Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Жанкелдіқызы Ұлбике (1825 - 1849 ж.ж)

Жанкелдіқызы Ұлбике (1825 - 1849 ж.ж)

Жан­келдіқызы Ұлби­ке (1825–1849 жж.) – қазақтың әйгілі ақын қызы, май­тал­ман ай­тыс­кер, жез­таңдай әнші, дәулес­кер дом­бы­рашы. Тал бойына алу­ан түрлі өнер да­рыған ару.

Ту­ып-өскен жері – Қызы­лор­да об­лы­сы Те­реңөзек ауда­нына қарас­ты өңір. То­пырақ бұйырған жері Жам­был об­лы­сына қарас­ты Та­лас өзенінің бойы.

Шыққан тегі — Ұлы жүз ішіндегі Ошақты руы, Тасжүрек. Ұлби­кенің бойын­дағы туа біткен ақын­дық да­рын­ның ер­те­рек ұшта­лу­ына әкесі Жан­келді мен ана­сы Жаңыл­дықтың ықпа­лы ай­рықша болған.

Бұл жөнінде Ұлби­кенің өзі бы­лай дейді:
«Әке сөзін жа­сым­нан жат­тап алғам,
Тал бойыма жи­нақтап хат­тап алғам.
Же­ке шығып бәй­ге­ден тұлпар­дай боп,
Өлеңімді әнімен бап­тап алғам,
Мон­шағым­ның әр та­сы бір өлең-ді,
Бесігінде үй­рен­гем мен өлеңді.
Ба­лапан­дай кезінде қай­ран ше­шем,
Тал бойыма да­рытқан күллі өлеңді».

Ұлби­ке 12–13 жа­сының өзінде-ақ ай­тар ойын ұрым­тал өлеңмен жеткізіп, ұтқыр сөздері төңірегін тәнті етіп, атақ-даңқы ауыл ара­сынан әріге жайыла бас­тай­ды. Әке шаңырағын­да бұла бо­лып өскен қыз өз ор­та­сын­дағы оқу-білімді игер­ген, көзі қарақты жан болғанға ұқсай­ды. Өзінің өлеңінде:

"Әп ти­ектің ішінде «пе» бо­лады,
Қос ноқат қой­са үстіне «те» бо­лады" — деуіне қараған­да, бойын­дағы ақын­дық да­рын­ды жаз­ба мұра­лар арқылы да ұштаған бо­лу ке­рек.

Ұлби­ке оң-со­лын та­нып, бой же­те бас­таған кез­де Ошақты­ның Ес­мырза де­ген ду­алы ауыз биі әулетін бас­тап, Әули­еата маңына көшіп ке­леді. Сол кез­ден бас­тап Ұлби­кенің ақын­дығы ай­рықша қарқын алып, жұрт мойын­даған көшпелі ақын­дармен ай­тыс­тың до­дасы­на түсе бас­тай­ды.

Ұлби­кенің ақын­дық те­ге­урініне, тапқыр­лық-ша­лымы­на жан ба­ласы шы­дамай­ды. Бұл жөнінде сөз асы­лын тер­ген әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев бы­лай дейді: "Бұрынғылар дом­бы­ра ұстап, ай­татұғын «Қайым білесің бе?» де­уші еді.

«Қайым» деп екі ақын­ның ай­тысқанын ай­та­ды екен. Сон­да «Қайым» өлеңінің ба­сын Күдері қожа мен Ұлби­ке ай­тысқан. Бұл екеуінен бұрын қайым өлең де жоқ, ай­тыс та жоқ. Бұрынғылардікі – мақал, тақпақ…

Күдері қожа ал­бырт боз­ба­ла күнінде Ұлби­кемен ай­ты­самын де­ген­де Күдерінің әкесі (Еркөшек қожа да ақын екен, жыр­лап сөй­лейді екен): «Ба­ла, Ұлби­кемен ай­ты­самын де­сең Бұхарға ба­рып үш жыл оқып кел. Әй­тпе­се оны­мен сен ай­ты­суға жа­рамай­сың», — де­ген екен.

М. Ж. Көпе­евтің бұл де­регінен Ұлби­кенің ал­ды­на қара түсірмес дүлдүл ақын екені аңғары­лып қана қой­май, со­нымен бірге қазақтың сөз өнерінде ақын­дық ай­тыс­тың негізін са­лушы, ор­нықты­рушы ақын ретінде да­рала­нады.

Ұлби­ке – ойы ұшқыр, өлеңі сұлу, кісілік па­раса­ты өрелі ақын.

Бірде Май­лықожа ақын Ұлби­кеге әзілдеп: «Түсімде ал­тын зе­рен­ге қымыз құйып отыр екенсің», — депті. Сон­да Ұлби­ке іркілмес­тен:

«Ба­сыма са­лып жүрмін же­легімді,
Үш-төрт жыл біле ал­ма­дым де­регіңді.
Мүттәні теріс оқыған зәлім қожа,
Та­уып бер көнегім мен зе­регімді», — де­ген екен.
Ұлби­ке бұл сияқты ұтқыр уәждердің небір та­маша үлгілерін жүрген жер­лерінде мар­жандай ша­шып отырған.

Сол мол мұра­дан бүгінгі ұрпаққа жет­кені мың шу­мақтай өлең. Бұл жи­ыр­маға тар­та ай­тыс­та­ры мен са­на­улы ғана көңіл-күй толғаула­ры. Ұлби­кенің асыл мұра­сын жи­науға М. Ж. Көпе­ев, Ә. Ди­ва­ев, В. В. Рад­лов сияқты әйгілі фоль­клор жи­на­ушы­лар ай­рықша ыж­даһат­пен ден қойған.

«Бұдан 120 жыл­дай бұрын жан­ды бетіне қарат­паған ақын бо­лып, қазақтан Ұлби­ке де­ген қыз шығып­ты», — деп жа­зады Ә. Ди­ва­ев.

Ұлби­кенің шығар­ма­ларын В. В. Рад­лов Пе­тер­бург қала­сын­да бас­ты­рып, кейін орыс және неміс тілдеріне ауда­рып жа­ри­яла­ды.

М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жол­дасбе­ков қатар­лы білікті ғалым­дар Ұлби­кенің ақын­дығына жоғары баға бер­ген.

Ұлби­кенің ғұмы­ры қызғал­дақтай кел­те болған. Тәңірі ше­бер оны ақын­дық өнер­паздығына қоса, хор қызын­дай көрікті етіп жа­ратқан. Оны ақын­дар «аққудың жүнді үрі», «тілі ше­шен, жүзі көркем» деп өлеңге қосқан.

Алай­да «бірі кем дүние» де­ген емес пе, Ұлби­кенің күйеуі Бай­тан өнердің парқын білмейтін ұр да жық, қызған­шақ адам бо­лып кез­дескен. Ұлби­ке нағыз ке­меліне келіп, ақын ретінде төңірегін тәнті ете бас­таған шағын­да тен­тек күйеуінің қолы­нан мерт болған.

Ұлби­кенің соңын­да қалған өлмес өнері ру­хани асыл қазы­на ретінде халқымен мәңгі бірге жа­сай бе­реді.