Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қоңырбайұлы, Ағыбай (1802 – 1885 ж.ж)

Қоңырбайұлы, Ағыбай (1802 – 1885 ж.ж)

Қоңырбайұлы, Ағыбай (1802–1885 ж.ж)

Ағыбай ба­тыр Қоңыр­байұлы, Шұбырт­па­лы Ағыбай (1802–1885) – Ке­неса­ры Қасы­мов­тың Ре­сей отар­шы­лығына қар­сы көтеріліс бас­шы­лары­ның бірі, қол­басшы. Ағыбай ба­тыр Ұлы­тау та­уының етегіндегі ауыл­да дүни­еге кел­ген. Ор­та жүз құра­мын­дағы қара­кесек-шұбырт­па­лы арғын ру­ынан шыққан. Әкесінен ер­те ай­рылған. Ше­шесі Абы­лай хан­ның сенімді ба­тыр­ла­рының бірі Най­ман­тайұлы Байғозы­ның қызы. Жа­зушы І. Есен­берлиннің «Көшпенділер» три­логи­ясын­да Ағыбай ба­тыр алып де­нелі деп си­пат­та­лады. Жо­рықта үнемі жо­лы бо­латын­дықтан ол «Ақжол­тай ба­тыр» атан­ды. Сар­базда­ры Абы­лай есімімен қатар Ағыбай ба­тыр­ды да ұранға ай­нал­дырды.

13 жа­сынан қолы­на қару алып, 1824 жы­лы Қарқара­лы ай­мағын­да Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның отар­шылдық са­яса­тына қар­сы көтеріліске бел­се­не ара­лас­ты. Қасым сұлтан қаза тапқан­нан кейін Ағыбай ба­тыр бас­таған қазақ әскері Шу өзенінің бойын­да өзбек­тердің Түркістан өлкесіндегі билігін әлсіретті. Ағыбай ба­тыр бас­таған қол 1826–1846 жыл­да­ры ара­лығын­да Ре­сей әскер­лерімен бет­пе-бет шайқасып, бірне­ше рет күй­ре­те соққы берді. Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның Қазақстан­дағы тірек-ор­та­лықта­ры? Қарқара­лы, Ақтау, Ақмо­ла бекіністеріне ша­бу­ыл жа­сап, пат­ша әскер­лерін Ырғыз, То­был өзен­дері бойын­дағы ұрыс­тарда, Қызыл­жар, Көкше­тау шайқас­та­рын­да тас-талқан етіп жеңді.

Қырғыз ма­набы Ор­манға қар­сы соғыс­тарда ерек­ше ерлік көрсетті. 1847 жы­лы Ке­неса­ры хан­ның Кекілік та­уын­дағы қырғыз­дармен айқасын­да На­урыз­бай ба­тыр­мен бірге дұшпан шебін бұзып өтті. Ке­неса­ры өлген­нен кейін де Ре­сей өктемдігіне қар­сы­лығын тоқтат­пай, Сыз­дық төре қолы құра­мын­да соғыс жүргізді. Кейінірек, 1849 жылға дейін Ре­сей өкіметінің қамал­да­рына өз бетінше ша­бу­ыл­дар жа­сады. Өмірінің соңғы ке­зеңінде егіншілікпен, ба­лық аула­умен ай­на­лыс­ты. Дүни­еден қайтқан соң Ре­сей үкіметі оның мәйітін Түркістан­дағы Қожа Ах­мет Яса­уи ке­шеніне жер­ле­уге рұқсат ет­пей, Са­ры­арқа мен Бет­пақда­ланың шек­тескен Тайатқан-Шұнақ де­ген жерінде жер­ленді. Ке­неса­рының бас ба­тыры Ағыбай ба­тыр­дың өмір жо­лы қазақ та­рих­шы­лары мен қалам­герлерінің шығар­ма­лары­на арқау бол­ды.

Жа­зушы І. Есен­берлиннің «Көшпенділер» три­логи­ясын­да Ке­неса­ры хан мен Ағыбай ба­тыр қатысқан бар­лық ұрыс­тар ба­ян­далған. Жа­зушы олар­дың Ақтау, Ор­тау, Ақмо­ла бекіністерін қалай алғанын, Сыр­да­рия өзенінің бойын­дағы Меркі қала­сын азат ету ба­рысын­да Қоқан хан­дығымен қалай ұрыс жүргізгенін то­лық су­рет­те­ген. 1914 жы­лы Есім төренің көмегімен Ә. Бөкей­ха­нов Қазан қала­сынан «Қызыл қай­нар Тектұрмас» де­ген кіта­бын шығар­са, С. Сей­фул­лин «Ақжол­тай ба­тыр» ро­манын жаз­ды. Заңғар жа­зушы М. Әуезов «Қазақ әде­би­етінің та­рихы» кіта­бын­да та­нымал ба­тырға то­лық бір бөлімді ар­на­ды. И. Бай­зақов­тың бір по­эма­сы да ба­тыр ту­ралы. Ал та­рих ғылы­мының док­то­ры, про­фес­сор Е. Бек­ма­ханов­тың 19 ғасыр­дың та­рихи оқиғала­ры ту­ралы жа­зылған мо­ног­ра­фи­ясын­да Ағыбай­дың ба­тыр­лық тұлғасы жан-жақты си­пат­талған. 1992 жы­лы Қараған­ды об­лы­сының Жезқазған қала­сын­да Ағыбай ба­тыр­дың 190 жыл­дығы, 2002 жы­лы Балқаш қала­сын­да 200 жыл­дығы рес­публи­калық деңгей­де ата­лып өтілді. Балқаш қала­сын­да ба­тырға ес­керткіш ор­на­тыл­ды.

Ағыбай ба­тыр ке­сенесі:

Ағыбай ба­тыр ке­сенесі — ХІХ ғасыр­дан сақталған сәулет өнері ес­керткіші. Ке­сене ХІХ ғасыр­дың 80-жыл­да­рын­да Бет­пақда­ланың солтүстік-шығысын­дағы Тайатқан-Шұнақ та­уының маңайын­да, Бо­саға өзенінің аңғарын­да тұрғызылған.

Ұлы­тау өңірінде кіндік қаны тамған ба­тыр­лардың ең көрнектілерінің бірі — Ағыбай Қоңыр­байұлы. 1802 жы­лы Ұлы­тау өңірінде туған Ағыбай ба­тыр — Ке­неса­ры хан­ның бас ба­тыр дәре­жесіне көтерілген қол­басшы. Ол пат­ша әскерімен шайқас­тарда ұтым­ды әдіс-ай­ла, то­сын тапқыр­лық қол­да­ну арқасын­да әрдайым жеңіске жетіп отырған­дықтан «Ақжол­тай Ағыбай» атанған. Ха­лық ара­сын­да оны ру­ын көрсетіп, шұбырт­па­лы Ағыбай деп те атаған. Ба­тыр­дың сар­базда­ры дұшпанға «Ағыбай­лап»ша­батын болған.

Ағыбай ба­тыр бас­таған қол 1826–1849 жыл­да­ры Ре­сей әскер­лерімен бет­пе-бет шайқасып, бірне­ше рет күй­ре­те соққы бер­ген. Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның Қазақстан­дағы тірек-ор­та­лықта­ры — Қарқара­лы, Ақтау, Ақмо­ла, Ека­терин бекіністеріне ша­бу­ыл жа­сап, пат­ша әскер­лерін Ырғыз, То­был өзен­дері бойын­дағы ұрыс­тарда, Қызыл­жар, Көкше­тау шайқас­та­рын­да тас-талқан етіп жеңген. Кейінірек, 1849 жылға дейін Ре­сей үкіметінің қамал­да­рына өз бетінше ша­бу­ыл­дар жа­саған. Өмірінің соңғы ке­зеңінде егіншілікпен, ба­лық аула­умен ай­на­лысқан. 1885 жы­лы Ағыбай ба­тыр қай­тыс болған­да пат­ша әкімшілігі оның де­несін Түркістан­дағы Қожа Ах­мет Иаса­уи ке­сенесіне жер­ле­уге ұлықсат бер­ме­ген. Ба­тыр соңғы кезінде ме­кен­де­ген Са­ры­арқа мен Бет­пақда­ланың шек­тескен Тайатқан-Шұнақтағы Бо­саға өзенінің алқабы­на жер­ленген. Ке­неса­рының бас ба­тыры Ағыбай­дың өмір жо­лы қазақ та­рих­шы­лары мен қалам­герлерінің шығар­ма­лары­на арқау болған. Ағыбай ба­тыр­дың 200-жыл­дық ме­рекесі рес­публи­камыз­да ауқым­ды ша­ралар­мен ата­лып өтті.

Ағыбай ба­тыр ке­сенесі шар­шы түрінде са­лынған жал­пы аумағы 8.80 х 8.58 метр, бір бөлмелі күмбезді ғима­рат. Сыртқы бұрыш­та­ры қосар мұна­ралар­мен өрнек­теліп, күмбезі өріліп шығарылған. Ілкіде ұшар ба­сына Ағыбай ба­тыр­дың са­ма­уры­ны қойылған. Кіретін бөлігі жеңіл ағаш­пен ай­ван үлгісінде жа­былып, оңтүстіктен шығарылған. Бөлменің ішкі бұрыш­та­рын­дағы ши­рек бағана­лар күмбез шеңберімен бірігіп кет­кен. Бөлменің төменгі жағы ақ түсті, жоғарғы жағы сарғыш түсті әкпен әктел­ген. Ке­сене ішінде 12 мәйіт бар. Ағыбай ба­тыр­дың сағана­сы бөлменің түкпірінде солтүстік-ба­тыс бұрыш­тан екінші орын­да жа­тыр.

Балқаш қала­сын­дағы Ақжол­тай Ағыбай ба­тыр ес­керткіші.