Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931 ж.ж)

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931 ж.ж)

Қазіргі Шығыс Қазақстан об­лы­сы, Абай ауда­ны, Қара­уыл ауылын­да дүни­еге кел­ген. Қазақ ақыны, ой­шыл, ком­по­зитор, аудар­ма­шы.

Әкесінен жас­тай жетім қалып, не­мере ағасы Абай Құнан­ба­ев­тың қолын­да тәрби­еленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдай­бер­ди­евтің дүни­еге көзқара­сының қалып­та­су­ына, ақын­дық ше­берлігінің шыңда­лу­ына зор әсер етті. Орыс, араб, пар­сы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Ба­тыс, Шығыс әде­би­етін зе­рек білді.

Жеті жа­сынан бас­тап өлең жа­зып, өмірінің ақыры­на дейін ағар­ту­шылық бағыт ұста­ды.

Абай­дың жаңашыл­дық дәстүрін да­мытып, Абай­дан кейінгі екінші ре­алист ақын атан­ды. Ақын­ның твор­чест­во­сы сан-са­лалы­лығымен ерек­ше­ленді, оған көңілдің шат-ша­дыман әуені де, көкіректі қарс айырған тра­гизм де тән. Ақын нақты өмір су­рет­терін, туған та­биғат­тың әсемдігін тебіре­не жыр­ла­ды. 19ғ. — дың аяғы мен 20ғ. -дың ба­сын­дағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбы­лыс­тарға қызу үн қос­ты. «Кел, жас­тар, біз бір түрлі жол та­балық!» (1877) өлеңінде та­лап­ты жас­тарды ұлы Абай­дан үлгі-өне­ге алуға, со­дан үй­ре­нуге шақыр­са, «Жас­тық ту­ралы», «Кәрілік ту­ралы» (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жа­зылып, адам­ның өмір жа­сын жыр етеді. «Өмір», «Сәнқой­лар», «Ызақор­лар», «Құмар­лық», сияқты ди­дак­ти­калық өлең-жыр­ла­рын­да бо­яма­лы ажар­ды, жа­сан­ды мінез бен жағым­сыз қылықты сынға ала­ды.

Ғашықтық сезім та­за, пәк жүрек­тен маз­дай­ты­нын ай­та келіп, («Анық асық әулие», «Шын сы­рым») адам­гершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. «Жас­тарға» (1880), «Ар­ман», «На­сихат» (1881) ат­ты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ни­ет, мақсат­та­рын ше­ней ке­ле, қоғам­да әлі мо­раль­дық өлшемнің дұрыс қойыл­мағанын сө з етеді. Ш. Қ. — қазақ по­эзиясын­да оның фи­лосо­фи­ялық са­ласын да­мытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде («Бай мен ке­дей», «Бай мен қонақ») мәсе­ленің әле­уметтік мәнін ашуға ба­ра бер­мейді. Үстем тап­тың оз­бырлығын, қияна­тын ай­ту­мен шек­теліп, «еңбек ет, бөтенді қана­ма, ісіңе арың бас­шы бол­сын» деп уағыз­дай­ды. «Жу­ан­дар» де­ген өлеңінде бай­лар­ды сы­най­ды, бірақ тап­тық көзқарас­ты са­насы­на те­рең сіңіре ал­май, ағар­ту­шылық көзқарас­та қалып қояды.

Ақын­ды қат­ты толған­дырған мәсе­ленің бірі — қару-жа­рақтың адам мен та­биғатқа қар­сы жұмса­луы, им­пе­ри­алистік соғыс кезінде адам­ның қыры­луы, оз­бырлық пен зор­лықтың орын алуы. Мұндай ке­леңсіз ке­сепат­тарға қар­сы жа­зылған өлеңдері Шәкәрімнің ин­терна­ци­онал­дық ой, толғаныс­та­рының биіктігін, за­мана­лылығын аңғар­та­ды. («Пат­ша­лар сан­сыз шығыс қыла­ды», 1919; «Адам не­мене» 1915), «Бос­тандық таңы ат­ты», « Бос­тандық туы жарқырап» (1917) өлеңдері Қазан ре­волю­ци­ясы­на ар­налған. Ақын жарқын өмірді, бо­лашақты, бейбітшілік пен бе­рекелі тұрмыс­ты жырға қос­ты. Әле­уметтік жағдайға бай­ла­ныс­ты тұңғыш рет «Шат­тық» де­ген сөзді қол­данғаны­мен, Ш. Құдай­бер­ди­евтің жаңа за­ман­ның өзгерісіне үн қосуы әлі де то­саң. Оның мұра­ты бұрынғысын­ша адал еңбек­те, ру­лық жікшілдікті жо­юда, әділеттігі жа­расқан тұрмыс құру­да еді. «Қош жұртым» өлеңінде (1931) жа­пан түзде жалғыз жатқан­мен ха­лықтан қол үзбе­генін, бо­лашаққа сеніммен қарай­ты­нын білдіреді. Бұл ойын С. Мұқановқа жазған ха­тын­да (3.2.1931) айқын білдірген.

Шәкәрім ауыз әде­би­етінің су­ырып­салма ақын­дар по­эзиясы­ның жаз­ба әде­би­ет­ке ауысу­ына зор қыз­мет етті. Ли­рика­лық жанр түрлерінің да­му­ына, мазмұны­ның ете­не жақын­да­су­ына мол еңбек сіңірді. Көпте­ген өлеңдеріне ән шығар­ды. Абай­дың кеңесі бойын­ша «Қалқаман — Ма­мыр» дас­та­нын жаз­ды. (1888). Мұнда кіршіксіз ма­хаб­бат дәріптеліп, ел би­ле­ушілер ор­натқан қаты­гез тіршілікке қар­сы­лық, оны айып­тау бар. «Еңлік — Ке­бек» дас­та­нын­да (1891) бірін-бірі сүй­ген екі жас­тың қасіретін ескілікті салт-са­наның қатып қалған уағыз­да­рымен бай­ла­ныс­ты­рады. «Айсұлу — Нар­тай­дың» по­эма­сы жа­ман­дықты жа­зала­са, «Әділ — Ма­рия» ро­манын­да шын­жыр ба­лақ, шұбар төс ал­па­уыт­тардың зор­лық-зом­бы­лығына қар­сы­лық білдіріп, ре­волю­ци­яның жеңісін ха­бар­ла­умен аяқтай­ды. Шәкәрім Құдай­бер­ди­ев — «Қодар­дың өлімі», «Крез пат­ша» дас­танда­рының ав­то­ры.

1905 жы­лы Шәкәрім Құдай­бер­ди­ев қажы­лық са­пар ше­геді. Мек­ке­ге барған бұл са­парын пай­да­ланып, ақын өзінің байырғы ар­ма­нын жүзе­ге асы­рады. Стам­бул, Па­риж кітап­ха­нала­рынан туған халқының та­рихы­на бай­ла­ныс­ты кітап­тарды оқиды. Осы­лай жи­наған ма­тери­ал­дар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хан­дар шежіресі» (1911) кіта­бын, қисын­да­рын қазақ мүддесіне үй­лестіре түсу мақса­тымен «Мұсыл­мандық шар­ты» де­ген еңбек жаз­ды. (1911) Бұл тұста ақын­ның діншілдігі ғана емес, үлкен ой­шыл фи­лософ екендігі айқын та­ныл­ды. Ол жа­рату­шы ал­ла­ны ақылға са­лып түсіну­ге ұмты­лыды. Дін бұзу­шылар­ды қат­ты сынға ала­ды. («Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа, Со­пының ба­ра қой­ман құрба­нына». Абай сияқты Шәкәрім де фе­одал­дық- ру­лық ор­та­ның мінез-құлқын, мо­ралін жат көрді, сол кез­дегі қазақ қоғамын­дағы әле­уметтік жа­рықшақты көре білді. Шәкәрім пат­ри­ар­халдық пен кер­тарт­па­лыққа қар­сы күрес­те мәде­ни­ет пен ғылым­ның жетістіктеріне сүйенді, ха­лықтар дос­тығы мен ту­ыс­тығын қуат­та­ды. («Мен ұлтшыл емеспін, жақыным мы­нау де­меспін»). Орыс, ба­тыс әде­би­етінің та­маша үлгілерін қазақ оқыр­манда­рына та­ныс­тырды. Лев Толс­той­дың твор­чест­во­сын аса жоғары бағалап, («Ақиқат сы­рым­ды ай­тсам Толс­той­дың, мың со­пыны ал­май­мын тыр­нағына») өз халқын дүние жүзінің озық мәде­ни­етін иге­руге шақыр­ды. Өзін ғұмыр бойы Л. Толс­той­дың шәкіртімін деп са­нады, оны­мен хат жа­зысып тұрды. Аме­рикан жа­зушы­сы Гар­ри­ет — Би­чер Сто­удың (1811–96) «Том ағай­дың ба­лағаны» ро­манын, Л. Н. Толс­той­дың «Аср­ха­дон пат­ша», «Үш са­уал» т. б. әңгіме­лерін А. С. Пуш­киннің «Бо­ран», «Дуб­ровс­кий» по­вес­терін қазақ тіліне аудар­ды. Фи­зулидің «Ләйлі-Мәжнүн» дас­та­нын нәзи­ра үлгісімен жыр­ла­ды (1907). Иде­ялық мақсат-мұрат­та­ры жағынан Шәкәрім үнемі де­мок­раттық, ха­лықтық, гу­манистік -ағар­ту­шылық бағыт­та бол­ды. Бұл орай­да 20-ғасыр­дың ба­сын­дағы озат ой­лы қазақ зи­ялы­лары­мен үндес бол­ды. Ала­шор­да қай­рат­керлерінің еңбегін бағалай білді. Абай­дың ре­алистік дәстүрлерін жалғас­ты­рып, эпи­калық жанр­дың да­му­ына үлкен үлес қос­ты. Шығар­ма­ларын­да де­мок­ра­ти­ялық, ха­лықтық және гу­манистік көзқарас­тырды на­сихат­та­ды. Та­за да жарқын ма­хаб­батты жыр­лай оты­рып, бас бос­тандығы иде­ясын алға тарт­ты, оның асыл мұрат­та­ры үшін күрес­ке шақыр­ды. Адам­гершілік, ар-ұждан тақыры­бына жазған ой­шыл да па­расат­ты ту­ын­ды­лары бар­ша­мызға ру­хани азық.