Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Жәңгір хан (1608 - 1680 ж.ж)

Жәңгір хан (1608 - 1680 ж.ж)

Жәңгір хан, Салқам Жәңгір (1608 — 1680) – Қазақ хан­дығының ха­ны, Есім хан­ның ба­ласы. Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хан­дығының шеткі ұлыс­та­рын, нағашы ата­сы Әбдірақым хан би­лейтін Тұрфан­мен ше­кара­лас жер­лерін басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне ты­ным­сыз ша­бу­ыл жа­сап тұрған аса қиын ке­зеңде билік жүргізді. Бұл ке­зең қазақ-қал­мақ ара-қаты­насын­дағы аума­лы-төкпелі, те­кетірес жыл­дар бо­латын. 1620 жы­лы қазақтың Есім сұлта­ны, қал­мақтың Ал­тын ха­ны, Шо­лай тай­шы үшеуі ой­рат­тарға қар­сы одақ құрды. Ал­тын хан Қарақұлдың елін ша­уып, ба­ла-шағасын тұтқын­дай­ды.

12 жа­сар Жәңгір хан осы кез­де қал­мақ елінде қазақ елшілігінің құра­мын­да бар­ды. Төрт жыл өткен соң қазақ сұлта­ны Есім мен шо­рас­тың тай­шы­сы Қарақұл бірігіп, Ре­сей иеле­не бас­таған Та­ры бекінісіне ша­бу­ыл жа­сады. Осы сәтті пай­да­ланған ой­рат­тың Бай­бағыс пен Да­лай тай­шы­лары Есім сұлтан­ның еліне тиіседі, бірақ жеңіліс та­бады. Осы кез­дегі ұрыс­тарда жас Жәңгір хан өзінің қол­басшы­лық қабілетін байқат­ты. 1635 жы­лы қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәңгір хан­ның еліне Да­лай тай­шы, Ғужи тай­шы, Тәуірхо­жа тай­шы бас­таған қарақал­мақтар ша­бу­ыл жа­сады. Жәңгір хан ай­на­ласын­дағы адам­дармен қал­мақтар­дың қолы­на түсіп, жеті жыл­дай тұтқын­да бол­ды. Қал­мақтар оны «ла­ма» бол­сын де­ген ни­ет­пен Ти­бет­ке жібе­ре жаз­да­ды. Қал­мақтар­дың әске­ри так­ти­касын мо­лынан игер­ген Жәңгір хан­ды Ба­тыр қон­тай­шы­ның Өргесіне кел­ген орыс елшісі Ре­мезов көріп, оны­мен тілде­седі. Кейін Жәңгір хан біраз серіктерімен еліне ора­лып, Қазақ хан­дығының билігін қолы­на ал­ды. 1643 жыл­дың жа­зын­да қазақ қолын басқарған Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Ба­тыр қон­тай­шы ара­сын­да Орбұлақ шайқасы өтті.

Осы шайқас­та бар жоғы ал­ты жүз қазақ қолы жоңғар­дың 50 мың қолы­на төтеп берді. Орбұлақ шайқасын­да Жәңгір мыл­тықпен қару­ланған 300 адам­ды тау ішіндегі тар өзек­ке ор қазып бекіну­ге, ал екінші жар­ты­сын жоңғар­лар тар өзек­тегі орға жет­кенше та­удың арғы бетіне жа­сыры­на тұруға бұйыр­ды. Оның ой­лағаны ай­ны­май келіп, Ба­тыр қон­тай­шы қай­мықпай қорғанған ор-бекініске ша­бу­ыл жа­сай­ды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыр­ты­нан лап қойып, білтелі мыл­тықта­рынан оқ жа­удыр­ды. Осы кез­де Са­марқан­нан ал­шын Жа­лаңтөс баһадүр 20 мың қол­мен көмек­ке келіп, 10 мыңнан аса ада­мынан айыры­лып күй­рей жеңілген жоңғар­лар кері шегінді. Осы шайқас Жәңгір хан­ның даңқын шар­та­рапқа жеткізді. Жәңгір хан жоңғар би­ле­ушілеріне қар­сы күрес­те моңғол­дардың жәрдеміне сүйену­ге де күш са­лып, та­ту көршілік қаты­нас­та бо­лу мақса­тымен оларға екі рет елшілік жіберді. Елшілікті хан ба­лала­ры Тәуке мен Ап­пақ сұлтан­дар басқарып бар­ды.

Оқыс оқиға тоғыз жыл­дан кейін Жәңгір хан­ды ауыр жа­рақатқа ду­шар етті. Ас­тындағы аты­ның аяғы су­ыр­дың ініне кіріп ке­туі, Жәңгір хан­ның қал­мақтың жас ба­тыры, Це­рен хан­ның ұлы Ғал­да­маның сілте­ген шоқпа­рын бойына да­рыту­ына се­бепші бол­ды. Осы жек­пе-жек­те мертіккен Жәңгір хан жи­ыр­ма жыл сал бо­лып жа­тып, өмірден қамкөңіл өтті. Қазақтар­дың «Салқам Жәңгір» деп ата­уы осы­дан. 1680 жы­лы әкесінің ор­нын басқан Тәуке хан тұсын­да Қазақ елі едәуір есін жи­ды. Бұған қон­тай­шы­ның екінші әйелі, 1635 жы­лы Жәңгір хан­мен бірге қал­мақтарға тұтқынға түскен Ақтай­лақ бидің қызы Жұмақас көп септігін тигізеді. Жұмақас өзінің Сен­ге мен Ғал­дан Бо­шақты сын­ды ба­лала­рына нағашы­лары­ның еліне ма­за бе­руді өтінеді. Ба­лала­ры ана­сының бұл өтінішін жер­ге тас­таған жоқ. Жәңгір хан­ның тұсын­да, оның ба­ласы Тәуке хан­ның за­манын­да Қазақ елі жар­ты ғасыр­дай ты­ныш­тау, бейбіт өмір сүрді де­уге бо­лады. Жәңгір хан­ның де­несі Түркістан­да, Қожа Ах­мет Яса­уи мешітіне та­яу жер­ге жер­леніп, ба­сына ке­сене тұрғызылған. Бірақ атал­мыш ке­сене сақтал­маған.