Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бабажанов Мұхамед-Салық

Бабажанов Мұхамед-Салық

Ба­бажа­нов Мұха­мед-Са­лық (1832, Бөкей ор­да­сы — 1871, сон­да) — эт­нограф, қоғам қай­рат­кері, ағар­ту­шы. Ор­да­дағы орыс-қазақ мек­тебінде бас­та­уыш білім алған (1841 – 45) соң, Орын­бордағы Неп­лю­ев ка­дет кор­пу­сының Ази­ялық бөлімін бітірген (1851). 1852 – 55 ж. Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның кеңсесінде қыз­мет етті. 1855 ж. Ішкі Ор­да қазақта­рының толқуына қатыс­ты де­ген же­ле­умен қыз­метінен қуылып, 2 ай абақты­да отыр­ды. 1855 – 61 ж. Ішкі Ор­да­ны басқару жөнінде Уақыт­ша кеңестің кеңесшісі бол­ды. 1862 ж. қыз­меттен кетіп, 1866 жылға дейін мал ша­ру­ашы­лығымен шұғыл­данды. 1866 – 71 ж. Ішкі ор­да­ның Қамыс-Са­мар бөлімшесінің бас­шы­сы қыз­метін атқар­ды. Ба­бажа­нов қазақтың салт-дәстүрі, ша­ру­ашы­лығы, діни на­нымы, аңшы­лық кәсібі жөнінде еңбек­тер жа­ри­яла­ды. Ха­лықтың көне та­рихи мұра­ларын, аңыз-ер­тегілерін, өлең-жыр­ла­рын, мақал-мәтел­дерін жи­нап, зерт­теді. Ре­сей му­зей­лері мен ғылы­ми ме­кеме­леріне қазақ та­рихы мен тұрмы­сына қатыс­ты ар­хе­оло­ги­ялық, эт­ногр. жәдігер­лер жіберді. 1861 ж. Орыс ге­ор. қоғамы­ның мүшесі бо­лып сай­лан­ды.

Эт­ногра­фия бөлімінің жұмы­сына еле­улі үлес қосқаны үшін 1862 ж. атал­мыш коғам­ның күміс ме­далімен ма­рапат­талды. Ба­бажа­нов – ғылы­ми еңбек­тері үшін рес­ми ма­рапат­талған тұңғыш қазақ. Ол Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның қазақ елін отар­лау са­яса­тына на­разы­лық та­нытқан мақала­лар да жаз­ды. 1860 ж. қазақ халқының уәкілдігі құра­мын­да Санкт-Пе­тер­бург­ке келіп, Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы В. А. Пе­ровс­кийдің үстінен пат­шаға шағым жа­сады. Ба­бажа­нов­тың ғылымға сіңірғен еңбегі ту­ралы Ш. Уәли­ханов, П. П. Се­менов-Тянь-Шанс­кий, В. В. Гри­горьев, П. И. Не­боль­син, А. Ха­рузин, т. б. пікір білдірген.

Белгісіз жағдай­да қаза тапқан. Дәулет­ке­рей оған «Са­лық өлген» күйін ар­наған. Сон­дай-ақ ақын Е. Ра­уша­нов­тың Ба­бажа­нов ту­ралы «Са­рыөзен» ат­ты по­эма­сы бар. Мұхам­бет-Са­лық Ба­бажа­нов – туған халқы және оның ар-абы­ройы мен теңдігі үшін қай­рат-жігерін аямаған, әділдік жол­дан тай­маған аяулы, білімді, зер­делі аза­мат­тардың бірі, пуб­ли­цист, ғалым-эт­нограф әрі эко­номист. Кеңес өкіметі кезінде мүлде ата­усыз қалған М. Ба­бажа­нов есімі қазақ елі теңдік, азат­тық алған­нан өз тұғыры­на қай­та көтерілді. М. Ба­бажа­нов – ХІХ ғасыр­дың ор­та кезінде Шоқан­мен қатар шыққан белгілі ғалым­дардың бірі.

Ре­сей Ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы­на мүшелікке Шоқан мен Се­менов-Тянь-Шанс­кийдің кепілде­ме бер­гені оның ғалым­дық дәре­жесін айқын­дай түседі. Мұның сыр­тында ғылы­ми еңбек­тері үшін М. Ба­бажа­нов Ре­сей Ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы­ның күміс ме­далімен Ор­та Азия және Қазақстан ғалым­да­ры ара­сын­да тұңғыш алған қай­рат­кер екенін де ай­тып өткен жөн. Ең ал­ды­мен ай­тар сөз сан қыр­лы саңлақ та­лант өз ота­нына, ел-жұрты­на де­ген ыс­тық та ай­ны­мас ма­хаб­ба­тын ерек­ше қабілеті арқылы та­нытып та, дәлел­деп те бер­ген ары биік, ойы те­рең, ақылы ке­мел аза­мат ретінде өмірден ер­те өтті. Тағы бір ғажа­бы оның өмірі де, өнері де, өресі де, тіпті білім дәре­жесі де Шоқанға өте ұқсас. Екеуі де текті ата­дан, екеуі де зи­ялы ор­та­дан, екеуі де бір мек­тептен.

Ең ақыры тағды­ры да ұқсас бол­ды, екеуі де өмірден ер­те өтті. Мұхам­бет-Са­лықты ел-жұрты көбіне Са­лық деп қысқар­тып атаған. Ол 1834 жы­лы Бөкей ор­да­сын­да қазіргі Ор­да ауда­нын­да туған. Әкесі Жәңгір хан­ның қайын ата­сы, Иса­тай, Ма­хам­бет көтерілісінде жиі ай­ты­латын Қара­уылқожа Ба­бажа­нов. Са­лықтың ана­сының аты Жәми­ла, жұбайы Ғази­за атақты күйші Дәулет­ке­рейдің қарын­да­сы. М. Ба­бажа­нов есімі белгілі Жәңгір хан­ның мек­тебін бітіріп және оның қамқор­лығымен 1845 жы­лы М. Бекмұха­медов, Ж. Ни­язов, М. Жантөрин­дермен бірге Орын­бордағы Неп­лю­ев атын­дағы ка­дет кор­пу­сын­да оқыған 8 жас­тың бірі.

Бұлар­дың бәрі де кейін ел ал­дында абы­рой­лы қыз­мет атқарған алғашқы білімді қазақ аза­мат­та­рының қата­рынан орын ал­ды. Са­лық жас кезінен-ақ өнер мен ғылымға өте құштар бо­лып өсті де, ка­дет кор­пу­сының қабырғасын­да жүрген ба­ла кезінен-ақ Орын­бордағы белгілі шығыс­та­нушы-ғалым В. Гри­горьев­пен та­нысып ал­ды. Та­лап­ты жас­тың та­лан­тын та­ныған үлкен ғалым оны үйіне шақырып, оған өзінің бай кітап­ха­насы­ның есігін ашып қой­ды. Сөйтіп Са­лық өз бетімен оқып әр са­лада жан-жақты білім ал­ды. Орыс әде­би­еті клас­сиктерінің шығар­ма­лары­мен та­ныс­ты, олар­ды ден қоя оқыды. Орыс тілін де осы әде­би­ет­тер арқылы жетік біліп ал­ды. Ол Пуш­кин, Ка­рам­зин, Щер­ба­ков сияқты ақын­дар мен та­рих­шы­лар­дың еңбек­терін оқыды. Ка­дет кор­пу­сын аса зейінділігімен оқып, үлгілі-тәртібімен бітіріп көзге түскен ол 1851 жы­лы Орын­бор қала­сын­дағы Ше­кара ко­мис­си­ясын­да жұмысқа ор­на­ласа­ды. Бұл кез­де ол небәрі 19 жас­тағы ба­ла жігіт еді. Бірақ ол аталған жұмыс­та көп тұрақтай ал­ма­ды.

Оның се­бебі сол кез­дегі теңсіздік, әділетсіздік, пат­ша әкімдерінің жергілікті ха­лықтарға де­ген шек­тен тыс оз­бырлығы, Жайық бойын жай­лаған ка­зак­тардың мейрімсіздігі ха­лықтың ашу-ыза­сын ту­дырған еді. Жас Са­лық ха­лық жағына шықты, олар­дың сөзін сөй­леді. Жәбірле­нушілердің арыз-шағымын жа­зып беріп, оның оң шешілуіне қолы­нан кел­генінше жәрдем жа­сады. Оның бұл ісі әри­не, пат­ша­ның ас­тамшыл әкімдеріне ұна­мады. Ақыры өтірік-шы­ны ара­лас дәлел­дер та­уып, Са­лықты жұмыс­тан қудыр­ды, жер аударт­ты, соңына аңду­шы қой­ды. Де­генімен қай­да жүрсе де өзінің білімімен, әділеттілігімен, аза­мат­тық жол­дан тай­маған оның жақсы қаси­ет­терін та­ныған сол Орын­бор Ше­кара ко­мис­си­ясы оны Ішкі Бөкей ор­да­сын басқару жөніндегі Уақыт­ша Кеңестің кеңесшісі етіп тағайын­дай­ды. Жоғары­да ай­тылған­дай М. Ба­бажа­нов есімі оның Ше­кара ко­мис­си­ясын­дағы қыз­метімен емес, түбе­гейлі ғылы­ми-шығар­ма­шылық еңбек­терімен және ха­лықшыл, әділ қаси­ет­терімен та­ныл­ды.

Белгілі эт­нограф ғалым В. Гри­горьев оны «… аса қабілетті және та­маша білімді адам» деп өте жоғары бағалаған. М. Ба­бажа­нов­тың атын шығарған оның ғылы­ми-эт­ногра­фи­ялық және пуб­ли­цис­ти­калық шығар­ма­лары еді. Сегіз қыр­лы, бір сыр­лы ғалым­ның бұл еңбегі ай­рықша тоқта­луды та­лап етеді. Қуғын­дағы кезінде де, бақыт­ты кезінде де ол қала­мын қол­дан түсірмей, әділдік, шын­дық жо­лын­дағы өткір мақала­ларын жа­ри­ялап, күресін тоқтатқан жоқ. 1854 жыл­дан бас­тап Санкт-Пе­тер­борда, Орын­борда және ірге­лес Аст­ра­хань гу­бер­ни­ясын­да шығып тұра­тын «Се­вер­ная пче­ла», «Санкт-Пе­тер­бург­ские ве­домос­ти», «Де­ятель­ность», «Охо­та», «Вол­га», «Орыс ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы­ның ха­бар­ла­ры мен жаз­ба­лары», «Эт­ногра­фи­ялық жи­нақтар» сияқты га­зет-жур­налдар­ды жаз­ды­рып алып, оқыды және оларға мақала­лар жаз­ды. М. Ба­бажа­нов за­маны алғашқы қазақ зи­ялы­лары­ның ту­ып, өсуі мен ше­тел және орыс са­яхат­шы­лары мен ғалым­да­рының қазақ өлкесін зерт­тей бас­та­уымен тұтас келді.

Орыс­тардың жергілікті ха­лық өмірі мен та­рихын, әдет-сал­тын білмей жазған, көбіне­се теріс пікірде құраған мағына­сы тайыз мақала­ларын оқыған ғалым қолы­на қалам алып, көпте­ген мәсе­лелерді өзі жаз­ды. Және білгірлікпен дәйекті түрде жаз­ды. Оның бұл мақала­лары жоғары­да аталған га­зет-жур­налдар кідіріссіз жа­ри­ялап тұрды. Оның әсіре­се «Қымыз ту­ралы жаңалық», «Орал ка­зак-орыс­та­ры мен Ішкі Ор­да қазақта­рының ай­ты­сы», «Ішкі қазақ Ор­да­сының жылқыла­ры және оны бағу», «На­рын құмы жөніндегі мәлімет­тер», «Ішкі Бөкей ор­да­сын­дағы аңшы­лық» деп ата­латын мақала­лары мен зерт­теу еңбек­тері мән-маңызы өте жоғары еңбек­тер еді. Әсіре­се, мұндағы жылқы, қымыз жөніндегі жаз­ба­лары күні бүгінге дейін құны жоғал­май­тын дүни­елер. 1860 жы­лы қазақ де­пута­ци­ясы­ның құра­мын­да Пе­тер­борға бар­ды. Осы са­парын­да ол белгілі эт­нограф, шығыс­та­нушы П. Не­боль­син­мен, ұлы са­яхат­шы Се­менов-Тянь-Шанс­кий­мен жүздесіп, та­ныса­ды.

Атағы зор екі ғалым да жас қазақ ғалы­мын жақсы көріп, еңбегін бағала­ды. П. Не­боль­син «25 жас­та. Кел­бетті. Ат жақты. Өңі қара­торы, көзінің аясы үлкен, ша­шы қара, қалың. Ба­бажа­нов орыс­тың ай­шықты әде­би тілін жақсы меңгер­ген. Сөздері өткір, әрі көркем, әсіре­се өзін толған­ды­ратын мәсе­леге кел­генде қызып кетіп, ше­шен сөй­лейді… Әңгіме­лес­кен кезімде оны әсіре­се екі мәсе­ленің ерек­ше толған­ды­раты­нын байқадым. Оның бірі біздің бәрімізге ор­тақ ке­сел – біздің заңымыз және уездік сот қыз­меткер­лерінің қылығы мен бы­лығы бол­са, екіншісі на­дан­дыққа то­лы та­тар на­сиха­тының қазақ ара­сын­дағы зи­ян­ды ке­селі және ешбір негізі жоқ соқыр сенімдер мен ескі аңыз­дарды құранға қосып ха­лықты бұзып, аз­ды­руы еді» деп жаз­ды. Бұл үлкен ғалым­ның жас ғалым­ды та­нуы әрі бер­ген бағасы еді. Пе­тер­борға барған қазақ де­пута­ци­ясы осы са­парын­да Эр­ми­таж­да, мұра­жай­дар­да, көркем­су­рет ака­деми­ясын­да, Пул­ков об­серва­тори­ясын­да тағы басқа та­рихи, мәде­ни орын­дарда болған.

Шоқан Уәли­ханов осы де­пута­ция құра­мын­дағы Ғ. Есен­ба­ев, А. Байғалин, М. Жантөрин, М. Ба­бажа­нов, Ә. Сей­та­лин, тағы басқалар­ды қонаққа шақырғанын де­пута­ция же­текшісі Л. Плот­ни­ков «Рус­кий вест­ник» жур­на­лын­да (1860 ж. №12, 263 бет) жазған. Қай­тар жо­лын­да Мұхам­бет-Са­лық Мәскеу шаһары­на әдейі соғып Кремль­де, Үлкен те­атр­да, тағы басқа мәде­ни орын­дарда болған. Тағы бір ай­тар сөз эт­нограф П. Не­боль­син аталған қазақ де­пута­ци­ясы ту­ралы «Пу­тешест­ву­ющие кир­ги­зы» де­ген мақала жа­зып, қазақ да­ласы­нан кел­ген адам­дардың са­налы істерін жоғары бағалай­ды. Осы­ны оқыған Орал ка­зак­та­рының мүшесі И. Же­лез­нов қар­сы «Кир­ги­зома­ния» ат­ты мақала жа­зып («Рус­кий вест­ник» жур­на­лына 1860 ж) қазақтар­дың на­мысы­на ти­етін сөздер ай­та­ды.

Бұған на­заланған М. Ба­бажа­нов аталған жур­налға И. Же­лез­новқа қар­сы мақала жа­зып, қат­ты соққы бе­реді. Оның шо­винистік, па­сық ой­ла­рын, на­дан­дық жаз­ба­сын айып­тай оты­рып, ке­удем­соқ ка­зак­тардың ұрда­жық, то­пас­тық кел­беттерін айқын көрсетіп, бұлтарт­пас дәлел­дермен әйгілеп бе­реді. Белгілі ғалым М. Ба­бажа­нов­тың жазған ғылы­ми еңбек­тері, та­быс­та­ры ай­та бер­сек өте мол. На­рын құмы­нан та­былған әйел мүсініндегі бал­бал тас үшін ол күміс ме­дальға ие бол­ды. «За­мет­ки кир­ги­за о кир­ги­зах» («Қазақтың қазақтар ту­ралы жаз­ба­лары») 1861 жы­лы Санкт-Пе­тер­борда ба­сылған. Со­нымен бірге ғалым­ның ба­тыс қазақ жерінің кен бай­лығы, ге­ог­ра­фи­ялық ерек­шеліктері то­поно­мика, эт­ногра­фия, та­рих са­ласын­дағы еңбек­тері де бар.

Олар­дың көпшілігі М. Ба­бажа­нов­тың көзі тірісінде және дүни­еден өткен­нен кейін де жа­ри­яланған. Бір өкініштісі сол, оның бас­пасөздер­ге ба­сыл­маған еңбек­тері та­был­май кет­кен. Ар­ты­на көп мұра қал­дырған М. Ба­бажа­нов ту­ралы соңғы жыл­да­ры көпте­ген еңбек­тер жа­рық көрді. Х. Ма­данов пен А. Мұса­ба­ева «Мұхам­бетса­лық Ба­бажа­нов» (Ал­ма­ты, Са­нат бас­па­сы, 1995 ж.) ат­ты зерт­теу еңбегін шығар­ды. Р. Отар­ба­ев (Жа­лын, №3, 1988 ж), Т. Бо­ранғалиұлы («Еге­мен Қазақстан» 24.11.1995 ж), Н. Ив­лев («Жұлдыз» №1, 1990 ж, 199–202 бет­тер), С. Да­умов («Жас Алаш» 16.07.2002 ж, және 29.06.2002 ж) және басқа ғалым­дар көп еңбек сіңірді. Осы жол­дардың ав­то­ры Торғай, Қос­та­най об­лыстық те­леди­дары­нан (1997–1998 жыл­да­ры) Ба­бажа­нов өмірі мен қыз­метіне орай ха­бар­лар ұйым­дастыр­ды, дәріс оқыды. Осын­дай білімді, зи­ялы қауым арқасын­да М. Ба­бажа­нов өмірге қай­та орал­ды. Бір өкініштісі сол ғалым жұмбақ жағдай­да 37 жа­сын­да көз жұмды. Ары­сынан айырылған және оның қадыр-қаси­етін та­ныған ел-жұрты «Са­лық өлді де­ген­ше, ха­лық өлді де­сейші» деп өксіді. Дәулет­ке­рей дом­бы­расы­ның аза­лы үні «Са­лық өлген» деп жоқта­ды.