Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Күләш Жасынқызы Бәйсейітова ( 1912 — 1957 жж.)

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова ( 1912 — 1957 жж.)

Байсеитова Куляш (1912–1957 гг.)

Бәй­сейіто­ва, Күләш (Гүлбаһрам) Жа­сынқызы

Дүни­еге кел­гені: 1912 ж

Қараған­ды об­лы­сы Шет ауда­ны

Қай­тыс болғаны: 1957 ж

«Ха­лық артісі» ор­дені

Күләш Жа­сынқызы Бәй­сейіто­ва (1912–1957) — қазақтың әйгілі әншісі (ли­рика-ко­лора­тура­лық соп­ра­но), қазақ опе­ра өнерінің негізін са­лушы­лар­дың бірі, қоғам қай­рат­кері. КСРО ха­лық ар­тисі (1936). КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты (1948–1949).

Ту­ып-өскен жері – Қараған­ды об­лы­сының Шет ауда­ны. То­пырақ бұйырған жері – Ал­ма­ты қала­сы.

Күләштің әншілік өнер­ге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бас­таған. Оның бойын­дағы қабілеттің ұшта­лу­ына ән мен күй­ге жүйрік әкесі Жа­сын­ның да әсері зор болған. Жеті жыл­дық мек­теп бітірген соң Күләш Қазақтың пе­даго­гика­лық инс­ти­туты­на түсіп, мұндағы көркемөнер­паздық үйірмесіне бел­се­не ара­ласа­ды. Қала жас­та­рының өнер байқаула­рын­да әншілік да­рыны­мен көзге түседі. Со­дан 1930 жы­лы Қазақтың тұңғыш дра­ма те­ат­ры­ның труп­па­сына қабыл­да­нады. Күләш сах­на өнерінің қыр-сы­рына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ те­атр­дың белді ар­тистерінің қата­рынан көріне бас­тай­ды. Ол аз уақыт­тың ішінде Б. Май­линнің «Май­дан» пьеса­сын­да Пүліштің, Н. В. Го­гольдің «Үй­ле­ну тойын­дағы» Ага­фия Ти­хоно­ваның, М. Три­гердің «Сүңгуір қайығын­дағы» Клав­ди­яның, Қ. Бәй­сейітов пен А. Ша­ниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік- Ке­бегіндегі» Еңліктің роль­дерін ой­нап, сах­на­лық та­маша қабілетімен та­ныла­ды. Об­раздар­дың та­биғатын тап ба­сып та­ну, ол та­нығанын өмірлік шы­найы ше­берлікпен жеткізе білу, әсіре­се туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер бол­мы­сын аша түсуі де Күләштің сах­на өнері үшін жа­ралған жан екенін әйгілей түседі.

Күләш 1933 жы­лы жаңадан ашылған му­зыка сту­ди­ясы­на қабыл­да­нады. Алғаш рет Қазақ му­зыка те­ат­ры­ның шы­мыл­дығы 1934 жы­лы «Ай­ман-Шол­пан» (М. Әуезов, И. В. Ко­цых) му­зыка­лық ко­меди­ясы­мен ашылған­да, Күләш бас­ты рольді үлкен ше­берлікпен ой­нап, Ай­ман бей­несі арқылы Қазақ қыз­да­рының ар-на­мыс­тан жа­ралған­дай па­расат­ты бол­мы­сын ша­быт­пен тұлғалай­ды. Мұнан әрі Күләштің ғажайып қабілеті мен да­рыны Б. Май­лин мен И. В. Ко­цых­тың «Шұғасын­дағы» — Шұға, Е. Бру­силовс­кийдің «Қыз Жібек» опе­расын­дағы – Жібек об­разда­рын сом­дау ба­рысын­да одан әрі жарқырап ашы­ла түседі. Бұл роль­дер арқылы оның бойын­дағы әншілік-ар­тистік қабілеттің ғажайып мүмкіндіктері бар­ша бол­мы­сымен көрініс та­уып, қазақ сах­на өнерінің со­ны та­бысы ретінде жұртшы­лықтың ықылас-ілти­паты­на бөленді. Ол жаңа қаз басқан қазақ сах­на өнерінің шын мәнінде тірек тұлғасы­на, ұйтқысы­на ай­нал­ды. Аз уақыт аясын­да Е. Бру­силовс­кийдің «Жал­быр», «Ер Тарғын», «Ал­тын ас­тық», «Гвар­дия алға», А. А. Зиль­бердің «Бе­кет», И. Н. На­диров­тың «Те­рең көл», А. Жұба­нов пен Л. Ха­мидидің «Абай», Төле­ба­ев «Біржан-Са­ра», Пуч­чи­ниД. Ж. Пуч­чи­нидің «Чио-Чио-Сан», П. И. Чай­ковс­кийдің «Ев­ге­ний Оне­гин», А. Ру­бинш­тей­ннің «Де­мон» сияқты опе­рала­рын­да бас­ты роль­дер­де ой­нап, бас­ты во­каль­дық пар­ти­ялар­ды орын­дап, қай­та­лан­бас хас ше­берлігімен та­ныл­ды. Бір-біріне ұқса­май­тын ке­реғар об­раздар, иірім-қайыры­мы әр алу­ан во­каль­дық пар­ти­ялар Күләштің көп қыр­лы, алу­ан сыр­лы да­рыны­ның арқасын­да ал­мастай жарқырап ашы­лып, эс­те­тика­лық эмо­ци­ялық қуаты мейлінше те­ге­урінді об­раздар га­лере­ясы жа­сал­ды.

Күләш Бәй­сейіто­ва кон­церттік әнші ретінде де дүние жүзіне та­нылған қай­та­лан­бас да­рын иесі бо­ла білді.

Күләш Бай­сейіто­ва атын­дағы ұлттық опе­ра және ба­лет те­ат­ры — са­яси және мәде­ни ор­та­лығы Ас­та­на қала­сын әрі қарай өркен­де­ту мақса­тымен 2000 ж. қаңта­рын­да ҚР Пре­зидөнті Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың ықыла­сымен «Ақ Ор­да» опе­ра және ба­лет те­ат­ры аты­мен құрыл­ды.

2000 ж. шілде айын­да Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің Жар­лығымөн 2000 ж. Мәде­ни­етті қол­дау Жы­лы деп жа­ри­яла­ну­ына орай, со­нымен қатар Ас­та­на қала­сының опе­ра және ба­лет те­ат­ры­на қазақтың әйгілі әншісінің есімін мәңгі ес­те қал­ды­ру мақса­тымен Күләш Бай­сейіто­ваның есімі және Ұлттық мәрте­бе берілді. Бүгінгі күні, К. Бай­сейіто­ва атын­дағы Ұлттық опе­ра және ба­лет те­ат­ры — еліміздегі қазақтың және әлемдік му­зыка мәде­ни­еті дәстүрлерін арқалаған, жаңарып ке­ле жатқан Қазақстан жұртшы­лығының ру­хани та­лап­та­рын жүзе­ге асы­рушы — ең жас му­зыка­лық те­атр.

Ұлттық те­атр­дың ең алғашқы қада­мынан бас­тап алған ре­пер­ту­ар­лық бет­ке ұстар бағыты, отан­дық және әлемдік му­зыка­лық те­атр­дың маңдайал­ды ту­ын­ды­лары­мен айқын­далды, со­нымен қатар Қазақстан­дағы опе­ра — ба­лет жан­рын да­мытуға ықпал жа­сай­тын жаңа шығар­ма­лар­ды жа­рыққа шығару бол­ды. Алғашқы әртістік құрам Қазақтың му­зыка ака­деми­ясы­ның, Құрманғазы атын­дағы Қазақтың Ұлттық кон­серва­тори­ясы­ның А. Се­лез­нев атын­дағы Ал­ма­ты хо­ре­ог­ра­фи­ялық учи­лищесінің, Л. Н. Гу­милев атын­дағы Еура­зи­ялық Ұлттық уни­вер­си­тетінің, со­нымен қатар ке­лешегі айқын та­лант­ты әртістер­ден және тәжіри­белі сах­на ше­бер­лерінен құрал­ды.

Те­атр­дың бірінші ма­усы­мы 2000 жыл­дың 14 қаза­нын­да М. Төлөба­ев­тың «Біржан — Са­ра» опе­расы­мен ашыл­ды. КСРО ха­лық әртісі, Мем­ле­кеттік сый­лықтар­дың ла­уреаты, Ха­лық қахар­ма­ны Ә. Мәмбе­тов­тың қоюшы — рөжис­сер, Қазақстан­ның енер қай­рат­кері В. Се­мизо­ров­тың қоюшы — су­ретші және А. Мұхит­ди­нов­тың қоюшы — ди­рижер ретінде ке­ремет еңбек­терінің арқасын­да, со­нымен қатар те­атр­дың бүкіл шығар­ма­шылық ұжы­мының жанқияр­лық жұмыс­та­рының арқасын­да қазақ опе­ра өнерінің әйгілі шығар­ма­сы дүни­еге келді.

Те­атр­дың ұлттық ре­пер­ту­ары кейінгі ма­усым­дарда басқа да отан­дық му­зыка­лық те­атр клас­си­касы­ның аса көрнекті ту­ын­ды­лары­мен то­лыға түсті. Ас­та­наның мәде­ни өміріндегі аса маңыз­ды уақиға — ол қазақ опе­расы­ның інжу — мар­жа­ны болған Е. Бру­силовс­кийдің «Қыз Жібек» (қоюшы — ре­жис­сер — Ә. Мәмбе­тов) және Е. Рах­ма­ди­евтің «Қамар сұлу» спек­такль­дерінің қойылым­да­ры бол­ды. «Қамар сұлу» қойылы­мына қоюшы — ре­жис­сер Е. Оба­ев ерек­ше бір жаңа леп еңгізді және опе­раны ұғынуға де­ген жаңа көзқарас ту­ын­датты.

Ұлттық жанр­лар­ды да­мытуға бейім бағыт алған­дықтан бо­лар, Мағжан Жұма­ба­ев­тың «Ба­тыр Ба­ян ту­ралы аңыз» ат­ты по­эма­сы бойын­ша қойылған экс­пе­римен­талдық қойылым Ас­та­наның мәде­ни өмірін дүр сілкінтіп тас­та­ды. Ком­по­зитор Фран­суа Жан­но мөн Бек­бо­лат Тіле­ухан­ның му­зыка­лық — по­эти­калық көзқарас­та­ры, еуро­па мен ұлт өнерінен өзге­ше бір үй­лесімін та­уып, жаңа ізденіс түрлерін та­буға, жанр­лар­ды да­мытуға жаңа қадам бол­ды. Те­атр­дың ке­лешек­тегі игі жос­па­ры — қазақтың опе­ра өнерінің ал­тын қазы­насын­дағы бар­лық опе­ралық спек­такль­дерді қою.