Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Қасым Аманжолов (1911 — 1956 жж.)

Қасым Аманжолов (1911 — 1956 жж.)

Аманжолов Касым (1911–1956 гг.)

Қасым Аман­жо­лов — қазақ по­эзиясы­ның аса көрнекті өкілі, халқымыз­дың да­рын­ды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аман­жо­лов (1911–1955) ұлттық әде­би­етіміздің заңғар ас­па­нын­дағы жа­рық жұлды­зы, мәңгі сөнбес шам­шы­рағы еді. Өмірден ер­те кет­кенмен, ол бо­лашақ ұрпаққа мол мұра қал­дырды. Бейбіт өмірді, қан май­дан­ды, туған жер мен ата-ана­ны, дос­тық пен ма­хаб­батты, көңіл күйі мен та­биғат­ты биік па­расат­ты­лықпен, шы­найы сезіммен, зор тебіреніспен жыр­ла­ды.

Қасым Аман­жо­лов – қазақтың аса ірі ақын­да­рының бірі. Оның көркемдік-эс­те­тика­лық деңгейі жоғары, қазақ әде­би­еті та­рихын­да ай­ту­лы орынға ие шығар­ма­шылығы, негізінен, по­эзиялық ту­ын­ды­лар­дан тұра­ды. Ақын­ның әде­би мол мұра­сын 7–8 по­эма­сы мен алу­ан тақырып­тағы ли­рика­лары құрай­ды. Қасым Аман­жо­лов – көркем аудар­ма өнерінің де үздік ше­бері. Ол орыс, Ба­тыс пен Шығыс по­эзиясы­ның клас­си­калық ту­ын­ды­ларын: ли­рика­лық өлеңдер мен по­эма-дас­танда­рын қазақ тіліне зор ша­быт­пен аудар­ды. Қ. Аман­жо­лов – өзінің ба­тыл ой­лы, шын­шыл да те­рең сыр­лы, да­уыл­ды по­эзиясы­мен әр бу­ын оқыр­мандар сүйіспеншілігіне ие бо­лып, жас та­лант­тарға өте күшті әсер етіп ке­ле жатқан бірту­ар да­рын.

Өмірба­яны

Қасым Аман­жо­лов қазіргі Қараған­ды об­лы­сының Қарқара­лы ауда­нын­дағы Қызыл де­ген жер­де 1911 жы­лы дүни­еге ке­леді. Май­дан­нан өлеңмен жазған «Ағайыма» де­ген ха­тын­дағы: «Қыс. Қыс­тау. Ата­мекен Қызыл­дағы» де­ген­дегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сон­да қай­тыс бо­лады. Жас бол­са да Қасым со­ның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-ше­шеден жас­тай жетім қалған, ол біраз жыл ағасы­ның қолын­да өседі. Алғашын­да жаңадан ашылған ауыл мек­тебінде оқып, са­уатын аша­ды. Кейін, 1924 жы­лы, ағасы Қасым­ды Се­мей қала­сын­дағы ин­тернатқа ор­на­лас­ты­рады. Қасым он­да 1927 жылға дейін тәрби­еле­неді. Одан әрі қарай үш жыл Се­мей мал дәрігерлік тех­ни­кумын­да оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кез­де жа­зады. 1930 жы­лы Ал­ма­тыға келіп, біраз уақыт «Ле­ниншіл жас» га­зетінде істейді. 1931 жы­лы Ле­нинг­рад­тағы ор­ман ша­ру­ашы­лығы инс­ти­туты­на түсіп оқиды. Бірақ, ден­са­улығына бай­ла­ныс­ты және түскен оқуын да он­ша ұна­та қой­маған­дықтан, бірер жыл­дан кейін ел­ге ора­лып, Орал қала­сын­да «Екпінді құры­лыс» га­зетіне қыз­метке ор­на­ласа­ды. Жас ақын­ның көпте­ген өлеңдері осы га­зет­те жа­рық көреді. Әншілік, әртістік өнер­ге бейім, дом­бы­ра, ман­до­лина бас­таған бірсы­пыра му­зыка­лық ас­паптар­да еркін ой­най­тын ақ көңіл, жай­саң жан­ды «ер­ке Қасым­ның» Орал­да болған, әсіре­се 1935–1936 жыл­да­ры Орал­дағы қазақ те­ат­рындағы қыз­мет ет­кен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қым­бат шағы бо­лып қала­ды. Оның бойын­дағы туа бітті зор та­лан­ты да осын­да белгі беріп, ақын­дық жо­лына біржо­лата бет бұра­ды. 1938 жы­лы тұңғыш өлеңдер жи­нағы «Өмір сы­ры» де­ген ат­пен жа­рық көреді. Жи­наққа ен­ген өлеңдер­ден бо­лашақтағы ке­мел­денген ақын по­эзиясы­ның от­ты, лепті, сыр­шыл мінезі та­ныла­тын же­келе­ген жол, шу­мақтар та­былғаны­мен, тұтас­тай алған­да, жи­нақ ақын­ның әлі де үй­ре­ну, еліктеу үстінде екенін көрсе­тетін еді. Әсіре­се көзге ауыз әде­би­етінің 7–8 бу­ын­ды тер­ме, толғау үлгілеріне бой ұруы жиі ша­лына­тын. Өлеңіне арқау етіп алған өмір құбы­лыс­та­рын сырт­тай таңырқап, та­маша­лауға, көрген-білгенін тәптіштеп, тізбе­леп су­рет­те­уге әуестік байқала­тын. Бірақ ақын бұл қал­пында көп кідірмей, осы­дан кейінгі не ба­ры екі-үш жыл­да-ақ:

Ішім пыс­ты, жа­лықтым,
Жүре ал­ман енді аяңдап.
Кен­де қап­пын, жаңа ұқтым,
Не бол­са соған аяңдап –
не­месе:
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,
Қай­рат шіркін алып шықса, қиын ба!..
Жығылам деп жүре ал­май­мын жай ба­сып,
Жүгіремін киіп-жа­рып, айқасып.
Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,
Іш пыс­ты­рып, жалт-жұлт қарап, жай ба­сып
Жығыл­сам да, жүгіру­мен өтемін,
Аяңшыл­дың ақылын мен не етемін.
Жығылар­мын, алқынар­мын, шар­шармын,
Ба­рар жер­ге бұры­нырақ же­термін, –

де­геніндей-ақ, қат­ты тал­пы­нып, та­лан­ты­на мәде­ни­еті қосы­лып, ақын­дықтың шырқау биігіне самғап көтерілді. Ма­хам­бет, Абай по­эзиясы­ның көркемдік та­биғаты­на те­рең бой­лау, дүни­ежүзілік по­эзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алым­ды­лық, ша­лым­ды­лықпен үй­ре­ну оның бу­ырқанған күшті та­лан­тын тез қанат­таңдыр­ды. Қасым 30-жыл­дардың өзінде-ақ А. Пуш­киннен, М. Лер­монтов­тан, Т. Шев­ченко­дан, Дж. Бай­рон­нан, В. Ма­яковс­кий­ден ше­бер аудар­ма­лар жа­сады. Бұл оның үлкен по­эзияның сы­рына те­рең бой­лап, ақын­дық өнерінің қыр-сы­рын та­ну­ына көмек­тесті. 1939–1940 жыл­дар ақын­ның өсу жо­лын­дағы еле­улі ке­зең бол­ды. «Нар тәуекел», «Бу­рабай толқын­да­ры», «Да­уыл», «Көкше­тау», «Ора­мал», «Сұлтан­махмұт ту­ралы бал­ла­да», «Өз елім», «Ғашық едім қай­тейін» сияқты та­маша ту­ын­ды­лары осы жыл­да­ры дүни­еге келді. Бұл ке­зеңдегі ақын өлеңдерінде түр, ды­быс­тық үндестік, ырғақ жағынан да жаңалықтар көрініс берді. Сон­дай-ақ, Қасым ли­рика­лық өлеңдер­мен қатар сүйекті ту­ын­ды­лар жа­зуды да қолға ала­ды, «Құпия қыз», «Би­кеш» (алғашын­да «Азғын­ба­ев» деп аталған) секілді алғашқы по­эма­ларын жа­зады.

Ақын 1941 жы­лы ар­мия қата­рына шақыры­лады. Сол қар­саңда «Ма­засыз му­зыка», «Қош­та­су», «Бей­се­кештің бес ұлы» секілді әсерлі, сыр­шыл сезімге то­лы, лепті өлеңдерін жа­зады. 1941–1943 жыл­да­ры Қиыр Шығыс­та болған Қасым 1943 жы­лы ба­тыс­тағы май­данға ауыс­ты­рыла­ды, со­дан соғыс аяқталғанға дейін «қан­ды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» бо­лады. На­мыс­кер, өр, қай­сар Қасым жа­уын­герлік міндетін жан аямай атқара­ды, абы­рой­лы бо­лады. Қиыр Шығыс пен ба­тыс­тағы май­дан ара­лығын­дағы ұзақ са­пар, ата­мекен – Қазақста­нын қақ жа­рып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиял­ды ақын жа­нын қат­ты тебірен­теді. Со­ның нәти­жесінде «Орал», «Са­ры­арқа», «Бай­кал», «Өтіп ба­ра жа­тыр­мын» тәрізді тек Қасым­ның ғана емес, сол кез­дегі бүкіл қазақ по­эзиясы­ның жетістігі бо­лып са­нала­тын өлеңдері дүни­еге ке­леді. Ақын ру­хының бұл қуат­ты серпілісі май­дан жыр­ла­рына ұла­сып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бей­не­леу кұрал­да­ры, ой мен сезім те­реңдігі жағынан жаңа са­па та­уып, биік бе­лес­ке көтеріледі. «Ел­ге хат» (бес бөлімнен тұра­тын ұзақ толғау), «Ұлы күтіс», «Үстімде сұр ши­нелім», «Под­полков­ник Әлпин­ге», «Қапанға», «Сәбит­ке», «Ғалиға жа­уап», «Қызғал­дақ», «Сен фа­шиссің, мен қазақпын», «Да­риға, сол қыз» сияқты хрес­то­мати­ялық өлеңдері мен әйгілі «Ақын өлімі ту­ралы аңыз» по­эма­сы – со­ның айғағы.

«Құя ал­ман үгітілген бал­шық өлең, Көңілімде көл жа­саман там­шы­менен, Серінің серт­ке соққан сем­серіндей, Өлеңнің өткірін бір ал­шы ме­нен», — деп ақын бұл ке­зеңде қазақ өлең өнеріне мазмұн жағынан да, түр жағынан да мол жаңалық әкел­ген. Көркем­деу құрал­да­рының об­разды сөз өрнек­терінің жан тебірен­тер жаңа үлгілерін та­уып қол­данды. Бұл тұста ақын­ның «Байқал», «Ора­лым», «Под­полков­ник Аль­пин», «Да­риға сол қыз» өлеңдері, «Март­бек», «Ақын өлімі ту­ралы аңыз» по­эма­лары жа­зыл­ды. А-тың «Ақын өлімі ту­ралы аңыз» по­эма­сын Ғ. Мүсіре­пов қазақ по­эзиясын­дағы жаңа бетбұрыс деп бағала­ды. Соғыс­тан кейін А. не ба­ры он жыл өмір сүрді. Көркемдік са­пасы жоғары ли­рик. өлеңдер­мен қатар «Бо­ран», «Біздің дас­тан», «Би­кеш», «Жам­был тойын­да», «Құпия қыз» тәрізді үлкен эпик. по­эма­лар жаз­ды. А. ақын­дығымен қатар үлкен саз­гер де болған. Оның әнін де өзі шығарған «Да­риға сол қыз», «Туған жер», т. б. шығар­ма­лары ха­лықтың сүйікті әндеріне ай­налған. А. қазақ әде­би­етінде аудар­ма жан­ры­ның да­му­ына да зор үлес қос­ты. Ол А. С. Пуш­киннің «Пол­та­ва», М. Ю. Лер­монтов­тың «Мас­ка­рад», А. Т. Твар­довс­кийдің «Ва­силий Тер­кин», Ни­замидің «Ләйлі-Мәжнүн» по­эма­ларын, Т. Г. Шев­ченко­ның, В. В. Ма­яковс­кийдің өлеңдерін қазақ тіліне аудар­ды. Қазақ по­эзиясы­на он бу­ын­ды өлең түрін енгізіп, оны әбден тұрақтан­дырды.

Май­дан­нан оралған­нан кейінгі алғашқы жыл­да­ры Қасым жур­нал ре­дак­ци­яла­рын­да істейді, ара-тұра по­эзия, ақын­дық өнер тақыры­бына сын мақала­лар жа­ри­ялай­ды, өлеңді де өндіре жа­зады. Мы­салы: 1946 жы­лы 26 өлең жа­зып­ты, со­лар­дың ішінен, әсіре­се «Дос­тар», «Туған жер», «Құрбы­ма», «Са­уын­шы жеңгейдің жы­ры», «Дом­бы­ра», «Май келді», «Күйім та­сып ба­рады, күйім та­сып», т. б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерек­ше атауға бо­лады. Ақын 1947 жыл­дан бас­тап сырқатқа шал­дығады. Со­ның өзінде сол жы­лы он шақты өлең жа­зып, «Біздің дас­тан» по­эма­сын бас­тай­ды. М. Лер­монтов­тың «Мас­ка­рад» дра­масын, А. Твар­довс­кийдің әйгілі «Ва­силий Тер­кин» ат­ты ұзақ та күрделі по­эма­сын өте ше­бер ауда­рады. 1948 жы­лы да Қасым көп жа­зады, «Да­уыл» ат­ты жи­нағы жа­рық көреді. Ол ту­ралы үлкен ақын әрі по­эзия білгірі Әбділда Тәжіба­ев «Со­ци­алистік Қазақстан» га­зетінде «Да­уыл­ды жыр­лар» де­ген мақала жа­зып, аса жоғары бағалай­ды. Осы жыл­да­ры Пуш­кин мен Лер­монтов­тың бірсы­пыра өлеңдеріне қоса, Пуш­киннің «Пол­та­ва» по­эма­сын ауда­рады. «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жи­нақта­рын шығара­ды. 1952 жы­лы «Таңда­малы шығар­ма­лары» жа­рық көреді. 1954 жы­лы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі «Өзім ту­ралы» толғауын аяқтай­ды.

Қасым­ның өлеңдері «Гро­за» де­ген ат­пен 1946 жы­лы, «Сти­хи» де­ген ат­пен 1949 жы­лы орыс тілінде же­ке кітап бо­лып ба­сыла­ды. Қасым Аман­жо­лов ұзаққа со­зылған науқас­тан 1955 жылғы қаңтар­дың 17-сінде қай­тыс бол­ды. Өлеңдері. Соғыс­тың ал­дында Қасым «Өз елім», «Да­уыл», «Нар тәуекел», «Талғар» тәрізді әдемі ли­рика­лық өлеңдер жаз­ды. Бұл өлеңдердің кейіпкері – өз елін, туған да­ласы­ның та­биғатын шексіз сүй­ген, «көк да­уыл­дай ке­уделі жігіт» бо­лып өскен қай­рат­ты за­ман­да­сы. Өмірге көзін аш­пай жа­тып, «жетімдік тағдыр» жел­ке­леген бал­дырған­ды өз тәрби­есіне алған Ота­нын ақын ерек­ше сезіммен жыр­лай­ды:

То­тали­тар­лық жүйе тұсын­да мықтап өркен жайған күдікшілдік, сен­беу, күйе жағу, пәле жа­бу сияқты ке­селді бұлай­ша әшке­релеу, зығыр­да­ны қай­най айып­тау да Қасым сияқты ілу­де біре­удің ғана қолы­нан кел­гені шын­дық. Қасым­ның осы тақырыпқа жазған өлеңдері соғыс жыл­да­рын­да, одан кейін де үзілген жоқ, қай­та күшейе, сал­мақта­на түсті. Он­дай зілді, ызғар­лы лебіздерді ақын­ның май­дан­нан Ғалиға, Ғаб­долға өлеңмен жазған хат­та­рынан да көру­ге бо­лады. Қасым по­эзиясын­дағы пат­ри­от­тық, отан­шылдық сезім соғыс жыл­да­рын­да ерек­ше күшейді. Соғыс­тың қатал да ащы шын­дығы ақын­ды да, оның жыр­ла­рын да тың өріс, жаңа биікке самғат­ты. 40-жыл­дардың ба­сын­да Қасым туған жер та­биғаты­ның әсем су­рет­терін жа­саған та­маша ли­рика­лық өлеңдер жаз­ды. Қиыр Шығыс­тан май­данға ат­та­нып ба­ра жатқан жол­да туған «Бай­кал», «Са­ры­арқа», «Ертіс», «Орал» ат­ты өлеңдерінде ақын ел та­биғаты­ның әсерлі көріністерін адам­ның отан­шылдық сезімімен те­рең бай­ла­ныс­та көрсе­теді. «Оралға» өлеңін:

Ора­лым, шықтың ал­дымнан,
Ора­лым, менің Ора­лым.
Қол со­зып қызыл ва­гон­нан
Үстіңнен өтіп ба­рамын,
деп бас­тап, он­да өткізген жас­тық дәурен қызықты шағын ри­залықпен ес­ке түсіреді.

Бұл – ақын жүрегін жа­рып шыққан, зор аза­мат­тық сезімнен туған, пат­ри­от­тық жыр. Қасым­ның кейінгі шығар­ма­шылығын­да да соғыс тақыры­бы едәуір орын ала­ды. «Да­риға, сол қыз» өлеңі өмір шын­дығын, ли­рика­лық кейіпкердің тебіренісін бей­не­леу ерек­шелігімен де, түр жағымен де ай­рықша жаңалық ретінде сүйіндіреді.

Қасым шығар­ма­шылығы – қазақ по­эзиясы­ның асыл үлгілерінің бірі. Ха­лықтың қара­пайым ор­та­сынан шыққан жа­лын­ды ақын өз тағды­рын туған елі та­рихы­мен тұтас­тықта сезініп, өз өлеңдерінде ха­лық жа­нына тән ерлік, ба­тыр­лық, жо­март­тық сезімді те­рең көрсетті. Оның ба­тыл ой­лы, сыр­шыл по­эзиясы­ның бұрынғысын­ша әсерлі де тар­тымды бо­лып ке­ле жатқаны да сон­дықтан. «Ақын Өлімі ту­ралы аңыз» по­эма­сы. Қ. Аман­жо­лов­тың ғана емес, бүкіл қазақ по­эзиясы­ның по­эма жан­рындағы үздік жетістігі бо­лып та­была­тын бұл ту­ын­дыға жас ақын Аб­долла Жұмағали­евтің май­дан­да көрсет­кен ерлігі арқау болған.