Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Уәли хан (1871 - 1819 ж. билік құрған)

Уәли хан (1871 - 1819 ж. билік құрған)

1781 жы­лы Абы­лай хан өлген­нен кейін Ор­та жүздің ха­ны Уәли сұлтан тағайын­да­лады. Уәлидің билігі бүкіл жүзге жүрген жоқ. Ол тек арғын руы мен най­ман­дардың бір бөлігін ғана басқар­ды. Уәли хан­ның өкімет билігі ба­сынан-ақ әлсіз бол­ды. Сыртқы са­ясат са­ласын­да Уәли хан әкесі Абы­лай­дың жүргізген бағытын қол­да­ды. Ол бір жағынан, Ре­сей­мен жақсы қарым-қаты­нас­та бо­лып, екінші жағынан, Қытай үкіметімен бай­ла­нысын үзбеді. Уәлидің Цин им­пе­ри­ясы­на бейім бо­луы қазақтар­дың на­разы­лығын туғыз­ды. 1795 жы­лы Пе­тер­бург­ке қазақтар­дың Уәлиді тақтан түсіруді сұраған ары­зы түсті. Пат­ша үкіметі өз та­рапы­нан ендігі жер­де оның Қытай­мен бай­ла­ныс­та­рына тыйым са­луға бар күшін сал­ды. Уәли ханға ке­ле жатқан Боғды­хан елшілерін қазақ от­ря­ды хан са­райына жібер­мей қой­ды. Де­ген­мен, оның Қытай үкіметімен қарым-қаты­насы тоқталған жоқ. Өзінің өкімет билігінің тұрақсыз­дығын сез­ген Уәли 1805 жы­лы тіпті Син­зян жеріне көшіп кет­пек те бол­ды. Бірақ қазақтар оған еріп көшпейтін бол­ды.

Уәли хан тұсын­да пат­ша үкіметі өз ықпа­лын нығай­ту мақса­тын ше­кара­лық шепті Ор­та жүз аумағына қарай жыл­жы­ту жо­лымен жүзе­ге асы­ра бас­та­ды. Хан­дық өкіметтің ша­расыз­дығы, қазақ да­ласын­дағы фе­одал­дық бы­тыраңқылық пен ша­ру­ашы­лықтың күй­зе­луі бұған қолай­лы жағдай туғыз­ды. Оның үстіне Уәли хан­ның ішкі са­яса­тына қар­сы на­разы­лық күшейді. Қазақ қауым­да­ры 1795 жы­лы Уәли хан­ның үстінен пат­ша үкіметіне на­разы­лық хат жаз­ды. Сол жы­лы қара­мағын­да 43350 ада­мы бар, сұлтан­дар мен би­лер Ре­сей­ге «мәңгі» қарай­ты­нын білдіріп, орыс ше­кара­сына жақын жер­лерге ор­на­лас­ты. Уәли хан өзінің ішкі және сыртқы са­яса­тын жүзе­ге асы­руда пат­ша үкіметі та­рапы­нан қол­дау тап­па­ды және Жүз ішінде арқа сүйейтін әле­уметтік күшінен айырыл­ды. Сон­дықтан да ол Қытай үкіметімен, Бұхар хан­дығымен бай­ла­ныс­ты күшей­ту­ге мәжбүр бол­ды.

1815 жы­лы Ба­рақтың тұқымы Бөкей сұлтан­ды Ор­та жүздің екінші ха­ны етіп бекітті. Бұдан кейін Ор­та жүзде хан сай­лау ісі мүлде тоқта­тыл­ды. Бірақ тағайын­далған­нан кейін 1817 жы­лы Бөкей хан өлді, 1819 жы­лы Уәли де өлді.

Бұл хан өлген­нен кейін пат­ша үкіметі Ор­та жүзде жаңа хан­дар тағайын­да­май, мұнда әкімшілік ок­ругтері бойын­ша басқару жүйесін енгізуді ұйғар­ды.