Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тарихи хроника

Қазақстан жеріндегі тас ғасы­ры.

Тас ғасы­ры – ар­хе­оло­ги­ялық дәуірге бөлу­де алғашқы тас құрал­да­рының пай­да бо­лу­ынан бас­тап, қола құрал­да­рының шығуына дейінгі ке­зеңді қам­ти­тын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасы­ры – па­ле­олит, өтпелі ке­зең – ме­золит, жаңа тас ғасы­ры – не­олит бо­лып бөлінеді. Па­ле­олиттің ерек­шелігі Еура­зия мен Аф­ри­ка ай­мақта­рының сол дәуірдегі мәде­ни­ет­терінің бір-біріне едәуір ұқсас­тығы бо­лып та­была­ды. Тас ғасы­рын­да тас құрал­да­рымен қатар сүйек­тен, ағаш­тан жа­салған­да­ры да қол­да­ныл­ды. Ежелгі па­ле­олит адам­да­ры бірігіп аң аула­ды, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі па­ле­олит ке­зеңінде дінге се­нушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде пи­текант­роп­тар, си­нант­роп­тар, гей­дель­берг ада­мы өмір сүрді. Ор­таңғы па­ле­олиттің мүстье дәуірінде жаңа адам­дар типі – не­ан­дерталь­дықтар қалып­тасты.

Па­ле­олит

Па­ле­олит (гр. Pa­la­ios – ежелгі және lit­hos – тас) – ежелгі тас ғасы­ры. Б. з. б. 2,6 млн. жыл­дан – б. з. б. 10 мың жыл ара­лығын қам­ти­ды. Па­ле­олит ғылым­да төменгі, ор­таңғы және жоғарғы деп 3-ке бөлінеді. Төменгі не­месе ежелгі па­ле­олит ша­мамен б. з. б. 2 млн-нан 140 мың жылға, ор­таңғы па­ле­олит 140 мыңнан 40 мыңын­шы, ал жоғарғы не­месе кейінгі па­ле­олит 40 мыңнан 10 мың жыл­дыққа дейін со­зыл­ды. Па­ле­олит екі ке­зеңге – ежелгі және соңғы па­ле­олит деп бөлінеді. Ежелгі па­ле­олит ірі-ірі үш ке­зеңге (мәде­ни­ет­ке): ол­ду­вэй (б. з. б. 2,6 млн. жыл – 700 мың жыл), ашель (б. з. б. 700 мың жыл – 150–120 мың жыл) және мустье (б. з. б. 150 – 120 мың жыл – 35 – 30 мың жыл) ке­зеңдеріне бөлінеді. Соңғы па­ле­олит б. з. б. 40 – 35 мыңжыл­дықтан бас­та­лып, 10 мыңжыл­мен аяқта­лады. Па­ле­олиттің ерек­шелігі Ев­ра­зия мен Аф­ри­ка ай­мақта­рының сол дәуірдегі мәде­ни­ет­терінің едәуір ұқсас­тығы бо­лып та­была­ды. Алғашқы қауым ада­мы жа­байы өсетін дәндерді, жеміс жи­дек­терді жи­нап, жа­ну­ар­ларды аулаған. Төменгі па­ле­олиттік ес­керткіштер Қазақстан­ның Жам­был об­лы­сын­дағы Қара­та­удан 50-жыл­да­ры та­был­ды (мұны тапқан Х. Ал­пысба­ев). Бөріқазған, Тәңірқазған және Тоқалы 1,2,3, со­нымен бірге Шу өзенінің оң жағала­уын­дағы Қазанғап қоныс­та­ры белгілі. Бұл жер­лерден көбіне­се тас­тан жа­салған шапқыш­тар та­былған. Ор­таңғы па­ле­олиттің ес­керткіштері Қазақстан­ның бар­лық ай­мағынан та­былған Оңтүстік және Шығыс Қазақстан­нан, Маңғыс­тау түбегінен мустье дәуірінің қоныс­та­ры та­былған. Бұларға Са­рысу өзені бойын­дағы Мұзбел, Ертіс өзені, Қанай ауылы­ның маңын­дағы қоныс­тар жа­тады. Қаз­ба жұмы­сы кезінде би­зон­ның, ақбөкеннің, арқар­дың, жа­байы жылқының, т. б. сүйек­тері, ал құрал­дардан қырғыш­тар, сүйір ұштықтар, пы­шақ тәріздес плас­ти­налар ұшы­рас­ты. Жоғарғы па­ле­олит ес­керткіштері Ор­та­лық және Шығыс Қазақстан­нан да та­былған. Бат­пақ – 8, Семізбұғы, Қара­бас – 3, Аг­ренсор – 2 осын­дай ес­керткіштер то­бына жа­тады.

Ме­золит (б. з. б. 12 – 5 мыңжыл­дық)

Ме­золит (ме­зо – ара­лық және грек­ше lit­hos – тас) – ор­та тас ғасы­ры, па­ле­олит пен не­олиттің ара­лығын­дағы тас дәуіріне жа­татын ар­хе­оло­ги­ялық өтпелі ке­зең. Бұл тер­минді 19ғ-дың 70-жыл­да­рының аяқ кезінде швед ғалы­мы О. М. То­релль енгізді. Еуро­пада ша­мамен б. з. б. 9 – 5 мыңжыл­дықтар­ды, Та­яу Шығыс­та ол б. з. б. 10 – 7 мыңжыл­дықтар­ды қам­ти­ды. Па­ле­олит­тен Ме­золит­ке көшу кли­мат­тағы өзгерістер мұздықтар­дың еруімен бай­ла­ныс­ты. Қазақстан тұрғын­да­рының өмірінде же­ке аң аулау әдісі же­текші маңыз ал­ды. Ме­золит дәуірінің ең маңыз­ды өнер­та­бысы – са­дақ пен же­бе. Ме­золит ке­зеңіне жа­татын құрал­дар мик­ро­лит­тер – кішке­не кел­ген ұзын­дығы 1-., үшбұрыш­ты, ром­бы, тра­пеция, сег­мент пішінді құрал­дар еді. Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1–3, Ма­ятас, Бөген, т. б.), Қара­та­удан (Соркөл, Ша­хан­та, т. б.), Қызыл­жар қала­сына жақын Есіл бойынан (Ми­чурин, Бо­голю­бов-2, Яв­ленко– 2), Ат­ба­сар маңынан (Тель­ман-7, -8а, — 9а, — 14а), Қараған­ды маңын­да Са­ры­арқадан (Әкімбек және Қараған­ды – 15), Көкше­тау маңын­дағы да­лалық Шағала­лы жағала­уынан (Ви­ног­ра­дов­ка – 2а, -12), Торғай ой­паңы ауда­нынан (Тұз, Дүзбай-6, т. б.), Қос­та­най қала­сы маңынан (Дач­ная және Ев­геньев­ка), Ба­тыс Қазақстан об­лы­сынан (Са­ры­ай­дын, Шәуші, т. б.), Екібастұз төңірегінен (Тал­дыөзек 21, Шідерті, т. б.), Маңғыс­та­удан (Шақпақата – 2, Қызыл­су – 1, т. б.) та­был­ды.

Не­олит (б. з. б. 5 – 3 мыңжыл­дық)

Не­олитжаңа тас дәуірі. Б. з. б. 7-мыңжыл­дықтың екінші жар­ты­сы мен 6-мыңжыл­дықтың ба­сын қам­ти­ды. Бұл тас өңдеу тех­ни­касы­ның гүлден­ген кезі бол­ды. Тас өңде­удің тегістеу, бұрғылау, ке­су сияқты жаңа тех­но­логи­ялық әдістері шықты. Тас бал­та­лар, кет­пендер, дән үккіштер, келілер, кел­саптар жа­сала бас­та­ды. Әдемі тас­тардан әше­кей­лер – білезіктер, алқалар жа­сал­ды. Не­олит дәуірінің маңыз­ды белгісі та­биғат­тың дайын өнімдерін ием­де­ну ор­ны­на – өндіруші ша­ру­ашы­лық ту­ын­да­уы. Яғни, терімшілік, аң аулау ор­ны­на егін және мал ша­ру­ашы­лығы ке­ле бас­та­ды. Арал­дың солтүстігінде, Қазақстан­ның ба­тыс, ор­та­лық және шығыс аудан­да­рын­да не­олиттік тұрақтар­дан қолға үй­ретілген си­ыр, қой, ешкі, жылқы сүйек­тері та­был­ды. Не­олит дәуірінде кен кәсібінің бас­та­мала­ры шығып, қыш құмы­ра ісі, тоқыма­шылық да­мыды. Не­олит ру­лық қауым дәуірі бол­ды. Он­да ұжым­дық еңбек пен өндіріс құрал- жаб­дықта­рына ор­тақ меншік үстем бол­ды. Со­нымен қатар тай­па­лар мен тай­па­лық бірлестіктер құрыл­ды. Не­олиттік тұрақтар ор­на­ласу си­паты­на қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік деп 4-ке бөлінеді. Не­олиттік ес­керткіштер­ден Есіл өңіріндегі – Ат­ба­сар мен Торғай үстіртіндегі Ма­хан­жар мәде­ни­етін, Ақмо­ла об­лы­сын­дағы – Ат­ба­сар мәде­ни­етін, Төлес мәде­ни­ет­терін, Оңтүстік Қазақстан­дағы – Қараүңгір, Аты­рау об­лы­сын­дағы – Шат­пакөл, Құлса­ры – 1–5, Шаңды­ауыл, Қызем­шек, Жы­ланқабақ, Қойқара, Са­рықамыс, Ша­ян­ды тұрақта­ры, Маңғыс­та­удағы Шебір – 7, Се­нек-1, -4, -5, -8, Үштаған-1, Се­мек-10, Ақтау қала­сы маңын­дағы Қосқұдық-1, т. б. тұрақтар­ды ай­туға бо­лады.

Эне­олит

Эне­олит (лат. Aene­us – мыс және грек­ше lit­hos – тас) – тас және қола ғасы­рының ара­лығын­дағы ар­хе­оло­ги­ялық өтпелі ке­зең (б. з. б. 4–3 -мыңжыл­дық) тас – мыс ке­зеңі. Эне­олит адам­дар өміріне мыс құрал­дар ен­ген дәуір. Осы ке­зеңде тас­пен қоса мыс құрал­дар да пай­да бо­ла бас­тай­ды. Бірақ мыс­тан жа­салған құрал­дар тас құрал­дарды адам өмірінен біржо­лата ығыс­ты­рып шығара ал­ма­ды. Се­бебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болған­дықтан мықты құрал­дар жа­сауға мүмкіндік бол­ма­ды. Эне­олит­те тас ин­дуст­ри­ясы құлды­рап, тас құрал­дар жи­ын­тығының ке­муіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан да­ласын­да эне­олит басқаша көрініс берді. Мұнда тас­тарды пай­да­лану кері кет­кен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті. Бұл ке­зеңде тас­тан жа­салған еңбек құрал­да­ры ба­сым болғаны­мен мыс­тан жа­салынған­да­ры да пай­да бо­ла бас­та­ды. Адам­дардың бас­ты кәсібі – егіншілік пен аңшы­лық, мал ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Эне­олит дәуірінде ауа-райы ылғал­ды бо­лып, ірі сүтқоректілер көбей­гендіктен аңшы­лар көшіп жүретін аумақта­рын қысқар­тып, кей­де бір жер­ге ұзақ уақыт шоғыр­ла­на да бас­тай­ды. Қоғам­дық қарым– қаты­насы – ру­лық құры­лыс. Қазақстан жерінен та­былған эне­олит ес­керткіштері Иманбұрлық, Сек­сеуілді -1, -2 және Пав­ло­дарға жақын жер­де, Ертіс өзенінің жағасы­на ор­на­ласқан Же­лезин­ка по­сел­кесінің маңынан та­былған оба­ны жатқызуға бол­ды.

Қазақстан жеріндегі қола ғасы­ры.

Б. з. б. II мыңжыл­дықта мыс пен қалайының құй­ма­сы – қола­ның шығуына бай­ла­ныс­ты тас құрал­дар ме­тал­мен ауыс­ты­рыла бас­та­ды. Тас ғасы­ры аяқта­лып, қола дәуірі бас­талды. Қола дәуірінің хро­ноло­ги­ялық шегі б. з. б. 4- мыңжыл­дықтың аяғы мен б. з. б. 1 – мыңжыл­дықтың ба­сын қам­ти­ды.

Қазақ жерін сол тұста ме­кен­де­ген тай­па­лар­дың осы ке­зеңдегі мәде­ни­ет­тері қола дәуірі ес­керткіштері алғаш ашылған жер­лердің аты­мен – Анд­ро­нов мәде­ни­еті, Беғазы-Дәндібай мәде­ни­еті деп ата­лады. Қазақстан­дық ар­хе­олог­тардан қола дәуірі бойын­ша Ор­та­лық Қазақстан­ды Ә. Марғұлан мен К. Ақышев, Солтүстік Қазақстан­ды А. Ораз­ба­ев, Шығыс Қазақстан­ды С. С. Чер­ни­гов пен А. Г. Мак­си­мова зерт­теп, әр ай­мақтар­дағы өзге­шеліктерді ашып көрсетті. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәде­ни­ет­терінің бас­та­луы мен да­му­ын Ә. Марғұлан негізгі үш ке­зеңге бөледі. Алғашқы ке­зеңі – ор­таңғы; өркен­деп да­мыған ке­зеңі – Нұра және Ата­су са­тыла­ры; соңғы ке­зеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәде­ни­етінен тұра­ды. Қола дәуірінде ме­кен­де­ген тай­па­лар­дың әр түрлі ма­тери­ал­дан (ме­талл, тас, сүйек, қабыр­шақ) алу­ан түрлі

зат­тар (еңбек құрал­да­ры, қару-жа­рақ, сәндік зат­тар, тұрмыс­тық бұйым­дар) жа­са­уда жоғары ше­берлікке жет­кені аңғары­лады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнек­теу, тегістеп жыл­ты­рату тех­ни­касын жақсы меңгерді, қат­ты ма­тери­ал­дан жа­салған зат­тарға өрнек са­ла білді. Қыш ыдыс­та­рын жа­са­умен, негізінен, әйел­дер шұғыл­данды. Ыдыс­тар қол­мен жап­сы­рылып жа­сал­ды. Қола дәуірінің ал­дыңғы ке­зеңінде бүйірі тік не­месе біраз шығыңқы, мой­ны ішке қайырылған, түбі жай­пақ ыдыс­тар ба­сым бол­ды. Тұрғын үй­лері жар­ты­лай жертөле­лер мен жер бетіндегі үй­лер бо­лып бөлінеді. Қола дәуірінде әле­уметтік және әске­ри-са­яси құры­лым­дарда ру­лық – тай­па­лық бөлімше­лер пай­да бол­ды. Ма­тери­ал­дық игіліктерді өндіру­де ер­лер рөлі күшейді. Ту­ыс­тық әке жағынан есеп­те­ле бас­та­ды. Қола дәуірінің соңғы ке­зеңінде ру ыды­рап, одан же­ке от­ба­сы ша­ру­ашы­лықта­ры бөлініп шықты, айыр­бас кең өріс ал­ды. Тай­па­лар тұрмы­сы мен әл-ауқаты та­биғатқа тәуелді болған­дықтан, адам та­биғат күшін құдірет деп білді. Олар­дың отқа та­бынған­дығын мәйітті өртеу ғұрпы, қабірге күл мен көмір қал­дықта­ры са­лынғаны дәлел­дейді. Тай­па­лар ара­сын­да ата-ба­баға сыйыну, о дүни­еге се­ну кеңінен та­рады. Құрбан­дық күнге, отқа, айға, жұлдыз­дарға ар­нап ша­лын­ды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тай­па­лары негізінде ер­те­дегі көшпелілердің мәде­ни­еті қалып­тасты.

Анд­ро­нов мәде­ни­еті (б. з. б.XVI­II – VI­II ғғ.)

«Анд­ро­нов» мәде­ни­еті Ачинск маңын­дағы Анд­ро­нов де­рев­ня­сының түбінде 1914 жы­лы та­был­ды. Қола дәуірінде Сібірдің, Орал бойының, Қазақстан мен Ор­та Ази­яның кең бай­тақ да­лала­рын шыққан тегі жағынан ту­ыс­тас, та­рихи тағдыр­ла­ры са­бақтас, арт­та­рына өзіндік жарқын мәде­ни­ет қал­дырған тай­па­лар ме­кен­де­ген.

«Анд­ро­нов­тықтар» кет­пенмен жер өңдеп, өсірілген ас­тықты қола орақпен орып алған. Олар­дың тұрақта­рынан тас­тан жа­салған дән үгіткіштер жиі та­была­ды. Ор­та ғасыр­дың жар­тастағы бей­не­леріне (пет­роглиф­терге) қараған­да олар өгіз жек­кен соқалар­ды да пай­да­ланған.

«Анд­ро­нов­тықтар­дың» негізгі тіршілік көзі әрқашан­да мал ша­ру­ашы­лығы бол­ды. «Анд­ро­нов­тықтар­дың» абіріне қойылған қыш құмы­раларға қараған­да тұрғын­дардың негізгі та­мағы сүт өнімдері болған. Мал ішінде, әсіре­се, жылқы та­бын­да­рын жоғары бағалаған. Ша­ру­ашы­лық қозғалы­сының өсуіне сәй­кес қос өркешті түйелердің са­ны да өсті. Олар­дың сүйек­тері «анд­ро­нов­тықтар­дың» ең ер­те­дегі тұрақта­рынан та­был­ды, бірақ кейінгі ке­зеңде түйе ки­елі са­налған – оның саз­дан жа­салған кішке­не мүсіндері мен жар­тастағы бей­не­лері та­был­ды.

Төрт дөңге­лекті ар­баға ор­на­тылып, алыс қашықтықтарға көшу­ге бейімдел­ген киіз үй­лер пай­да бол­ды. Қай­тыс болған адам­дарды тігінен, қыры­нан не­месе жал­пағынан қалап шығарған тас қор­ша­улар мен қор­ша­уы бар оба­лар ішіндегі тас­тан өрілген не­месе жал­пақ тас­тарды қыры­нан қойып қиюлас­тырған жәшік – көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қыры­мен ба­сын ба­тысқа, кей­де шығысқа қара­тып жер­ле­ген. Қабірге марқұммен бірге зат­тар қоса қойыл­ды. Олар әдет­те ішіне тағам са­лынған бірне­ше саз құмы­радан, қара­пайым әсемдік бұйым­дардан, кей­де пы­шақ, тескіш, тас же­бе сияқты зат­тардан тұрған. «Бай» қабірлер шұңқыр­ла­рының едәуір үлкендігімен, оба то­пырағының мол­дығымен, оның ай­на­ласын­дағы тас қор­ша­улар­мен және бай мүлкімен ерек­ше­ленді. Өртеп күлін жер­леу сал­ты да болған. Анд­ро­нов тұрақта­рынан та­былған тап-та­за күл қабат­та­ры сақталған рәсімдік ошақтар адам­дар тағзым ет­кен екінші ны­сан – қаси­етті Күн болғанын дәлел­дейді.