Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қожеке Назарұлы

Қожеке Назарұлы

Қоже­ке На­зарұлы (1828, қазіргі Ал­ма­ты об­лы­сы Райым­бек ауда­ны, Қарқара аулын­да дүни­еге келіп, 1881, ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр ав­то­номи­ялық ауда­ны, Қызылкүрке қала­сы) — күйші -саз­гер. Арқа, Аты­рау, Жетісу күй өнері мек­тептерінің үлгісін жа­расым­ды үй­лестіріп, өрнегі өзге­ше шығар­ма­лар ту­дырған. Оның ту­ын­ды­ларын­да төкпе, тер­ме, шерт­пе күй­лердің белгілері ара­ласып, ай­рықша мәнер­мен тар­ты­лады.

Ерек­ше күш-қай­рат­ты та­ныта­тын жігерлі күй­лер жүрек қылын шер­тетін нәзік те сыр­лы сазға ұла­сып оты­рады.

Қоже­ке На­зарұлы­ның күй­лері уақыт ты­нысын, зұлым­дық пен адал­дық, қаты­гездік пен адам­гершілік сияқты өза­ра ке­реғар қаси­ет­тердің ара жігін тап ба­сып, айқын аңғар­та­ды.

1860ж Ре­сей отар­шылда­ры Жетісу­дың Са­рыжаз, Те­кес, Қарқара сияқты жай­ла­ула­рын зор­лықпен тар­тып алғанын көрген Қоже­ке На­зарұлы­ның қазақ би-бо­лыс­та­рының отар­шылдық оз­бырлығына де­ген көнбіс, тоқмейіл, жігерсіздігін әшкер­леп «Шалқай­ма» күйін шығарған. Осы шығар­ма­сы үшін пат­ша әкімдерінен те­періш көрген күйші 1869 жыл­дың ша­масын­да өзіне қарас­ты 25 үй­мен Шығыс Түркістанға көшіп кет­кен. Бірақ мұнда да ол жергілікті би­ле­ушілер та­рапы­нан қуғынға ұшы­рап, түрме­ге жа­была­ды да, азап­пен өлтіріледі.

Зерт­те­уші Мұха­мед Ха­нафиннің мағлұмат­та­рына қараған­да Қоже­ке На­зарұлы­ның жүзден ас­там күйі бар.

Қоже­ке На­зарұлы­ның алу­ан тақырып­та қам­ти­тын бұл ту­ын­ды­ларын­да негізінен екі топқа бөлу­ге бо­лады.

Біріншісі- күйшінің өз қмірінің әр ке­зеңін қам­ти­тын шығар­ма­лары.

Екіншісі- көне Үйсін за­маны­нан сыр шер­тетін «Қам­бар хан­нан» бас­тап, қазақ халқының та­рихи-әле­уметтік өмірінен, тұрмыс сал­ты­нан елес бе­ретін күй­лері.

Бұлар­дың еншісіне көне әде­би мұра­лар­мен са­рын­дас «Жи­рен­ше», «Жи­рен­ше­ге Қара­шаш­тың қаза­сын естірту», «Жи­рен­шенің Қара­шаш­ты жоқта­уы» сияқты топ­та­мала­ры мен «Көроғлы сұлтан», «Біржан Са­ра», «Стамбұл», «Мұңлық» күй­лерін жатқызуға бо­лады.

Ал қолға алы­нар ал­дында «Ра­бат төренің естіртуі», «Таскөмір шоғына қары­лу», «Қинау», «Түрме­дегі қинау» ту­ын­ды­ларын­да өз ба­сынан кеш­кен ауыр хал­дерінен ха­бар бе­реді.

Қоже­ке На­зарұлы­ның жоғары­да аталған шығар­ма­лары мен қатар «Нұрғаза­рын бұлбұл», «Кері толғау», «Аққу», «Күй шақыртқы», «Ағар­сынның ақ толқыны», «Ар­ман», «Байекеңнің естіртуі», «Ба­лала­рыма» «Ба­лам -ау», «Бозжігіт», «Бөлтірік», «Біржан сал», «Кер­толғау», «Күй бас­тар», «Қос келіншек», «Сай­рам көл» т. б. күй­лері бар.

1984 жы­лы Үрімші қала­сын­дағы Шыңжаң жас­тар бас­па­сынан Қоже­ке На­зарұлы­ның «Күй толқыны» кіта­бы ба­сылып шықты.

Кітапқа тоқсан­нан ас­там күй ен­ген.

Бұл күнде Қоже­ке На­зарұлы­ның жүзге тар­та күй­лері жет­кен. Оның күй­лерін күні бүгінде Жетісу, Ал­тай, Ертіс, Тар­бағатай, Бұра­тала, Іле өңірінде тар­ты­лады.