Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сегіз Сері

Сегіз Сері

Мұха­медқана­пия Баһрамұлы Шақшақов
Дүни­еге кел­гені: 1818
Қай­тыс болғаны: 1854
Ман­са­бы: СӨЗГЕР
Жұбайы: Ырыс­би­ке
Сегіз сері (1818–1854) — шын аты — Мұха­медқана­пия Баһрамұлы Шақшақов.

Өмірба­яны

Арғы ата­сы Қожа­бер­ген — әрі ақын, әрі әнші, әрі ба­тыр кісі екен. Қал­мақтар­мен шайқас­та қол бас­тап, көзге түскен. «Ақта­бан шұбы­рын­ды» за­маны­ның ұлы ес­керткіші — «Елім-ай» дас­та­ны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам ба­тыр­лығына қоса білімді, діндар адам болған. Ба­ласын жас­тайынан мұсыл­манша өзі оқытып, мыл­тық атуға, са­дақ тар­туға, най­за шан­шуға, қылыш ша­буға, ат өнеріне, ба­лу­ан­дықтың ай­ла-тәсілдеріне ба­улыған. Кейін та­лап­ты жігіт қам­шы өру­ден бас­тап, киіз үйдің шаңырақ, ке­регесін, ат­тың ер-түрма­нын, өмілдірік-тарт­па­сын, жүгеніне дейін өзі жа­сай­тын ше­бер­ге ай­налған. «Сегіз» деп ат қойған — жеңге­лері. Се­бебі, ағала­рына ілесіп аңга ба­рып жүрген­де сегіз жас­та­гы Мұха­медқана­пия оқтап бер­ген мыл­тықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жа­сынан дом­бы­ра тар­тып ән ай­та­тыны, есейе ке­ле бүркіт, қар­шыға бап­тап, жүйрік ат ұстай­ты­ны байқалған соң «сері» де­ген ат қосылған. Сегіз он жеті жа­сын­да қазіргі Қос­та­най об­лы­сының «Құсмұрын» де­ген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәли­ханов­тың ауылы­на қыды­рып ке­леді. Серінің жан-жақты өнерін та­маша­лаған Шыңғыс дүни­еге жаңа кел­ген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен де­ген тіле­умен Мүха­медқана­пия деп азан шақыр­тып ат қояды. Шоқан­ның шілде­хана тойын ар­найы шақырылған Сегіз сері бас­та­ды де­ген де­рек бар. Ом­бы­дағы орыс әкімдері оны қазақтың ру ба­сыла­рымен, бе­делді би­лерімен келісім сөз жүргізу са­яса­тына пай­да­лан­гы­сы кел­ген.

Түпкі мақсат­та­ры — ха­лықтың ең шүрай­лы жер­лерін тар­тып алу екеніне ер­те көзі жет­кен Сегіз әуелі ауызекі на­разы­лық білдіреді, қисы­ны кел­ме­ген соң атқа қона­ды.

Соғыс кез­дері

Ай­на­ласы­на жігіт жи­нап, отар­шы­лар­дың ме­кен-жайына ой­ран са­лады, соғыс өнерін жетік білетін ол мүздай қару­ланған әскер­ден де қорықпай жол то­рып, аңдып жүріп соғыса­ды, та­лай рет жеңіске же­теді. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Пат­ша әкімдері оны ұстап қамауға, алыс Сібірге ай­дауға, қар­сы­лас­са атып тас­тауға жар­лық бе­реді. Сегіз Ни­яз сері де­ген сенімді жол­да­сымен бірге Сыр­да­рия жаққа қоныс ауда­руға мәжбүр бо­лады. Той-ду­маны көп Сыр бойын­да жас жігіттің асыл қаси­ет­тері жарқырап ашылған. Көпшілік жи­нал­ган жердің көркіне ай­на­лып, жақсы көрген қыз­дарға ар­нап, та­лай та­маша әндер шығарған. Ерлігімен көзге түсіп, Бүха­ра, Хи­уа жақтан қару­мен келіп, бейбіт елдің мал-жа­нын то­най­тын қарақшы­ларға қар­сы жа­сақ ұйым­дасты­рады, басқын­шы­лар­дың та­лай рет бетін қай­та­рып, кек алған.

Алай­да бүл жақта да көп тұрақтау қиын-түғын, ар­тында қуғын бар. Өзіне ер­ген жігіттерді бас­тап, ол Ба­тые Қазақстан жаққа жол тар­та­ды. Жайық өзені мен На­рын қүмын­да бүл кез­де пат­ша, хан са­яса­тының оз­бырлығына қар­сы на­разы­лық оты ла­улап ке­ле жатқан. Бүл ел Сегіздің нағашы жүрты болған­дықтан ішке оңай сіңеді. Иса­тай, Ма­хам­бет бас­таған көтерілісшілер­ге әске­ри кеңес бе­реді.

Бүл жақта да түрақтай ал­май, Кав­каздағы ел­дерге өтеді, атақты Шәміл бас­таған мүсыл­мандар көтерілісіне ка­тыса­ды. Соңынан Иран, Ауғанс­тан жаққа ке­теді. Ақырын­да төрт жыл­дан кейін Сыр бойына қай­тып ора­лады.

Мұз жас­та­нып, қар төсеніп, жо­рықта жүрген жыл­да­рын­да өкпесіне суық тигізіп, Сегіз 36 жа­сын­да (1818 жы­лы туған) ауырып қай­тыс бо­лады. Ни­яз сері, Біржан сал, Жа­яу Му­са, Нүржан т. б. шәкірттері ол ту­ралы ар­нау өлең шығарып, жоқтау жазған. Оның қайғылы ма­хаб­ба­ты жайын­да шөкірттері «Мақпал-Сегіз» де­ген бірне­ше дас­танды жа­рыса жа­зып, ел­ге та­ратқан.

Сегіз серіні бүгінгі үрпақта­ры әлі күнге дейін жөнді та­ни ал­май ке­леді. Шын­дыққа жүгінсек, ол — қазак сал-серілерінің ата­сы!

Шығар­ма­шылық өмірі

Соғыс өмірі «Қашқын кел­беті» де­ген дас­та­нын­да өлеңмен ба­ян­далған. Ақмешітке кел­ген соң Арқадан Сыр бойына қаты­нап жүрген адам­дар арқылы ел­дегі атақты бо­лыс-би­лер­ге сөз са­лады. Ом­бы ге­нерал-гу­бер­на­торы­на бе­делі өтетін ага сұлтан, би­лердің көмегімен кешірім алып, Солтүстік Қазақстан­да­гы қазіргі Жам­был ауда­нына қарай­тын Гүлтөбе — Ма­манай де­ген жер­дегі ата қоны­сына ке­леді. Көп ұза­май өзі қала­ган Ырыс­би­ке де­ген қызға үй­леніп, ба­лалы-шағалы болған.

Серілік, сал­дық ту­ын тігетіні де осы кез. Боз­ба­ла шағын­да Біржан сал, Жа­яу Му­са, Үкілі Ыбы­рай, Нүржан На­уша­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин тағы басқалар Сегіз серіден әр түрлі өнер үй­реніп, ба­та алған. Оның әндерін жал­пақ ел­ге жа­юшы­лар да — со­лар. Көп шәкіртінің бірі Жа­манқүл Дәндібайүлы; «’Елу бес өнін Сегіздің өзім ел­ге та­рат­тым», «Қырық бес күйін Сегіздің тар­тып бердім әр жер­де», «Та­рап кетті ха­лыққа жүзден ас­там…» — деп жыр­лаған. Соған Ка­раган­да Сегіздің біз білмейтін әндері көп, та­лайы бүрынғыша «ха­лық әні» делініп не­месе басқа сал-серілердің қан­жығасын­да кет­кен тәрізді. Ал күй­лерін зерт­те­ген ешкім жоқ. Оның «Ер Иса­тай», «Жо­рық», «Қашқын кел­беті», «Өкініш», «Ақыл­сыз шаһза­да», «Ақбүлақ» ат­ты жыр-тол­га­ула­ры, дас­танда­ры Ғылым ака­деми­ясы­ның қол­жазба қорын­да жа­тыр. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Ай­ман-Шол­пан», «Қозы-Көрпеш — Ба­ян сүлу», «Қам­бар ба­тыр» сияқты жыр-дас­тандар­дың Сегіз жыр­лаған нүсқала­рын Жүсіпбек Шай­хыс­ламүлы Арқа жақты ара­лап жүріп, хатқа түсірген де, Қазан­да өз аты­нан бас­тырған.

Шығар­ма­шылығы:
«Қашқын кел­беті»,
«Ер Иса­тай»,
«Жо­рық»,
«Қашқын кел­беті»,
«Өкініш»,
«Ақыл­сыз шаһза­да»,
«Ақбүлақ»,
«Ер Тарғын»,
«Қыз Жібек»,
«Ай­ман-Шол­пан»,
«Қозы-Көрпеш — Ба­ян сұлу»,
«Қам­бар ба­тыр»
Шәкірттері:
Ни­яз сері,
Біржан сал,
Жа­яу Му­са,
Нұржан