Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 — 1961 жж.)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 — 1961 жж.)

Ауэзов Мухтар Омарханович (1897–1961 гг.)

Мұхтар Омар­ханұлы Әуезов – Ұлы жа­зушы, қоғам қай­рат­кері, ғұла­ма ғалым, Қазақстан Ғылым ака­деми­ясы­ның ака­демигі (1946), фи­лоло­гия ғылым­да­рының док­то­ры, про­фес­сор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қай­рат­кері (1957).

Мазмұны:

  • 1. Өмірба­яны
  • 2. Алаш қозғалы­сы
  • 3. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пе­ясы
  • 4. Жа­зушы­ның дра­матур­гия са­ласын­дағы еңбек­тері
    • 4.1 Әуезов­дың дра­малық шығар­ма­лары
  • 5. Шығар­ма­лары
    • 5.1 Мұхтар Әуезов Шығар­ма­лыры шет тілінде шыққан ба­сылым­да­ры

Өмірба­яны

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан об­лы­сының Абай ауда­ны жерінде 1897 жы­лы жи­ыр­ма сегізінші қыркүйек­те туған. Алғашқыда 1908 жы­лы Се­мей­дегі Ка­малид­дин хазірет мед­ре­сесінде оқып, одан кейін орыс мек­тебінің дайын­дық кур­сы­на ауыса­ды. 1910 жы­лы Се­мей қала­лық бес клас­тық орыс қазы­на учи­лищесіне оқуға түсіп, соңғы кла­сын­да оқып жүрген­де «Да­уыл» ат­ты алғашқы шығар­ма­сын жа­зады.

Учи­лищені 1915 жы­лы аяқтап, Се­мей қала­лық мұғалімдер се­мина­ри­ясы­на түседі. Се­мина­ри­яда оқып жүріп Шәкерім Құдай­бердіұлы­ның «Жол­сыз жа­за» дас­та­нының негізінде «Еңлік – Ке­бек» пьеса­сын жа­зып, оны 1917 жы­лы ма­усым айын­да Ойқұдық де­ген жер­де сах­наға шығара­ды.

Ал­ма­тыдағы ес­керткіші. Мұхтар Омар­ханұлы Әуезов

Ман­са­бы: жа­зушы

Ұлты: қазақ

Еле­улі шығар­ма­сы (ла­ры): «Абай жо­лы», «Қараш-Қараш», «Еңлік-Ке­бек»

Жұбайы (ла­ры): Рай­хан, Кәми­ла, Ва­лен­ти­на

Ба­лала­ры: Мұғали­ма, Шоқан, Ел­дес (1927 ж. т.), Ләйлә (1929 ж. т.), Мұрат (1942 ж. т.)

Ре­сей­дегі са­яси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әке­леді. Ол Се­мей­де «Алаш жас­та­ры» одағын құрып, түрлі үйірме­лердің ашы­лу­ына ұйытқы бо­лады. Жүсіпбек Ай­ма­уытов­пен бірігіп жазған «Қазақтың өзге­ше мінез­дері» ата­латын алғашқы мақала­сы 1917 жы­лы 10 на­урыз­да «Алаш» га­зетінде ба­сыл­ды. 1918 жы­лы 5 – 13 ма­мыр­да Ом­бы қала­сын­да өткен Жал­пы қазақ жас­та­рының құрыл­тайына қаты­сып, оның ор­та­лық атқару ко­митетінің мүшесі бо­лып сай­ла­нады. Әуезов жа­зушы Ай­ма­уытов­пен бірлесіп Се­мей­де «Абай» ғылы­ми-көпшілік жур­на­лын шығаруға қаты­сады. 1919 жы­лы се­мина­ри­яны бітіріп, қоғам­дық-са­яси жұмысқа ара­ласа­ды. 1919 жы­лы жел­тоқсан­ның төртінде Се­мей­де боль­ше­вик­тер билігі ор­нап, Әуезов Се­мей губ­ревко­мының жа­нынан ашылған қазақ бөлімінің меңге­рушісі және «Қазақ тілі» га­зетінің рес­ми шығару­шысы бо­лып тағайын­да­лады. 1921 жы­лы қара­ша айын­да Қазақ АКСР-і Ор­та­лық атқару ко­митетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сай­ла­нып, он­да кадр мәсе­лесімен ай­на­лыса­ды. Сол жы­лы «Қорған­сыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» жур­на­лының №3 – 4 сан­да­рын­да жа­ри­ялан­ды. 1922 жы­лы күзде Таш­кент­тегі Ор­та Азия уни­вер­си­тетіне тыңда­ушы бо­лып оқуға түседі әрі «Шол­пан» және «Са­на» жур­налда­рына жұмысқа ор­на­ласа­ды. Осы ба­сылым­дарда «Қыр су­рет­тері», «Қыр әңгіме­лері», «Үй­ле­ну», «Оқыған аза­мат», «Кім кінәлі», «За­ман ер­кесі» («Сөніп-жа­ну») әңгіме­лері жа­ри­яла­нады. 1923 жы­лы ма­усым айын­да Ле­нинг­рад (қазіргі Санкт-Пе­тер­бург) мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің қоғам­дық ғылым­дар фа­куль­тетінің тіл-әде­би­ет бөліміне оқуға ауыса­ды. 1924 – 1925 жы­лы Се­мей­дегі мұғалімдер тех­ни­кумы­на оқыту­шылыққа қал­ды­рыл­ды. Сон­да жүріп «Таң» жур­на­лын шығара­ды. Он­да «Кінәмшіл бой­жет­кен», «Қара­лы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жу­ан­дық» әңгіме­лері жа­ри­ялан­ды. 1925 жы­лы Ле­нинг­радқа қай­тып ба­рып, оқуын жалғас­ты­рады. 1926 жы­лы жаз айын­да Се­мей­ге ар­найы ғылы­ми экс­пе­диция ұйым­дасты­рып, оның ма­тери­ал­да­ры негізінде жа­зылған «Әде­би­ет та­рихы» мо­ног­ра­фи­ясы 1927 жы­лы кітап бо­лып шығады. 1927 жы­лы жаз­да Жетісу өңіріне са­пар­мен келіп, Іли­яс Жансүгіров­пен бірге бо­лашақ шығар­ма­лары­на ма­тери­ал жи­най­ды. Ле­нинг­радқа қай­тып ора­лысы­мен, осы ма­тери­ал­дар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» по­весін, «Қилы за­ман» ро­манын, «Хан Ке­не» пьеса­сын жа­зады. 1928 жы­лы Ор­та Азия мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің ас­пи­ран­ту­расы­на қабыл­данды әрі Қазақ ағар­ту инс­ти­тутын­да са­бақ берді.

Алаш қозғалы­сы

Алаш қозғалы­сының көсем­дерімен бірге 1930 жы­лы 16 қыркүйек­те тұтқын­да­лып, 1932 жы­лы сәуір айын­да үш жылға шарт­ты түрде бас бос­тандығынан айырыл­ды. Де­ген­мен ма­усым айын­да түрме­ден бо­саты­лып, Қазақ пе­даго­гика инс­ти­туты­ның (Қаз­ПИ-дің) аға оқыту­шысы бо­лып қыз­мет істейді. Осы жыл­да­ры те­атр, дра­матур­гия, мәде­ни­ет пен өнер, әде­би­ет, фоль­клор та­рихы, орыс әде­би­етінің клас­сиктері ту­ралы мақала­лары үзбей жа­ри­яла­нып тұра­ды. Әуезов сце­нарийі бойын­ша «Рай­хан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жы­лы Мәске­уде өткен қазақ әде­би­еті мен өнерінің онкүндігіне қаты­сады. Осы жыл­да­ры «Абай» ро­манын жа­зуға кірісіп, оны 1941 жы­лы бітіреді. «Абай» ро­маны­ның жа­рық көруі (1942) Қазақстан­ның мәде­ни өміріндегі ерек­ше оқиға бол­ды. 1943 жы­лы «Абай» ро­манын талқылау үлкен науқанға ай­на­лады. 1946 жы­лы ро­ман­ның екінші кіта­бын жа­зып бітіріп, ол 1947 жы­лы жа­рық көреді. 1950 жы­лы ро­ман-эпо­пе­яның «Ақын аға» ата­латын үшінші кіта­бы жа­рық көреді. 1943 жыл­дың қыркүйегінен бас­тап Қазақтың мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің (Қаз­МУ-дің) қазақ әде­би­еті ка­фед­ра­сына про­фес­сор бо­лып ор­на­ласып, өмірінің соңына дейін сон­да дәріс оқыды. 2-дүни­ежүзілік соғыс жыл­да­рын­да «Сын сағат­та» (1941), «На­мыс гвар­ди­ясы» (жа­зушы Әлжап­пар Әбішев­пен бірігіп, 1942), «Қынап­тан қылыш» (1945) пьеса­лары мен «Абай» опе­расы­ның либ­ретто­сын (1944), «Абай әндері» фильмінің сце­нарийін (1945) жа­зады. 1946 жы­лы Қазақстан Ғылым ака­деми­ясы құрылған­да, оның то­лық мүшесі (ака­демик, №1 куәлік) бо­лып сай­ла­нады, фи­лоло­гия ғылым­да­рының док­то­ры, про­фес­сор атағы берілді. 1951 – 1954 жыл­да­ры Әуезов са­яси-иде­оло­ги­ялық тұрғыдан тағы да қыс­паққа алы­нып, 1953 жы­лы сәуір айын­да Мәске­уге жа­сырын ат­та­нып ке­туге мәжбүр бо­лады. Мәскеу мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінде про­фес­сор бо­лып ор­на­ласып, «КСРО ха­лықта­ры әде­би­етінің та­рихы» де­ген ар­найы курс бойын­ша дәріс берді. 1954 жы­лы Ал­ма­тыға қай­тып ора­лып, «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пе­ясын түпкілікті аяқта­ды.

1955 жы­лы шет ел­ге са­парға шығып, Гер­ман де­мок­ра­ти­ялық рес­публи­касы (ГДР) жа­зушы­лары­ның Бер­линде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатыс­ты. Үндістанға 40 күндік са­пар­мен ба­рып қай­та­ды. 1956 жы­лы КСРО мәде­ни­ет қай­рат­керлері өкілдерінің қата­рын­да Че­хос­ло­ваки­яда бол­ды. Жа­зушы­ның 60 жасқа то­лу ме­рей­тойы Ал­ма­тыда, Мәске­уде сал­та­нат­пен атап өтіледі. Атом және су­тек бом­ба­сын сы­науға қар­сы ха­лықара­лық қозғалыс­тың Жа­пони­яда өткен 3-кон­фе­рен­ци­ясы­на қаты­сады. 1958 жы­лы Таш­кент­те өткен Азия және Аф­ри­ка ел­дері жа­зушы­лары­ның 1-кон­фе­рен­ци­ясын ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі бол­ды. 1960 жы­лы АҚШ-қа ба­рып қай­тып, 1961 жы­лы Үндістанға екінші рет са­пар ше­геді. 1955—1957 жы­лы ал­ты том­дық таңда­малы шығар­ма­лары ба­сылып шығады.

Еңбек Қызыл Ту ор­деніӘуезовтің мұра­cының аса қомақты бөлігі – оның ғылы­ми зерт­те­улері. Ол қазақ ауыз әде­би­етін жи­нақтап, жүйелеп, қазақ әде­би­еті та­рихы, Абай­дың өмірі мен шығар­ма­шылығы, әде­би­ет­та­ну мен фоль­клор­дың те­ориялық-проб­ле­малық мәсе­лелері жөнінде іргелі еңбек­тер жаз­ды. Қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері ретінде Әуезов жи­ыр­ма­дан ас­там шет ел­дерде бо­лып, адам­зат қоғамы­ның да­муы, ру­хани ын­ты­мақтас­тық үшін өз көзқара­сын білдірді. Әлем ха­лықта­ры оның «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пе­ясын ай­рықша құбы­лыс ретінде та­ныды. 1961 жыл­дың жи­ыр­ма жетінші ма­усы­мын­да Мәскеу қала­сын­дағы ауру­хана­да қай­тыс бол­ды; Ал­ма­ты қала­сын­да жер­ленген. Сол жы­лы Қазақстан Ғылым ака­деми­ясы­ның Әде­би­ет және өнер инс­ти­туты­на оның есімі берілді, одан кейін жа­зушы тұрған үй­де мұра­жай-үйі (1963) ашы­лып, ес­керткіштер ор­на­тыл­ды. Қазақ ака­деми­ялық дра­ма те­ат­ры, Ал­ма­ты, Ас­та­на, Се­мей және басқа қала­лар мен об­лыстар­дағы аудан, ауыл, көше, мек­тептер Әуезов есімімен ата­лады. Мұхтар Әуезовтің туғаны­на 100 жыл то­луы ЮНЕС­КО-ның шешімімен, дүни­ежүзілік деңгей­де (1997) ата­лып өтті.

Туған жері — бұрынғы Се­мей уезінің Шыңғыс бо­лысы (қазіргі Шығыс Қазақстан об­лы­сының Абай ауда­ны). Әкесі Омар­хан мен ата­сы Әуез са­уат­ты кісілер болған. Мұхтар ата­сының қолын­да өскен. Ата­сы Әуез бен әжесі Діна­сыл­дың тәрби­есінде болған ба­ла Мұхтар­дың алғаш са­уатын ашу­шы да ата­сы. Со­ның арқасын­да ол ал­ты жа­сынан Абай­дың өлеңдерін ауыл­даста­рына жатқа оқып бе­ретіндей дәре­жеге же­теді. 1908 жы­лы хазірет мед­ре­сесінде оқып, одан орыс мек­тебінің дайын­дық кур­сы­на ауыса­ды. 1910 жы­лы бес клас­тық орыс учи­лищесіне түседі. Осы жер­де оқып жүріп «Да­уыл» ат­ты алғашқы шығар­ма­сын жа­зады. 1915 жы­лы Се­мей қала­лық мұғалімдер се­мина­ри­ясы­на қабыл­да­нады. Оқып жүрген­де Шәкәрім Құдай­бердіұлы­ның «Жол­сыз жа­за» дас­та­ны негізінде «Еңлік-Ке­бек» пьеса­сын жа­зып, оны 1917 жы­лы ма­усым айын­да Ойқұдық де­ген жер­де тіркестіріп тіккен киіз үй сах­на­сына шығара­ды. 1918 жы­лы М. Әуез Се­мей қала­сының өкілі ретінде Ом­бы қала­сын­да өткен жал­пы қазақ жас­та­рының құрыл­тайына қаты­сып, оның ор­та­лық атқару ко­митетінің мүшесі бо­лып сай­ла­нады. Құрыл­тай­да «Алаш¬ор­да» үкіметі мен Алаш қозғалы­сының бағытын ұстанған «Жас аза­мат» ат­ты Бүкілқазақстан­дық жас­тар ұйымы құры­лады. Ұйым­ның бел­сенді мүшесі бо­ла жүріп, «Абай» ғылы­ми-көпшілік жур­на­лын шығаруға (Ж. Ай­ма­уытов­пен бірге) ат­са­лыса­ды. 1919 жы­лы — Се­мей губ­ревко­мының жа­нынан ашылған қазақ бөлімінің қыз­меткері, 1920жыл­дың ақпа­нынан бөлім меңге­рушісі. «Қазақ тілі» га­зетінің рес­ми шығару­шысы бо­лып тағайын­да­лады. 1921 жы­лы Се­мей обл­рев­ко­мының төралқа мүшесі, атқару ко­митетінің төрағасы қыз­метін атқара­ды. 1921 жылғы қара­ша айын­да Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сай­ла­нып, он­да са­яси хат­шы міндетін атқарып, кадр мәсе­лесімен ай­на­лыса­ды. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» га­зетіне бас­шы­лық жа­сай­тын тұсы да осы ке­зеңмен дәлме-дәл ке­леді. Бір қыс Таш­кент­тегі Ор­та Азия мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінде, төрт жыл Ле­нинг­рад уни­вер­си­тетінде оқып, фи­лоло­гия фа­куль­тетін бітіреді. Сол жы­лы Ор­та Азия уни­вер­си­тетінің Шығыс фа­куль­тетінің жа­нын­дағы ас­пи­ран­ту­рада оқиды. Ұлттық теңсіздік пен са­уат­сыздықты, аш­тықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығар­ма­лары үшін «ұлтшыл, ала­шор­да­шыл» ата­нып, са­яси сах­на­дан шет­те­ту бас­талған тұста Мұхаң бірыңғай шығар­ма­шылық жұмыс­пен ай­на­лысуға көшеді. Ғылы­ми жұмыс­тарды да қолға ала­ды. 1930 жы­лы иде­ялық көзқара­сы үшін тұтқынға алы­нады. Тер­геу ұзаққа со­зылып, 1932 жылғы сәуір айын­да үш жылға шарт­ты түрде бас бос­тандығынан айыру ту­ралы үкім шығары­лады. Осы жылғы 10 ма­усым күнгі «[[Со­ци­алистік Қазақстан]]» және «Ка­захс­тан­ская прав­да» га­зет­терінде М. Әуезовтің «Ашық ха­ты» жа­ри­яла­нады. Он­да Мұхаң өзінің қазақ әде­би­етінің та­рихы және Абай ту­ралы зерт­те­улерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Ке­бек», «Хан Ке­не», «Қилы за­ман» сияқты шығар­ма­лары­нан бас тар­та­тынын мәлімде­уге мәжбүр бол­ды. Со­нан кейін ғана ол түрме­ден бо­саты­лып, оқыту­шылық жұмыс­пен ай­на­лысуға рұқсат ал­ды. Ол 1961 жы­лы 27 ма­усым­да Мәскеу қала­сын­дағы Кремль ауру­хана­сын­да опе­рация кезінде қай­тыс бол­ды. 1961 жы­лы қай­тыс болған­нан кейін Рес­публи­ка Үкіметі қаулы қабыл­дап, ұлы жа­зушы­ның есімін мәңгі ес­те қал­ды­ру мақса­тымен Ғылым ака­деми­ясы­ның Әде­би­ет және өнер инс­ти­туты мен [Қазақтың мем­ле­кеттік ака­деми­ялық дра­ма те­ат­ры|[Қазақтың мем­ле­кеттік ака­деми­ялық дра­ма те­ат­ры­на]] Мұхтар Әуезов­тың аты беріледі, әде­би ме­мори­ал­дық мұра­жайы ашы­лып, бірқатар мек­теп, көше және Ал­ма­тының бір ауда­ны М. Әуезов аты­мен атал­ды.

«Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пе­ясы

«Абай жо­лы» – Мұхтар Әуезов­тың әлем­ге әйгілі ро­ман-эпо­пе­ясы. «Абай жо­лы» – қазақтың көркем про­засын клас­си­калық деңгейіне көтеріп, әлем әде­би­етіне көркемдік қуат әкел­ген үздік ту­ын­ды. Әуезов өзінің ро­ман-эпо­пе­ясын­да қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін бар­лық қыры­нан эн­цикло­педи­ялық деңгей­де жан-жақты ашып көрсетті. Әуезов­тың Абай жо­лыро­ман-эпо­пе­ясы әлемдік деңгей­де: «ХХ ғасыр­дағы ең үздік шығар­ма­лар­дың бірі» (Луи Ара­гон) де­ген жоғары баға ал­ды. Сон­дай-ақ бұл ро­ман-эпо­пея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне та­нытқан ұлы шығар­ма ретінде де та­ныл­ды. Әуезов алғашқыда екі кітап­тан тұра­тын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы бо­лып та­была­тын «Абай жо­лы» (бұл да екі кітап­тан тұра­тын; 1952, 1956) ро­манын жаз­ды. Осы төрт том­нан тұра­тын «Абай жо­лын­да» қазақ қоғамы­ның алу­ан түрлі топ­та­ры кең қам­ты­лып, сан қыр­лы тұтас га­лерея жа­сал­ды. Он­да қазақ халқының эт­ногра­фи­ялық, діни, жал­пы мәде­ни-та­ным­дық дәстүрлері: жаз жай­лауға көшу, құда­лыққа ба­ру мен той жа­сау, кісі өлімі мен аза тұту, ас бе­ру, жұт, бо­лыс сай­ла­уы, дауға билік ай­ту, аң аулау мен та­биғат көріністері, т. б. бәрі бар. Ро­ман-эпо­пе­яның та­ным­дық мәнімен бірге ұлттық әде­би­ет пен мәде­ни­етті, ана тілін өркен­де­тудегі рөлі зор бол­ды. Алғашқы екі кітап­тан тұра­тын «Абай» ро­маны үшін жа­зушыға КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығы (1949) беріліп, төрт том­дық «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пе­ясы жа­рық көрген­нен кейін ол Ле­ниндік сый­лықтың ла­уреаты (1959) атан­ды. Эпо­пея дүние жүзі ха­лықта­рының бір жүз он ал­ты тіліне ауда­рылған. Ол екі жүз том­дық «Әлем әде­би­еті кітап­ха­насы» топ­та­масын­да екі том бо­лып ба­сыл­ды.

Жа­зушы­ның дра­матур­гия са­ласын­дағы еңбек­тері

Әуезов дра­матур­гия са­ласыңда көп еңбек ет­кен. Мұның бірне­ше се­беп­тері бар. Ха­лық әде­би­етінде, фоль­клор­да түр жағынан дра­матур­гияға жақын нұсқалар көп. Ба­тыр­лар жы­рын­да толғаулар мол. Салт өлеңдері, бе­ташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі мазмұны жағынан дра­малық шығар­ма­лар­мен ағайын­дас.

20 ғасырға дейін қазақтың ха­лық әде­би­етінде дра­матур­гияға өзек бо­латын мол қазы­на жи­нал­ды. Осы бай­лықты игер­ген қалам­гер — Әуезов Ол ха­лық әде­би­етінен нәр ал­ды. Әри­не қазақтың көшпелі өмірі, қала­ның бол­ма­уы дра­матур­ги­яның да­му­ына ке­дергі жа­сады. Қазақ тұрмы­сын­дағы са­уық түрлері, қыз ұза­ту сал­та­наты, ал­ты­бақан ойын­да­ры тұңғыш дра­маға енгізілді. Әуезов көп ұлтты те­атр­да істе­ген. Осы тәжіри­бе оған сах­на сы­рын же­те үй­ретті.

Әуезов­дың дра­малық шығар­ма­лары

Әуезов қала­мынан 30-дан аса дра­малық шығар­ма ту­ды. Же­ке пьеса­лар­дың ва­ри­ант­та­рын қос­сақ, 50-ден аса­ды. Әуезов дра­матур­ги­ясын­да жанр­лық фор­ма­лар­дың бәрін қам­тыған. Он­да тра­гедия да, ко­медия да, дра­ма да бар. Әуезов кейбір шығар­ма­ларын бірігіп жазған. Олар: Л. Со­болев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан — Зай­ра»), Ғ. Мүсіре­пов («Қынап­тан қылыш»), Ә. Тәжіба­ев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («На­мыс гвар­ди­ясы»), «Ок­тябрь үшін» (1933) пьеса­сының ма­тери­ал­да­ры — Жетісү қазақта­рының ре­волю­цияға ке­луі. Кейіпкер­лері — Д. Фур­ма­нов, Ж. Бәріба­ев. Кітап­тың мұқаба­сын­да «Мұны жа­зуға Қ. Бай­сейітов, Бе­ков­тар қатыс­ты» де­ген сөздер бар. Әуезовті әде­би­ет­ке «Еңлік — Ке­бек» алып келді. Шығар­ма өзегі — эпос­тық ма­тери­ал. Әлемдік әде­би­ет­тегі мұндай тәжіри­бе енімді дәстур­лердің бірі. Әуезовтің «Еңлік — Ке­бегі» 1922 жы­лы Орын­борда ба­сыл­ды. Кейіпкер­лері сах­на тілімен сөй­лейді. Ав­тор өзінен бұрынғы мо­тив­терден алыс кет­пе­ген. Би­лер сах­на­сы — көркемдік та­маша та­быс. Кемшілік, олқылықтар­ды ес­керіп, Әуезов пьеса­ны 1943 жы­лы қай­та жаз­ды. Бірне­ше көрініс қысқар­ды. Аса те­рең, мәнді шығар­ма­ның бірі — «Түнгі са­рын». Бұл — қазақ дра­матур­ги­ясын­да ре­ализмнің ор­ныққанын көрсеткөн ту­ын­ды. Мұнда көркемдік шешім ақын­дық иде­ал­мен тығыз бай­ла­ныс­ты. Тап­тық тар­тыс шығар­ма­да жай схе­ма түрінде емес, адам тағдыр­ла­ры арқылы бей­не­ленеді. «Т. с.» — қазақ дра­матур­ги­ясын­да жағым­ды кейіпкер­лер проб­ле­масын шеш­кен ту­ын­ды. «Ок­тябрь үшін», «Тар­тыс»пьеса­ларын­да Әуезов ре­алистік дра­ма жа­са­удың түрлі-түрлі құрал­да­рын пай­да­ланған. 1934 жы­лы сах­наға шыққан «Хан Ке­не»тра­геди­ясы Әуезовтің азат­тық иде­ясын те­рең бей­не­леген, аса көркем та­рихи пьеса­сы. Мұнда Хан Ке­ненің, На­урыз­бай ба­тыр­дың, қазақ, қырғыз би­лерінің ре­алистік бей­не­лері жа­салып, та­рихи шын­дық пен көркем шын­дық та­биғи бірлік тапқан. «Қарагөз»1926 жы­лы бірінші сый­лық ал­ды. 30-жыл­дардағы белгілі әде­би­ет сын­шы­сы Ғ. Тоғжа­нов тра­геди­яда ескі көшпелі өмірді ма­дақтау бар дейді. Ж. Ор­манба­ев­тың да бір мақала­сын­да осын­дай пікірі ай­тылған­ды. Әуезов бұл пьесаға кейін кай­та ора­лып, жаңа нұсқа жа­сады. 30- жыл­да­ры Әуезов ре­ализмді меңге­руде көп еңбек етті. Әсіре­се дра­матур­ги­яда көпте­ген ізденістер­ге бар­ды. 1918 жы­лы Әуезов тұңғыш рет Абай жай­лы мақала жа­зып, Абай за­маны ту­ралы білген, естіген­дерін қағазға түсірген. Л. Со­болев­пен бірлесіп жазған «Абай» пьеса­сы кейінгі эпо­пея тақыры­бының бар­ла­уы еді. Он­да Абай өмірінің соңғы ке­зеңдері қам­тылған. 30-жыл­дардың аяғын­да Әуезов білімі жөнінен, ру­хани то­лысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақыры­бына осын­дай шақта ке­леді. Ав­тор Абайға лайық сөз өрнек­терін тапқан. Бұл тра­гедия қоғам­дық мені бар күрделі жағдай­лар­ды көрсе­теді. Шығар­ма­да тар­тыс, әре­кет бірлігі мықты. Пьеса­да қақтығыс көп. Осы пьеса­ның негізінде кейін опе­ра либ­ретто­сы, ки­нос­це­нарий жа­зыл­ды. Тра­геди­яны тұңғыш сах­наға қойған — Асқар Тоқпа­нов. Абай рөлін Қ. Қуаныш­баөв ой­на­ды. Дра­ма фор­ма­сын Әуезов көп байыт­ты. Әуезов фан­тасти­капық пьеса да жазған. Ол — «Дос — Бе­дел дос». Пьеса­да «бір адам әр түрлі фор­ма­ци­яда өмір сүрсе қан­дай бо­лар еді» де­ген сұрауға жа­уап іздейді. Әуезов дра­матур­ги­ясын­да қазақ халқы өмірінің сан алу­ан қыр­ла­ры үлкен ше­берлікпен көрсетілген. Өмірдің те­рең қабат­та­рын қопа­рып, типтік жағдай­лар­дағы ха­рак­терлерді дәл та­уып, олар­дың өза­ра қақтығысы­нан туған үлкен тар­тыстар­ды көрсе­ту — Әуезов пьеса­лары­ның бас­ты ерек­шеліктерінің бірі. Шығар­ма­ларға құбы­лыс­тың сырт көрінісі, яки адам­дар ара­сын­дағы ұсақ инт­ри­галар емес, әле­уметтік конф­ликтілер негізгі ар­на бо­лады. Әуезов — қазақ дра­матур­ги­ясы­ның жаңашы­лы. Ол дүни­ежүзілік дра­матур­ги­яның асыл үлгілерін оқып, ауда­ру арқылы ше­берлік мек­тебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьеса­ның еуро­палық үлгісіне со­ны ұлгтық бо­яу, нақыш қос­ты. Қазақтың ежелгі өде­би­етіндегі дра­матур­гияға жақын үлгілерді (ай­тыс, бе­ташар, жар-жар, ше- шендік да­уы) жаңашыл­дықпен пай­да­лана білді.

Әуезов тра­геди­яла­рын­да сан алу­ан об­раздар га­лере­ясы бар. Олар өздеріне ғана төн, ай­рықша сөздік си­пат­та­мала­рымөн көйіптел­ген. Әуезов — қазақ әдөби тілін да­мытуға ора­сан мол үлес қосқан, ре­фор­ма- тор су­рет­кер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пай­да­лана­ды. Мақал-мәтәлдерді, айқыш­ты сөздерді, фра­залар­ды бағды күйіндө ала сал­май, олар­ды өз мақса­тына орай жаңғыр­тып, жай­на­тып, қай­та­дан құйып шығар­ды. Әуезов пьеса­лары — қазақ еде­би­етінің ал­тын жам­ба­дай қым­бат, асыл шығар­ма­лары, біздің ұлттық мақта­нышы­мыз.

Шығар­ма­лары;

  • Әде­би­ет та­рихы, Қызы­лор­да, 1927;
  • Әр жыл­дар ой­ла­ры, А., 1959;
  • Мыс­ли раз­ных лет, А., 1961;
  • Уақыт және әде­би­ет, А., 1962;
  • Абай Құнан­ба­ев, А., 1967;
  • Абай­та­нудан жа­ри­ялан­баған ма­тери­ал­дар, А., 1988;
  • Абай­та­ну дәрістері, А., 1995;
  • Ес­кермедім, қабыл­да­мадым, А., 1998;
  • Абай­та­ну оқула­ры, А., 1998.

Мұхтар Әуезов Шығар­ма­лыры шет тілінде шыққан ба­сылым­да­ры

  • Абай жо­лы. Ро­ман-эпо­пея, А., 1952, 1953, 1955, 1956, 1958, 1961, 1979, 1980 (орыс тілінде: Путь Абая. Ро­ман-эпо­пея, М., А., 1952, 1955, 1957, 1958, 1960, 1965, 1971);
  • Ар­мян тілінде: Абай. Ро­ман, Ере­ван, 1952;
  • Әзер­бай­жан тілінде: Абай. Ро­ман, Ба­кы, 1954;
  • Башқұрт тілінде: Абай юлы. Ро­ман-эпо­пея, Өфә, 1961;
  • Қырғыз тілінде: Та­рыхый ро­ман, Фрун­зе, 1—2 кітап, 1957;
  • Абай жо­лу. Ро­ман-эпо­пея, 1957 — 63;
  • Ла­тыш тілінде: Abajs. Ro­man, І — ІІ, Rіga, 1948 — 49;
  • Aba­ja Cels, І — ІІ — ІІІ — ІV, Rіga, 1963;
  • Kok­se­reks. «Dru­va”, ғ15, 1960;
  • Лит­ва тілінде: Suvіs Kal­nu­ose, Vіlnіus, 1963;
  • Aba­jus. Ro­manas І — ІІ, Vіlnіus, 1950;
  • Aba­ja­us Kelіas, Vіlnіus, 1960;
  • Ja­unojі kar­ta [Өскен өркен], Vіlnіus, 1969;
  • Мол­до­ва тілінде: Абай, І — ІІ, Ки­шинэу, 1959 — 62;
  • Ви­цэ ты­нэрэ [Өскен өркен], Ки­шинэу, 1969;
  • Тәжік тілінде: Са­дои тир­дар ағба [Қараш-Қараш оқиғасы], 1962;
  • Но­зани­ни мо­там ги­риф­та [Қара­лы сұлу], 1967;
  • Абай, Ста­лина­бод, 1955 — 57;
  • Та­тар тілінде: Абай. Та­рихи ро­ман, 1 — 2 т., Ка­зан, 1957 — 60;
  • Ты­ва тілінде: Көк ка­ар­рак, Кы­зыл, 1964;
  • Ча­лыы сал­ган, [Өскен өркен], Кы­зыл, 1969;
  • Түрікмен тілінде: Абай. Ро­ман, 1—2, Аш­ха­бад, 1958;
  • Абайың елы, Аш­ха­бад, 1961;
  • Өзбек тілінде: Бур­гутчи, Тош., 1960;
  • »Уқимиш­ли йигит", Тош., 1960;
  • Қараш — Қараш вақеаси, Тош., 1962;
  • Ку­кел, Тош., 1964;
  • Абай, І — ІІ к., Тош., 1951 — 52;
  • Абай йули, Тош., 1957, 1959, 1960;
  • Ұйғыр тілінде: Абай. Ро­ман, 1 — 2 к., А., 1949, 1954;
  • Абай йоли, А., 1955, 1957, 1962;
  • Ук­ра­ин тілінде: Сірий лю­тий, Киів, 1955;
  • Эс­тон тілінде: Abaі. Ro­ma­an, І — ІІ kn, Tallіn, 1950, 1951;
  • Abaі tee. Ro­ma­an-epo­poa, Tallіn, 1960;
  • Cа­ха тілінде: Абай. Якутск, 1965;
  • Ағыл­шын тілінде: Abaі. Bo­ok one, M., 1957;
  • Abaі. Bo­ok two, M., 1957; Араб тілінде: Қорған­сыздың күні, М., 1966;
  • Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1967; Бен­гал тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1966;
  • Бол­гар тілінде: Абай. Пъ­рва кн., Со­фия, 1950;
  • Пъ­тят на Абай, Со­фия, 1964;
  • Мадьяр тілінде: Egy Kol­to ut­ja [Ақын жо­лы], Bu­dapest, 1956;
  • Моңғол тілінде: «Абай жо­лы». Ро­ман-эпо­пея, 1 т., 1972; 2 т., 1978;
  • Вьет­нам тілінде: Жас Абай, 1 — 2 т., Ха­ной, 1965;
  • Неміс тілінде: Derqrіmіge Gra­ue [Көксе­рек], Вerlіn, 1962 — 64 — 65;
  • Der Schuss auf dem Gebіrqspass [Қараш — Қараш оқиғасы], Вerlіn, 1964;
  • Abaі. Ro­ma­an, І — ІІ b., M., 1953;
  • Пар­сы тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1966;
  • По­ляк тілінде: Ok­rutny sza­ry [Көксе­рек], Wars­za­wa, 1961;
  • Syn Ka­zach­cta­na (Abaj), Powіesc, 1, Wars­za­wa, 1950;
  • Syn Ka­zach­cta­na (Abaj), Powіesc, 2, Wars­za­wa, 1951;
  • Dro­ga Aba­ja, Wars­za­wa, 1954;
  • Ру­мын тілінде: Abaj. Ro­man, Bu­curestі, 1950;
  • Abaj. Ro­man-epo­pea, Bu­curestі, 1961;
  • Cло­вак тілінде: Abaj, Bratіsla­va, 1951;
  • Aba­jova ces­ta, Bratіsla­va, 1961;
  • Фран­цуз тілінде: Abaі, Parіs, 1960;
  • Le co­up de feu, M., 1963;
  • Хин­ди тілінде: Қараш — Қараш оқиғасы, М., 1967;
  • Чех тілінде: Abaі. Ro­man, Pra­ha, 1948;
  • Әр жыл­дар ой­ла­ры, А., 1959;
  • Мыс­ли раз­ных лет, А., 1961;
  • Уақыт және әде­би­ет, А., 1962;
  • Өскен өркен, А., 1962;
  • Абай Құнан­ба­ев, А., 1967;
  • Абай­та­нудан жа­ри­ялан­баған ма­тери­ал­дар, А., 1988;
  • Абай­та­ну дәрістері, А., 1995;
  • Ес­кермедім, қабыл­да­мадым, А., 1998.
  • Шығ. жин., 6 том­дық, А., 1955 — 57;
  • Шығ. жин., 12 том­дық, А., 1967 — 69;
  • Путь Абая, Биб­ли­оте­ка Все­мир­ной ли­тера­туры, сер. 3, т. 7 (134) — 8 (135), М., 1971;
  • Собр. соч. в 5 то­мах, 1 — 5-т., М., 1973 — 75;
  • Шығ. жин., 20 том­дық, А., 1979 — 85.