Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Күнтізбе

Б. з. б. 2,5 млн – 12 мың жыл – па­ле­олит (ер­те тас ғасы­ры: жер бетіндегі алғашқы адам­дардың, еңбек құрал­да­рының, от­ба­сы және ежелгі қауым­ның пай­да бо­луы).

Б. з. б. 2 мил­ли­он жыл­дан 800 мың жылға дейін – до­шель (Ол­ду­вей) мәде­ни­еті.

Б. з. б. 1 млн жыл – ежелгі адам­дардың Қазақстан­ды иге­ре бас­та­уы.

Б. з. б. 800 мың жыл­дан 140 мың жылға дейін – шель және ашель.

Б. з. б. 140 мың жыл­дан 40 мың жылға дейін – соңғы ашель мен мустье.

Б. з. б. 40–35 мың жыл — «Хо­мо са­пи­енс» — «са­налы адам» қалып­тасты.

Б. з. б. 40–12 мың жыл – кейінгі па­ле­олит (адам­дардың жердің бар­лық кли­мат­тық ай­мақта­рын иге­руі).

Б. з. б. 12–5 мың жыл – ме­золит (ор­та тас ғасы­ры: са­дақ пен же­бенің пай­да бо­луы, итті қолға үй­ре­ту).

Б. з. б. 8–7 мың жыл – дәнді дақыл­дардың пай­да бо­луы, жа­ну­ар­ларды қолға үй­ре­ту.

Б. з. б. 6–5 мың жыл – егіншілік пен мал­шы­лықтың Еура­зия аумағын­да та­ралуы.

Б. з. б. 5 мың жыл – тілдік топ­тардың қалып­та­суы.

Б. з. б. 5–3 мың жыл – не­олит (жаңа тас ғасы­ры: тас­ты өңде­удің жетілуі, терімшілдіктен егіншілік пен мал­шы­лыққа өту).

Б. з. б. 3 мың жыл – эне­олит (мыс-тас ғасы­ры: тас­ты пай­да­лану­дан ме­талға өту).

Б. з. б. XVI­II-VI­II ғғ. — Қола дәуірі.

Б. з. б. XVI­II – XVI ғғ. — ер­те қола дәуірі.

Б. з. б. XV – XII ғғ. - ор­та қола дәуірі.

Б. з. б. XII – VI­II ғғ. — кейінгі қола дәуірі.