Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Жабаев Жамбыл (1846 - 1945 ж.ж)

Жабаев Жамбыл (1846 - 1945 ж.ж)

Жабаев Жамбыл (1846 - 1945 ж.ж)

Жа­ба­ев Жам­был (1846–1945) – ұлы ақын, жы­рау, жыр­шы. Жам­был об­лы­сы Жам­был та­уының етегінде туған. Ол жа­сынан өлең-жырға қанып өскен, өз ана­сы Ұлдан­ның ақын­дық та­лан­тын бойына сіңірген, «Менің пірім – Сүйінбай…» деп Жам­былдың өзі жырға қосқан­дай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылы­нан тәлім-тәрбие алған. Жам­былдың ақын бо­лып қалып­та­суы тек Жетісу ақын­дық мек­тебінің ауқымын­да қалған жоқ.

Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жы­ра­улар­дың, өзімен қатар­лас ақын­дар мен жыр­шы­лар­дың бай мұра­сын, күллі ха­лық по­эзиясын то­лық меңгеріп, өз шығар­ма­шылығына тұғыр ет­кен. Асан Қайғы, Бұқар жы­рау, Шөже, Бал­та, Шер­ни­яз, Шор­танбай, Ду­лат, Сүйінбай, Досқожа, Ны­сан­бай, Майкөт, Май­лықожа, Құлын­шақ, т. б. ақын­дарды үлгі тұтқан. Со­нымен бірге Жам­был ту­ысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік білген.

Қырғыз ма­нас­шы­лары мен жо­моқшы­лары ара­сын­да әріптес дос­та­ры көп болған, со­лар­мен бірге қырғыз айыл­да­рын ара­лап, өлең ай­тып, жыр тоғытқан, күй тар­тып, ай­тысқа түскен. Атақты Тоқтоғұл, Мұра­талы, Әлімқұл, Ба­лық, Ты­ныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдер­мен өнер сайысы­на түскен, со­лар­мен жа­рыса «Ма­нас», «Ер Төштік» эпос­та­рын жыр­лаған, олар­дың ілти­пат-ықыла­сына бөлен­ген.

Ақын бүкіл әлем­ге та­раған «Мың бір түннің» та­ра­ула­рын, Ор­та­лық Азия мен Кав­каз ха­лықта­рына ор­тақ «Көрұғылы» жы­рын, Фир­до­уси «Шах­на­масы­ның» үзінділерін жа­сынан жат­тап алып, ай­тып жүрген. Осын­дай қай­нар­лардан нәр алған Жам­был өсе ке­ле тек қазақ еліне ғана емес, бар­ша әлем­ге әйгілі жы­рау, ақын, жыр­шы бо­лып қалып­тасқан. Сөз өнерінің бұл үш түрін бір адам­ның меңге­руі – си­рек кез­де­сетін құбы­лыс. Ал Жам­был өзін әрі жы­рау, әрі жыр­шы, әрі ақын ретінде сезінген («Шын жүрек­тен жыр төгіп, сөй­леп бір кетті жы­ра­уың», «Нені естісек, со­ны ай­ту – ежел­ден ісі жыр­шы­ның», «Жам­был ақын сөй­ле­ген сөзді бе­кер де­меңдер»). Жүз жыл өмірінің сек­сен бесін өлең-жыр­мен өткізген Жам­был — өткен екі ғасыр­дың куәсі бол­ды, қай­шы­лыққа то­лы, күнгейі мен көлеңкесі ара­лас, жақсы­лығы мен жа­ман­дығы қатар­лас екі түрлі қоғам­да ғұмыр кешті.

Ол аз болған­дай, 20 ғасыр­дың 20-жыл­да­рын­да ақ пен қызыл­дың соғысы, ата­ман­дар мен ко­мис­сарлар­дың ылаңы, кәмпес­ке­леу мен ұжым­дасты­ру сияқты оқиғалар ха­лықтың бүкіл бітіміне теріс әсерін тигізді, қара­пайым адам­дардың да, зи­ялы­лар­дың да пси­холо­ги­ясын өзгертті. Осын­дай жағдай­дың куәгері болған Жам­был шын­дықты ай­тып, за­мана бол­мы­сын су­рет­теді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы да­уыс­пен жыр­лай­ды, мысқыл­дай­ды, сы­най­ды, күйініп те, қина­лып та сөй­лейді. Шын­шылдық пен сын­шылдық қаси­етін Жам­был ақын­дармен ай­тыс­та­рын­да да сақтап, ту­рашыл­дығымен ерек­ше­ленеді.

Жам­былды нағыз ақын ретінде бай­тақ ел­ге та­нытқан, оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызс­танға, Сыр бойына та­ратқан өнері – оның ай­тыс­та­ры. Ақын­дармен ай­тыс Жам­былдың су­ырып сал­ма­лық да­рынын шыңда­ды, ақын­дық ше­берлігін арт­тыр­ды, аза­мат­тық өресін өсірді және тақырып аясын кеңей­тті. Жам­былдың Сайқал қыз­бен, Жа­ныс ақын­мен, Бөлектің қызы­мен, Бұрым қыз­бен, Айкүміспен, Са­рамен, Са­ры ақын­мен, Шы­был­мен, Бөлтірікпен, Майкөтпен, Сар­баспен, Құлмам­бетпен, Дос­памбет­пен, Ша­шубай­мен, т. б. ай­тыс­та­ры қазақ әде­би­етінің ал­тын қоры­на қосыл­ды. Оның ай­тыс­та­рын­да қыз бен жігіттің қайым ай­ты­сы да, түре ай­тыс та, сүре ай­тыс та бар. Осы­ның қай-қай­сы­сын­да да Жам­был өзінің нағыз май­тал­ман, кес­телі сөздің ше­бері, әрі ұшқыр ой­лы, тапқыр ше­шен екенін көрсе­теді.

Жам­был ай­тыс­та­рының көтеріңкі, лепті ин­то­наци­ямен бас­та­лады, ұйқас­та­ры әр алу­ан бо­лып ке­леді. Қар­сы­ласын ащы мысқыл­дау, өлеңмен тұқыр­ту, өзін көте­ре сөй­леу, қар­сы­ласы мақтаған адам­да­рын мінеу секілді сол за­ман­ның ай­тыс­та­рына тән бар­лық әдісті Жам­был да пай­да­лана­ды. Қажетті жер­де Жам­был өз ру­ының аты­нан да сөй­лейді. Со­нымен қатар ай­тыс­тарда Жам­былдың ақын­дық, да­ра «мені» айқын көрінеді. Әсіре­се, атақты ақын­дармен сүре ай­тысқа түскен­де өзінің же­ке қаси­ет­терін ерек­ше сезінеді, өзінің көпшіліктен бөлек тұлға екенін ай­рықша түсінеді.

Мұны ол ай­шықты об­раздар мен ме­тафо­ралар арқылы жеткізеді («Мыл­тықта түтеп тұрған мен бір пис­тон», «Құйын­даған көкке ұшқан мен бір пы­рақ», «Сен – күй­кен­тай, мен – тұйғын», «Мен – қорғасын сақамын», «Мен – бір соққан да­уыл­паз», «Сөз иесі – мен деймін», т. б.). Ай­тыс­та көрінетін Жам­былдың екі «мені» (ру­лық әрі ақын­дық) кейін, 1930–1940 жыл­да­ры өте жоғары мәнге ие бо­лып, аза­мат­тық «мен» дәре­жесіне көтеріледі. Бұл кез­де Жам­был ақын ғана емес, ұлы жы­рау болған еді.

1916 жылғы ұлт-азат­тық қозғалы­сына Жам­был ақын бел­се­не қаты­нас­ты. Пат­ша жар­лығына қар­сы көтерілген ха­лық бұқара­сының қалың ор­та­сын­да жүрді. Өзінің жа­лын­ды үндеу жыр­ла­рын сол қозғалысқа ар­нап шығар­ды. Оның көбісі сақтал­маған. Тек ес­те қалып, хатқа түскені – «Пат­ша әмірі та­рыл­ды», «Зілді бұй­рық» де­ген өлең-толғаула­ры. Осы шығар­ма­ларын­да Құлан­саз, Қара­бас­тау жай­ла­уын­дағы Қарғалы, Сам­сы, Ұзы­нағаш және Шейінпен­де болған қақтығыс­тардан елес бе­реді. Жам­был көтерілісшілерді өлең-жы­рымен жігер­лендірді, оның үгітшілік қимыл-әре­кетін пат­ша әкімдері жа­зала­мақ бол­ды, бірақ ха­лық Жам­былды қорғап қалып отырған.

Жам­был 1919 жы­лы Жетісу ха­лық ақын­да­ры бас қосқан слет­ке қатыс­ты. 1934 жы­лы рес­публи­калық өнер ше­бер­лерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «За­мана ағымы», «Бел­сенділер­ге», «Қазақстан тойына», «Жас­тар ал­дындағы сөз» сияқты ар­нау, толғаула­ры осы тұста жыр­ланды. 1936 жы­лы Мәске­уде өткен қазақ әде­би­еті мен өнерінің онкүндігі кезінде оның да­уысы бұрынғыдан да асқақ естілді. Ежелгі да­ныш­пан жы­ра­улар­ша Жам­был 1930–1940 жыл­дар ара­лығын­да мем­ле­кеттік мәні бар мәсе­лелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел мүддесін жыр­лай­ды, за­мана жайын­да толғай­ды. Мұндай толғаула­рын­да қарт жы­рау, көбіне­се, ер­те­дегі бол­мысты су­рет­теп, көне та­рихқа көз жүгіртеді, өз дәуірінің асқары­нан да­на абыз бо­лып за­мана ағымын шо­лады, мезгіл мен өмір ту­ралы ой­ла­нады, со­ларға мінез­де­ме бе­реді. Ол байырғы ұлы жы­ра­улар­дың дәстүрін қай­та түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа са­пада, со­ны мазмұнға байытып жеткізді. Асан Қайғы, Шал­киіз, Жи­ем­бет, Үмбе­тей, Бұқар жы­рау сияқты Жам­былдың да қалың жұртшы­лық ал­дында мем­ле­кет бас­шы­лары мен пар­тия көсем­деріне қара­та айтқан жыр­ла­рын­да жал­пы мем­ле­кеттік мәсе­лелерді көте­реді.

Ұлы Отан соғысы тұсын­да бүкіл Кеңес Одағын­да Жам­былдан дәре­жесі, мәрте­бесі биік ақын болған жоқ. Жам­был есімінің әлемнің шар­та­рабы­на та­нылған тұсы да осы ке­зең еді. Ақын жыр­ла­ры май­дан­дағы әр ұлттан құрылған жа­уын­герлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қай­ра­ды. Оның Ук­ра­ина­ны, Мәске­уді, Кав­казды, Ле­нинг­рад­ты (қазіргі Санкт-Пе­тер­бор) қорғаушы­ларға ар­нап, со­лар­дың ру­хын көте­ре, ерлікке шақыра жыр төккені де – жы­ра­улықтың үрдісі. Ол за­мана ту­ралы толғап, дәуірге си­пат­та­ма бе­реді, өтіп жатқан оқиға-құбы­лыс­тарға өз бағасын ай­та­ды.

Жам­был айтқан «Өте­ген ба­тыр» жы­рының ескі нұсқасын са­лыс­ты­ру арқылы байқауға бо­лады. Ол нұсқалар бір сю­жет­ке құрылған екі шығар­ма бо­лып шыққан. Жам­был шығар­ма­лары­ның көркемдік, бей­не­леу құрал­да­ры мейлінше мол және олар­дың эс­те­тика­лық қыз­меті де ай­рықша мәнді. Оның толғау, дас­танда­ры, негізінен, шұбырт­па­лы, төкпе жыр ұйқасы­на құрылған.

Сон­дай-ақ, оның шығар­ма­ларын­да ме­тафо­ра, сим­вол, ме­тони­мия, меңзеу, ал­ле­гория, сар­казм мен иро­ния, ұлғай­ту мен кішірей­ту, не­месе да­мыту мен шен­дестіру, эпи­тет пен теңеу және басқа бей­не­леу құрал­да­ры мо­лынан та­была­ды. Олар­ды Жам­был да­ра, жа­лаң пай­да­лан­бай, тығыз бірлікте, по­эти­калық тұтас­тық аясын­да қол­да­нады. Ақын шығар­ма­ларын­дағы бей­не­леу құрал­да­рының мұндай тұтас­тығы Жам­был по­эзиясын ерек­ше көркемдік-эс­те­тика­лық жүйе деңгейіне дейін көте­реді. Жам­был өшпес мұра қал­дырды. Оның үздік шығар­ма­лары 40-тан ас­там шет ел­дер тілдеріне ауда­рыл­ды. Ұлы жы­рау қазақ халқын, оның по­эзиясын бүкіл әлем­ге жа­рия етті. 1938 жы­лы Жам­былдың шығар­ма­шылық өнерінің 75 жыл­дығын той­лаған­да, оған әлемнің әр түкпірінен құттықта­улар келді. Ро­мен Рол­лан, Мар­тин Ан­дерсен, Нек­се, Ка­тари­на Су­сан­на При­чард сияқты атақты су­рет­керлер Жам­был по­эзиясы­на өте жоғары баға берді. Жам­был ту­ралы жүзде­ген өлең-жыр­лар жа­зыл­ды. 20-ғасыр­дағы ха­лық ақын­да­рына Жам­былдың әсері өте зор бол­ды. Бұл қатар­да Ке­нен Әзірба­ев, Үмбетәлі Кәріба­ев, Әбдіғали Са­ри­ев, Нар­тай Бе­кежа­нов, Дос­кей Әлімба­ев, Са­яділ Керімбе­ков, Орын­бай Тай­ма­нов сияқты белгілі имп­ро­виза­тор­лар бар. Қазақтың ұлттық мәде­ни­еті мен әде­би­етіне сіңірген еңбегі үшін Жам­был «Ле­нин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ор­дендерімен ма­рапат­талды.

1941 жы­лы Ста­линдік (кейін КСРО Мем­ле­кеттік) сый­лығының ла­уреаты атан­ды. 1-ші сай­ланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты, КСРО және Қазақстан Жа­зушы­лар одағының мүшесі бол­ды. Жам­былдың есімі Қазақстан­ның бір об­лы­сына, бірне­ше аудан­дарға, бірқатар елді ме­кен­дерге, ме­кеме­лер мен оқу орын­да­рына, өнер ор­да­лары­на берілді. Қазақ халқы Жам­былдың 100 жыл­дық, 125 жыл­дық, 150 жыл­дық той­ла­рын ха­лықара­лық деңгей­де сал­та­нат­ты түрде атап өтті.

1945 жы­лы 22 ма­усым айын­да 100 жасқа бірне­ше ай қалған­да қай­тыс бо­лады.