Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Исатай Тайманұлы (1791 - 1838 ж.ж)

Исатай Тайманұлы (1791 - 1838 ж.ж)

Тай­манұлы Иса­тай (1791–1838) – 1836–38 жыл­да­ры Ба­тыс Қазақстан­да болған ха­лық көтерілісінің са­яси көсемі, қай­сар қол­басшы­сы, ха­лық ба­тыры. Кіші жүз Байұлы­ның Беріш ру­ынан. Жоңғар шапқын­шы­лығы кезінде атағы шыққан Ағатай ба­тыр­дың ұрпағы.

Ха­лық ба­тыры И. Тай­манұлы 1791 жы­лы қазіргі Аты­рау об­лы­сы, Қызылқоға ауда­ны, Тай­сойған құмын­дағы «Тай­ман жа­лы» де­ген жер­де дүни­еге кел­ген. Иса­тай­дың ана­сы Есен­темір ру­ының Тағашы бөлімінен. И. Тай­манұлы­ның төртінші ата­сы Ағатай­дың (Тай­ман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қал­мақтарға қар­сы соғыс­та көрсет­кен ерлігі үшін Беріш ру­ының ұра­нына ай­налған Иса­тай­дың жас­тық шағын­да оған ықпал жа­сап, қамқор­лық ет­кен әкесі, Тай­ман­ның інісі — Жа­бал Бегәліұлы. 1808 жы­лы Жа­бал бас­таған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсы­нан Жайықтан өтіп, Бөкей хан­ның қара­уына кіреді. Хан орыс­ша са­уат­ты, са­ясат­тан ха­бары бар, ха­лық ал­дында бе­делді Жа­бал­ды Беріш аулы­на стар­ши­на етіп қояды. Жа­бал қай­тыс болған­нан кейін, оның ор­ны­на стар­ши­на етіп И. Тай­манұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жы­лы 12 на­урыз­да Орын­бордағы Ше­кара комм­сси­ясы­на ұсы­ныс жа­сай­ды. Ше­кара ко­мис­си­ясы 1813 жылғы қара­ша айын­да Бөкей хан­ның ұсы­нысын қуат­тап, құжат­тарды әске­ри гу­бер­на­торға жібе­реді. Ге­нерал гу­бер­на­тор Г. С. Вол­конс­кий 1814 жы­лы 12-қара­шада Иса­тай­ды стар­ши­налыққа бекіту ту­ралы құжатқа қол қояды.

Ел ісіне ер­те ара­ласқан Иса­тай­дың ке­мел­де­нуіне қайын ағасы Жа­бай Бе­галиннің көп көмегі ти­еді. Ол кісі орыс­ша оқыған, әжеп­теуір са­уаты бар адам болған, стар­шын қыз­метін атқарған. Ол өлген­нен кейін оның ор­ны­на Бөкей хан Жа­бай­дың тәрби­есін көрген Иса­тай­ды стар­шын етіп тағайын­дап, оны Орын­бор ше­кара ко­мис­си­ясы бекітеді.

Күн са­нап ел ара­сын­да бе­делі асып ба­ра жатқанын көре ал­маған хан төңірегіндегілер оның бе­делін түсіру үшін түрлі жа­ла жа­уып, ханға шағыс­ты­рып бағады. Со­ның сал­да­рынан бас аяғы 4–5 жыл­дың ішінде бірінде стар­шын Өтеміс Құлма­ни­язов­ты то­нады де­ген, екіншісінде кісі өлтірді де­ген жа­ламен түрме­ге қама­лады. Оның алғашқысы­нан ақша беріп құтыл­са, екіншісінен Орын­борға кон­вой­мен ай­да­лап ба­ра жатқан жерінде, есебін та­уып, қашып ке­теді.

Осы кез­де Жәңгір хан­ның Жайық бойын­дағы ру­лар­ды екіге бөліп, бірін қайын ата­сына, екіншісін жұртқа зор­лық зом­бы­лығымен аты шыққан са­уда­гер Қара­уылқожаға басқар­тып қоюы жоқшы­лықтан ашынған ша­ру­алар­дың ашу ыза­сын ту­дыр­ды. Иса­тай хан­нан Қара­уылқожа­ның оз­быр билігіне ти­ым са­лу­ын та­лап етеді. Оған жа­уап ретінде хан бес жүздей әскер­мен Қара­уылқожа­ны ат­танды­рып, оған Иса­тай­ды 200 жігітпен оған қар­сы шығады. Бет­пе бет кел­генде Иса­тай­дың ба­тыр жігіттеріне ша­масы кел­мейтінін біліп, Қара­уылқожа кейін қай­та­ды.

Осы­дан кейін Кас­пий жағала­уын­дағы ха­лық Қара­уылқожа мен Балқы би­ге бағыну­дан қашып, Иса­тай мен Ма­хабеттің төңірегіне тұс тұстан келіп жи­нала бас­тай­ды.

1837 жыл­дың қазан айын­да Иса­тай 2000 жа­уын­гермен келіп, хан ор­да­сын қор­шап ала­ды. Бірақ көтерілісшілер­ге қосылғаны­мен, хан­нан қол үзгісі кел­ме­ген би­лердің ықпа­лымен Иса­тай ор­да­ны бірден ба­сып ал­май, хан мен орыс пол­ковнигі Гек­ке­мен пай­да­сыз келіссөз жүргізіп уақыт­ты өткізіп ала­ды. Осы уақыт­та ханға көмек­ке жіберілген ка­зак орыс от­рядта­ры ор­даға жетіп үлгіреді.

Қара­ша айын­да Тастөбе де­ген жер­де ше­шуші шайқас бо­лады. Қан­ша ерлікпен шайқасқаны­мен, көтерілісшілер орыс­тың от­ты қару­ына төтеп бе­ре ал­май, жеңіліске ұшы­рай­ды. Жа­зала­ушы­лар көтерілісті аяусыз ба­сады. Тұтқын­дарға 500-ден 2000- ға дейін дүре соғып, Сібірге ай­дай­ды.

Аман қалған жігіттер­мен Иса­тай Жайықтан өтіп ке­теді. Хи­уаға хан бо­лам деп жүрген Қайыпқали сұлтан­мен уақыт­ша келісім жа­сап, Иса­тай 1838 жы­лы Баймұхам­мед сұлтан­ның ор­да­сына ша­бу­ыл жа­сай­ды. Осы шайқас­та Иса­тай жау қор­ша­уын­да ша­бу­ыл жа­сай­ды. Осы шайқас­та Иса­тай жау қор­ша­уын­да қалып, қаза та­бады.

Алай­да, жас та бол­са, бас болған Иса­тай­ды көре ал­ма­ушы­лар көбейетүседі. Со­лар­дың жапқан жа­ласы­нан И. Тай­манұлы 1818 жы­лы Са­рай­шық түрмесіне қама­лады. Беріштің биі Жүзба­тыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрме­ден бо­сатып ала­ды. Ішкі Ор­да­дағы қара ха­лықтың мұң-мұқта­жын қорғап, сұлтан­дар мен би­лердің әділетсіздігін, зор­лық-зом­бы­лығын әшке­релеймін деп жүріп, Иса­тай 1824 жы­лы тағы да тұтқын­да­лып, Орын­бор түрмесіне жа­была­ды. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлел­денбей, ол бо­саты­лады.

Әртүрлі алым-са­лықтан күй­зел­ген, жайылым жер­ден айырылған, ка­зак әскер­лері мен жергілікті фе­одал­дардың екі жақты езгісінен әбден шы­дамы та­усылған бұқара ха­лық қол­да­рына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл — 1836–1837 жыл­дардағы Бөкей хан­дығын­дағы не­месе Ішкі Ор­да­дағы ба­тыр Иса­тай Тай­манұлы басқарған ха­лық-азат­тық көтеріліс еді.

Көтерілістің ба­сы 1836 жылғы 24 на­урыз­да Қара­уылқожа Ба­бажа­нов­тың 800 адам­ды бас­тап, Ма­наш елді ме­кені маңын­дағы И. Тай­манұлы­ның ауылын қор­ша­уы бо­лып та­была­ды. Алай­да, Қара­уылқожа то­бы 200 сар­базбен өздеріне қар­сы шыққан Иса­тай­ларға ша­бу­ыл жа­сауға ба­та ал­май, кейін қай­туға мәжбүр бо­лады. Бұрын ешкімнен та­уы шағыл­маған, қара­мағын­дағы ел­ге де­генін істеп әдет­тенген Қара­уылқожа­ның Иса­тай­ларға еш­теңе істей ал­ма­уы бүкіл Бөкей хан­дығына та­рай­ды. Үстем тапқа ыза­сы кер­не­ген ша­ру­алар әр жақтан Иса­тай ба­тыр­дың қолас­ты­на жи­нала бас­тай­ды.

1837 жыл­дың жа­зын­да Иса­тай ба­тыр бас­таған көтеріліс бүкіл Бөкей хан­дығына та­рай­ды. Жәңгір хан мен оның ай­на­ласын­дағыларға на­разы­лар­дың бәрі Иса­тай­дың ай­на­ласы­на жи­нала­ды. Кел­ген жігіттер ат­пен, азық-түлікпен, қару-жа­рақпен қам­та­масыз етіледі. Осы­лай­ша, И. Тай­манұлы белгілі бір тәртіпке негізделгөн аза­мат­тық және әске­ри ұйым­ның бас­шы­сына ай­на­лады. Сұлтан М. Шөкиннің ханға «Көтерілген ша­ру­алар ешкімге бағын­бай­ды, өз ал­ды­на бір рес­публи­ка», -деп жазған мезгіл осы кез бо­луы ке­рек.

1837 жыл­дың 16 қыркүйегі күні Иса­тай ба­тыр бас­таған 200-ден ас­там сар­баздар ха­лыққа әбден жек көрінішті Қара­уылқожа Ба­бажа­нов­тың ауылын ша­бады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік ша­ру­аларға та­раты­лып беріледі. 1837 жылғы 17 қазан­да көтерілісшілер Балқы Құдай­бер­ге­новтің, сұлтан М. Шөкинніңауыл­да­рын ша­уып, хан ор­да­сы — Жасқұсқа бірте-бірте жақын­дай түседі. И. Тай­манұлы­ның үлкен қол­ды басқарып, Жасқұсқа ке­ле жатқан­дығынан ха­бар­дар Жәңгір хан Орын­бор және Аст­ра­хань әске­ри гу­бер­на­тор­ла­рына де­реу хат жа­зып, өзін қорғауын сұрай­ды. Хан ор­да­сын қорғауға Аст­ра­хань­нан под­полков­ник Али­ев, ал Орын­бордан под­полков­ник Ге­ке басқарған зеңбірек­термен қару­ланған әскер­лер ат­та­нады. Ал, 2000-нан ас­там қол­мен хан ор­да­сын қор­шаған Иса­тай ба­тыр біраз уақыт хан елшілерімен, кейін Ге­кенің елшілерімен нәти­жесіз келіссөз жүргізеді. 1837 жылғы қара­ша айының соңын­да кең бай­тақ Қазақстан­ның шағын бөлшегі — Бөкей хан­дығын­дағы ша­ру­алар қозғалы­сының жаңғырығы Ре­сей ас­та­насы — Санкт-Пе­тер­бург­ке де же­теді.

. Егер 18-ғасыр­дың 80–90-жыл­да­рын­да Сы­рым Датұлы басқарған көтеріліс кезінде Нұра­лы хан­дықтан қуыл­са да, Есім хан өлтірілсе де көтерілісшілердің өздерінің түпкі мақса­тына же­те ал­маған­дығын ес­керсек, Иса­тай ба­тыр­дың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен ха­лықты сақтау жо­лын­дағы үлкен көре­гендік екендігін ерек­ше ай­ту­ымыз ке­рек.

Хан Жәңгір шақыртқан пат­ша әскерімен Иса­тай ба­тыр­дың іріктел­ген 500 сар­базда­рының ара­сын­дағы ше­шуші ұрыс 1837 жы­лы 15 қара­шада Тастөбе де­ген жер­де бо­лады. Көтерілісшілер қан­ша­ма ерлікпен шайқас­са да, ұрыс­тыңтағды­рын зеңбірек­тер ше­шеді. Зеңбірек­тердің жа­рылған оғы мен зіркіліне шы­дай ал­май көтерілісшілер кейін шегіну­ге мәжбүр бо­лады. Осы ұрыс­та Иса­тай­дың Мылқым де­ген әйелі, Ақай ат­ты ба­ласы қаза та­бады. Тастөбе­дегі шайқас­та көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Иса­тай ба­тыр­дың оң қолы­на оқ тиіп, ас­тындағы аты жа­рала­нады. Осы ұрыс­тағы көтерілісшілердің ерлігіне под­полков­ник Ге­кенің өзі де қай­ран қала­ды. Ол Орын­бордағы әске­ри гу­бер­на­торға «Иса­тай­лар­дың өздері мен жанұясын қорғай­мын деп ша­мадан тыс ерлікке, зеңбірек­ке қар­сы ша­бу­ылға ба­руы, олар­дың сон­ша­ма ашынған­дықта­рын көрсе­теді», -деп жазған.

Тастөбе­де қолға түспе­ген Иса­тай­дың ба­сына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. «Оны өлтірген адамға сол ақша­ның жар­ты­сы беріледі», — деп жа­ри­яла­нады. Егер С. Ра­зин, Е. Пу­гачев сияқты ша­ру­алар соғысы­ның көсем­дерін қиын-қыс­тау ке­зеңде қасын­дағы «жол­даста­ры»0 пат­ша өкіметіне ұстап бер­ген бол­са, ба­сына қан­ша­ма ақша тігілсе де ешкім Иса­тай­ды жа­зала­ушы­лар қолы­на ұстап бер­мейді. Керісінше, ха­лық оны және оның сар­базда­рын қажетті азық-түлікпен, көлікпен қам­та­масыз етіп отыр­ды. Тіпті, аты жа­рапа­нып, жа­яу соғысқан соңғы сәттер­де де жол­даста­ры Иса­тай­ды жау қолы­на қал­дырмауға ты­рыса­ды.

Ішкі Ор­да­да бы­тырап жүрген көтерілісшілердің ба­сын біріктірудің мүмкіндігі жоқ екендігін түсінген И. Тай­манұлы бір топ жол­даста­рымен бірге жа­зала­ушы­лар­дан бой та­салай жүріп, Кіші жүзге өтігт ке­ту үшін Жайықтың қату­ын күтеді. 1837 жыл­дың 12 жел­тоқса­нынан 13-не қараған таңда өзінің ескі до­сы Құрақ Ма­яба­сов­тың көмегімен И. Тай­манұлы бас­таған 38 адам ұйтқып соққан бо­ран­ды пай­да­ланып, қазіргі Ма­хам­бет ауда­нын­дағы Са­рытоғай елді ме­кенінен сәл төмен маңда Жайықтың шығыс бетіне — Кіші жүзге өтеді. Олар қараңғылық пен бо­ран­ның көмегімен арт­та­рынан іле­се қуған ка­зак­тар мен Бай­маған­бет сұлтан­ның адам­да­рын адас­ты­рып үш топқа бөлініп, Тай­сойған жаққа бет ала­ды.

Өкінішке орай, көп кешікпей, 14 және 24 жел­тоқсан күндері — Иса­тай­дың әйелі Несібелі, бал­ды­зы Бағлан, ба­лала­ры Жақия мен Дінба­ян (Дүмби­ян), небәрі 12 адам қуғын­шы­лар­дың қолы­на түседі.

Кіші жүздегі көтерілісті ұйым­дасты­ру ба­рысын­да Иса­тай ба­тыр­дың ел-елдің ба­сын біріктірген ше­бер дип­ло­мат болған­дығын байқай­мыз.

Бай­маған­бет сұлтан әдейілеп жібер­ген Бал­та де­ген ал­да­ушы­ның сөзіне сеніп қалған аңғал Иса­тай ба­тыр қасы­на 500 сар­баз алып, сұлтан Б. Ай­шуақов­тың ауылын шап­пақшы бо­лып, негізгі қол­дан бөлініп шығады. Жа­зала­ушы әскер­лердің келіп жет­кендігінен бей­ха­бар Иса­тай­лар то­бы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасын­да Ге­ке мен Бай­маған­бет сұлтан­ның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқас­та Иса­тай ба­тыр бас­таған көтерілісшілер асқан ерлік көрсе­теді.

Ақбұлақ өзенінің жағасын­дағы кескілес­кен шайқас­та Иса­тай ба­тыр да, оның 16 жа­сар ұлы Ос­пан да қаза та­бады. Осы шайқас­тың ба­сы-қасын­да болған Иса­тай­дың 14 жа­сар ұлы Дос­маған­бет ас­тындағы аты­ның жүйріктігі арқасын­да Ма­хам­бетпен бірге жау қолы­на түспей, құты­лып ке­теді.

Иса­тай ба­тыр 12 шілде күні қапы­лыс­та қаза тапқан­нан кейін, көтеріліс одан әрі да­мымай, сар­баздар жан-жаққа бы­тырап ке­теді. Қ. Есімов жа­зала­удан қорқып, Хи­уаға қаша­ды.

Осы­лай­ша, бас-аяғы 6 айға жет­пейтін қысқа уақыт­ты қам­тыған аумағы мен сар­баздар­дың са­ны жағынан Бөкей хан­дығын­дағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз да­ласын дүр сілкінткен ба­тыр Иса­тай Тай­манұлы бас­таған ха­лық-азат­тық көтеріліс жеңіліске ұшы­рай­ды.

И. Тай­манұлы бас­таған көтеріліс жеңілген­мен, ол Қазақстан­ның ба­тыс бөлігінің Ре­сей им­пе­ри­ясы құра­мын­да кейінгі да­му­ын­да те­рең із қал­дырды. Бұдан бы­лай алым-са­лықтың мөлшерін жыл­дан-жылға көте­ре бе­руге белгілі дәре­жеде шек қойыл­ды; пат­ша үкіметінің көтерілісті қол­даған қазақ ауыл­да­рының стар­шында­рымен са­насу­ына ту­ра келді; Ішкі Ор­да­дағы хан­дық биліктің жойылуы тез­деді.

Қазақ ке­дей­лерінінң көсемі И. Тай­манұлы­ның есімі — мәңгі ха­лық есінде. Ақтөбе об­лы­сының Қоб­да ауда­нын­да Иса­тай ба­тыр мен оның ба­ласы Ос­панға шайқас болған жер­де ес­керткіш ор­на­тылған. Аты­рау об­лы­сы Иса­тай ауда­нының ор­та­лығы Аққыс­та­уда да Иса­тай ба­тыр­дың ес­керткіші бар. Аты­рау қала­сын­дағы ор­та мек­тепке, Ми­ялы се­лосын­дағы ор­та мек­тепке, Жұмыс­кер се­лосын­дағы ор­та­лау мек­тепке ба­тыр­дың есімі берілген. Ба­тыр­дың туған жеріндегі «Тай­ман жа­лы» деп ата­латын орынға ме­мори­ал­дық тақта қойылып, Аққыс­тау се­лосын­да ба­тыр­дың ме­мори­ал­дық мұра­жайы ашыл­ды. 1991 жылғы қыркүйек айын­да ха­лық ба­тыры И. Тай­манұлы­ның туғаны­на 200 жыл то­луы рес­публи­ка көлемінде ата­лып өтті. Осы ме­рей­тойға орай Қазақ ССР Ғылым Ака­деми­ясы­ның ұйым­дасты­ру­ымен Ал­ма­ты және Аты­рау қала­ларын­да ғылы­ми-те­ориялық кон­фе­рен­ци­ялар өткізілді. И. Тай­манұлы мен оның ұрпақта­ры ту­ралы «Қазақфильм» ки­нос­ту­ди­ясы «Мінгені Иса­тай­дың Ақта­бан-ай» ат­ты де­ректі фильм түсірді. Ха­лық ба­тыры И. Тай­манұлы­ның 200 жыл­дық ме­рей­тойын өткізу — қазіргі ұрпақтың ба­тыр ба­балар дәстүріне адал­дығының айғағын­дай оқиға бол­ды. Олай бол­са, Иса­тай Тай­ма­нов­тың ба­тыр­лық өне­гесі қазақ халқының мәңгі есінде.