, бір ай­дан соң ба­тыр­ды бо­сатуға мәжбүр бо­лады.

Сы­патай 1862 жы­лы орыс пат­ша­сы ІІ Алек­сандрға хат жа­зып, Ұлы жүз қазақта­ры мен қырғыз халқын Рос­си­яның қара­мағына алу­ды өтінді.

1863 жы­лы 3- ма­мыр­ды Қор­дай­дың ба­тысын­дағы Құрғақсаз­да орыс әскерін басқарған пол­ковник Чер­ня­ев, Сы­патай ба­тырға ер­ген Ұлы жүздің бе­делді адам­да­ры, қырғыз Шәбден Жан­та­ев, Бәйтік Қана­ев қосылған құрыл­тай жи­налы­сы өтеді. Он­да Сы­патай ба­тыр сөз сөй­леп, Қоқан хан­дығының қырғыз – қазақ ха­лықта­рын қор­лап, қанап отырғанын ай­та келіп, орыс мем­ле­кетіне қосы­лудың мәнін және қажеттігін түсіндірді. Кеңес­тен соң Ұлы жүз қазақта­ры мен қырғыз халқын Рос­сияға қосу ту­ралы актіге қол қойыла­ды. Сон­дай – ақ қазақ – қырғыз от­рядта­рының орыс әскерімен қосы­лып, Қоқан хан­дығына қар­сы ша­бу­ыл жа­сау жос­па­ры бекітіледі. Осы жос­пар бойын­ша Сы­патай ба­тыр өзінің ұлы Бірімқұл бас­таған 200 ат­ты жігітті орыс әскеріне қоса­ды. Құдай­бер­ген Ба­етұлы мың жігітпен түйе ке­ру­енін ұйым­дасты­рып, орыс ар­ми­ясы­ның қару- жа­рағын та­сиды. Сы­патай өзінің одақтас­та­рын ат­пен, азық- түлікпен, түйе, көлікпен қам­та­масыз етуді өз мой­ны­на ала­ды.

Сөйтіп, қазақ – қырғыз от­рядта­ры пол­ковник Чер­ня­ев бас­таған орыс әскерімен қосы­ла оты­рып Қоқан әмірі Құди­яр­дың қол­шоқпар­ла­рымен кескілес­кен ұрысқа шығады. Көп ұза­май 1863 жы­ыл- Пішпек, Меркі, 1864 жы­лы Әули­еата азат етіледі. Одан кейін Шым­кент, 1865 жы­лы Таш­кент қала­лары қоқан­дықтар­дың езгісінен құтқары­лады.

Ба­тыр бес әйел алған. Бәйбішесі шақшам қызы Әуес­тен Ноғай де­ген ұл, Сейдім, Әйкүл де­ген қыз туған. Екінші әйелі жа­ныс қызы Жу­анбілек­тен Тоқтағұл де­ген ұл ту­ады. Үшінші әйелі жа­ныс қызы Же­кей­ден Айтқұл, Ораз, Пірімқұл де­ген үш ұл сүйеді. Төртінші әйелі жа­лайыр Жәлмем­бет бидің қызы Қал­би­кеден Тоқпам­бет де­ген ба­ласы ту­ады. Сы­патай­дың бесінші әйелі қырғыз қызы Еренсізден Қом­са­бақ бу­ады. Бұлар­дың ішінде Тоқпам­бет, Пірімқұл, Қом­са­бақ өз тұсын­да ай­ту­лы ба­тыр болған.

Сы­патай ба­тыр ба­лала­рына, не­мере­леріне өзімен қатар үзеңгі қағыс­ты­рып жүрген белгілі кісілердің қыз­да­рын алып бер­ген. Бәйбіше­ден туған Ноғай­лы­ны ыс­ты Бөлтірік ба­тыр­дың не­мересіне үй­лендірген. Екінші әйелінен туған Ораз де­ген ба­ласы­на – шы­мыр Бай­зақ датқаның ағасы Бәй­те­ректің қызын, Ноғай­дың ба­ласы Кішке­не ба­тырға сиқым Ба­тыр­бек датқаның қызын алып бер­ген, қырғыз­дармен де қыз алы­сып, қыз беріскен.

Сы­патай Оңтүстік өңіріндегі қазақ халқын оты­рылықщы­лыққа, егіншілікке, мәде­ни­ет­ке алғаш үй­ре­тушілердің бірі. Ба­тыр Бот­пай елінің аңызы­на ай­налған қазіргі Сы­патай атын­дағы кол­хоздың Қызыл Ту ауылы тұсын­да Тес­кентоған­ды са­луға бүкіл жұртшы­лықты ұй­мдас­ты­рып, өзі бас­шы­лық жа­сай­ды. Меркі өзенінің ара­сынан бұзып жа­салған бұл тоған әлі күнге жұртшы­лықтың игілігіне қыз­мет ету­де.