Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919 ж.ж)

Құлманов Бақтыгерей (1859 - 1919 ж.ж)

Құлма­нов Бақты­герей Ах­метұлы (1859 — 1919) — бірінші шығыс­та­нушы-қазақ, шығыс ғылы­мының кан­ди­даты, Алаш қозғалы­сының көрнекті қай­рат­кері. Құлма­нов­тың арғы ата­лары Әбілқайыр хан­ның ұрпағынан та­рай­ды.

Қазіргі Аты­рау об­лы­сы Теңіз ауда­нын­да дүни­еге кел­ген.

Б. Құлма­нов Орын­бор гим­на­зи­ясын күміс ме­даль­мен, шығыс тілдері ма­ман­дығы бойын­ша Санкт-Пе­тер­бор уни­вер­си­тетін үздік дип­ломмен бітірген.

1890–1903 жыл­да­ры Ішкі Ор­да­ның Қамыс-Са­мар бөлігін басқар­ды. 1906–1907 жыл­да­ры Ре­сейдің І және ІІ Мем­ле­кеттік Ду­мала­рына қата­рынан екі рет Ішкі Ор­да қазақта­рының аты­нан де­путат бо­лып сай­ла­нып, он­да Мұсыл­мандар фрак­ци­ясы­ның бел­сенді мүшесі болған.

Ол қазақ да­ласы­нан сай­ланған Ш. Қос­шығұлов, Б. Қара­та­ев, С. Жантөрин, М. Ты­ныш­ба­ев, Т. Ал­да­бер­ге­нов, Ә. Бөкей­ха­нов, А. Қал­ме­нов, А. Бірімжа­нов сияқты ұлт зи­ялы­лары­мен бірге мем­ле­кеттік шо­винизм мен им­пе­ри­ялық са­ясат үстемдік етіп тұрған сол кездің өзінде ел на­мысы мен та­лан-та­ражға түскен қазақ жерін қорғау ісіне ба­рын­ша үлес қос­ты.

Б. Құлма­нов көпте­ген қазақ зи­ялы­лары сияқты Ақпан төңкерісіне үлкен үміт арт­ты. Пат­ша­ның тақтан құла­уын, Ре­сей­дегі мо­нар­хи­яның күй­реуін де­мок­ра­ти­ялық өзгерістер­ге кең өріс ашар зор құбы­лыс ретінде қабыл­дай­ды. Сөйтіп жаңа өмірдің са­яси қозғалыс­та­рына бел­се­не ара­ласа бас­тай­ды. Өз елінде үлкен бе­дел иесі са­нала­тын ол ха­лық ара­сын­да Ақпан төңкерісінің мақсат-мұрат­та­рын түсіндіріп, оның аза­мат­тық иде­яла­рын уағыз­дай­ды.

1917 жы­лы сәуірде Бөкей Ор­да­сын­дағы елді ме­кен­дерде тұра­тын қазақтар­дың ар­найы съезі бол­ды. Съез­ге қазақ да­ласы­на есімдері белгілі Ғ. Мұсағали­ев, И. Меңдіха­нов, С. Меңде­шев, Б. Ни­язов, М. Шом­ба­лов, Ш. Бекмұхам­бе­тов сияқты зи­ялы­лар қатысқан. Бұл съезд негізінде Ішкі Ор­да­дағы басқару жүйесін жетілдіру­ге ар­налған еді. Съезд өз мәжілісінде басқару ісін жүргізудің ор­та­лық ко­митетін сай­ла­ды. Со­нымен қатар съезд Бақты­герей Құлма­новқа «Қазақ халқының Аст­ра­хань өлкесіндегі ко­мис­са­ры» ретінде билік жүргізу­ге құқық берді. Ха­лық ал­дында бе­делі бар Б. Құлма­нов ел басқару ісіне бел­се­не кірісіп, еге­мендікке же­тудің ірге та­сын қалауға ара­лас­ты. Б. Құлма­нов ұлтжан­ды қазақ зи­ялы­лары­мен бірге Алаш пар­ти­ясы мен оның үкіметін құруға бел­сенді түрде ат са­лыс­ты.

Б. Құлма­нов 1917 жы­лы жел­тоқсан­да Орын­бор қала­сын­да өткен жал­пықазақ съезіне ар­найы шақыру­мен қаты­сып, съезд төрағасы бо­лып сай­лан­ды. Съезд Алаш Ор­да үкіметінің билік жүргізуші ор­га­ны — Ха­лық Кеңесінің төрағасын сай­лау мәсе­лесін алға қойған кез­де Б. Құлма­нов­тың есімі Ә. Бөкей­ха­нов және А. Тұрлы­ба­ев­тармен бірге де­мок­ра­ти­ялық негізде да­уысқа түсті. Төрағалыққа өтпе­ген­мен де, Б. Құлма­нов жаңа құрылған Ала­шор­да үкіметінің құра­мына мүше бо­лып сай­лан­ды. Ха­лық мүддесін жоғары қойған ол Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, Х. Досмұха­медов сын­ды ұлт зи­ялы­лары­мен тізе қосып, ха­лық мұра­ты жо­лын­да Алаш пар­ти­ясы­ның құра­мына қосыл­ды. Алаш қай­рат­керлері жал­пы адам­заттық гу­манизм қағида­ларын да ұмыт­пай, бүкіл қазақ халқының мұң-мүддесіне қыз­мет етті және бүкіл ғұмы­рын осы мақсатқа же­туге ар­на­ды.

Бақты­герей Құлма­нов ауыр науқасқа шал­дығып, 60 жа­сын­да қай­тыс болған.