Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Үкілі Ыбырай

Үкілі Ыбырай

Ақын, аса көрнекті ком­по­зитор, кезінде ал­ды­на жан сал­маған әнші Үкілі Ыбы­рай… Оның «Үкілі Ыбы­рай» ата­ну­ының се­бебін «Өзім жай­лы» ат­ты өлеңінде ба­бамыз өзі ай­тып кетіпті:

«Ара­лап та­лай елдің дәмін тат­тым,
Сұлу­дың асқақ әнмен ба­бын тап­тым.
Қалаған Сәме­кеден қара қал­пақ,

Қос бу­ын ше­кесіне үкі тақтым», – де­се қара қал­пақтағы қос бу­ын үні дом­бы­радағы қос бу­ын үнімен дос­та­сып, бірге үнде­се желбіре­ген­дей көз тар­тып «Үкілі Ыбы­рай» атан­ды.

Біржан сал, Ақан сері секілді өз за­маны­ның ер­кесі бо­лып, әндетіп да­был­да­тып өтсе де ақын­ның өмірінің соңғы ке­зеңі ХХ ғасыр­дың оты­зын­шы жыл­да­ры әкел­ген зұлмат­тың құрса­уын­да өтті. Го­лоще­киншіл «ұр да жық» бел­сенділердің «асы­ра сілте­ген» әре­кет­тері елді ашар­шы­лыққа ұшы­рат­ты. Ұжым­дасты­рудың зар­да­бынан байғұс қазақтың жай­ла­уын­да жа­ны, қыс­та­уын­да қаны шықты. 1929–1932 жыл­дарғы қырғын аш­тықты көзі көрген ақтан­гер ақын ел мұңын ашық ай­тып, сұқ көзге түсті. Ащы тілі шым­бай­ла­рына ти­ген ауыл­дағы шенділер соңына шы­рақ алып түсті. 1933 жы­лы Қазақстан­ды басқаруға Л. И. Мир­зо­ян келіп, жағдай­ды түзей бас­таған­ша, 1932 жы­лы Үкілі Ыбы­рай «ха­лық жа­уы» ата­нып, аты­лып кетті.

Үкілі Ыбы­рай Сан­ды­байұлы осы күнгі Солтүстік Қазақстан об­лы­сының Айыр­тау ауда­нына қарас­ты № 5 ауылын­да 1860 жы­лы дүни­еге келді. Кеңес үкіметі кезінде бұл ауыл «Өскен» деп атал­ды. Бұл күнде «Үкілі Ыбы­рай» ауылы ата­нары­на сенімім мол. Жалғыз­та­удың ба­уырын жай­лаған Жақсы­лық қара­уылы­нан шыққан ақын­ның ата тегі Деріпсал Сәбден­нен та­рай­ды. Сәбден — Абы­лай хан­ның әрі до­сы, әрі даңқты ба­тыры болған әйгілі кісі. Деріпсал­дың Сан­ды­бай, Маңдай, Әбіле ат­ты үш ұлы­нан үлкен әулет та­рады. Маңдай­дан — Қос­шығұл, Асайын, Үсейін; Сан­ды­бай­дан — Бөпіш (Мейіз), Шалғым­бай, Ыбы­рай; Әбіле­ден — Іли­яс, Кен­жеғали, Мол­дағали туған. Асайын­нан та­раған Смағұл, Мыр­зағұл бол­са, әйгілі ақын, үздік әнші Мұса Асайынов (1929–1976) Мыр­зағұлұлы менің ше­шемнің апа­сы Бағи апа­мыз­дан ту­ды, Смағұл қарт — ауылы­мыз­дың ақсақалы, ұста, соғыс­тан үш ұлы орал­май, тоқсан­нан асып қай­тыс бол­ды. Шалғым­бай­дан та­раған Сүлей­меннің ба­лала­рын, Дәуіттің өзін көріп өстім. Жал­пы алған­да Деріпсал­дың ұрпағы ба­тыр тұлғалы, ірі де­нелі ке­леді. Ба­уырым Мұса да қап­сағай бой­шаң, қыран мұрын, қалың шаш­ты, кең маңдай­дың ас­ты­нан өткір, үлкен көздері күлімдеп тұра­тын жігіт еді. Ол ән салған­да ерек­ше күш бітіп кет­кендей, әу де­ген­де тыңдаған жан­ды селк еткізетін, мар­жанда­ры сыл­ды­рап, ас­па­лы шам қозғала­тын, Ыбы­райға тар­тып туған асыл тұяқ деп ел ер­ке­летті, өзі де ер­ке­лету­ге лайық еді.

Үкілі Ыбы­рай­ды си­пат­таған­да Сәкен Сей­фул­лин:
«Әні бар „Гәкку“ де­ген аңқыл­даған,
Аққудай ай­дын көлде саңқыл­даған.
„Кідігай“, „Қал­дырған“ мен „Маңмаңкерді“,
Ырғалт­са кер­ней да­усы қарқын­даған», – деп Ша­ляпин­ге теңесе, бұл Ыбы­кеңнің жетпіске тақап қалған шағы, әлгі Мұса­дай кезінде кез­дессе не дер еді?!

Біржан сал жас Ыбы­рай­ды алғаш рет тыңдаған­да Ақан серіге қарап: «Ақан­жан-ай, ертіп кел­ген шәкіртіңе қанықтым, шын бақыт­ты жан екенсің: қазақта жылқының перісі Құла­гер саған бұйыр­са, ақын­ның перісі осы інің бо­лар. Қазақ әнінде өзім же­ке да­ра тұрмын, өзге­лер­ге Ыбы­рай жеткізбес», – де­ген сөзін ха­лық ақыны, әкемнің ағасы Мол­дақмет Тыр­биұлы­нан естіп едім. Кейін осыған ұқсас сөзді әйгілі әде­би­ет зерт­те­уші Е. Смайылов­тан да оқыдым. Бұл ағамыз: «Ыбы­рай — шын мәніндегі ұлы өнер­паз», – деп жа­зып кетті.

Сол да­рабоз дүлдүл Кеңес үкіметі келіп, әсіре­се, кәмпес­ке мен ұжым­дасты­ру науқан­да­ры ел тұрмы­сын күй­зелт­кен­де өткір тілін шын­дық жо­лын­да аяма­ды. Ақыры 1932 жылғы қара­шаның 4-і күні қамауға алын­ды. Асы­лы жер­лестерінің тілі де батқан шығар, сол кез­дегі ақын­ды көрсет­кен, НКВД-ге қол­шоқпар болған өзінің жақын ту­ыс­та­ры Шаймұқан­ды да, Ақып­ты да ба­ла кезімде көрдім. Үкілі Ыбы­рай «ха­лық жа­уы» ата­нып ұста­лып кет­кеннен соң ауыл­дағы Есеп атай­ды жұртқа құбы­жықтай көрсетті. Оның үлкен қызы Тұрғын апай­ды соғыс жыл­да­ры «тру­дар­мияға» әкетті, шығар­ма­лары отқа түскен ала­сапы­ран за­ман ту­ды. Бірақ ал­мас кездік қап түбінде жат­па­ды, туған елі өз жүрегінде сақта­ды. Ол аты­лып кет­се де мінезі үлгі, қай­сар­лығы аңыз, ән-жы­ры ұмы­тыл­ма­ды. Кейбір әндерін ха­лық әні деп, кейбір әндерін әлдекімдікі деп сақта­са да тәуелсіз Қазақстан дүлдүл ұлы­на құшағын кеңдеу аш­ты. Бұл күндері Ыбе­кеңнің әндері өзіне қай­та­рылып ке­леді. «Гәкку­ге» тиіскен­дердің де бетін қай­тар­дық, ал «Аңшы­ның әніне» әлі күнге кей жігіттер Дәнеш Рақышевтің әні де­ген лақап та­ратып жүрсе, ол қателік. Асыл әнші Дәнеш тірі кезінде он­дай оз­бырлыққа бар­ма­ды ғой. Әйгілі клас­сик жа­зушы­мыз, ака­демик Сәбит Мұқанов «Қазақ әде­би­еті» га­зетінде бұл мәсе­ленің ба­сын ашып, ашық айтқан. Ол әңгіме жайын бұрын да жазған­быз. Ақын­ның өлеңдері мен толғау ай­тыс­та­рын «Гәкку» ат­ты бір кітап етіп (Ас­та­на, «Фо­ли­ант», 2005) шығар­дым, бірақ, бұл әлі то­лық дүние емес, іздей түсу қажет. Ал, әндеріне де­ген­де ақиқат­ты ор­на­ту ке­рек. Мы­салға, «Сырғақты­ның» Ыбы­рай­дыкі екенін ба­ла күннен білуші едім, Б. Ер­за­кович те со­лай дәлел­депті.

Үкілі Ыбы­рай­дың ком­по­зитор­лық, әншілік мол мұра­сы жай­лы жа­зылған еңбек­тер бар­шы­лық, мен жыр жи­нағын шығарған­нан кейін ақын­дық ерек­шеліктерін сөз ет­пекке бой ұрдым. Қазақстан­ның ха­лық ақыны, Үкілі Ыбы­рай­дың төл шәкірті Мол­дахмет Тыр­биұлы­ның ай­ту­ын­ша, ол ал­ды­на жан сал­маған әншілігімен қатар, қай сайысқа сал­саң да дес бер­мейтін білімдар, тапқыр, ағын­ды ай­тыс ақыны. Оған қоса қалам­герлігі де мол, араб, пар­сы тілінде оқи білген, өте зе­рек болған көрінеді. Ыбе­кең хат та­ныған­нан кейін қолы­на түскен кітап­ты жат­тап алар­лық өнер көрсетіпті. «Мұңлық-Зар­лық», «Қыз Жібек», «Жүсіп пен Зы­лиха», «То­тының та­ра­уы», «Сей­фул Мәлік», «Мың бір түн» іспет­тес ли­ра-эпос­тық, ба­тыр­лық һәм ғашықтық жыр­ла­ры мен қис­са-дас­тандар­ды жатқа өз әуенімен ай­та білген. Әсіре­се, «Ер Тарғын” мен „Мың бір түнді” әнге қосып жатқа ай­туға жа­лықпап­ты. Кей­де қара сыр­най­мен, кей­де үкілі дом­бы­расы­мен қоса шырқап, по­эзияның желісіне қарай ән мақамы­ның өрісін жа­тық үй­лестіре білгені үлкен өнер. Ұзақ дас­танды әндет­кенде, кей­де қолын­дағы дом­бы­расын жер­ге қоя са­лып, тақпақта­тып кетіп, отырған жерінен ілгері-кейін жыл­жып қызғылықты қимыл­дармен жа­лықтыр­мас да­ланың да­ра әртісінше тыңдаған жан­ды жіпсіз бай­лаған­дай ба­урап­ты. Бойға қонған жан-жақты өнердің арқасын­да ауыз әде­би­етінен әбден су­сын­дап, жаз­ба әде­би­етіне иек ар­тып, өз ақын­дық өрісін кеңей­те білгені біз үшін со­нау алыс­тан ай­дай анық көрініп тұр.

Үкілі Ыбы­рай­дың өзіне үлгі болған Арыс­тан, Орын­бай, Шал ақын, Сегіз сері, Те­зек­бай, Шөже, Нұркей, Біржан сал, Ақан сері, Мұста­фа сияқты саңлақтар­дың әндерін, ай­тыс­та­рын ел ара­сына та­рата білгендігі бір төбе. Қолы­на дом­бы­ра алған­да мы­нау Орын­бай­дың, мы­нау Біржан­ның, мы­нау Ақан­ның дом­бы­раны қол­да­рына алған­дағы өз ырғағы, өз құлақ күйі деп, әрқай­сы­сының өз әуезімен, әуенімен, өздері сүй­ген са­рыны­мен орын­дауға жетіктігін ше­бер көрсе­те біліпті. Мол­де­кеңнің өзі де ұста­зынан көргенін бұлжыт­пай қай­та­лап ел­ге та­ратып кет­кені Есіл мен Көкше өңіріне аян.

Ыбе­кең тек қана ауыз әде­би­етінің өкілі емес, ол өзінің ең жақын һәм жа­нашыр пір тұтқан ұста­зы Ақан сері секілді су­ырып сал­ма төкпе де, ой­ла­нып жа­зар жаз­ба да ақын. Ыбы­рай­дың ақын­дық та­лан­ты­нан, әншілік да­рыны­нын да бөле жа­руға бол­май­ды. Ол ал­дындағы ұстаз­да­ры Біржан сал, Ақан серіге еліктеп алғашқы өлеңдерін де әнімен қоса шалқыт­ты. Уыз ту­ын­ды­лары ғашықтық са­рын­да, әзіл-күлкі ауқымын­да дәстүрлі ли­рика­ны байытқаны анық. Қазақтың ежелгі сал­ты боз­ба­лалықтың қызығын күй­ттеу Ыбы­райға да бас­тау берді. Шөбектің Мұқаны­ның Мәли­ке ат­ты сұлу қызын, бір жи­ын­да Ақан серінің ойын­ды басқару сал­ты мен нұсқауы бойын­ша, алқа топ­та бірінші бо­лып қасы­на өлеңмен шақырып­ты.

“Боз­ба­лаға бұл бір сын же­ке-же­ке,
Әркімнің қасын­дағы сәулесі ер­ке.
Бұй­рығы хан­за­даның екеу емес,

Жа­ныма келіп отыр, ей, Мәли­ке», – де­ген өлеңі сон­да ту­ып­ты. «Хан­за­да» деп отырғаны Ақан сері ғой, ол кісіні ағайын ел іші әуелі «ақ жігіт» деп атап, ар­ты­нан «Ақан аға» де­уге көшті. Ал, бұл Мәли­кеге бай­ла­ныс­ты шу­мақтың жа­рық көруіне ол кез­де жігіт ағасы бо­лып қалған Ақан серінің жас­тардың ойынын бас­тап беріп, бірінші ке­зекті сенімді шәкірті Ыбы­райға сілтеуінде жа­тыр. Жас Ыбы­рай: «Көсем қиын­да, ше­шен жи­ын­да» де­ген­дей, көш бас­тап, өзі міндетін атқарып­ты. Ол нағыз ішкі сенім мен қаны­на туа біткен жүректіліктің белгісі. Міне, сол сәтте шы­дай ал­май бу­ыны бо­сап, күміс шол­пы­сын әсем үнмен сыл­дырла­та, сы­зыла ба­сып, сиқыр­лы сылқым Мәли­ке сұлу ашық ажа­рын жай­на­та түсіп, жас ақын Ыбы­рай­дың қасы­на оты­ра кетіпті. Сол ғажайып жас­тық шақ де­ген асыл дәурен озған сайын өлеңі де маңыз­да­нып, жанға жай­лы, көңілге жы­лы ти­ер дәре­жеге же­те бас­тай­ды.

«Ән са­лып сері бо­лып та­лап­тандым,
Ақылын тыңдау қай­да бар­лық жан­ның.
Он үш жас­та ән са­лып ел ал­дында,

Жо­лына түспей кеттім дүние-мал­дың», – деп өзінің ана сүтімен ере кел­ген ақын­дық, әншілік өнеріне белді бе­кем буғанын ұғымға жеңіл, жи­нақы тілмен осы­лай­ша қиыс­ты­рып­ты. Әкесі Сан­ды­байға тар­тып ұста бол­ма­ды, не­мере ағасы Әбілге еліктеп са­ясатқа кіріспе­се де, ақын­дықтың сұрша құсы же­беп өнер жо­лына сиқыр күшпен еліктетті.

Өмір өрісіндегі жаңа бе­лесіндей ақын­ның «Жи­ыр­ма бес» ат­ты өлеңі жарқ етті. Міне, ақын­дық жо­лын­да ауызға іліктірген бас­та­масы осы еді.

«Қыз­ды ауыл­дың сыр­ты­нан,
Қылаң ет­кен жи­ыр­ма бес.
Қыз­ды көрсем қиқайып,
Құлай кет­кен жи­ыр­ма бес.
Суға кел­ген жеңгей­ге,
Ұнай қалған жи­ыр­ма бес.
Жеңге халің қалай деп,
Сұрай қалған жи­ыр­ма бес.
Бесіктегі ба­ладан,
Алғыс алған жи­ыр­ма бес.
Төрде жатқан кемпірден,

Қарғыс алған жи­ыр­ма бес…» – деп төгілте жөнел­се, ақын­дық қуаты да жа­сына қарай жаңарып, жауқазын гүлдей құлпы­ра түсіп, көз тар­та бас­тағанын айқын­дай­ды. Бұл кез­де су­рет­теу тәсілі, бей­не­леу әдісі ке­лесі бір биік бе­лес­ке көтеріле бас­та­ды.

Үкілі Ыбы­рай­ды жақсы білетін клас­сик жа­зушы­мыз Сәбит Мұқанов: «Қарақат көзді» де­ген өлең 50–60 ауыз­дай бар. Бәрін де: «Қарақат көзді», – деп бас­тай­ды. Бұл өлең осы күнгі ма­хаб­батшы­лар­дың өлеңдерін маңайына отырғыз­бай­ды, – деп жазған екен. Одан ар­тық не ай­тпақпыз.

Не де­сек те, по­эзияның бұл ке­сек үлгісінде Үкілі Ыбы­рай­дың ақын­дық ерек­шелігін та­уда өскен әсем шы­нар­дай, алыс­тан айқын та­нытқан­дай та­маша­лық бар. Ақын сөзін өз әнімен шырқасақ қазақтың ке­ремет әні, ал ро­манс са­зына сал­сақ өз көркемдігін, сезімтал­дығын, толқыма­лығын аша түсетіні сөзсіз. Жалғыз өлең ұзақ по­эма­дан кем емес, шағын ро­ман, да­ланың ро­ман­сы секілді. Бұл өлеңді та­маша по­эма дәре­жесіне жеткізу білу де үлкен ше­берлік. Мұхтар Әуезовтің «аз көлем­мен көп мағына бе­ретін ше­берлігін» ака­демик Зей­нол­ла Қаб­до­лов айтқан­дай, Ыбы­рай­дың да ақын тілімен аз сөй­леп, көп ой қозғай білгіштігі көп өлеңдерінде соқырға таяқ ұстатқан­дай көрініп тұр. Ше­берлік де­ген ұғым­ның шырқау шебі де осы шығар.

Ком­по­зитор­лығын ба­са ай­тып дағды­ланған­дықтан Ыбе­кеңнің ақын­дық мұра­сына зерт­те­ушілер көп мән бер­мей келді. Ол кемшілікті де бо­лашақта түзе­ту қажет. Әрі ақын, әрі ком­по­зитор, әрі үздік орын­да­ушы­лық бір өзіне қонған­дықтан ло­гика жүйесіне сал­сақ: өлең сөзі бірінші, со­дан кейін ән, ең соңын­да орын­дау тұра­ды. «Бес ғасыр жыр­лай­ды» (Ал­ма­ты, 1984, «Жа­зушы») ат­ты белгілі жи­наққа Үкілі Ыбы­рай­дың кірмеуі мені қат­ты қын­жылт­ты. «Ала қой­ды бөле қырыққан жүнге жа­рымай­ды», де­ген сөз көкейімнен кет­пей қой­ды. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбы­рай­ды бөле жа­руға бол­май­ды. Бәрі де ең әуелі ана сүтімен ере кел­ген ақын­дыққа бөленді, со­дан кейін әнге құндақтал­ды, одан әрі орын­дап бе­рудің құдіретті күші бітті. Үкілі Ыбы­рай­ды да қазақтың үлкен ақыны деп та­нып, қатар­дан қал­дырмаған ләзім.

Үкілі Ыбы­рай Абы­лай хан­ның ба­тыры атанған Сәбден да­уыл­паздан та­рап, не­мере ағасы Әбіле Шыңғыс Уәлиұлы­ның хат­шы­сы бо­лып, өзі атақты ақын, әнші ретінде дүни­енің қызығын көріп, көре­шектің есесін қай­тарған­дай ән-жы­рын іркілмей төгілтіп өтсе де, оның тағды­рының тәбдел бер­мес қиын­дығы да зор бол­ды. Әсіре­се, жа­сы ұлғайған кез­де жазған өлеңдерінде сол баяғы ер­ке екпінмен өмір шын­дығын бо­яусыз, бүрке­месіз шер­теді. «Сұм дүние су­маңдаған сен бір қақпас, үйінде сені қуған үш күн жат­пас», – деп тегіннен-тегін ай­тпаған ғой. Біре­улер үйінде үш күн жат­пай, қара бас­тың қамын ой­лап шылқып жүр, біре­улер бұрынғыдан жүдей түсті, әне, сон­дай­ды байқағыш­тығы тебіреністің ашық түрі бо­лып ет-жүрегін жа­рып шығады. Ақын­ның әле­уметтік са­рын­дағы өлеңдері то­лағай толғаулар іспет­тес аз сөзбен шексіз ұғым бе­реді.

Бұл фәлса­фалы толғаныс қай за­ман­да бол­сын өз құнды­лығын жой­май­тын ой­лы көкірек­тен туған жан сы­ры. Ыбе­кеңнің ақыл-ойға то­лы те­рең пси­холо­ги­ялық толғаныс­та туған өлеңдері да бар­шы­лық.

«Шаш ал­мас өтпес пы­шақ қай­рағанға,
То­мар су су­ат бер­мес жай­лағанға.
Та­лықсып қорғасын­дай де­нең балқыр,

Таңер­тең қара торғай сай­раған­да», – деп теңізде жүзіп ба­ра жатқан нән ке­медей асықпай, сас­пай ке­меліне ке­ле тебіре­нер жер­лері сүйсіндірмей қой­май­ды.

Одан кейін:
«Қызығың дүние өткен күн,
Кейінгі қуып жет­кен күн.
Бай­лан­баған аса­удай,

Сырт ай­на­лып теп­кен күн», – деп өмірінің шуағы өтіп, шөлей­тті ке­леңсіз ке­зеңдері тебірендіре бас­тағанын үлкен күрсініспен ай­та білуі нағыз ше­берлік.

«Жол­дас бол­саң жақсы­мен,
Те­рең ой­лы, ақылы кең.
Кішіпейіл сыр шаш­пас

Мінез, білім кел­се тең», – деп, өмірдегі үзеңгілес, сыр­лас, сый­лас бо­лар жол­да­сың қан­дай бо­лу­ын жыр­ла­са, мінез­ге білім сай­лығы қажеттілігін әдемі келтірген. Бұл мың түрлі са­рын­да ер­те де, кеш те ай­ты­ла бе­ретін тақырып­тың ол кез­дегі по­эзиямызға қосылған ой­лы үлесі деп түсінерлік ту­ын­ды.

Ыбе­кеңнің ақын­дығын сөз ет­кенде: «Сүй­генім ке­те бар­ды соңыма еріп», «Қал­дырған», «Көкей­кесті», «Көкше­тау» секілді туған ел­ге ын­тық мар­ха­бат­ты, ша­пағат­ты өлеңдерін ұмыт­пай­мыз.

Менің өзімнің ба­ла кез­дегі блок­но­тым­да да Мол­дахмет Тыр­биұлы­нан жа­зып алғаным сақта­лып­ты. Белгілі ай­тыс­кер, ақын, та­маша жа­зушы Жұма­бай Есе­ке­ев өзінің «Айыр­тау арыс­та­ры» ат­ты де­ректі әңгіме­лер жи­нағын­да «Аңшы­ның әніне» бір әңгімесін түгел ар­напты. Көрші ауыл­дың ба­ласы екенін білдіріп мұқият зерт­теп, әсем әннің қашан қалай шыққаны­на дейін әдемілеп жа­зып­ты. Бұл әнді туған жи­ені ақын Тай­жан Ұлы­тауға, оның шәкірті әйгілі Нар­тай ақын Сыр бойына, Жа­рылғап­берді мен Әсет, Ес­тай­лар се­мей­летіп Ал­тайға, Қара Ертістен асы­рып Қытай­дағы ба­уыр­ларға жеткізген­дері ай­дан анық. Жат­тап алып ай­тып жүрген Дәнеш Рақышев­ке де, ел­дегі Қай­рат Бай­бо­сынов пен Жар­ман Ра­химов­ке, Тұрсын­бай Кәкімов­ке ай­тар алғысы­мыз шексіз.

Ыбе­кеңнің әндерінің ішінде әлем­ге кең та­рағаны «Гәкку». Ол әнді де Қытай­да естігенін аққу ақыны­мыз Мар­фуға Айтқожа­дан біліп едім. Белгілі мәміле­гер Сай­лау Ба­тыр­шаұлы «Гәккуді» жу­ыр­да Па­риж­де естігенін бізге үлкен құлшы­ныс­пен жеткізсе, неміс тілінің мұғалімі Мағри­фа Сейітбат­та­лова Ган­но­вер­де шырқалған «Гәкку» ат­ты мақала­сын «Ас­та­на ақша­мын­да» жа­ри­ялап­ты. Біздің ел­ден барған Ген­рих де­ген жігіттің от­ба­сымен қосы­лып «Гәккуді» шырқаған­да­рын келтіріпті. Кезінде «Гәккуді» Е. Бру­силовс­кийдің «Қыз Жібек» опе­расын­да шырқап, қазақтың ұлы әнші қызы Күләш апа­мыз да «Гәкку­ге» тал­мас қанат бітіріп, шар­та­рапқа та­ратып кетті емес пе?! «Гәкку» де­ген­де Үкілі Ыбы­рай­дың өз аузы­нан естіп үй­реніп алып, бұлжыт­пай ай­тып асқақтатқан Иса Бай­зақов ағамызға алғыс ай­ту­ды ешқашан ұмыт­пақ емеспіз. «Гәкку», «Сырғақты», «Қара­торғай», «Қал­дырған», «Қарақат көзді сым са­усақ», «Көкше», «Аңшы­ның әні», «Па, шіркін!», «Ал­ты­басар», «Толқын», «Апай көк» сияқты әндері Үкілі Ыбы­рай ба­бамыз­дың атын мәңгілікке жеткізуіне еш күмән жоқ.

Ақын­ның по­эзиялық ерек­шеліктері туған жері, өмір сүрген қоғам­дағы ор­та­сы, соған бай­ла­ныс­ты әле­уметтік һәм са­яси құбы­лыс­тарды өз жүрегінен өткізіп, өзінше тебіреніп көңіл күйін, жүрек сезімін, ақыл-ой толғаныс­та­рын ақ қағазға түсіре білуінде жа­тыр. Ерек­шелік де­ген әркімнің өз бол­мы­сы, өз мінез-құлқының ай­на­дағы бей­несіндей көрініс қой. Өмірде қан­ша­ма адам бар, сон­ша­ма мінез-құлық бар, стиль – деп ата­латын айқын­да­уыш түрі бар. Сол стиль­де ақын­ның да ерек­шеліктері әр теңіздің өз тасқынын­дай толқын ұрып жағалауға жетіп жа­тады.

Ағым­дағы жыл­да 150 жасқа то­лып отырған ақтан­гер ақын­ның қай­да жатқаны да белгісіз. Үкілі Ыбы­рай­дың әйгілі атын мәңгілікке жеткізер белгілер де әлі жоқ. Бұл күнде ақын­ның туған ауылы Солтүстік Қазақстан об­лы­сын­да болған­дықтан, ашық ай­та­рым: Ыбы­рай да алысқа ұза­май «үштіктің» шешімі шыққан күні Қызыл­жарда атыл­ды. Өзге сөздің бәрі де «ГПУ»-дің көзбо­яушы­лық тәсілдері деп білемін. Солтүстік Қазақстан да­налар мен да­раларға бай өлке, ұлы­лар­ды ұлағат­тауға жа­лықпас өлке­де Үкілі Ыбы­райға да лайық на­зар ауда­рылар деп се­неміз.