Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шортанбай Қанайұлы (1818 - 1881 ж.ж)

Шортанбай Қанайұлы (1818 - 1881 ж.ж)

Шор­танбай-XIX ғасыр­дағы қазақ әде­би­еті та­рихы­нан еле­улі орын ала­тын, өзіндік сөз өрнегі бар өнер­паз. Туған елінің та­рихи тағды­рын бол­жап, халқының ба­сына түскен ауырт­па­лықтар­ды көкірегі қар­сы айыры­ла жыр­лаған өз дәуірінің та­маша жы­рау-ақыны: за­мана құбы­лыс­та­рының шын­дығына өз түсінігі тұрғысы­нан үкім шығарып, іргесі сөгіліп, реңі кетіп ба­ра жатқан қоғам­дық құрлыс пен ата-ба­ба сал­ты­ның жоғын жоқтап, зар шек­кен ақ ни­етті адал жан. Ол те­реңінен тебірен­ген, жоқтап, зар шек­кен ақ ни­етті адал жан. Ол те­реңнен тебірен­ген, әйгілі, сыр­лы толғаулар­мен түгел қазақ жұрты­на та­нылған. Со­нымен бірге сол кез­дегі қоғам­дық қай­шы­лықтар­дың бет пер­десін ашып, оған қар­сы са­яси күрес жүргізе де білген қай­рат­кер.

Шор­танбай Түркістан жерінде Қара­та­уды жай­лаған ша­руа Қанай­дың от­ба­сын­да дүни­еге кел­ген. Жас­шағынан мұсыл­манша оқып, за­ман­даста­ры қатар­лы білім алған. Бұрын­нан қазақ халқының қаси­етті ас­та­насы есепті Түркістан қала­сы, оның сол тұстағы шар та­рапқа жайылған даңқы жас та­лапқа әсерсіз бол­маған. Яс­са­уи ата­сының ас­панмен та­ласқан заңғар құрлы­сының көкке самғаған ғажайып мұна­расы қиялы­на қанат бітіріп, өнер-білім биігіне тал­пынтқан алғашқы тәлім-тәрбие ұясын­дай ізгі әсер ет­кен. Өзі туған то­пырағын­да оқып білім алған зер­делі жас өнерлі, өне­гелі өлке мәде­ни­етін же­те иге­руге та­лап­та­нып, па­расат­ты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсы­лар қата­рына ер­те ілес­кен. Көзі ашық, са­уат­ты, білімге құштар жасқа үлгі-өне­ге бо­лар­лық ой­лы ор­та, тәлімгер-ұстаз­дар да кезіксе ке­рек-ті. Осын­дай сан сұрақтар Шор­танбай­ды толғат­па­уы мүмкін емес еді. Білім мен өнер жо­лын мансұқ ет­кен жас та­лап Түркістанға жалғасып жатқан Бұхар, Са­мар­хан сияқты мәде­ни ошақтар­мен де та­ныс­пай қал­май­ды. Олар­дың да жас Шор­танбай­дың діни білімін көте­руге, өнер ор­да­ларын көріп жетілуіне ерек­ше әсері болғаны сөзсіз.

Мұсыл­маншы­лық жо­лын­дағы оқудың нәте­жесі оның қолын ишан­дық дәре­жеге жеткізді. Бұл жол­да қыз­мет атқару үшін Түркістан­нан Арқаға, Қарқара­лыға қарас­ты Бес­та жай­лаған Жа­ман­тай төренің ме­кеніне қоныс ауда­руға ту­ра ке­леді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныс­танған Жанғұтты бидің қара­мағынан шағын мешіт сал­ды­рып, медіре­се аша­ды. Өле-өлген­ше осы бидің төңірек­теп, өмір ке­шеді. Ер жетіп, еркінше еңбек ету­ге бел буған та­лабы зор, талғамы қалып­тасқан Шор­танбай жаңа ор­таға, өзге өлке жағдайына кезігеді.

Арқа жеріне келіп, адам­дар шетінен ділмар, са­уыққой, әнші, жыр­шы, өлеңші ке­леді. Бұл өлке­де Ақан мен Біржан­ды, Мәди мен Ыбы­рай­дың әндерін кез­дестірмеу мүмкін емес.

Жас ишан үшін бұл-ерек­ше өмір бо­латын. Ол бұрын Ор­та Азия ор­та­лықта­рын­да болған кез­де бұл сияқты са­уық-сай­ран кезікпе­ген бо­латын. Қай­да бар­са да мешіт пен медіре­се бо­латын, ол соған бой ал­дырған бо­латын.

Не істеу ке­рек?! Ой­ла­нып, толғанып, өнер­ден қол үзу, дін жо­лынан бас тар­ту да жөнсіз. Ақылға салған адам он­дай оғаш мінез­ге бар­май­ды. Екі жақты­да үлкен­дерге үйір бо­лып, жас­тарды өзіне тар­та білу бол­ды. Жи­ын той­дың әуеніне қарай әре­кет етеді. Маңына шәкірттер жи­нап, жас­тарға осы­лай жақын­дай­ды. Жас­тық шақтың қызығына ол осы­лай жақын­дай­ды. Ел­дегі дәстүрлі той жи­ын, келін түсіру, қыз ұза­ту сал­та­нат­та­рына қаты­наса­ды. Ел тоғаған ақын­дардың ай­тыс­та­ры, жыр­шы-жы­ра­улар­дың та­маша толғау, жыр­ла­рын өнер­ге әуес, сөзге жүйрік, тілге ше­шен Шор­танбай­дың жа­нына жағады. Біраз­дан кейін өзін-өзі би­лей ал­май, бойын кер­не­ген ақын­дық өнердің аузы­нан қалай шығып кет­кенін де аңғар­май қала­ды. Енді ел-жұрт Шор­танбай­ды ишан де­уден гөрі төкпе ақын деп атап кет­кен.

Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шор­танбай­ды тақуа ишан етіп тәрби­еле­се, екінші өлкесі оны та­маша ақын етіп шығара­ды. Асы­лы, адам­ды-өмір сүрген ор­та­сы тәрби­елейді, — дейтін қағида дұрыс. Оған Шор­танбай­дың өсу, жетілу жо­лы бірден-бір куә.

Еліне ақын бо­лып та­нылған Шор­танбай бол­ды. Шор­танбай халқының ба­сына түскен қасірет­ке қапа бо­лып, за­рыға, та­рыға жыр шертті, шын мәніндегі қамқор ақын бо­лып, әде­би­ет­ке өзінің өшпес ізін сал­ды.

Шор­танбай-өз за­маны­ның жа­лын­ды ақыны, ақылгөй ше­шен жы­ра­уы.

Шор­танбай ақын­дығының дәуірле­ген тұсы қазақ елі дағда­рысқа ду­шар болған аса ауыр ке­зең бол­ды.

Шор­танбай­дың шығар­ма­лары өткен ғасыр­дың соңғы ши­регінде кейбір жи­нақтар­да бас­па бетін көре бас­та­ды. 1882 жыл­дардан бас­тап, өлең толғаула­ры жи­нақта­лып, бөлек кітап көлемінде жа­рық көрді. Көрсетілген жи­нақтарға ақын­ның «Тар за­ман», «Опа­сыз жалған», «Бай­дың құдай атқаны», «Ата­мыз Адам пайғам­бар», «Өси­ет-на­сиқат сөздер», «Ай­ттым сәлем», «Асан қожа», т. б. ен­ген.

Шор­танбай шығар­ма­лары­ның бас­ты мақса­ты- за­ман, қоғам, ха­лық тұрмы­сы,, ел өмірі, жер, қоныс қысы­мы, отар­шылдар мен жергілікті әкімдердің оз­бырлығы, жаңа қарым-қаты­нас­тан ту­ын­далған то­на­удың түрлерін, сатқын ел би­ле­ушілер, бұзақы топ­тар, т. б.

Шор­танбай­дың өлер ал­дындағы ай­тып кет­кен өси­ет сөздері де бар. Ол мы­на:

Сәлем ай­ттым бәріңе
Қыз­мет етіп жүріңдер,
Бас­шы, біткен кәріңе…
Үлкен­дер саған ай­тайын,
Дүни­енің боғы үшін
Сірә тіпті аз­баңдар…
Және сәлем ай­тайын,
Ба­уыр­лас туған ініме,
Жұрт та­маша бо­лушы еді,
Жалғыз ауыз сөзіме,
Дүние ыс­тық көрінеді
Құрғыр менің көзіме…
Дұғай сәлем ай­тайын,

Келтірілген ақын­ның қош­та­су сөздері мәнсіз емес. Шор­танбай шығар­ма­лары оқуға жеңіл, түсіну­ге оңай, әркімнің көкірегіне қонар­лық.

Шор­танбай ту­ралы ор­та мек­тептер­де оқулық жазған не­месе очерк ретінде та­ныт­пақ болған­дар- С. Мұқанов пен Қ. Жұма­ли­ев бол­ды. Олар­дың алғашқы зерт­теу еңбек­тері 1940–1942 жыл­да­ры бас­па бетіне шықты. Шор­танбай­дың өз ту­ын­ды­лары «XVI­II-XIX ғасыр ақын­да­ры шығар­ма­лары» (1962) мен «Бес ғасыр жыр­лай­ды» (1989) жи­нақта­рын­да, «Жұлдыз» жур­на­лын­да (1991, №3) ба­сыл­ды.

1994 жы­лы өлеңдер жи­нағы шықты, кан­ди­дат­тық дис­серта­ция жа­зыл­ды. Қ. Мәдіба­ева оны «Зар­за­ман» әде­би­еті ағымын негізде­уші деп қорыт­ты.