Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914 — 1970 жж.)

Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914 — 1970 жж.)

Айманов Шакен (1914–1970 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1914

Пав­ло­дар об­лы­сы

Қай­тыс болғаны: 1970

Ай­ма­нов, Шәкен Кен­же­тайұлы (1914—1970) — қазақтың әйгілі ак­тері, ре­жис­сер.1964ж КСРО-ның ха­лық артісі.

Ту­ып өскен жері Пав­ло­дар об­лы­сының Ба­янауыл ауда­ны. То­пырақ бұйырған жері Ал­ма­ты қала­сы.

Ор­та мек­теп бітірген соң (1928), Се­мей­дегі пе­даго­гика­лық тех­ни­кумға оқуға түскен.

Ай­ма­нов Шәкен (Шаһкерім) — ак­тер, ре­жис­сер, КСРО ха­лық ар­тисі (1964). Бо­лашақ ак­тер 1914 ж. 15 ақпан­да қазіргі Пав­ло­дар об­лы­сының Ба­янауыл ауда­нын­да туған. Ол кішкен­тай кезінен жез­десі Қали Бай­жа­нов­тың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мек­тебін бітіріп, Се­мей мұғалімдер тех­ни­кумын­да оқып жүрген­де 1932 ж. Ал­ма­тыдағы Қазақ дра­ма те­ат­ры­на шақыры­лады. Ай­ма­нов 1932 – 33 жылғы ма­усым­нан те­атрға жұмысқа қабыл­данды. Ол алғашын­да бірқатар рөлдерді ой­на­ды. Көп ұза­май клас­си­калық пьеса­лар бойын­ша қойылған спек­такль­дер­де бас­ты рөлдерді ше­бер орын­да­уымен көпшілік көзіне түседі. Әсіре­се оның орын­да­уын­дағы Ақан сері, Қобы­лан­ды, Са­тин, Пет­руччо, Отел­ло рөлдері ұлттық те­атр та­рихын­да өшпес із қал­дырды. Ай­ма­нов ак­терлік өнерімен қатар ре­жис­серлік шығар­ма­шылықпен де ай­на­лысып, спек­такль­дер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың ака­деми­ялық дра­ма те­ат­ры­ның бас ре­жис­сері бол­ды. «Абай әндері» (1945), «Жам­был» (1947) көркем филь­мдерінде күрделі эк­рандық бей­не­лерді сом­да­ды. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» сту­ди­ясы­ның көркемдік жағын басқарып, қазақ ки­но өнерінің өркен­деуіне үлкен үлес қос­ты. Оның қойған көркем филь­мдері: «Ма­хаб­бат ту­ралы аңыз» (1953), «Ал­дар көсе» (1965), «Ата­мекен» (1966), «Най­за­тас ба­урайын­да» (1968). Көрер­мен қауым­ның ой-талғамы­нан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) филь­мдері ұлттық ки­но өнерінде ко­меди­ялық жанр­ды да­мыту­дағы со­ны ізденістерімен ерек­ше­ленді. Оның соңғы қойған «Ата­ман­ның ақыры» (1970) фильмі ре­жис­сер Ай­ма­нов шығар­ма­шылығының биік шыңына ай­нал­ды. Ай­ма­нов Қазақстан Ки­нема­тог­ра­фис­тер одағын ұйым­дасты­руға қаты­сып, одақ басқар­ма­сының 1-хат­шы­сы (1958 – 70) қыз­метін атқар­ды. КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығының (1952) және Қазақ КСР-і Мем­ле­кеттік сый­лығының (1968) ла­уреаты.1970 ж. 24 жел­тоқсан­да Мәскеу қала­сын­да жол апа­тынан қайғылы қазаға ұшы­рады; Ал­ма­ты қала­сын­да жер­ленді. Ал­ма­ты қала­сының көшесі (1972) және «Қазақфильм» сту­ди­ясы (1984) Ай­ма­нов есімімен ата­лады. Ол тұрған үй мен ки­нос­ту­дия ғима­раты­на ме­мори­ал­дық тақта ор­на­тылған.

Мазмұны:

  1. Те­атр;
  2. Ай­ман-Шол­пан;
  3. Ки­но;
  4. Ма­рапат­та­ры.

Те­атр

Те­атр өнерімен әуес­теніп, 1933 ж. Қазақ дра­ма те­ат­ры­ның құра­мына алы­нады. Осы те­атр сах­на­сын­да жи­ыр­ма жыл­дай еңбек етіп, ак­терлік шығар­ма­шылығын шыңда­ды. Те­атр­дың бас ре­жис­сері бол­ды (1951).

Ол М. Әуезов атын­дағы Мем­ле­кеттік дра­ма те­ат­ры­ның сах­на­сын­да қазақ дра­матур­ги­ясы­ның Ақан сері, Қобы­лан­ды, Қодар, Керім («Абай»), Ал­дар Көсе, Иса­тай (Жансүгіров, «Иса­тай — Ма­хам­бет») бей­не­лерін, әлем дра­матур­ги­ясы­нан Кас­сио және Отел­ло (Шекс­пир, «Асауға тұсау»), Уәли­ханұлы және Ти­хон (Ост­ров­ский, «Та­лант­тар мен та­быну­шылар», «Най­зағай»), Са­тин (Горь­кий, «Шыңыра­уда»), Шад­рин (По­годин, «Мыл­тықты адам»), Кидд (Лав­ре­нёв, «Аме­рика да­уысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюс­со, «Те­рең та­мыр­лар»), Хлес­та­ков (Го­голь, «Ре­визор»), Кри­вен­ко (Чирс­ков, «Жеңімпаз­дар»), Гель­пак (Ф. Вольф, «Про­фес­сор Мам­лок») бей­не­лерін сом­да­ды. Ш. Ай­ма­нов қойған «Абай» спек­такліне 1952 ж. КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығы берілді. 1968ж Қазақстан Мем­ле­кеттік сый­лығы алған

Ш. Ай­ма­нов ак­тер ретінде ал­ды­мен кейіпкерінің жан дүни­есін ашуға және соған лайықты ұтым­ды әре­кет қимыл­дар жа­сау ше­берлігімен ерек­ше­лен­се, ре­жис­сер ретінде шығар­маға көркемдік иде­ялық мазмұнын да­рытуға, ұлттық ерек­шеліктердің бо­яуын қанық ету­ге, за­ман мен қоғам ту­ралы фи­лосо­фи­ялық ой толғам жа­сауға ай­рықша мән бе­ре білетін да­рын­ды су­рет­кер.

Шәкен аса да­рын­ды су­рет­кер ак­тер, ой­шыл ре­жис­сер ретінде қазақтың сах­на өнері мен ки­но өнерінің қалып­та­сып, шыңда­лу­ына ай­рықша ықпал ет­кен, өшпес із қал­дырған да­ра да­рын иесі.

Ай­ман-Шол­пан

«Ай­ман-Шол­пан» — ли­ро-эпос­тық жыр. Алғаш жа­зып алып, бас­паға ұсынған – Жүсіпбек Шай­хыс­ламұлы. 1896, 1898, 1901, 1906, 1910, 1913 жыл­да­ры Қазан бас­па­сынан же­ке кітап бо­лып ба­сылып шықты. Төңкерістен кейін де бірне­ше қай­та­ра (1939, 1957) ба­сыл­ды. Жыр­дың оқиғасы, негізінен, 19 ғасыр­дың алғашқы жар­ты­сын­дағы қазақ елінің әле­уметтік-қоғам­дық тіршілігін, тұрмыс-сал­тын қам­ти­ды. Кейіпкер­лердің ішінде та­рих­та болған адам­дардың есімдері (Көтібар, Арыс­тан, Есет, т. б.) кез­де­седі. Жыр­да же­ке бас бос­тандығы көтеріледі. Ай­ман тек же­ке ба­сының азат­тығын көксе­ген қыз емес, ел ты­ныш­тығын, қауым ын­ты­мағын ой­лаған ақыл­ды да ай­ла­лы, өжет мінезді адам ретінде көрінеді. Жыр­да Көтібар бей­несі де ше­бер берілген. Бұрыңғы ба­тыр­лықтың азып, ел ішіндегі ұсақ-түйек тен­тектікке ай­налғаны осы бей­не арқылы көрсетіледі. Мұхтар Әуезовтің "Ай­ман – Шол­пан жы­ры бойын­ша жазған му­зыка­лық дра­масы (1934) Қазақ мем­ле­кеттік ака­деми­ялық опе­ра және ба­лет те­ат­ры­ның ре­пер­ту­ары­нан көп жыл­дар бойы түспей келді. 1960 жыл­дан дра­малық те­атр­лар сах­на­ларын­да да қойыла бас­та­ды.

Ки­но

1953 ж. бас­тап, өмірінің соңына дейін қазақ ки­но өнері са­ласын­да өнімді еңбек етті. ССРО және ҚазССР-інің ха­лық ар­тисі. Қазақ ки­но өнерінің негізін са­лушы­лар­дың бірі. Ай­ма­нов ре­жис­сер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Ата­мекен», «Ал­дар көсе», «Ата­ман­ның ақыры» және басқа филь­мдерді түсіріп, Н. Ф. По­годиннің «Мыл­тықты адам», «Та­лант­тар мен та­быну­шылар», М. Әуезов­тың «Абай» спек­такль­дерін те­атр сах­на­сына шығар­ды. Ак­тер ретінде «Абай әні», «Жам­был» т. б. филь­мдер­де ой­наған. «Абай әні» фильмінде Абай­дың шәкірті, жас ақын Ай­дар­дың бақта­ласы Шәріп бей­несін сом­да­ды. Ол ССРО және ҚазССР-інің Мем­ле­кеттік сый­лықтың ла­уреаты.

Шәкен ки­но са­ласын­да да осы ұста­ным­да­рын ше­бер пай­да­лана білді. Оның «Ма­хаб­бат ту­ралы аңыз» (1953), «Да­ла қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Ал­дар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Ата­ман­ның ақыры» (1970) филь­мдері қазақ ки­но өнеріне көркемдік төлту­малық да­рытқан өміршең ту­ын­ды­лар.

Ма­рапат­та­ры

  • Қазақстан­ның ха­лық әртісі;
  • Қазақстан Рес­публи­касы Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты (1968);
  • КСРО Ха­лық әртісі (1964);
  • КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты (1952).