Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Нұрмолда Алдабергенов (1906 — 1967 жж.)

Нұрмолда Алдабергенов (1906 — 1967 жж.)

Алдабергенов Нурмолда (1906–1967 гг.)

Нұрмол­да Ал­да­бер­ге­нов (20.12.1906, Ал­ма­ты об­лы­сы Кербұлақ ауда­ны Қарағаш ауылы Желдіқора қыс­та­уы — 17.11.1967, Ал­ма­ты об­лы­сы Көксу ауда­ны Мұқыры ауылы) — ауыл ша­ру­ашы­лығын ұйым­дасты­рушы, қоғам қай­рат­кері, 2 мәрте Со­ци­олисттік Еңбек Ері (1948, 1958). Түркістан — Сібір темір жо­лын са­луға қатысқан (1927— 1930), «Жаңа та­лап» ұжым­ша­рын­да кол­хозшы (1930 — 1933), бри­гадир (1934), осы ұжым­шардың төрағасы (1935 — 42, 1945 — 49) бол­ды. Ұлы Отан соғысы­на қатысқан (1942 — 45). 1950 — 1961 жыл­да­ры Ста­лин атын­дағы (кейін Н. Ал­да­бер­ге­нов атын­дағы) ірілен­ген ұжым­шардың, ал 1965 — 67 жыл­да­ры "Карл Маркс” атын­дағы ұжым­шардың төрағасы бо­лып істеді. 1942 жы­лы ол басқарған ұжым­шар еңбек­керлері қант қызыл­ша­сының әр га-нан 365 ц, ас­тықтың әр га-нан 13,7 ц өнім жи­нады. Ал қант қызыл­ша­сы егілген же­ке тәжіри­бе учас­кесінің (10 га) әр га-нан 834 ц түсім ал­ды. 1947 ж.

Ал­да­бер­ге­новтің басқару­ымен Жетісу өңірінде тұңғыш су электр стан­ци­ясы са­лын­ды. Мұқыры ауылын­да тұрғын үй­лер, ор­та­лық мәде­ни­ет үйі, тұрмыс қажетін өтейтін ор­та­лық, са­уда ор­та­лығы, ба­лалар бақша­сы, ор­та мек­теп, ауру­хана құры­лысы са­лынып, пай­да­лануға берілді. Ол ауыл ша­ру­ашы­лығын­да егіншілік мәде­ни­етін арт­ты­ру және мал тұқымын асыл­данды­ру ісінде ғылым жаңалықта­ры мен озат тәжіри­бені өндіріске ба­тыл енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізді, сөйтіп ұжым эко­номи­касын күрт жоғары көтерді. Ұжым­шарда озат тәжіри­бе мек­тебі тұрақты жұмыс істеді, асыл тұқым­ды мал фер­ма­лары құрыл­ды, ауыл­да қала үлгісінде құры­лыс са­лу тұңғыш жүзе­ге асы­рыл­ды. Тал­дықорған қала­сы мен Қарабұлақ ауылы­ның ор­та­лық көше­лерінің біріне, "Шұбар” мек­тебіне Ал­да­бер­ге­нов есімі берілген. Ал­да­бер­ге­нов екі рет Ле­нин және Еңбек Қызыл Ту ор­дендерімен, 6 рет Ха­лық ша­ру­ашы­лығының жетістіктері көрмесінің Үлкен Ал­тын ме­далімен ма­рапат­талған.