Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қазанғапұлы Тәтімбет (1815 - 1860 ж.ж)

Қазанғапұлы Тәтімбет (1815 - 1860 ж.ж)

Адам ба­ласы­ның тағды­ры әрқалай. Та­биғат бер­ген өнер бойына қан­ша күш-қуат құй­са да, Сегіз серінің, Құрманғазы­ның, Біржан сал­дың, Ақан серінің, Жа­яу Мұса­ның өмірлерінің он­ша­ма бақыт­ты бол­мағанын білеміз. Олар өз ор­та­сына сый­май, азу­лары­мен, қиянат­шыл адам­дармен алы­сып өтті. Ал қазақ халқының күй өнерінде ай­рықша орын ала­тын Дәулет­ке­рей мен Тәттімбет тағды­ры мүлде бөлек. Екеуі де ауқат­ты от­ба­сын­да тәрби­лен­ген, ешкімнен қиянат-зор­лық көрме­ген. Бірақ жүректі тер­бейтін, көңілді оята­тын саз ешуақыт­та тоқмейілсу­ден, жай­ба­рақат жағдай­дан ту­май­ды. Өнер ада­мының ойын шайқай­тын, сезімін қозғай­тын құбы­лыс­тар өмірде көп.

Қазіргі Қараған­ды об­лы­сының Қарқара­лы ай­мағын­да ту­ып-өскен Қазанғапұлы Тәтімбеттің ай­на­ласы та­маша та­биғат- Арқаның мөлдір су­лы, шалғын­ды жай­ла­уы еді. Той жа­сап, ат шап­ты­рып, ба­лу­ан күрестіріп, қазы-қар­таға, қымызға қарық бо­лып жатқан ел­де ер­жетті Тәттімбет.

Құдай бер­ген да­рын­ның арқасын­да Тәттімбет ауыл ішіндегі күйшілер­ден тәлім-тәрбие алып, өзі де өрен жүйрікке ай­на­лады. Жи­ын-той­лар­дың гүлі- әсем жігіт, қыз-қырқын­дардың ішінде күйшілік өнерін та­ныта бас­тай­ды. Бір дом­бы­рашы қыз­бен жа­рысқан­да 39 күй орын­да­са да жеңілме­ген қыз­ды бір аяғын шешіп тас­тап, қырқын­шы күйді баш­пайымен тар­тып сүріндірген екен дейді. Ол кез­дегі салт бойын­ша, қыз ба­ла аяқ киімін шешіп, баш­пай­ла­рын тар­тып сүріндірген екен дейді. Ол кез­дегі салт бойын­ша, қыз ба­ла аяқ киімін шешіп, баш­пай­ла­рын көрсе­те ал­май, жеңіледі. Осы­дан ойын-са­уықтарға кез­дескен қыз­дардың өнеріне, сұлу­лығына қызығып, көңілі шалқыған Тәттімбет «Былқыл­дақ», «Сылқыл­дақ» де­ген та­маша күй­лер шығарған.

Өнерлі жігітті ел басқару­шылар үлкен жи­ын­дарға, ас, той­ларға ертіп ба­ратын еді. Ом­бы­ның ге­нерал-гу­бер­на­торы қатысқан арқадағы үлкен бас қосу­да өнер­паз жігіт күй тар­тып, боз жорға атын би­лет­кен де­ген аңыз бар. Ол осын­дай өнерінің арқасын­да үлкен де­лега­ци­ямен бірге Ре­сей мем­ле­кетінің ас­та­насы-Пе­тер­бург­ке де са­яхат шек­кен.

Ел ішіндегі жай­ба­рақат күндер арт­та қалып, ас­панды ала бұлт қап­тай бас­тай­ды. Ре­сей отар­шылда­ры бірте-бірте ішке кіріп, қазақтың шұрай­лы жер­лерін, өзен, тоғай­ла­рын иеле­нуге кіріседі. Еліміздің ең сұлу өлке­лерінің бірі-Қарқара­лы маңайына отар­шылдар қап­тап ке­ле бас­тай­ды. Орыс­тар өзен-бұлақ бой­ла­рына үй­лерін са­лып, бе­кет ор­на­тып, жай­ла­уларға кар­топ егеді. Осы­ның бәріне, өмір құбы­лыс­та­рына ой­лы көзбен қарай­тын, елі мен жерінің ке­лешегін бол­жаған­да жүрегі сыз­дай­тын Тәттімбет «Көкей­кесті», «Са­рыжай­лау» күй­лерін шығарған. Мәңгі өлмейтін бұл күй­лер­де өмірдің өкінішті екені ай­ты­лады. Тәттімбет ту­ралы та­маша әңгіме жазған Тәкен Әлімқұлов: «Өмірдің бар­лық қызығын Са­рыжай­лау арқылы та­нып, сол жай­лауға шексіз шат­танған, шат­тық арқылы жа­па шек­кен, қуаны­шы мен өкініші ара­лас жат лебіз! Шалқыған жаз­дың, сал­та­нат­ты жай­ла­удың де­регін жар­тастан сұраған ащы әуен! Өмірдің өзі жай­ла­удай түлеп, ал­ма­сып, өзгеріп тұра­тынын анық пайым­даған түйсікшіл пен­денің шын сы­ры. Са­рыжаз­дың, Са­рыжай­ла­удың шежіресі!»-дейді.

Тәттімбет күй­лері қазақ опе­расы­ның інжу-мар­жа­ны са­нала­тын «Қыз Жібек­те», «Абай­да», сим­фо­ни­ялық шығар­ма­лар­да, ор­кест­рлердің орын­да­уын­да ха­лық жүрегінде мәңгі сақта­лып ке­леді.