Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Ибагимов Шахмардан (1840 - 1891ж.ж)

Ибагимов Шахмардан (1840 - 1891ж.ж)

1870–1882 жыл­да­ры қазақ тілінде шыққан «Түркістан уәләяты» деп ата­латын га­зеттің алғашқы ав­то­ры- Иб­ра­гимов Шах­мардан. Шах­мардан 1840 жы­лы дүни­еге келді, ұлты башқұрт, Орын­бор гу­бер­ни­ясын­да ту­ып өсті. Әске­ри от­ба­сын­да дүни­еге келді. Сол кез­дегі тәртіп бойын­ша Сібір ка­дет кор­пу­сын бітірді. Үй­лен­ген бо­латын, бірақ кейін ажы­расып ке­теді. Шах­мардан әске­ри қыз­метін жақсы атқарғаны үшін ме­даль­дар­мен, ор­дендер­мен ма­рапат­та­лады.

1856 жы­лы аудар­ма­шы бо­лып сұлтан Шыңғыс­тың ор­ны­на оты­рады. Омскі қала­сын­да 1863–1867 жыл­да­ры қазақ тілінен са­бақ бе­реді. Шах­мардан 1865 жы­лы «Қазақтар­ды басқару» ха­лық ко­мис­си­ясы­ның мүшесі бо­лады. 1867 жы­лыге­нерал-гу­бер­на­тор К. ПКа­уф­манның бұй­рығы бойын­ша гу­бер­на­тор­лық став­ка­да пар­сы және та­тар тілінің аудар­ма­шысы бо­лып қыз­мет атқара­ды. 1870 жы­лы Ш. Иб­ра­гимов сол ге­нерал-гу­бер­на­тор­дың бұй­рығы бойын­ша «Түркістан уәләяты» га­зетінің ре­дак­то­ры бо­лып қыз­мет атқара­ды. 1882 жы­лы Ш. Иб­ра­гимовті отс­тав­каға жібе­реді, бірақ 1884 жы­лы қай­та шақыры­лып, әр түрлі дип­ло­мати­ялық нұсқаулар бойын­ша қыз­мет атқара­ды. 1890 жы­лы Ш. Иб­ра­гимовті Ара­бия еліне елшілік қыз­метімен ба­рады. 1891 жы­лы Ш. Иб­ра­гимов осы ел­де оба­дан қай­тыс бо­лады.

Ш. Иб­ра­гимов өте жоғары білімді, та­лант­ты, қоғам қай­рат­кері бол­ды. Ол он жыл­дан ас­там уақыт «Түркістан уәләяты» га­зетінің ав­то­ры бо­лып со­нымен бірге га­зет бетінің тіл та­залығы мен ма­тери­ал­дардың дұрыс жа­зылуы, лек­си­калық та­залығына, ба­сылу­ына аса мән беріп отыр­ды.

Кейіннен «Да­ла уәләяты» га­зеті бо­лып қай­та ба­сылып, ал­дыңғы га­зет­ке қараған­да көп жетістікке жетті.

Ш. Иб­ра­гимов қазақ халқының тұрмыс тіршілігін, сат-дәстүрін, мәде­ни­етін жан-жақты білетін ше­бер зерт­те­уші де­се де бо­лады. Ол кісінің мы­на еңбек­терініен білеміз: «Қазақ халқының эт­ногра­фи­ялық очерк­тері», («Очерк эт­ногра­фии ка­захс­ко­го на­рода») (1876ж), «Қазақ халқының мол­да­лары ту­ралы», («О мул­лах в ка­закс­ких сте­пи») (1874ж), «Қазақ елінің сот анықта­масы», («За­мет­ки о ка­закс­ким су­де») (1878ж). Ш. Иб­ра­гимов қазақ халқының бұрын­нан ке­ле жатқан мақал-мәтел­дерін, нақыл сөздер, жұмбақтар­ды га­зет­ке жа­рыққа шығар­ды.

Ш. Иб­ра­гимовтің тағды­ры мен Ш. Уәли­ханов­тың өмірі бір-біріне өте ұқсас тағдыр бол­ды. Шах­мардан сұлтан Шыңғыс­тың аудар­ма­шы- сек­ре­тары қызетін атқар­ды. Шоқан 11–12 жа­сынан Шах­мардан­ды қалай ха­лықтың мұң-мұқта­жына қарап, оған қалай көмек бер­генін өз көзімен көрді де, ол ба­ла Шоқанға қат­ты әсер етті. Олар екеуі де бірдей ге­нерал-ка­ратель М. Г. Чер­ня­евті жақтыр­ма­ды.

Ш. Уәли­ханов қай­тыс болған­нан кейін Ш. Иб­ра­гимов оның еңбек­терін жи­нап, бір жүйеге келтірді.

1870 жы­лы ге­нерал-гу­бер­на­тор К. П. Ка­уф­ман Ал­тын Емел­ге шығып, Шоқан­ның бейітін көріп, адам­шо­шыр­лық қалып­та екеніне көзі жетіп қат­ты қын­жылды. Ш. Иб­ра­гимов «Түркістан уәләяты» га­зетінде Ш. Уәли­ханов­тың үлкен еңбегін жа­зып, ғалым, қазақтың бір ту­ар зерт­те­ушілерін бағалауға шақырып ха­лықты ол ту­ралы ес­керткішті бағалу­ды ай­тты. Ш. Иб­ра­гимов 3 мақала­сын Ш. Уәли­хановқа ар­нап жаз­ды. И. П. Ка­уф­манның бұй­рығы бойын­ша Шоқан қабіріндегі тасқа жа­зылған түрлі сөздер өшірілді.

Шах­мардан Ми­расұлы Иб­ра­гимов өзінің еңбек­терін қазақ мәде­ни­етінің та­рихын­да өзіндік мәрте­бесі бар ұлы еңбек­тердің бірі деп ай­туға бо­лады.