Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Диқан Әбілев (1907 — 2003 жж.)

Диқан Әбілев (1907 — 2003 жж.)

Абилев Дихан (1907–2003 гг.)

Әбілев Ди­хан (26.12.1907 жы­лы туған, қазіргі Пав­ло­дар об­лы­сы Ба­янауыл ауда­ны Мойыл­ды қыс­та­уы) — ақын, жа­зушы. Қазақстан­ның ха­лық жа­зушы­сы (1987). 1925 — 27 ж. Се­мейдің ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­кумын­да оқыған. Ал­ма­тыдағы Ком­му­нистік жур­на­лис­тер инс­ти­тутын бітірген (1937). 1928 — 31 ж. Ба­янауыл­дың Шідерті бо­лыс­тық атқару ко­митетінің хат­шы­сы, 1931 — 34 ж. Ба­янауыл ауда­ны Қараған­ды об­лы­сы га­зет­терінде ре­дак­тордың орын­ба­сары, Қазақстан Жа­зушы­лар одағының хат­шы­сы, төрағасы (1938 — 39), Қазақ мем­ле­кеттік көркем әде­би­ет бас­па­сының бас ре­дак­то­ры, Қазақстан Жа­зушы­лар одағы көркем әде­би­етті на­сихат­тау бю­росы­ның ди­рек­то­ры (1939 — 40) бол­ды. Алғашқы өлеңі «Қызыл әскер­ге» 1926 ж. алғашқы әңгімесі «Сыр­лы шкаф­тың сы­ры» 1928 ж. жа­рық көрген. Тұңғыш жи­нағы «Қуат, өрт» (1937) ақын­ның сыр­шылдығын, «Шалқыма» по­эма­сы (1938) кең ты­нысын аңғарт­ты.

Әбілевтің соғыс тақыры­бына жазған ту­ын­ды­лары «Жүрек­тен» (1945), «Тұлға» (1947) жи­нақта­рын­да топ­тасты­рыл­ды. өлеңмен жа­зылған «Ал­тай асу­лары» ро­манын­да (1957) мен «От­ты толқын­дар» (1956), «Уақыт­пен сыр­ла­су» (1967), «Мил­ли­ард жы­ры» (1974), «Толғаныс толқын­да­ры» (1979), «Да­ла сол­да­ты» (1981) жи­нақта­рын­да қалам­гер қара­пайым ауыл аза­мат­та­рының биік мұрат­тар жо­лын­да өсу жо­лын бей­не­леген. «Ой толғауы» (1981) ес­телігінде С. Сей­фул­лин, Б. Май­лин, М. Әуезов, С. Мұқанов т. б. ұстаз­да­ры ту­ралы сыр шер­теді. С. То­райғыров ту­ралы «Ақын ар­ма­ны» (1965), «Ар­ман жо­лын­да» (1969), «Ба­янауыл ба­урайын­да» (1975) деп ата­латын три­логи­ясы Әбілевтің про­за са­ласын­дағы ең ауқым­ды шығар­ма­сы бо­лып та­была­ды. Жа­зушы мұнда 20 ғ-дың бас кезіндегі қазақ халқының тіршілік-бол­мы­сын, Сұлтан­махмұттың өмір жо­лын көркем су­рет­те­ген. Әбілев А. П. Че­хов, Н. А. Нек­ра­сов, Т. Г. Шев­ченко, Г. Ни­зами, Н. Хик­мет, П. Ты­чина, М. Рыль­ский, М. Ба­жан ту­ын­ды­ларын қазақ тіліне аудар­ды. Әбілев шығар­ма­лары орыс, өзбек, әзер­бай­жан, ар­мян, та­тар, тәжік, қырғыз т. б. тілдер­ге ауда­рыл­ды. Еңбек Қызыл Ту, 1-дәре­желі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі» ор­дендерімен ма­рапат­талған.