Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Ермұхан Бекмаханұлы (1915 — 1966 жж.)

Ермұхан Бекмаханұлы (1915 — 1966 жж.)

Бекмаханов Ермухан (1915–1966 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1915 ж. ақпан­ның 15 (1915—02—15) (96 жыл)

Пав­ло­дар об­лы­сы Ба­янауыл ауда­ны

Қай­тыс болғаны: 1966 ж. ма­мыр­дың 6

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: ғалым, та­рих ғылым­да­рының док­то­ры (1946), про­фес­сор (1949), Қазақстан ҒА-ның кор­респон­денттік-мүшесі (1962)

Бек­ма­ханұлы Ермұхан (1915.2.15, Пав­ло­дар об­лы­сы Ба­янауыл ауда­ны — 1966.5.6, Ал­ма­ты) — Ермұхан Бек­ма­ханов 1915 жы­лы ақпан­ның 15 жұлды­зын­да Пав­ло­дар об­лы­сының Ба­янауыл ауда­нын­да дүни­еге кел­ген. 1937 жы­лы Ре­сейдің Во­ронеж қала­сын­дағы пе­даго­гика­лық инс­ти­тутын бітірген­нен кейін Қазақ КСР ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты­ның жа­нын­дағы ғылы­ми зерт­теу инс­ти­тутын­да еңбек ет­кен. Отан соғысы жыл­да­рын­да Рес­публи­каның ха­лық ағар­ту ко­мис­са­ри­аты­ның басқар­ма бас­тығы болған. Со­нымен қатар Ал­ма­тының жоғарғы оқу орын­да­рын­да ұстаз­дық қыз­мет атқарған. 1946–1947 жыл­дарда Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясын­да жаңадан құрылған Та­рих, ар­хе­оло­гия және эт­ногра­фия инс­ти­туты ди­рек­то­рының ғылы­ми жұмыс жөніндегі орын­ба­сары, 1947 жыл­дан бас­тап, өмірінің соңына дейін, яг­ни 1966 жылғы ма­мыр­дың ал­ты­сына дейін Қазақ мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінде өзі ұйым­дастырған Қазақстан та­рихы ка­фед­ра­сын басқар­ды.

Е. Бек­ма­ханов­тың ғылы­ми мұра­сы оның тақырып­та­рының алу­ан түрлі бо­лу­ымен, та­рихи мәсе­лелерді кең қам­ту­ымен және олар­ды байып­ты ше­шуімен ерек­ше­ленді. Оның еңбегінің бас­ты­сы 1947 жы­лы Ал­ма­тыда орыс тілінде жа­рық көрген «XIX ғасыр­дың 20–40 жыл­да­рын­дағы Қазақстан» ат­ты мо­ног­ра­фи­ясы бол­ды. Осы тақырып­та 1946 жы­лы Мәске­уде та­рих ма­ман­дығы бойын­ша док­торлық дис­серта­ция қорғаған. Асы­ра сілтеу, бур­ма­лау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбек­ке пікір ай­ту­шылар­дың кейбіре­улері оны Ке­неса­ры Қасы­мов бас­таған қозғалыс­тың та­рихын ақтау тұрғысы­нан көрсет­кен еңбек деп бағалап, оны бур­жу­азияшыл-ұлтшыл иде­оло­ги­яны дөріпте­уші де­ген са­яси кінәға ұшы­рат­ты.

Е. Бек­ма­ханов еңбегіне бай­ла­ныс­ты пікірта­лас­тар 1947 жыл­дың екінші жар­ты­сын­да күшейе түсті. Ер­ма­хан Бек­ма­ханов бірақ айтқаны­нан қай­тпа­ды. Халқы үшін жан аямай күрес­кен Ке­неса­ры Қасы­мов­тың ба­тыр екенін дәлел­де­ген, оның кіта­бын да, өзін де қызыл им­пе­рия аямай жа­зала­ды. 1947- 1950 жыл­дарда Е. Бек­ма­ханов­тың күйі өте ауыр бол­ды, күн өткен сайын оған ти­ген мо­раль­дық соққының сал­мағы ар­та берді. 1951 жы­лы уни­вер­си­тет­теғі жұмы­сынан қуылып, пар­тия қата­рынан шығарыл­ды.

Ол біраз уақыт Ал­ма­ты об­лы­сы, На­рынқол ауда­нын­да мек­тепте та­рих пәнінен са­бақ берді, көп кешікпей Жам­был об­лы­сы, Шу ауда­нын­дағы Но­вот­ро­ицк се­лосын­дағы мек­тепке мүғалім бо­лып ор­на­лас­ты. Осы жер­де 1952 жы­лы 5 қыркүйек­те тұтқын­далды. Екі айға жуық тер­геу жүмыс­та­ры жүргізіліп, 1952 жыл­дың 3 қара­шасын­да № 699 іс бойын­ша Е. Бек­ма­ханов­ты айып­тау қор­тынды­сы дайын бол­ды. Жоғары­дағы айып­тау негізінде 1952 жы­лы 2 жел­тоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Со­тының Қыл­мысты істер жөніндегі кол­ле­ги­ясы­ның үкімімен Е. Бек­ма­ханов 25 жыл мерзімге бас бос­тандығынан айыры­лып, ГУ­ЛАГ-тың алыс­тағы ла­герінің біріне ай­дал­ды. Ол кісінің ла­герь­ден тиісті ор­гандарға жазған көпте­ген арыз­да­рының нәти­жесінде, ака­демик, қоғам қай­рат­кері Ан­на Ми­хай­лов­на Панк­ра­това сияқты қайырым­ды адам­дардың көмегінің арқасын­да Бе­рия атылған­нан кейін Е. Бек­ма­ханов­тың ісі қай­та қара­лып, 1954 жы­лы 16 ақпан­да оның ісі жа­былып, өзі ақта­лып шықты. ГУ­ЛАГ-тың ла­геріндегі адам төзгісіз азап­ты күндерді ба­сынан кеш­кеніне қара­мас­тан, қай­сар ғалым, ар­ты­на ха­лықтың игілігіне ай­налған мол ғылы­ми мұра­ларын қал­дырды. Өзі ұста­лып кет­кенге дейін бас­тап қойған «Қазақстан­ның Ре­сей­ге қосы­луы» ат­ты еңбегін аяқтау ісімен ай­на­лыс­ты. Бұл еңбегі А. М. Панк­ра­това­ның ба­га жет­пес көмегінің арқасын­да Мәске­удегі «На­ука» бас­па­сынан 30 бас­па та­бақ көлемінде 1957 жы­лы жа­рық көрді.

Е. Бек­ма­ханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғам­дағы ор­нын қай­та­дан ал­ды. Оған уни­вер­си­тет­тегі өзі ұйым­дастырған ка­фед­ра­сы қай­та­рылып берілді.

1964 жы­лы Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның мүше- кор­респон­денті бо­лып сай­лан­ды. Өмірінің соңғы он жы­лын­да өнімді еңбек етіп, те­рең мазмұнды ғылы­ми шығар­ма­лар жаз­ды, ор­та мек­тептер үшін Қазақ КСР та­рихы­ның оқулығын жаз­ды. Бірне­ше жас ғалым­дарды да­яр­ла­уда ат са­лыс­ты. Шәкірттері бүгінде Рес­публи­ка Ғылым ака­деми­ясы­ның мүшесі, ғылым док­то­ры, про­фес­сор дәре­желеріне жетіп, ұстаз­да­рының ғылы­ми өмірін жалғас­ты­руда.

Қазақстан төуелсіздік алған­нан кейін Е. Бек­ма­ханов­тың бас­ты еңбегі — «XIX ғасыр­дың 20–40 жыл­да­рын­дағы Қазақстан» ақта­лып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқала­ры «Қазақ уни­вер­си­теті» (қазіргі «Са­нат») бас­па­сынан жа­рық көрді.

Ер­ма­хан Бек­ма­ханов жөнінде Ха­лық қаһар­ма­ны, ака­демик Ша­пық Шөкин бы­лай­ша ес­ке алған: «Ұлты­мыз­дың аса көрнекті та­рих­шы­сы Ер­ма­хан Бек­ма­ханов уақыт бе­деріне бағын­баған, шын­шыл ғалым бо­латын. Ол док­торлығын екі рет қорғады. Еңбегінің на­шар­лығынан емес, тыйым са­лынған Ке­неса­ры тақыры­бына жа­зылған­дықтан.

1947 жы­лы Қазан төңкерісінің 30 жыл­дығына бай­ла­ныс­ты Одақтық Ака­демия бойын­ша үлкен сал­та­нат­ты кеңес өтуі ке­рек бо­латын. КСРО ҒА-ның бас­шы­сы Ва­вилов Сәтба­евқа те­лефон соғып, Қазақстан та­рапы­нан ба­ян­да­ма жа­сай­тын адам­ды ай­ту­ды сұрай­ды. Қаныш Бек­ма­ханов­ты ұсы­нады. Жи­налыс­та қағаз­сыз сөй­ле­ген жас ба­ян­да­машыға ғалым­дар таң-та­маша бо­лады».