Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889 ж.ж)

Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889 ж.ж)

Ыбы­рай Ал­тынса­рин – бар са­налы ғұмы­рын туған халқын өнер-білімді, жаңа за­ман­ның өрке­ни­етті, мәде­ни­етті ел­дерінің қата­рына қосу жо­лына ар­наған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағар­ту­шылық, пе­дагогтік, ақын-жа­зушы­лық та­рихи қыз­меті мен зор та­лан­тын, жан-жақты те­рең білімі мен қай­рат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрби­елеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мек­тептер ашып, оқушы­лар­ды өз кезінің озық ғылы­мымен қару­лан­ды­руға, кәсіп түрлеріне үй­ре­туге ар­наған.

Ыбы­рай бұл жол­да сан алу­ан ке­дергілер мен қиын­дықтар­ды жеңе оты­рып, үлкен жетістіктер­ге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұта­тын ар­дақты­сына ай­нал­ды.

Өмірба­яны

Ыбы­рай 1841 жы­лы қазан айының 20-сын­да қазіргі Қос­та­най об­лы­сы, Қос­та­най ауда­нын­да дүни­еге ке­леді. Үш-төрт жа­сын­да әкесі Ал­тынса­ры қай­тыс бо­лып, ата­сы Балғожа­ның қолын­да өсіп, тәрби­еле­неді.

Ата­сы Балғожа би өз ай­мағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолын­да ұстаған би, Орын­бор әкімшілігінің ал­дында да бе­делді, белгілі кісі болған.

За­мана бет алы­сын өзінше бол­жаған Балғожа та­бысқа же­тудің ендігі жо­лы – оқу деп біледі. Сөйтіп, не­мересі кішкен­тай Ыбы­рай­ды Орын­борда ашы­лады деп күтілген орыс-қазақ мек­тебіне күні бұрын жаз­ды­рып қояды. Бидің он­дағы мақса­ты, әри­не, не­мересінің ба­ла оқытып, пе­дагог бо­луы емес, әкімшілік орын­дарда жұмыс істеп, ше­не­унік, орыс­ша оқыған «төре» бо­лып шығуы, ата-ана­сын асы­ра­уы. Балғожа бұл ойын Орын­борда оқып жүрген жасөспірім Ыбы­райға жол­даған өлең-ха­тын­да бы­лай­ша білдірген:

Үміт ет­кен көзімнің нұры – ба­лам,

Жа­ныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен-аман,

Сүйіп сәлем жа­зады бүгін саған.

Атаңды сағын­дым деп асығар­сың,

На­дан боп білмей қал­саң, аһ ұрар­сың.

Шы­рағым, мұнда жүрсең не етер едің,

Қолыңа құрық алып ке­тер едің.

Тентіреп екі ауыл­дың ара­сын­да

Жүрген­мен, не мұратқа же­тер едің?!

Әлгі мек­теп ақыры 1850 жы­лы ашы­лады да, оған қабыл­данған отыз қазақ ба­ласы­ның бірі – тоғыз жа­сар Ыбы­рай бо­лады. Ыбы­рай мек­тепте са­бақты ын­та қойып оқиды, 1857 жы­лы оқуын «өте жақсы» де­ген бағамен бітіріп шығып, 1859 жыл­дың та­мызы­на дейін өзінің туған елінде тілмаш­тық қыз­мет атқара­ды. Қала­да оқып, қазақ да­ласы­на беймәлім жаңалықтар­дан ха­бар­дар бо­лып, ой-өрісі кеңей­ген зер­делі боз­ба­ланың екі жыл­дай ел­де бо­луы — қазақ қоғамы­ның жағдайын те­реңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға ке­луіне мүмкіндік бе­реді.

1859 жы­лы Ыбы­рай Ал­тынса­рин ата­сының жақсы та­нысы, сый­лас кісісі — Орын­бордағы Ше­кара­лық ко­мис­си­яның төрағасы, шығыс­та­нушы белгілі ғалым, про­фес­сор В. В. Гри­горьев­пен жақын та­ныса­ды. Ол Ыбы­райға қамқор­лықпен қарап, оған өзінің бай кітап­ха­насын еркін пай­да­лану­ына жағдай жа­сай­ды. Ыбы­рай Гри­горьевтің кітап­ха­насы­нан орыс жа­зушы­лары­ның шығар­ма­ларын, орыс және дүние жүзі ағар­ту­шы-пе­дагог­терінің еңбек­терін, ұлы адам­дардың өмірі жайын­дағы кітап­тарды алып, бас ал­май оқыған. Мерзімдік ба­сылым­дарды оқып тұрған.

Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын мо­лай­та ке­ле, Ыбы­рай өзінің ал­ды­на тілмаш бо­луды емес, туған халқына пай­да­лырақ басқа бір қыз­мет істе­уді мақсат етіп қояды. Оның ын­та­сы ағар­ту­шылыққа ауады. 1860 жы­лы Жайықтың шығысын­дағы қазақтар үшін төрт бас­та­уыш мек­теп ашылған кез­де, Ыбы­рай өзі сұра­нып, Торғай мек­тебіне мұғалім бо­луға рұқсат алып, сон­да ке­леді. Бірақ мек­теп бірден ашы­ла қой­май­ды. Бұл ара­лықта, Ыбы­рай ел ішінде мек­тептің пай­да­сын түсіндіріп, біраз ба­ланы өз үйінде оқыта­ды.

Торғай мек­тебі 1864 жы­лы ғана ашы­лады. «Осы жы­лы қаңтар­дың 8-і күні көптен күткен ісім ор­ны­на келіп, мек­теп ашыл­ды. Оған 14 қазақ ба­ласы кірді. Бәрі де жақсы, есті ба­лалар. Мен ба­лалар­ды оқытуға қойға шапқан аш қасқыр­дай қызу кірістім», – деп жа­зады, ол белгілі шығыс­та­нушы, про­фес­сор Н. И. Иль­минс­кий­ге жол­даған ха­тын­да. Ыбы­рай мек­тептегі са­бақ пен тәрбие жұмы­сын сол кез­дегі орыс мек­тептері үлгісінде құра­ды. Са­бақты қазақ тілінде жүргізе оты­рып, ол ба­лаларға орыс тілін үй­ре­туге, пән негіздерінен білім бе­руге ты­рыса­ды. Тәрбие жұмы­сын адам­гершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрби­елеп шығаруға бейімдейді.

Ыбы­рай мәде­ни­ет пен білім жо­лына халқының өте ын­та­лы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігер­лендіре түседі. «Қазақтар мені құшағын жая қар­сы ал­ды. Мек­тепке ба­лала­рын бе­руге ын­та­лы адам­дар то­лып жа­тыр», – деп жа­зады ол бір ха­тын­да. Ыбы­рай Н. И. Иль­минс­кий­ге жазған әлгі ха­тын­да тағы да бы­лай дейді: «Қазақ да­ласын үш жыл­дай ара­лаған Сіздің қазақ халқы ұғым­тал, ақыл­ды, да­рын­ды, бірақ оқымаған ха­лық дейтініңізге мен се­немін. Қазақ халқы қара­пайым, өнері жоқ ха­лық, бірақ біз қара­пайым­ды­лықтың өзінен де көп жақсы­лық та­бамыз». Туған халқы ту­ралы мұндай ой Ыбы­рай­дың де­мок­раттық көзқара­сына негіз бол­ды және оны сеніммен жұмыс істе­уге ша­быт­тандыр­ды. Со­нымен бірге Ыбы­рай ел ішіндегі әле­уметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зор­лықшыл со­рақы қылықта­рын сынға ал­ды. Олар­дан қара­пайым ха­лықты корғады.

«Қыз­мет ба­бын­да мен қазақтар­мен жиі-жиі ұста­сып қала­мын, — деп жаз­ды ол 1864 жы­лы Иль­минс­кий­ге, олар­дың ішінде менің өз ту­ысқан­да­рым да бар. Олар­дың сы­рын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін, қазақ ара­сын­дағы қыз­мет адам­да­рын да көңілім тіпті сүй­мейді. Олар ке­дей қазақтар­ды — қар­сы­лық көрсе­те ал­май, қас­кырдың аузын­да жем бо­латын қорған­сыз мо­мын­дарды — адам­шы­лықтың шегінен шыға, ар­сыздықпен то­най­ды, та­лай­ды. Со­лар­ды көрген­де… өте қат­ты күйінемін… Осы елдің күшті жемқор­ла­рының бірі өздерінің істеп жүрген істерін менің жақтыр­май­ты­ным­ды біліп қал­ды… Сон­дықтан ол мені бұл ара­дан қуып жібе­рудің ама­лын істеп жүр».

Ыбы­рай­дың ағар­ту­шылық, де­мок­раттық көзқарас­та­ры осы­лай­ша қалып­та­сып, да­мыды. Қоғам­дық әділетсіздік пен адам бойын­дағы ұнам­сыз мінез­дерге қар­сы күре­су үшін, ол ел ішінде білім, өнер та­рату ісін кеңей­те бе­ру ке­рек деп ұғады. Сол ни­ет­пен бар күш-жігерін мек­теп ісіне, ба­ла оқыту жүйесін жақсар­туға жұмсай­ды.

1876 жы­лы Ыбы­рай Пе­тер­бург, Қазан қала­лары­на ба­рады. Орыс­тың ағар­ту­шылық жүйесін, орыс ағар­ту­шыла­рының еңбек­терін зерт­тейді. Қазақ тілінде оқу құрал­да­рын жа­са­уды ой­лай­ды.

1879 жы­лы Ыбы­рай Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­да­лады. Бұл оның ағар­ту­шылық қыз­метінің кең өріс алу­ына жол аша­ды. Ол еуро­палық үлгідегі мек­тептер ашу ісімен шұғыл­да­нады. 1879–1883 жыл­дар ара­лығын­да Торғай об­лы­сының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Тро­ицк, Ақтөбе) жаңа мек­тептер аша­ды. 1883 жы­лы Торғай қала­сын­да қолөнер мек­тебі ашыл­ды. Ол қазақ да­ласын­дағы тех­ни­калық білім бе­ретін тұңғыш оқу ор­ны бол­ды.

Ыбы­рай қазақ қыз­да­рын оқыту ісіне ерек­ше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салт­тарға қар­сы күрестің бір жо­лы есебінде қарай­ды. 1887 жы­лы Ырғыз­да қыз­дар мек­тебін ұйым­дасты­руы – оның ағар­ту­шылық аса зор еңбегі.

Қазақ да­ласын­да мек­тептер са­нының ар­ту­ына бай­ла­ныс­ты Ыбы­рай мұғалімдер да­яр­лай­тын мек­теп ашу­ды қолға ал­ды. 1881 жы­лы Ом­бы қала­сын­да тұңғыш мұғалімдер мек­тебі ашыл­ды.

Ыбы­рай мек­тептер ашу ісімен ғана шек­теліп қал­ма­ды. Ол сол мек­тептер­дегі тәлім-тәрбие, оқу жұмы­сына ай­рықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағыт­та ұйым­дастыр­ды. Бұл рет­те ол мұғалімнің атқара­тын рөлін жоғары бағала­ды. «Ха­лық мек­тептері үшін ең ке­ректісі – мұғалім, – деп жаз­ды ол. Та­маша жақсы пе­даго­гика құрал­да­ры да, ең жақсы үкімет бұй­рықта­ры да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инс­пек­тор бақыла­уы да мұғалімге тең ке­ле ал­май­ды».

Ыбы­рай туған халқын ерек­ше сүйді, оның бо­лашағына зор сеніммен қара­ды. Сон­дықтан ха­лық ағар­ту ісін ай­рықша ша­быт­пен жүргізді. 1883 жы­лы Торғай об­лы­сының әске­ри гу­бер­на­торы­на жол­даған ба­ян­да­масын­да ол: «Қазақтарға – осы да­рын­ды, ақыл-есі мол ха­лыққа – кешікпей ру­хани және қоғам­дық да­му жо­лына түсетін дұрыс бағыт бе­ру — қалай де­ген­мен де аса қажет бо­лып отыр», – деп жаз­ды.

Осы жол­да Ыбы­рай көп қиын­шы­лықтар да кез­дестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, па­рақор­лық пен өсек-аяң оның жа­нын күй­зелтті. «За­ман осы­лай болған соң, ама­лын та­уып, мүмкіндігі бар жер­де қазақ халқының елдігін бұзып, бо­лашағын бүлдіріп жатқан жа­уыз­дыққа қар­сы күре­се бе­ру ке­рек» деп са­нады.

Мәде­ни­етті де та­лант­ты пе­дагог-жа­зушы әрі мінез­ге бай, адам­гершілік, жол­дастық қаси­еті мол Ыбы­рай орыс зи­ялы­лары­ның ара­сын­да мейлінше бе­делді, сый­лы болған.

Оқулық жа­сау жо­лын­да оқулыққа Ыбы­рай мек­тепте қазақ ба­лала­рына білім мен тәрбие бе­рудің бас­ты құра­лы деп қарай­ды. Ол ба­лаларға ана тілін та­за және ұқып­ты­лықпен үй­ре­теді, шағын көркем шығар­ма­лар арқылы олар­ды жақсы мінез-құлыққа ба­улу­ды көздейді. Ыбы­рай ба­лалар­ды мазмұны олар­дың білімін көте­ретін, тақыры­бы олар­ды қызықты­ратын кітап­тарды… қазақтың өз тілінде… ба­сып шығару ке­рек деп білді. Өзі 1876 жыл­дан бас­тап «Қазақ хрес­то­мати­ясын» жа­зуға кірісіп, оны 1879 жы­лы Орын­борда бас­ты­рып шығар­ды. «Бұл кітап­ты кұрас­тырған­да мен, – деп жаз­ды. Ыбы­рай хрес­то­мати­ясы­ның алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітап­тың орыс-қазақ мек­тептерінде тәрби­еленіп жүрген қазақ ба­лала­рына оқу кіта­бы бо­ла алу жағын көздедім». «Қазақ хрес­то­мати­ясы» ба­лаларға ар­налған өлеңдер мен шағын әңгіме-но­вел­ла­лар­дан құрас­ты­рыл­ды. Олар­дың бірқата­рын өзі жаз­ды, біра­зын сол кез­дегі орыс оқулықта­рынан еркін ауда­рып ал­ды. Хрес­то­матияға қазақтың ха­лық әде­би­етінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.

«Қазақ хрес­то­мати­ясы» арқылы жет­кен Ыбы­рай­дың бүкіл әде­би мұра­сы оның көркем шығар­ма жа­зуды ағар­ту­шылық иде­ясы­на бағын­дырғанын айқын көрсе­теді. Ол әде­би­етті ба­ла са­насы­на әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істер­ге үй­ре­тетін күшті құрал деп ұқты.

«Біз бол­ма­сақ, сіз бар­сыз»

Өлеңдері

Ыбы­рай «Қазақ хрес­то­мати­ясы­на» кірген өлеңдерінде де ха­лық ағар­ту иде­ясын көтерді. Оның «Кел, ба­лалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері осын­дай мақсат­та туған.

«Кел, ба­лалар, оқылық!» өлеңі жас­тарды оқуға, білім алуға шақыра­ды:

Оқысаңдар, ба­лалар,

Шам­нан шы­рақ жағылар.

Тіле­генің ал­дыңнан

Ізде­мей-ақ та­былар.

Кел, ба­лалар, оқылық!

Оқыған­ды көңілге

Ықылас­пен тоқылық!

Өлеңнің әр шу­мағын­да оқудың әр жақты пай­да­сын ай­та оты­рып, ақын соңғы жол­дарды ылғи қай­та­лап оты­рады.

Мал, дәулеттің бай­лығы –

Бір жұта­саң, жоқ бо­лар.

Оқымыс­тың бай­лығы–

Күннен күнге көп бо­лар,

Еш жұта­мақ жоқ бо­лар.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жас­тарды оқуға, білім алуға үнде­се, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жал­пы ха­лық үшін ке­ректігіне еш мән бер­мейтін ескі көзқарасқа соққы бе­реді. Өмірдегі сарқыл­май­тын мол бай­лық – білім екендігін ай­та келіп, білімге адам­ның қолы же­ту үшін, ерінбей оқу, қажы­май еңбек ету ке­ректігін түсіндіреді.

Ыбы­рай «Өнер-білім бар жұрттар» ат­ты өлеңінде оқу, білім алу­дың мақса­тын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі иде­ясы – қазақ қауымы­на озық мәде­ни­етті ел­дерді үлгі етіп көрсе­ту.

Өнер-білім бар жұрттар

Тас­тан са­рай салғыз­ды.

Ай­шы­лық алыс жер­лерден

Көзіңді ашып, жұмған­ша,

Жыл­дам ха­бар алғыз­ды.

… Отын­сыз та­мақ пісірді,

Су­сыз­дан су­сын ішірді.

Теңізде жүзді ба­лықтай,

Дүни­ені кезді жа­лықпай.

Ыбы­рай жас­тардың оқыған адам болған­дағы мақса­ты өз халқының бір ке­регіне жа­рау, оны «тас­тан са­рай сал­ды­рып, ай­шы­лық алыс жер­лерден көзіңді ашып-жұмған­ша, жыл­дам ха­бар алғыза­тын» ел­дердің қата­рына жеткізу деп білді. Ке­лешек­ке сенімі мол Ыбы­рай өмір көркі, бо­лашақтың иесі – жас­тар деп ұқты.

Біз на­дан боп өсірдік,

Иек­тегі сақал­ды.

«Өнер – жігіт көркі» деп,

Ес­кермедік мақал­ды.

Біз бол­ма­сақ, сіз бар­сыз,

Үміт ет­кен дос­та­рым,

Сіздер­ге бердім ба­там­ды! –

деп, жеткіншек ұрпаққа сенім ар­та­ды.

Бұл өлеңдер­дегі: жақсы мен жа­ман­ды, білімділік пен на­дан­дықты са­лыс­ты­ра су­рет­теу әдісі де жас ба­лаларға олар­ды айқыны­рақ та­ныту мақса­тын көздейді. Сон­дықтан Ыбы­рай өз дәуірі оқыр­манда­рының ұғымы­на жеңіл етіп, са­лыс­ты­рулар жа­сай­ды. Бұл өлеңдердің көп тіркес­тері бүгінде мақал-мәтел­ге ай­на­лып кетті.

Та­биғат су­реті

Ыбы­рай­дың «Өзен», «Жаз» де­ген өлеңдері та­биғат көріністерін су­рет­те­уге ар­налған. Мұндай тұтас ли­рика­лық, пей­заж­дық өлеңдер Ыбы­райға дейінгі қазақ по­эзиясын­да кез­деспейді. Оқыр­мандар­дың көңілін та­биғат­тың сұлу көріністеріне ауда­ру арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрби­елейтін пат­ри­от­тық өлеңдер орыс­тың де­мок­раттық, гу­манистік әде­би­етінің үлгісі бо­латын. Ыбы­рай өлеңдері – туған ел та­биғатын жыр­лап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойын­да та­биғат­ты, Отан­ды сүю сезімдерін тәрби­елеуге жа­саған еле­улі қада­мы. Екі өлеңінде де Ыбы­рай та­биғат көрінісін жа­лаң ал­май, адам­дардың тіршілігімен бай­ла­ныс­ты­ра көрсе­теді. Сол арқылы та­биғат пен адам­ның бай­ла­нысын, та­биғат­тың адам ісіне, еңбек­ке, ой-сезіміне тигізер жан­ды әсерін бей­не­лейді.

Та­улар­дан өзен ағып сарқыраған,

Ай­на­дай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыс­тық соқса, бір қалып­та,

Ара­лап тау мен тас­ты арқыраған.

Көңілің су­ын ішсең, ашы­лады,

Де­неңде бар дертіңді қашы­рады.

Өксіген от­тай жа­нып жа­ну­ар­лар,

Өзен­нен рақат та­уып, ба­сыла­ды.

Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі су­рет­те­ген. Бүкіл тіршіліктің «өзен­нен рақат та­уып» жатқанын нақты си­пат­тау оқыр­ман көңіліне жағым­ды сезім ұяла­тады.

«Жаз» өлеңінде көктемгі та­биғат­тың келісті су­рет­тері бар. «Ұшпақтың күн сәулесі жер­ге түсіп», «Ас­паннан рақым­ме­нен күн төнген­де», «Ұйқыдан көзін ашқан жас ба­лаша, жайқалып шыға ке­лер жердің гүлі», «Кеш бол­са, күн қона­ды та­удан асып, ша­паққа қызыл ал­тын нұрын ша­шып», т. б. су­рет­тер мен бей­нелі сөздер Ыбы­рай­дың та­биғат көріністерін сезінуінің те­реңдігін, су­рет­керлігін көрсе­теді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен бай­ла­ныс­та бей­не­лейді. Қыр­дағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыс­тан қысы­лып шығып, жаз­да ты­нысы­ның кеңуі, қуаныш-шат­тығы көңілді әсер­ге бөлейді.

Бір ма­лы ша­ру­аның екеу бо­лып,

Қыс­та­удан ауыл көшер алу­ан-алу­ан.

Күлісіп, құшақта­сар, әзіл етер,

Әйел­дер көш жөнелтіп кейін қалған.

Жүгіріп киік, құлан тау мен қыр­да,

Қуанып ықылас­пен кел­ген жылға…

Алыс­тан мұнар­ланған сағым­да­ры

Шақырып, тұрар күліп: «Кел, – деп, – мұнда…» Бұл өлеңдер арқылы Ыбы­рай қазақтың жаз­ба әде­би­етінде та­биғат ли­рика­сын бас­та­ды. Оны кейін Абай әлемдік по­эзияның биік деңгейіне жеткізді:

«Еңбек­пен та­былған дәм тәтті»

Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбы­рай әңгіме­лерінің негізгі тақыры­бы. Оны жа­зушы шағын әңгіме­лер­де үгіт, өси­ет түрінде бер­се, кей шығар­ма­ларын­да ха­лықтың қоғам­дық са­насын тәрби­елейтін ре­алистік су­рет­тер арқылы бей­не­лейді.

«Өрмекші, құмырсқа, қар­лығаш» әңгімесінде Ыбы­рай ең кішкен­тай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін ты­ным тап­пай еңбек етіп жүргендігін көрсе­те келіп, олар­ды ба­лаларға үлгі етеді. «Қар­лығаш, өрмекші ғұрлы жоқпы­сың, сен де еңбек ет, босқа жат­па», – дейді.

«Атым­тай жо­март» әңгімесінде жа­зушы ха­лық ара­сын­дағы Атым­тай жо­март ту­ралы аңыз­дарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қоры­тады. Атым­тай­ды ол еңбек ада­мының үлгісі етіп көрсе­теді. Еш нәрсе­ге мұқтаж­дығы жоқ бол­са да, Атым­тай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бей­нетіммен, тапқан пұлға нан са­тып алып же­сем, бойыма сол нәр бо­лып та­рай­ды. Еңбек­пен та­былған дәмнің тәттілігі өзге­ше бо­лады», – дейді ол.

«Әке мен ба­ла» әңгімесінде мы­надай бір жай сөз бо­лады.

"Бір адам он жа­сар ба­ласын ертіп, егістен жа­яу ке­ле жат­са, жол­да қалған бір ескі тағаны көріп, ба­ласы­на ай­тты: «Анау тағаны, ба­лам, ала жүр», – деп. Ба­ла әкесіне: «Сы­нып қалған ескі тағаны не қылайын», – деді. Әкесі үнде­меді. Тағаны өзі ал­ды да, жүре берді. Қала­ның шетінде темірші ұста­лар бар екен, соған жет­кен соң әкесі кайыры­лып, тағаны со­ларға үш ти­ынға сат­ты. Одан біраз өткен соң, шие са­тып отырған­дардан 3 ти­ынға бірта­лай шие са­тып ал­ды. Со­нымен, ши­ені ора­малы­на түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, ба­ласы­на қара­май аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолы­нан бір шие жер­ге түседі. Ар­ты­нан ке­ле жатқан ба­ла да тым-ақ қызығып ке­леді екен. Жер­ге түскен ши­ені жал­ма-жан жер­ден алып, аузы­на сал­ды. Біраз­дан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, со­нымен, ба­ла әрбір шие тас­таған жер­ге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңын­да әкесі тоқтап, ба­ласы­на ши­ені ора­малы­мен беріп тұрып: «Көрдің бе, бағана тағаны жа­ман­сы­нып, жер­ден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған ши­енің жер­ге түскенін ала­мын деп, бір еңке­юдің ор­ны­на он еңкейдің. Бұдан бы­лай есіңде бол­сын: аз жұмыс­ты қиын­сынсаң, көп жұмысқа тап бо­лар­сың; азға қанағат ет­пе­сең, көптен құр қалар­сың», — деді.

Кей­де сәл нәрсені қом­сы­нып, оған көңіл бөлме­ушілік, аз жұмыс­ты қиын­сы­нып, бойкүйездікке са­лыну­шылық өмірде аз кез­деспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сон­дықтан ба­лалар­дың бойкүйез, жалқау бол­ма­уына, еңбекқор бо­лу­ына Ыбы­рай ерек­ше мән бер­ген.

«Бай ба­ласы мен жар­лы ба­ласы» ат­ты әңгімесінде Ыбы­рай еңбек­ке де­ген коғам­дық, тап­тық көзка­рас­ты бей­не­лейді. Көшкен елдің жұртын­да қалған екі ба­ланың бір тәулік ішінде ба­сынан кеш­кендерін су­рет­теу ар­кы­лы сол ба­лалар­дың өмір та­нуы, тіршілікке икемділігі жай­лы мәсе­леге әле­уметтік мән бе­реді.

Жа­зушы­ның шығар­маға жа­сы құрбы екі ба­ланы алып, олар­ды бай мен ке­дейдің өкілі етіп су­рет­теуінің сы­ры да оның иде­ясы­нан айқын көрінеді. Жар­лы ба­ласы Үсен – тұрмыс­тың ауырт­па­лығын көре жүріп, ысылған еңбек ада­мы. Ауыл­да­ры көшіп кетіп, жұртта қалған екі ба­ланың да­лада та­мақ та­уып жеуіне, ауыл­дың ка­лай қарай көшкенін аңғару­ына, түнде да­лада түне­ген­де ит-құстан сақта­ну­ына Үсеннің тапқыр­лығы мен еңбекқұмар­лығы се­беп бо­лады. Ал бай ба­ласы Асан – өмір үшін күре­судің жо­лын білмейтін, шы­дам­сыз, еңбек­ке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам бо­лып өскен бай ба­ласы­ның ба­сына күн туған­дағы дәрменсіздігін су­рет­теу арқылы жа­зушы ке­лешек Үсен­дер жағын­да екенін аңғар­та­ды. Сөйтіп, жас­тарға өмірден еш нәрсе үй­рен­бей, жалқау бо­лып өскен бай ба­ласын­дай бол­май, қиын­шы­лыққа төзімді, өнер­ге бейім, еңбек сүйгіш жар­лы ба­ласы Үсен­дей бо­лып өсуді уағыз­да­ды.

«Бағу-қағуда көп мағына бар»

"Жаз­дың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің ба­ласы­мен бақшаға ба­рып, екеуі де егілген ағаш­ты көріп жүрді. «Мы­на ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен ки­сық біткен»? – деп сұра­ды ба­ласы. «Ата-анаңның тілін ал­саң, ана ағаш­тай сен түзу кісі бо­лып өсерсің. Бағусыз кет­сең, сен де мы­на қисық ағаш­тай бо­лып, бағусыз өсерсің. Мы­нау ағаш – бағусыз өз қал­пы­мен ес­кен», – деді ата­сы. «Олай бол­са, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», – деді ба­ласы. «Бағу-қағуда көп мағына ба­рын­да шек жоқ, шы­рағым, бұдан сен өзің де ғиб­рат ал­саң бо­лады, сен жас ағаш­сың, саған да күтім ке­рек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пай­да­лы іске үй­рет­сем, менің айтқаным­ды ұғып, ор­ны­на келтірсең, жақсы, түзу кісі бо­лып өсерсің», – деді.

Ыбы­рай «Бақша ағаш­та­ры» ат­ты әңгімесінде осы­лай деп жаз­ды. Яғни тәрби­енің үлкен рөл атқара­тынын көрсет­кен.

Со­ның бірі – та­лап. Та­лап етіп тал­пынба­са, адам ба­ласы алға бас­паған бо­лар еді. «Та­лап­ты ер­ге нұр жа­уар» де­ген ха­лық мақалы да өмір тәжіри­бесінен туған. Жас­тық шақ – жігер-қай­рат­тың мол кезі, бой­дағы жақсы қаси­ет­терді жа­рыққа шығарып қала­тын кез, ол үшін та­лап ке­рек. Та­лап­тан да, өмірден ке­регіңді ал.

«Та­лап­тың пай­да­сы» де­ген әңгімесінде Ыбы­рай сол иде­яны көте­реді.

I Петр пат­ша шірке­уге ба­рып ғиба­дат етіп тұрған­да, арт жақта бір ба­ланың су­рет са­лып тұрғанын көріп, қасы­на келіп, не са­лып жатқанын сұраған­да ба­ла: «Сіздің су­ретіңізді са­лып жа­тыр­мын!» – дейді. Петр су­ретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақыл­ды Петр пат­ша ол ба­ланың су­рет­ке та­лабы бар екенің аңғарып, су­рет са­латын оқуға бергізеді. Кейін сол ба­ла үлкен су­ретші бо­лады.

Жа­зушы­ның бұл ара­дағы көзде­гені — жас ба­ланың та­лабын, сол та­лап­тың арқасын­да не­ге қолы жет­кенін көрсе­ту, кім та­лап ет­се, сол мақса­тына же­тетіндігін дәлел­деу.

Мейірімділік ба­ланың от­ба­сына де­ген ма­хаб­ба­тынан бас­та­лады. Әркім ал­ды­мен өз ата-ана­сын, туған­да­рын жақсы көреді, сый­лай­ды. Ыбы­рай ата-ана мен ба­ла ара­сын­дағы осын­дай жы­лы қарым-қаты­насқа ерек­ше мән бе­реді. «Мейірімді ба­ла» әңгімесінде 13 жа­сар қыз­дың әкесінің ор­ны­на, өз қолын ке­суді сұрағанын жа­зады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс істеп, ба­ла-шағала­рын асы­рай­тын атам­ның қолын қал­ды­рып, мы­на менің қолым­ды кесіңіз», – дейді.

Жа­зушы "Ауру­дан аяған күштірек” де­ген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт де­ген ба­ла, ауруы қан­ша бат­са да, ана­сын қиналт­пау үшін қабақ шыт­паған­дығы ай­ты­лады. «Ауыр­мақ түгіл, жа­ным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жа­ным­ның қиналғанын көріп, әжем де қина­лып, жы­лама­сын деп жа­тыр­мын», – дейді ол.

Алғашқы әңгіме­дегі қыз да, соңғы әңгіме­дегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықта­рымен ерек­ше­ленеді, мұның негізінде жал­пы адам­ды сүйетін жақсы сезімдер жа­тыр. Олар біртіндеп жетіліп, Отан сүю, ел сүю сезімдеріне ұла­саты­ны да­усыз. Ыбы­рай­дың мейірімді ба­лала­ры нағыз отан­шыл аза­мат­тар бо­латы­нына се­несің.