Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)

Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)

Есенберлин Ильяс (1915–1983 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1915 қаңтар

Ақмо­ла об­лы­сы, Ат­ба­сар қала­сы

Қай­тыс болғаны: 1983 қазан

Ал­ма­ты

Ман­са­бы: жа­зушы

Іли­яс Есен­берлин (1915 жы­лы туған, қазіргі Ақмо­ла об­лы­сы, Ат­ба­сар­да туған- 1983) — қазақ жа­зушы­сы. Іли­яс Есен­берлин 1915 жы­лы Ақмо­ла об­лы­сын­дағы Ат­ба­сар қала­сын­да туған. 1940 жы­лы Қазақ тау-кен инс­ти­тутын бітірген. Ұлы Отан соғысы­на қатысқан. Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда фи­лар­мо­ни­яны, «Жа­зушы» бас­па­сын басқара­ды, т. б. жұмыс­тар атқара­ды. Жа­зушы Ал­ма­тыда дүние сал­ды. Қазақ әде­би­етінде І. Есен­берлин- жазған ро­ман­да­рының са­ны ең көп аса көрнекті жа­зушы­лар­дың бірі. Алғаш 1945 ж. Сұлтан, Ай­ша дас­танда­ры жа­рық көрді. Есен­берлиннің Айқас (1966), Қаһар (1969), Ал­мас қылыш (1971), Маңғыс­тау май­да­ны, Ама­нат (1978) ро­ман­да­ры, Ал­тын Ор­да три­логи­ясы (1982, 1983) жа­ри­ялан­ды. 1986 ж. Көшпенділер три­логи­ясы үш «Ғашықтар» (1968), «Ал­тын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), т. б. ро­ман­да­рымен оқыр­ман на­зарын өзіне аудар­ды.

Та­рихи ро­ман­да­ры. Есен­берлиннің нағыз жа­зушы­лық ор­нын белгіле­ген шығар­ма­лары — «Қаһар», «Ал­мас қылыш», «Жан­та­лас» ат­ты та­рихи ро­ман­да­ры.

Та­рихи ро­ман­дар деп өткен та­рих­тың маңыз­ды оқиғала­рын қай­та жаңғыр­тып, олар­ды көркем түрде ба­ян­дай­тын ро­ман­дарды ай­та­ды. Жа­зушы­лар та­рихи ро­ман­да та­рих­ты жаңғыр­ту­мен шек­теліп қой­май, адам­гершілік, пси­холо­ги­ялық, мәде­ни мәсе­лелерді біртұтас көте­руге көңіл бөледі.

Жа­зушы I. Есен­берлин өзінің та­рихи три­логи­ясын­да қазақ елінің ХҮ — ХІХ ғ. ғ. тәуелсіздік үшін та­бан­ды күрес­терін көркем су­рет­тейді. Осы жол­дағы қыру­ар қиын­дықты, ішкі қай­шы­лықтар­ды, адам қаты­нас­та­рын, олар­дың әре­кеті мен мінез құлықта­рын, сырт жа­улар­мен шайқас­та шы­ныққан бірлікті, дәстүрді, салт-са­наны көрсе­теді Та­рихи жаз­ба де­рек­терге, шежіре мағлұмат­та­рына, аңыз әңгіме­лер­ге сүйене оты­рып, қалам­гер қазақ халқының та­рихы­ның аса маңыз­ды тұста­рын ашып, көпте­ген та­рихи қай­рат­керлердің көркем тұлғасын жа­сай­ды.

«Ал­мас қылыш» ро­маны — XV ғ. оқиғала­рынан аса көп мағлұмат­тар бе­ре ала­ды және ол оқиғалар­дың жыл­на­малық реті сақталған. Сол се­бепті де оны ро­ман-хро­ника деп атауға бо­лады. Ро­ман-хро­ника болған­дықтан, он­да көпте­ген та­рихи оқиғалар­дың тізбегі ба­сым ке­луі — жанр­лық заңды­лық.

«Ал­мас қылыш» ро­манын­да Дешті Қып­шақтың (бұрынғы қазақ елінің бір ата­уы) қаһар­лы ха­ны Әбілхайыр­дың кезінде қазақ ру­лары­ның қазақ хан­дығы қол ас­ты­на топ­та­суы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Ке­рей­лердің тақ пен тәж үшін та­ласы, хан ор­да­сын­дағы шы­тыр­ман оқиғалар, ал­дау мен зор­лықтар тізбегі ба­ян­далған. Кітап­тың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлы­сының екіге бөліну жағдайын көрсе­туге ар­налса, екінші бөлімі қазақ хан­дығының ішкі, сыртқы жа­ула­рымен кескілес­кен күрес үстінде шы­нығып ши­ра­уы, бұл жол­дағы қыру­ар ке­дергілер мен қиын­дықтар көрсетілген.

Ро­ман­ның бас­ты иде­ясы — қазақ ру­лары­ның бірле­су, бір хан­дықта ын­ты­мақ құру мәсе­лелері.

Шығар­ма­да бас­ты қаһар­ман Әбілхайыр­дың, сон­дай-ақ Жәнібек, Мұхам­мед Шай­ба­ни, Бұрыңдықтардьщ, тағы басқа та­рих­та болған қай­рат­керлердің бей­не­лері жа­салған. Ав­тор олар­дың күрделі тұлғала­рын бойын­дағы қай­шы­лықта­рын ашып көрсе­ту арқылы жа­сай­ды. Мәсе­лен, Әбілхайыр, бір жағынан, ай­ла­кер, ақыл­ды ай­бар­лы ел бас­шы­сы бол­са, екінші жағынан, өз мақса­ты жо­лын­да ешбір арам­дық, азғын­дықтан тайын­бай­тын мейірімсіз, қан­ды қол. Оның жүзде­ген жыл­дарға со­зылып, әріден ке­ле жатқан Шыңғыс хан­ның үрім-бұтағының оз­бырлық са­яса­тын жалғас­ты­рушы екенін де ав­тор жа­сыр­май­ды, хан екен деп, орын­сыз дәріпте­мейді.

Қалың әле­умет адам­да­ры да ро­ман­ның бас­ты иде­ясын ашу­да еле­улі қыз­мет атқара­ды. Мәсе­лен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға ай­та­тын қатал сын сөздері, Әбілхайыр­дың Ке­рей мен Жәнібек елін ша­бам де­ген екпінінің қол ас­тындағыла­рының қол­да­ма­уынан су сеп­кендей ба­сылуы сияқты көріністер бұған айғақ.

Мұнда ха­лықтың жақсы қаси­ет­терін бойына да­рытқан Қобы­лан­ды, Қаз­туған, Са­ян, Орақ секілді кейіпкер­лер ро­ман­ның иде­ялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәсе­лен, Қаз­туған мен Қотан ақын­дардың ай­ты­сы арқылы ро­ман бүкіл қазақ да­ласы­ның та­рихи көрінісін, шежіресін бе­реді, ха­лықтың сан ғасыр­лық өмірін, күрес­терін, олар­дың сы­ры мен си­патын ай­та­ды.

Три­логи­яның «Қаһар» ат­ты кіта­бын­да I. Есен­берлин XIX ғ. 30—40 жыл­да­рын­дағы Ке­неса­ры Қасы­мов бас­таған Ре­сей отар­шылдығына қар­сы қозғалыс­тың жай-күйін әңгіме­лейді. Мұнда жа­зушы жұртқа бұрын­нан белгілі та­рихи оқиғалар­ды тізе оты­рып, он­дағы адам­дардың күйініш-сүйінішімен, ар­ман-өкінішімен, мұра­тымен, кейіпкер­лер тағды­рымен байытып көрсе­теді.

«Қаһар­да» қазақ да­ласын­да тәуелсіз хан­дық ор­на­туды мақсат ет­кен Ке­неса­рының қол жи­ып күрес­ке шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қол­да­маған сұлтан­дарға және пат­ша бекіністеріне ша­бу­ылы, Ке­неса­рының билікке қол жеткізу үшін пат­ша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, та­лабы өтпе­ген жер­лерде ха­лық қаны­ның төгілуімен есеп­теспей, күш қол­да­ныла­тын істер­ге ба­руы ба­ян етіледі. Осы жол­дағы хан­ның қатал­дығы, елдің күй­зеліске ұшы­ра­уы, Ке­неса­ры дұшпан­да­рының ұйым­дасқан іс-әре­кет­тері, сан алу­ан адам мінез­дері көрсетіледі.

Бір отар­шылдан екінші отар­шылдың ар­тықтығы жоқ екені, бәрінің көксе­ген мүддесі қазақ елін бөлшек­теп бөліп, әлсіретіп, қан­сы­ратып, та­лан-та­ражға са­лу, өз билігін жүргізу екенін жа­зушы ашып көрсе­теді. Мәсе­лен, Қоқан, Хи­уа хан­дықта­рына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақта­рының ауыр жағдайы, Таш­кенттің құшбегі Бег­дербектің жәрдем сұрап барған Есен­келді, Сар­жанды қасын­дағы нөкер­лерімен бірге опа­сыз­дықпен өлтіріп жібе­ретін су­рет­тер та­рихи шын­дықтарға негіздел­ген.

Ро­ман­да Ке­неса­ры бей­несі та­рихи то­лық мазмұнда көркем сом­далған. Ав­тор оның же­ке ба­сын­дағы ерлік пен па­расат­тың үй­лесімін ше­бер аңғар­та­ды. Мы­салы, Сар­жан мен Есен­келдінің құшбегі Бег­дербек қолы­нан қапы­да мерт болғанын естіп, «Таш­кентті ша­бу ке­рек» де­ген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ер­те­рек екенін түсініп, жос­парды кейінге қал­ды­рады. Ке­неса­рының Ақмо­ла бекінісін алған­да көрсет­кен ерлігі де әсерлі. Ке­неса­ры бас­таған қозғалыс­тың белгілі ба­тыр­ла­ры — Ағыбай­дың, Иман­ның, Төле­бай­дың, Ба­сықара­ның, Жа­най­дар­дың, Бұхар­бай­дың эпи­зод­та­ры да олар­дың ба­тыр­лық бей­несін айқын­дай оты­рып, Ке­неса­ры тұлғасын то­лықты­ра түседі.

Ро­ман­да Ре­сей пат­ша­лығының өр дәре­желі өкілдері бей­не­лері де бар. Со­лар­дың ішінде, әсіре­се, Қараөткелдің аға сұлта­ны Қоңырқұлжа Құдай­мен­диннің ха­лыққа қаны қас мейірімсіздігі мен ман­сап үшін арын са­татын арам­за­лық анық таңба­ланған. Ол Ом­бы ге­нерал-гу­бер­на­торы­ның сеніміне ие бо­лып, билігі мен ман­са­бынан айыры­лып қал­мау үшін елдің бас көте­рер адам­да­рын ұстап бе­реді. Әйелі Зей­неп, ба­ласы Шыңғыс­тың қылықта­ры да Қоңырқұлжа­ның шексіз азғын­дық өмір сиқын жа­лаңаш­тай түседі.

Жал­пы алған­да, I. Есен­берлиннің «Қаһар» ро­маны — қазақ халқының азат­тық жо­лын­дағы күрес шежіресіне қосылған, оның Ке­неса­ры қозғалы­сы сияқты аса ірі ке­зеңінің ішкі сыр­ла­рын көркем түсіну­ге көмек­те­сетін еле­улі та­рихи шығар­ма.

Мазмұны:

  • Ро­ман­да­ры және та­рихи са­на
  • Өмірба­яны
  • Шығар­ма­лары
  • Ма­рапат­та­ры

Ро­ман­да­ры және та­рихи са­на

Қазақстан рес­публи­касы мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты, қазақ әде­би­етінің та­рихын­да бүгінге дейін ең көп ро­ман (17) жазған жа­зушы І. Есен­берлиннің қала­мынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Ал­тын құс», «Маңғыс­тау май­да­ны», «Ал­тын ат­тар ояна­ды», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыс­тағы ар­па­лыс», «Аққу құстар қуаны­шы», «Ма­хаб­бат мей­ра­мы», т. б. ро­ман­да­ры тың тақырып­та жа­зылып, қазақ әде­би­етінде оған дейін мүлде көтерілме­ген мәсе­лелерді қозғаған, со­ны серпін әкел­ген, оқыр­ман сүйіспеншілігіне бөлен­ген ту­ын­ды­лар еді.

Ол — қазақ әде­би­етінде алғашқы бо­лып та­рихи зер­де та­мыры­на қан жүгіртіп, тұншыққан са­наны қапас­тан шығаруға жол салған, ұлт ру­хын тірілткен жа­зушы ретінде қазақ әде­би­етінің та­рихын­да оқшау ор­ны бар тұлға. Іли­яс Есен­берлиннің ал­ты кітап­тан тұра­тын та­рихи эпо­пе­ясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасы­на қосылған та­рих­ты көркемдік пайым­да­удың үздік үлгілерінің бірі бо­лып қала бер­мек. Та­рихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатыс­ты иде­ялар ай­ты­латы­нын ес­тен шығаруға бол­май­ды.

Та­рихи шығар­ма сол өткен за­ман­ның әле­уметтік-эс­те­тика­лық ре­конс­трук­ци­ясы ғана емес, он­да бүгінгі уақыт­тың да фи­лосо­фи­ялық кон­цепци­ясы жа­тады. Та­рихи шығар­ма­лар­дың өмір та­нытқыш­тық мәнін айтқан кез­де, он­да бүгінгі ру­хани тіршілігімізге қатыс­ты көп мәсе­лелер қам­ты­латы­нын ес­ке­ру ке­рек. І. Есен­берлиннің «Көшпенділер», «Ал­тын Ор­да» ро­ман­да­рын өткенді ай­та оты­рып оны қазіргі өмір құбы­лыс­та­рына бай­ла­ныс­ты­ра білу — көркем шығар­ма­ның эс­те­тика­лық ак­ту­аль­дығын арт­ты­ратын көркемдік фак­тор екенін дәлел­дейтін, уақыт ру­хы көрінетін, жаңа кон­цепция әкел­ген шығар­ма­лар де­уге бо­лады.

Қазақ та­рихы­ның соңғы бірне­ше он­даған жы­лы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге ха­лық та­рихы­ның қосағын­да болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қан­ша­ма бу­ын ұрпақтың жандүни­есіне әсер етіп, дүни­ета­нымы­на салқынын тигізді, акыл-па­раса­ты аяқ ас­ты бол­ды. Осы тұрғыдан кел­генде же­ке жа­зушы­ның ғана емес, бүкіл ка­зақ әде­би­етінің та­рихын­да әле­уметтік те­рең мәнді ту­ын­ды бо­лып қалған"Көшпенділер" три­логи­ясын­да Шыңғыс әулеті би­леп тұрған дәуірлер­дегі ұлт та­рихы­на те­реңдеп еніп қадам жа­са­уы қазақ әде­би­еті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есен­берлин әкел­ген жаңалық пен ба­тыл­дық еді.

Ав­тордың аса зор зерт­те­ушілік жұмыс жүргізуінің нәти­жесінде беймәлім, тың ма­тери­ал­ды оқыр­ман игілігіне ай­нал­ды­рудың жарқын көрінісі болған «Көшпенділер» три­логи­ясы­ның кезінде та­ным­дық жағынан да ерек­ше жүк арқалағаны көпшілікке белгілі. Рас, ғалым­ның міндетінен гөрі міндеті ауқым­ды, кеңірек бо­лып ке­летін жа­зушы үшін ақпа­рат­тық қана қыз­мет атқара­тын ма­тери­ал су­рет­кер жұмы­сының алғашқы бас­та­масы ғана. Тың, жаңа де­рек, көпшілікке беймәлім ма­тери­ал негізінде қалам­гердің ой сүзгісінен өтіп қоры­тылған оқиғаларға құрылған три­логи­яда жан-жақты кам­тылған адам­гершілік мәсе­лелері көрініс та­уып, өткен дәуір шын­дығы бүгінгі за­ман си­паты­мен са­бақтас­ты­рыла су­рет­те­леді. Сақтан­ды­ру мен ес­керту иде­ясы бой көрсетіледі.

Іли­яс Есен­берлиннің ұлт тағды­рына қатыс­ты шетін сыр­ла­ры мен иде­яла­ры ке­мел деңгей­де көрінетін бұл эпо­пе­яның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» три­логи­ясы еді.

Шығар­ма кейіпкер­лері ретінде негізін та­рихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен бас­та­лып Ке­неса­рымен аяқта­латын қазақ мем­ле­кетінің бас­тау көзі мен қиын-қыс­та­улы тағдыр-та­лайының ба­сын­да тұрған хан­дар тізбегі, ел мұңы мен ар­ман-тілегінің ха­бар­шы­сы ақын-жы­ра­улар, ел бірлігінің ұйтқысы, ха­лықтың ақыл-па­расат­ты би­лер, ел мен жер үшін, ұрпақ бо­лашағы үшін қасық қаны қалған­ша жа­умен шайқасып ота­нын қорғай білген арыс­тан жүрек, атанжілік ба­тыр­лар. Бұлар — ел есінде сақта­лып, та­рих­та қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» три­логи­ясы — пар­ти­ялық иде­оло­ги­яның қылы­шынан қан та­мып тұрған уақыт­та дүни­еге кел­ген шығар­ма.

Ол кез­де мұндай шығар­ма­ны жаз­бақ тұрмақ, қазақ халқының ер­те­рек­те өмір сүрген ар­тында мол мұра қал­дырған, елім деп еңіре­ген, ел үшін, жер үшін мерт болған ба­тыр­лардың, хан­дардың, ше­шен­дердің атын ата­удың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Іли­яс Есен­берлин осы­ның бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен та­рихын бей­не­лейтін, та­рих­тан мол мағлұмат бе­ретін бір кітап емес, бірне­ше ро­ман жа­зып, оқыр­манға ұсы­ну жай ерлік қана емес, та­лант­ты жа­зушы­ның са­яси жеңісі еді.

«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық та­рихы­ның бас­тау көзі беріде емес, әріде жатқан­дығына жөн сілтеді. Бүкіл бір ха­лықтың өмір-та­рихы ұмы­тылып ба­ра жатқан­дығын ес­ке са­ла оты­рып, оған кінәлі — ком­му­нистік са­ясат екендігін ашып ай­тпа­са да, өмір ағысы басқа ар­на­мен ағып ба­ра жатқан­дығын, та­рих бет­тері бұрма­ланған­дығын көркем тілмен бей­не­леп берді.

Ар­хивтік де­рек­тер, ха­лықтық аңыз­дар, эт­ногра­фи­ялық си­пат­тар негіз болған та­рихи эпо­пе­яда ав­тор олар­ды сол өткен дәуір елесін дәл бей­не­леу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен иде­ялар­дың, түрлі пси­холо­гия мен мақсат мүдде­лерінің қан­дай за­ман, қан­дай қоғам­дық жүйеде бол­сын са­бақтас­тық алып жатқан көрінісін бе­ру үшін де пай­да­лану мақса­тын ұстанған.

Өмірба­яны

1940 жы­лы Қазақ мем­ле­кеттік тау-кен иис­ти­тутын бітірген. Ұлы Отан соғысы қатыс­ты. 1942–47 жыл­да­ры Қазақстан КП ОК- нің нұсқаушы­сы. 1947–67 жыл­да­ры Қазақ мем­ле­кеттік фи­лар­мо­ни­ясы­ның ди­рек­то­ры. Қазақ мем­ле­кеттік көркем әде­би­ет бас­па­сының ре­дак­то­ры, «Қазақфильм» ки­нос­ту­ди­ясын­да сце­нарий ред­колле­ги­ясы­ның мүшесі, 1967- 71 жыл­да­ры «Жа­зушы» бас­па­сының ди­рек­то­ры, 1971 хыл­дан Қазақстан Жа­зушы­лар одағының екінші сек­ре­тары.

Шығар­ма­лары

Ӏли­яс Есен­берлиннің алғашқы шығар­ма­лары 1 МО жы­лы ба­сыл­ды. Ол көркем әде­би­еттің көп жан­рында (по­эзия, про­за, дра­матур­гия, ки­нод­ра­матур­гия) жаз­ды. Әде­би твор­чест­во­сын по­эзиядан бас­та­ды. 1945 жы­лы «Ай­ша», «Сүлтан» по­эма­ларын жаз­ды. «Адам­гершілік ту­ралы жыр» өлеңдер жи­нағын (1949) шығар­ды. Жа­лын­ды ре­волю­ци­онер, боль­ше­вик Ә. Майкөтов­ке ар­налған «Боль­ше­вик ту­ралы по­эма­сын» (1957), «Біржан сал тра­геди­ясы» дас­та­нын (1959) жаз­ды. «Өзен жағасын­да» (1960), «Толқиды Есіл» (1965) по­вес­тері, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Ал­мас қылыш» (1971). «Ал­тын қүс» (1972). «Жан­та­лас» (1973), тың ту­ралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) ро­ман­да­ры қазақ әде­би­етіне (про­заға) ко­сылған еле­улі үлес бол­ды. Кеңес өкіметі жыл­да­рын­да ту­ып қалып­тасқан қазақ ин­телли­ген­ци­ясы­ның өмірін, олар­дың қазақ да­ласын­да со­ци­алистік өнеркәсіп ор­на­ту жо­лын­дағы қажыр­лы еңбегін, ескіліктің адам са­насын­дағы қал­дығына қар­сы күресті ба­ян­дай­тын «Айқас» ро­маны­на 1968 жы­лы Қаз КСР Мем­ле­кеттік сый­лығы берілді. Ал та­рихи тақырыпқа жа­зылған «Ал­мас қылыш», «Жан­та­лас», «Қаһар» три­логи­ясы қазақ халқының ба­сынан өткен ауыр ке­зеңдерді су­рет­те­ген шығар­ма ретінде та­ныл­ды. Ӏли­яс Есен­берлиннің орыс тілінде шыққан «Пес­ня о че­лове­ке» (1956) ро­маны 1958 жы­лы қытай тіліне ауда­рыла­ды. «Та­удағы тар­тыс» (1962) пьеса­сы Ал­ма­тыдағы Ба­лалар мен жасөспірімдер те­ат­рында қойыл­ды. М. Ер­зинкян­мен бірігіп жазған «Қүй­ма» (1961) ки­нос­це­нарийі бойын­ша жа­салған фильм бүкіл кеңес жөне венгр, по­ляк, бол­гар эк­ранда­рына шықты.

Іли­яс Есен­берлин про­засы түгел дерлік орыс тіліне ауда­рыл­ды. Мы­салы, «Айқас» («Схват­ка», 1968); «Қатерлі өткел» («Опас­ная пе­реп­ра­ва», 1970); «Ғашықтар» («Влюб­ленные», 1970); «Қаһар» («Хан Ке­не», 1971); «Ал­мас қылыш» («За­гово­рен­ный меч», 1973). «Жан­та­лас» («От­ча­яние», 1974), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» («Прик­рой сво­им щи­том», 1974) де­ген ат­пен ба­сылып шықты. «Ғашықтар» ро­маны өзбек тілінде ба­сыл­ды. I. Есен­берлин қырыққа жуық ән мәтінін жаз­ды. Ол К. Д. Ушинс­кийдің «Әңгіме­лері мен ер­тегілерін» (1945), М. Жу­лявс­кийдің Вьет­нам өміріне ар­налған «Қызыл да­рия» (1956) ро­манын қазақ тіліне аудар­ды. Есен­берлин Еңбек Қызыл Ту ор­денімен, ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

Ма­рапат­та­ры:

  • Еңбек Қызыл ту ор­дені;
  • «Құрмет белгісі» ор­дені;
  • «За бо­евые зас­лу­ги»;
  • «За обо­рону Ле­нинг­ра­да» ме­далі;
  • Қазақ КСР мем­ле­кеттік пре­ми­ясы­ның жүлде­гері, 1968 жыл («Айқас» ро­маны үшін).