Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тас дәуірі – адам­ның және адам бол­мы­сы бас­ты қаси­ет­терінің қалып­та­су ке­зеңі.

Тас дәуірі бірне­ше ке­зеңнен тұра­ды: па­ле­олит (ер­те тас ғасы­ры) 2,5 млн – 12 мың жыл ара­лығын қам­ти­ды, ол өз ке­зегінде ежелгі (2,5 млн – 100 мың жыл бұрын), ор­таңғы (100 – 40 мың жыл бұрын), кейінгі па­ле­олит­ке (40 – 12 мың жыл бұрын) бөлінеді.

Ме­золит (ор­та тас ғасы­ры) б. з. б. 12 – 5 мың жыл ара­сын қам­ти­ды. Жаңа тас ғасы­ры (не­олит) б. з. б. 5 – 3 мың жыл деп ша­мала­нады. Тас дәуірінен қола дәуіріне өтпелі ке­зең эне­олит б. з. б. 3 мың жыл деп есеп­те­леді. Алғашқы мем­ле­кет­тер мен жа­зудың пай­да бо­лу­ына дейінгі та­рих­тың бүкіл ке­зеңін алғашқы қауым­дық құры­лыс де­ген атау қалып­тасқан.