Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Асқар Тоқмағамбетов (1905 — 1983 жж.)

Асқар Тоқмағамбетов (1905 — 1983 жж.)

Аскар Токмагамбетов (1905–1983 гг.)

Асқар Тоқмағам­бе­тов (19.9.1905, Қызы­лор­да обл., Те­рең өзек ауда­ны, бұрынғы 18-пар­тия съезді атын­дағы кеңшар — 21.8. 1983, Қызы­лор­да қ.) — ақын, жа­зушы.

1932 жы­лы Моск­ва по­лиг­ра­фия инс­ти­тутын бітірген. «Ле­ниншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») (1927–30), «Ле­нин жо­лы» (Қызы­лор­да, 1933—34), «Қазақ әде­би­еті» (1934–35), «Со­ци­алистік Қазақстан» (қа-зіргі «Еге­мен Қазақстан») (1937–1944) га­зет­терінде, «Ара» жур­на­лын­да қыз­мет істеді. Қазақстан Жа­зушы­лар одағының Шым­кент (1935—37), Қызы­лор­да (1944–52, 1957–62) об­лы­сара­лық бөлімше­лерінің жа­уап­ты хат­шы­сы бол­ды. 1925 жы­лы «Ле­нин су­ретіне» ат­ты өлеңі түңғыш рет «Еңбекші қазақ» (казіргі «Еге­мен Қазақстан») га­зетінде жа­ри­ялан­ды. Алғашқы өлеңдер жи­нағы («Еңбек жы­ры», 1928) шықты. Таңда­малы шығар­ма­лары­ның жи­нақта­ры бірне­ше рет (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975) жа­рық көрді.

Тоқтағам­бе­тов ақын­дық жо­лының алғашқы ке­зеңінде (1925—30) отан­шылдық тақыры­бына ар­налған шығар­ма­лар жаз­ды. 2-дүни­ежүзілік соғысы жыл­да­рын­да жа­уын­герлердің май­дан­дағы ерліктерін, ха­лықтар дос­тастығы, соғыс­тан кейінгі жыл­дарда бейбіт өмір ты­нысын өз шығар­ма­лары­на арқау етті. Тоқтағам­бе­тов ка­зак әде­би­етіне еле­улі үлес қосқан. Оның по­эма­ларын тақыры­бы, түрі жағынан төрт топқа бөлу­ге бо­лады: кеңшар, ауыл өмірі; ел­ге еңбегі сіңген та­рихи адам­дарға ар­налған шы-ғар­ма­лары; Отан қорғау, ерлік; ха­лықтар дос­тығы тақырып­та­ры.

Ақын ли­рика­сының бір са­ласы — 1930—40 жыл­да­ры жа­зылған «Біздің Сәуле», «Қош аман бол», «Бәти­маның ха­ты», «Күт мені», «Сүй­ген жарға», т. б. әнге ар­налған өлеңдері. Тоқмағам­бе­тов про­за жан­рында да жемісті еңбек етті. Ы. Жақаев өмірін бей­не­лейтін «Қыран тұғыр­дан ұша­ды», Қазан төңкерісі қар­саңын­дағы ауыл өмірін су­рет­тейтін «Ақ-мон­шақ» (О. Бо­дықов­пен бірге) по­вес­терін жаз­ды. Қара­тау мен Сыр өңірі қазақта­ры тұрмы­сынан жа­зылған «Әке мен ба­ла» ро­манын кейін кай­та то­лықты­рып, «Қар­ба­лас­та» (1975) де­ген ат­пен жа­ри­яла­ды.

Тоқтағам­бе­тов — 19 ғасыр­да өмір сүрген ка­зак ақын­да­ры ту­ралы «Жыр күмбезі» (1975) ат­ты та­рихи ро­ман­ның ав­то­ры. Ақын­ның алғашқы са­тира­лық өлеңдер жи­нағы «Күлкі-сықақ» 1929 жыл­да­ры ба­сыл­ды. Тоқтағам­бе­тов «Әзірет Сұлтан», «Се­мафор ашық», «Екі заң» ат­ты дра­малық шығар­ма­лар, «Бәріміз де сон­дай бол­сақ» ки­нос­це­нарий де жаз­ды. С. Ай­нидің «Құлдар» ро­манын қазақшаға аудар­ды (1953). 1-дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ор­дендерімен және бірне­ше ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.