Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Кенен Әзірбаев (1884 — 1976 жж.)

Кенен Әзірбаев (1884 — 1976 жж.)

Азербаев Кенен (1884–1976 гг.)

Ке­нен Әзірба­ев (1884–1976) — қазақтың әйгілі ха­лық ақыны, ком­по­зитор. Қазақстан­ның еңбек сіңірген өнер қай­рат­кері. Ту­ып-өскен жері – Жам­был об­лы­сының Қор­дай ауда­нын­дағы Мәтібұлақ де­ген өңір.

Ғасырға жуық ғұмыр кеш­кен Ке­нен өзі өмір сүрген за­ман­дағы әйгілі «июнь жар­лығы», со­нымен са­бақтас 1916 жылғы ұлт-азат­тық қозғалы­сы, одан соңғы Қазан төңкерісі, ұжым­дасты­ру науқаны, ха­лық дәулетінің жап­пай тәркіле­нуі, ха­лықты қына­дай қырып кет­кен ашар­шы­лық, реп­рессия, соғыс, одан кейінгі тың иге­ру мен екпінді құры­лыс­тар са­лу ба­рысын­дағы жел­бу­аз ұран­шылдық сияқты ха­лық тағды­рына түбе­гейлі өзгеріс енгізген та­рихи оқиғалар­дың бел ор­та­сын­да бол­ды. Жай сырт­тай бақыла­ушы емес, сол та­рихи оқиғаларға Ке­нен сер­гек ара­ласып, өзінің аза­мат­тық по­зици­ясын бойын­дағы бу­ырқанған да­рыны арқылы айғақтап отыр­ды. Бұл рет­те, Ке­неннің әнші, ақын, жы­рау, күйші ретіндегі алу­ан ар­на­лы шығар­ма­ларын өзі өмір сүрген за­маны­ның жан­ды шежіресі де­уге бо­лады. Ол өз ғұмы­рын­да жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі ту­ын­да­тып, бұған қоса асқан ше­берлікпен өзі орын­даған бірту­ар да­рын иесі.

Сон­дай-ақ, екі жүздей ли­рика­лық, ди­дак­ти­калық ар­на­улар мен толғаулар­дың ав­то­ры. Оның ре­пер­ту­арын­да оңдаған эпи­калық жыр-дас­тан болған. Сол жыр-дас­тандар­ды таңды-таңға ұрып жыр­лап, тыңда­ушы­сының құлақ құры­шын қан­ды­рып, ха­лықтың ру­хани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жыр­дың кенші атанған Жетісу­дың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақын­дық-жыр­шы­лық, сал-серілік дәстүрін те­рең игер­ген өнер тар­ла­ны. Ке­неннің да­рын те­ге­уріні қазақтың ән өнерін әуендік ин­то­наци­ялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктер­ге көтеріп, тақырып аясы­на та­рихи-әле­уметтік тың мазмұн да­рытып, со­ны өрістер­ге алып шықты. Оның «Боз­торғай», « Көкшо­лақ», «Ой, бұлбұл», «Он ал­тыншы жыл» сияқты әндері әуендік то­лым­ды жаңалықта­рына қоса, бітім-құры­лысы мен тақыры­бы тұрғысы­нан да өзіндік төл си­паты­мен да­рала­нады. Бұл әндердің қай-қай­сы­сының да ас­та­рын­да уақыт ты­нысы­на қоса, ең ал­ды­мен Ке­неннің өзінің та­рихи түйсік-зер­десі, жал­тағы жоқ бол­мы­сы аңғары­лады.

Мәсе­лен, 16-шы жылғы толқудан көп бұрын дүни­еге кел­ген «Ой, бұлбұл» өлеңінде бұлбұлмен мұңда­са оты­рып, «Қаңғыртқан еке­умізді пат­ша құрғыр» де­ген сөзді ай­ту үшін ыза-кек­ке қоса, сол кез­дегі іріп-шіріген са­яси аху­ал­ды түсінетін көре­ген зер­де ке­рек қой. Не­месе, күндей күркіре­ген Отан соғысы­ның алғашқы күндерінде-ақ Ала­та­удың ақ иық қыра­нын­дай саңқыл­дап, «Біздің Отан жеңеді!» деп жар са­луы – ер­ге лайық жал­тақсыз сенімнің, ақынға лайық оп­ти­мизмнің, ақылгөй­ге лайық көре­гендіктің айғағы бол­са ке­рек.

Әзірба­ев­тың есімі Жам­был об­лы­сы Қор­дай ауда­нын­дағы Қасық ор­та мек­тебіне, Ал­ма­ты қала­сын­дағы бір көше­ге, Жам­был қала­сын­дағы ки­ноте­атрға берілген. Құрманғазы атын­дағы Ал­ма­ты кон­серва­тори­ясы­ның және бұрынғы Шым­кент мәде­ни­ет инс­ти­туты­ның үздік сту­дент­тері үшін Әзірба­ев атын­дағы сти­пен­дия тағайын­далған. Жам­был об­лы­сын­да ақын ұзақ жыл­дар бойы тұрған елді ме­кен Ке­нен ауылы ата­лады. Он­да Әзірба­ев­тың мұра­жай-үйі жұмыс істейді. Ле­нин (1974), Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет белгісі» (1945) ор­дендерімен және ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

Ке­нен Әзірба­ев ар­ты­на өлмес мол мұра қал­ды­рып, ха­лықтың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан ру­хани асыл қазы­нала­рын бүгінгі өмірімен са­бақтас­ты­руға өлше­усіз үлес қосқан өнер­паз. Ақиық ақын­ның өлмес өлең-жыр­ла­ры өлмес мол мұра қал­ды­рып, ха­лықтың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан ру­хани асыл қазы­нала­рын бүгінгі өмірімен са­бақтас­ты­руға өлше­усіз үлес қосқан өнер­паз. Ақиық ақын­ның өлмес өлең-жыр­ла­ры мен әсем ән-күй­лері ха­лықпен бірге мәңгі жа­сай бер­мек.

Шығар­ма­лары:

  • Өлеңдер жи­нағы, а., 1947;
  • Эли ба­тыр, а., 1951, 1986;
  • Өлеңдері мен дас­танда­ры, а., 1953;
  • Әндері, а., 1955;
  • Өлеңдері мен дас­танда­ры және текс­тері, а., 1961;
  • Шығар­ма­лар жи­нағы, а., 1967;
  • «Ақын­дар сы­ры», а., 1969, 2002;
  • Таңда­малы шығар­ма­лары, а., 1974;
  • Боз­торғай, а., 1977;
  • Тан­да­малы әндері, а., 1984.