Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925 — 1983 жж.)

Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925 — 1983 жж.)

Букетов Евней (1925–1983 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1925 ж. на­урыз­дың 23 (1925—03—23) (86 жыл)

Қырғыз (Қазақ) АКСР Солтүстік Қазақстан об­лы­сы қазіргі Шал ақын ауда­ны Бағана­ты ауылы

Қай­тыс болғаны: 1983 ж. жел­тоқсан­ның 13

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: көрнекті ғалым, тех­ни­калық ғылы­мының док­то­ры (1967), про­фес­сор (1967), Қазақ КСР Ғылым Ака­деми­ясы­ның ака­демик (1975), КСРО Жа­зушы­лар одағының мүшесі (1974).

Бөке­тов Ебіней Арыс­танұлы (1925 ж. на­урыз­дың 23, Қырғыз (Қазақ) АКСР Солтүстік Қазақстан об­лы­сы қазіргі Шал ақын ауда­ны Бағана­ты ауылы — 1983 ж. жел­тоқсан­ның 13, Қараған­ды) — көрнекті ғалым, тех­ни­калық ғылы­мының док­то­ры (1967), про­фес­сор (1967), Қазақ КСР Ғылым Ака­деми­ясы­ның ака­демигі (1975), КСРО Жа­зушы­лар одағының мүшесі (1974).

Мазмұны:

  1. Өмірі және қыз­меті;
  2. Жетістіктері;
  3. Ғылы­ми еңбек­тері;
  4. Әде­би шығар­ма­лары.

Өмірі және қыз­меті

Қазақ тау-кен ме­тал­лургия инс­ти­тутын (қазіргі Қазақ ҰТУ) бітірген (1950). 1951–1953 ж. осы инс­ти­тут­тың ас­пи­ран­ты. 1954–1960 ж. сон­да ас­систент, ка­фед­ра до­центі, оқу ісі жөніндегі ди­рек­тордың орын­ба­сары, 1960–1972 ж. Қазақ КСР Ғылым Ака­деми­ясы­ның Хи­ми­ялық-ме­тал­лургия инс­ти­туты­ның ди­рек­то­ры (Қараған­ды), 1972–1980 ж. Қараған­ды мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің рек­то­ры. 1980–1983 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Хи­ми­ялық-ме­тал­лургия инс­ти­тутын­да аға ғылы­ми қыз­меткер, ла­бора­тория меңге­рушісі бол­ды. 1970 ж. Қазақ КСР Ғылым Ака­деми­ясы­ның кор­респон­дент мүшесі бо­лып сай­ланған. 1969 ж. Ғылым мен тех­ни­ка са­ласын­дағы КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығы берілді. Бөке­тов хи­мия са­ласын­дағы жаңа бағыт­тың – халь­ко­ген­дер мен халь­ко­генид­тердің хи­ми­ясы мен тех­но­логи­ясы­ның негізін салған. Бөке­тов мыс-элект­ро­литтік шлам­дардан се­лен, тел­лур эле­мент­терін бөліп алу­дың пи­ро- және гид­ро­хими­ялық әдістерін жа­сап, Д. Мен­де­ле­ев жа­саған Эле­мент­тердің пе­ри­од­тық жүйесіндегі хи­ми­ялық эле­мент­тер ана­лог­та­рының жіктеліміне түзе­тулер енгізді. Ме­тал­лурги­ялық то­тықсыз­дандырғыш­тар арқылы көмірді су­тек­тендіру мүмкіндігін дәлел­деді. 50 өнер­та­быс­тың, 10 па­тенттің иесі.

Бөке­тов со­нымен қатар белгілі жа­зушы әрі аудар­ма­шы. Эс­се, Қ. Сәтпа­ев, М. Әуезов, Ш. Уәли­ханов, Д. Мен­де­ле­ев ту­ралы ес­теліктер жазған. «Шесть пи­сем дру­гу», «Че­ловек, ро­див­ший­ся на верб­лю­де», «Гра­ни твор­чест­ва», т. б. по­вес­терінің ав­то­ры. Ба­тыс және орыс клас­сиктерінің «Мак­бет», У. Шекс­пирдің «Юлий Це­зарь», Дж. Флет­чердің «Ис­панс­кий свя­щен­ник», Д. Ма­яковс­кийдің «Клоп» ат­ты еңбек­терін, И. Ва­силен­ко­ның «Ар­темка» по­весін, Э. Золдің әңгіме­лері мен мақала­ларын аударған. Еңбек Қызыл Ту ор­денімен ма­рапат­талған. Әуезовтің Абай шығар­ма­шылығын зерт­те­удегі еңбек­теріне шо­лу жа­сады. «Абай жо­лы» ақын­ның ақын­дық қаси­етін, ой­шыл­дығын, тұлға бітімін жан-жақты аша білген сыр сан­дық деп бағала­ды. Ал «Халқымыз­дың ме­рейі мен мақта­нышы» де­ген мақала­сын­да Әуезовті ұлты­мыз­дың ары мен абы­ройы де­ген («Жа­лын», 1972, N95).

Жетістіктері

Ол басқарған ұжым бес бірдей ав­торлық куәлікке ие бо­лып, Ка­нада, АҚШ, Авс­тра­лия, Шве­ция, Фран­ция, ФРГ, Жа­пония, Ита­лия тәрізді ел­дер па­тент тап­сырған. Осы инс­ти­тут­та түрлі түсті, си­рек және бы­тыраңкы ме­тал­дар зерт­ха­насын аша­ды. Бұл Қазақстан ғылы­мы үшін күтпе­ген жаңалық еді. Өзі басқарған осы зерт­ха­нада мо­либ­ден, воль­фрам, се­лен және тел­лур бойын­ша зерт­те­улер жүргізген. 1965 жы­лы еңіс тор­лы шах­та пеш­терінде бір топ құрас­ты­рушы түйіршіктел­ген жезқазған­дық кон­цент­рат­тарды күшей­ткіш күйдіру­ден өткізу үрдісін алғаш енгізген. Осы еңбегі үшін ол КСРО-ның ав­торлық куәлігіне қоса 1969 жы­лы Қазақ КСР мем­ле­кеттік сый­лығын иелен­ген. Бөке­тов жаңалығы Ре­сейдің Орал электр мыс ком­би­натын­да, Жам­былдың фос­фор, Темірта­удың «Кар­бид» за­уыт­та­рын­да қол­да­нылған. Екінші жаңалығы — фло­таци­ялық байыту са­тысын­да бос жы­ныс­тардан айырып алуға жеңіл көнетін, то­тықтан­ды­рыла­тын мыс­ты суль­фидтік түрге ай­нал­ды­ру. Со­ның арқасын­да жа­рам­ды­лығы аз кен­дерден жоғары са­палы шикізат алы­нып, та­биғат бай­лығы ар­та түскен. Осы екі та­бысы оны әлем­ге та­ныт­ты. 1966 жы­лы док­торлык дис­серта­ци­ясын ой­дағыдай қорғап, төрт жыл­дан соң Қазак КСР ҒА-ға мүше-кор­респон­дент, бес жыл­дан кейін ака­демик бо­лып сай­лан­ды. 1972 жы­лы ашылған Қараған­ды мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетінің рек­то­ры бо­лып тағайын­далған. Жаңа оқу ор­ны­ның құры­лысы, оқу-әдісте­мелік, ғылы­ми, тәрби­елік және тағы да басқа жұмыс­тар та­нымал ғалым­ды сырт­тай ша­ру­ашы­лық бас­шы­сына ұқса­тып жібер­генімен, ол қашанғы ұстам­ды, ба­тыл мінезінен тай­ма­ды, рес­публи­када­гы екінші уни­вер­си­тетті аяғынан тік тұрғызып, жоғары білім бе­рудегі төрт қабырғасын берік етіп қалап, атақ-даңқын биікке көтеріп бер­ген.

1972 жы­лы тақырып­тық жос­парға 10 жұмыс енгізілсе, ара­да жеті жыл өткен­де 15 ғылы­ми бағыт бойын­ша 91 тақырып орын­далған. Мәскеу, Ле­нинг­рад, Ал­ма­ты, Но­восібір т. б. қала­лар­дың жоғары оқу орын­да­рымен бай­ла­ныс ор­натқан. Әде­би­ет са­ласын­да Ебіней Бөке­тов Абай мен Мұхтар Әуезов шығар­ма­ларын тал­дап, бірсы­пыра ту­ын­ды­лар жазған са­раб­дал сын­шы. Ол сту­дент кезінде-ақ Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсіре­пов, Әбділда Төжіба­ев, Ғаби­ден Мұста­фин­дердің ал­дында өзінің өз қата­рынан ар­тық туған асыл жан­ның бірі екенін дәлел­деп бер­ген. Қараған­ды уни­вер­си­тетіне рек­тор боп тағайын­далмас­тан бұрын ол қара ме­тал­лургия мен ор­га­ника­лық хи­ми­яның, жур­на­лис­ти­каның, аудар­ма­шылықтың кез кел­ген са­ла­еын шыр ай­нал­ды­ратын құдірет иесіне ай­налған. Сер­гей Есе­ниннің «Ан­на Оне­гина» по­эма­сын, Вла­димир Ма­яковс­кийдің өлеңдерін ана тілімізде сөй­лет­кен та­маша аудар­ма­шы, өй­ткені ол өзі де көкірегі тұнып тұрған ақын бо­латын. Ар­ты­на «Ал­ты хат» ат­ты көркем әңгіме-хи­ка­ялар жи­нағын қал­дырған. Өзімен ара­ласқан, қыз­меттес болған адам­дардың ес­теліктеріне сүйен­сек, ғалым­ның хоб­биі бильярд ойыны болған, му­зыка­ны ерек­ше жақсы көрген. 1990 жы­лы АҚШ ғалым­да­ры аепан­да жаңадан та­былған жұлдыз­ды «Бөке­тов-Ба­ешов жұлды­зы» деп атап­ты. Ба­ешов — бүгінгі күні Түркістан­дағы қазақ-түрік уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры. Ебіней Бөке­тов­тың шәкірті. Екеуі бірігіп, хи­мия са­ласын­да жаңалық ашқан. Бірақ, ака­демик бұл әдістің ха­лықара­лық тұрғыда қуат­талған­дығын естімей кет­кен. Е. Бөке­тов — 70-тен ас­там ав­торлық куәлікке ие болған еңбекқор ғалым. Қараған­ды мем­ле­кеттік уни­вер­си­теті бүгінде Ебіней Бөке­тов есімінде.

Ғылы­ми еңбек­тері

  • Изв­ле­чения се­лена и тел­лу­ра из ме­де­элект­ро­лит­ных шла­мов; Ал­ма-Ата, 1969;
  • Тех­но­логи­чес­кие про­цес­сы шахт­но­го об­жи­га в цвет­ной ме­тал­лургии; Ал­ма-Ата, 1973;
  • Гид­ро­хими­чес­кое окис­ле­ние халь­ко­генов и халь­ко­гени­дов; Ал­ма-Ата, 1975;
  • Ав­токлав­ный ще­лоч­ный спо­соб пе­рера­бот­ки фос­форсо­дер­жа­щего сырья; Ал­ма-Ата, На­ука 1978;
  • Ме­тал­лурги­чес­кая пе­рера­бот­ка мар­ганце­вых руд Цент­раль­но­го Ка­захс­та­на; Ал­ма-Ата, На­ука 1979;
  • Сов­ре­мен­ные фор­мы вы­раже­ния таб­ли­цы эле­мен­тов Д. И. Мен­де­ле­ева; Ка­раган­да, Б. и. 1982;
  • Халь­ко­генид­ные элект­ро­ды в по­тен­ци­омет­ри­чес­ком ана­лизе; Ка­раган­да, Кар­ГУ 1982;
  • Нефть, уголь и во­да в хи­мии и энер­ге­тике; Ка­раган­да, Б. и. 1994.

Әде­би шығар­ма­лары

  • Че­ловек, ро­див­ший­ся на верб­лю­де; Ал­ма-Ата, 1975;
  • Гра­ни твор­чест­ва; Ал­ма-Ата, Жа­лын 1977;
  • Шесть пи­сем дру­гу; Ал­ма-Ата, Жа­лын 1989;
  • Свя­тое де­ло Чо­кана; Ка­раган­да 1994.