Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шорман Күшікұлы (1799 - 1837 ж.ж)

Шорман Күшікұлы (1799 - 1837 ж.ж)

Шор­ман Күшікұлы, Шор­ман би (1799–1837) – төбе, аға сұлтан. Пав­ло­дар об­лы­сының Ба­янауыл ауда­нын­да туған. Ор­та жүз арғын­ның ішіндегі қар­жас ру­ынан шыққан, өз еліне та­нымал Сәтиұлы Күшік ше­шеннің ұлы. Шын есім – Жұма­бай. Қуан­дық ру­ының Қожы төре бас­таған жігіттері қар­жастар­дың жылқысын ба­рым­та­лауға кел­генде екі жақ сойыл­да­сып, ба­рым­та­шылар­дан үш адам (ішінде төренің өзі де бар) қаза та­бады. Мұны естіген Уәли хан қар­жастарға қыру­ар жылқы құн ке­седі.

Осы да­улы, шешімі қиын мәсе­лені өз ру­ының пай­да­сына шешіп шыққан 15 жа­сар Жұма­бай «ба­ла би» атан­ды. Бұл жөнінде өз еңбек­терінде Ш. Уәли­ханов та жазған. Осы оқиғаның тағы бір нұсқасы Шоңмен (Шоң — Ба­янауыл ок­ругінің аға сұлта­ны болған белгілі би) бай­ла­ныс­ты ба­ян­да­лады. Жұма­бай хан­нан жеңіспен оралған соң Шоң оған Шор­ман атағын беріп, қар­жас ру­ының төбе биі етіп тағайын­даған. Ол төре­лер­ге билік бер­меу мақса­тымен сүйіндік ара­сынан хан тұқымын алас­тау жөніндегі Шоң бидің са­яса­тын қол­дап, оны іске асы­руға көмек­тескен. Шор­ман бидің «қара қыл­ды қақ жа­ратын» әділдігі ел аузын­да аңызға ай­налған.

Оның төрелігіне тек Ба­ян­нан ғана емес, бүкіл Ке­реку өңірінің түпкірінен ке­летін болған. Шор­ман би жер да­уын ше­шу, жал­пы қазақтар­ды жер­ге ор­на­лас­ты­ру мәсе­лелері бойын­ша 1822 жыл­дан бас­тап Шоңмен бірге Ба­тыс сібірдегі отар­лық әкімшілікке бірне­ше рет хат жол­дай­ды. Шоңның тап­сы­ру­ымен То­был, Ом­бы, Ке­реку, Қызыл­жар қала­лары мен Ірбіт, Үркіт (Ир­кутск) жәрмеңке­леріне ба­рады. Мұрағат­та Шор­манның 1830 жы­лы Ом­быға, 1832 жы­лы То­былға ба­рып, гу­бер­на­торға жо­лыққаны жөнінде де­рек сақталған. Ба­янауыл ок­ругі ашылған­да ол аға сұлтан­ның орын­ба­сары бо­лып тағайын­далды да, Шоң қай­тыс болған­нан кейін оның ор­нын бас­ты.

Алай­да Шор­ман аға сұлтан міндетін бір жыл­дай ғана атқарып, ке­лесі жаз­да дүние сал­ды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның жа­зуы бойын­ша Шор­ман Ақмыр­за өзінің Сілетіге құяр тұсы­на жер­ленген. Шор­манның тұңғыш қызы Зей­неп — Шоқан Уәли­ханов­тың ана­сы. Үлкен ұлы Мұса Шор­ма­нов белгілі адам болған.