Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Қожықов Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы (1923 — 1988 жж.)

Қожықов Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы (1923 — 1988 жж.)

Ходжиков Султанахмет (1923 — 1988 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1923

Та­раз қала­сы

Қай­тыс болғаны: 1988

Ал­ма­ты

Қожықов Сұлта­нах­мет Қоңырқожаұлы (10.3.1923, Та­раз қала­сы – 11.3.1988, Ал­ма­ты) – ки­норе­жис­сер, Қазақстан­ның еңбек сіңірген өнер қай­рат­кері (1972). Соғыс­тан оралған­нан кейін мерзімді ба­сылым­дарда ка­рика­тура­лары мен са­яси тақырып­тағы су­рет­терін жа­ри­ялай бас­та­ды. Бүкіло­дақтық мем­ле­кеттік ки­нема­тог­ра­фия инс­ти­туты­ның ре­жис­сер фа­кул­тетін (А. Дов­женко ше­бер­ха­насын­да) бітірген соң, 1952 жыл­дан «Қазақфильм» ки­нос­ту­ди­ясын­да ре­жис­сер, 1974 жыл­дан көркемдік же­текші бо­лып істеді. Осын­да өз сце­нарийі бойын­ша, жас ұрпақ тәрби­есі мәсе­лесін қозғай­тын «на мен ба­ла» ат­ты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Та­рихи және за­мана­уи тақырып­тарда «Біз Жетісу­дан­быз» (1958), «Егер біздің әрқай­сы­мыз» (1961, екеуінің де сце­нарийін жа­зуға қатысқан), «Шыңдағы шы­нар» (1965) филь­мдерін қой­ды. 1970 жы­лы Қожықов өзінің бас­ты жұмы­сы – «Қыз Жібек» фильмін қой­ды. 1985 ж. Қажымұқан жай­лы «Бізді та­нып қойыңдар» көркем фильмін түсірді. Қожықов 1972 жы­лы «Қыз Жібек» фильмі үшін Қазақстан Мем­ле­кеттік сый­лық ла­уреаты атан­ды. "Қызыл Жұлдыз” ор­денімен және ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.