Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шернияз Жарылғасұлы (1817 - 1881 ж.ж)

Шернияз Жарылғасұлы (1817 - 1881 ж.ж)

Шер­ни­яз Жа­рылғасұлы (1817–1881) – ха­лық ақыны, Кіші жүз қазақта­рының Иса­тай, Ма­хам­бет бас­таған ұлт-азат­тық көтерілісіне (1836–1837) қаты­сушы және оның жа­лын­ды жыр­шы­лары­ның бірі. Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған ша­ру­алар көтерілісінің бел ор­та­сын­да жүрген Шер­ни­яз бұл қозғалыс­тың ұран­шы­сы әрі ақыны бол­ды. Көтерілісшілер жеңіліске ұшы­раған соң, Шер­ни­яз қуғын­далды және оған қатаң бақылау қойыл­ды. Осы­дан кейін ол Бай­мағам­бет сұлтан­ның қол ас­ты­нан па­на та­уып, қалған ғұмы­рын осын­да өткізді.

Ақын азат­тық, бос­тандық тақыры­бын асқақ үнмен жыр­ла­ды, сол арқылы Иса­тай­дың ба­тыр­лық бей­несін жа­сады: «Па, шіркін, Иса­тай­дай са­баз ту­мас», «Ақ ал­мас, ал­тын сап­ты қылы­шым-ай», «Иса­тай ел ер­кесі, ел сер­кесі», т. б. жыр­ла­рын шығар­ды. Шер­ни­яз­дың «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тос­таған­ды қолға алып», «Ай жігіттер», «Сөз сөй­леймін бөлме­леп», «Көл қылып құдайым та­лай су­дай ағын», т. б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғам­ның әділетсіздігі, өмірдің өзгер­мелілігі мен оның мән-мағына­сы үлкен ой елегінен өткізіле жыр­ла­нады.

«Шер­ни­яз­дың Бай­мағам­бет сұлтанға айтқаны» көркемдігі аса жоғары ту­ын­ды бо­лып са­нала­ды. Жал­пы Шер­ни­яз по­эзиясы мазмұндық си­паты­мен, стильдік айқын­дығымен, көркемдік бей­не­леу нақыш­та­рының ше­берлігімен ерек­ше­ленеді. Шер­ни­яз өлеңдерінің үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшһүр Жүсіп, Омар­бек нұсқала­ры) бар. Шығар­ма­лары 1925 жы­лы Мәске­уде, Таш­кент­те (Іли­яс Жансүгіров жа­ри­ялауын­да) жа­рық көруінен бас­тап, әр кез­дерде шыққан ор­та мек­тептер­ге ар­налған хрес­то­мати­ялар­да, «XVI­II-XIX ғасыр­лардағы қазақ ақын­да­рының шығар­ма­лары», «Ай­тыс» жи­нақта­рын­да ба­сылған. Қазіргі таңда ақын өлеңдері ха­лық ара­сына кең та­ралған және мек­тептер мен жоғары оқу орын­да­рын­да оқыты­лады. Шер­ни­яз Жа­рылғасұлы­ның шығар­ма­шылығы мен оның қоғамға сіңірген еңбегі өске­лең ұрпаққа ру­хани дем бе­реді.

Шер­ни­яз Жа­рылғасұлы атын­дағы жүлде тағайын­далған. 2007 жы­лы қазан­ның 31-інде Ақтөбе об­лы­сын­дағы та­рихи-өлке­тану мұра­жайын­да та­нымал қазақ ақыны Шер­ни­яз­дың туғаны­на 200 жыл то­лу­ына ар­налған ғылы­ми-та­ным­дық кез­де­су өтті. 1867 жы­лы дүни­еден озған ақын Аты­рау об­лы­сын­дағы Мұқыр стан­са­сына жақын жер­де жер­ленген.