Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Ыбырай Жақаев (1891 — 1981 жж.)

Ыбырай Жақаев (1891 — 1981 жж.)

Жакаев Ибрай (1891–1981 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1891

Ши­елі ауда­ны

Қай­тыс болғаны: 1981

Ман­са­бы: Күріш өсіруші

Ыбы­рай Жақаев (1891, Қызы­лор­да об­лы­сы Ши­елі ауда­ны — 19.9.1981 жы­лы қай­тыс бол­ды) — әйгілі күріш өсіруші, Қызы­лор­да об­лы­сының Ши­елі ауда­нын­дағы «Қызыл Ту» (кейінгі Ы. Жақаев атын­да) кеңша­рының зве­но же­текшісі болған. Ол бірінші бо­лып күріш егісін жоңышқа аты­зына ор­на­лас­тырды. Тұқым­ды се­бу ал­дында күнге қыз­ды­ру, көң мен су­пер­фосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп се­бу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күре­су, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқты аг­ро­тех­ни­ка ша­ралар­ды өндіріске енгізді. Бұл тех­но­логия әдістер «Жақаев аг­ро­тех­ни­касы» деп атал­ды. Жақаев­тың зве­носы бекітілген күріш егісінің (20 га) әр гек­та­рынан ор­та есеп­пен 80 — 90 ц өнім (1942 — 1966), ал тәжіри­бе телімінің (5 га) әр гек­та­рынан 171 цент­нер­ге дейін (1947 ж.) өнім ал­ды. 1966 жыл­дан зей­нет де­малы­сына шығып, жа­сының ұлғаюына қара­мас­тан жас­тарға өз тәжіри­бесін үй­ретті. Осы жыл­да­ры рес­публи­када жақаев­шы­лар қозғалы­сы кеңінен өрістеді. Жақаев Со­ци­алисттік Еңбек Ері атағын екі рет (1949, 1971) алған. КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты (1946). Ле­нин ор­денімен 4 рет, Еңбек Қызыл Ту, Ха­лықтар дос­тығы ор­денімен, Бүкіло­дақтық ауыл ша­ру­ашы­лығы және Бүкіло­дақтық ха­лық ша­ру­ашы­лығы жетістіктері көрме­лерінің ал­тын ме­даль­дерімен ма­рапат­талған. Қызы­лор­да об­лы­сының Ши­елі ауда­нын­дағы бұрынғы «Қызыл Ту» ұжым­ша­ры, ор­та мек­теп, Қызы­лор­да қала­сын­дағы көше, об­лыс ем­деу-са­уықты­ру про­филак­то­рийі Жақаев есімімен ата­лады. 1982 жы­лы Ши­елі ауда­нын­дағы Жақаев атын­да күріш өсіру та­рихы мұра­жайы ашылған. Қызы­лор­да қала­сын­да Жақаевқа ес­керткіш ор­на­тылған.

Ши­елі ауда­ны Қазақ ССР Жоғарғы Со­веті Пре­зиди­уымы­ның Жар­лығымен 1928 жы­лы қыркүйек айын­да құрылған. Аудан­ның жал­пы жер көлемі 3239755 га.

Ши­елі ауда­ны-ежелгі Сыр­да­рия өзенінің ор­та ағысы­на орын теп­кен ки­елі ме­кен. Шығысын­да ал­ты алашқа белгілі Сығанақ, Бес­там шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге ете­не сұғына жатқан қарт Қара­тау жа­тыр. Одан әрі Арқадан бас­тау алып Ши­елі жеріне келіп тіре­летін Са­рысу өзені «Таңба­лы тас» тұр. Та­лай та­рихи оқиғаның куәсі болған атақты «Телікөл» де осы өңірде. Ба­тысы об­лыс ор­та­лығының ше­кара­сына иек артқан, түстігінде байырғы са­ры жел өлке – Қызылқұм.

ХХ ғасыр әлемдік да­муда небір ғылы­ми ашы­лулар­дың куәсі бол­са, Ши­елі жерінің аза­мат­та­ры да өздерінің жаңа дәуірдегі 80 жыл­дығы кезінде ғасыр­ларға тең өсу, өркен­деу жыл­да­рының куәсі бол­ды.

ХІХ ғасыр­дың соңын­да орыс ар­ми­ясы­ның Сыр бойын ба­сып алған­нан кейін орыс көшпенділерінің ке­луі, 1903–1905 жыл­да­ры Орын­бор-Таш­кент теміржо­лының са­лынуы өңірдің бет бей­несін өзгер­ту­мен бірге ха­лық са­насы­ның ояну­ына да ықпал етті. Орыс ге­нера­лы Скоб­лев атын­дағы по­сел­ке 1919 жыл­дың 19 майын­да Ши­елі ата­уына ие бол­ды. Ғасыр ба­сын­дағы алғашқы он­жылдықта Ши­елі халқы Қызылқұмнан түйемен сек­сеуіл дайын­дап, Ор­та Азия мен Ре­сей­ге жібер­се, кейін тар та­бан теміржол­дың са­лынуы нәти­жесінде жұртшы­лық теміржол ва­гон­да­рымен даңқты Сыр жігер­лерін (сек­сеуіл) жан-жаққа жөнел­те бас­та­ды. Алғаш «Таш­топ», кейін ЛЗУ атанған ме­кеме­лер осы қажыр­лы істердің айғағы. Шын­дығын­да, мұның өзі бір кез­дері егін мен мал ша­ру­ашы­лығы, жеміс пен жи­дек өсіру­мен шұғыл­данған ха­лықтың өрке­ни­ет­ке де­ген ұмты­лысы­ның бір көрінісі бол­ды. Жергілікті ха­лық жоңышқа өсіруді кең көлем­де қолға алып, Түркістан әске­ри ок­ругіне жоңышқа дайын­да­удың ба­засы­на ай­нал­ды. Алғаш ком­му­налар мен ұжым­дық ша­ру­ашы­лықтар­дың құры­луы бар­ша жұрттың оты­рықшы ел­ге ай­на­лып, ай­мақтың әле­уметтік-эко­номи­калық да­му­ына негіз қала­ды. Ши­елі ауда­нының өткен ғасыр ба­сын­дағы алғашқы ады­мы осы­лай­ша бас­талған-ды.

1929–1930 жыл­да­ры аудан мақта, күріш, ар­па, сұлы егу­мен ай­на­лысып, төрт түлік мал­ды көбей­тті. Ши­елі өңірінде са­уат­сыздықты жою, білім мен ғылымға де­ген ұмты­лыс көрініс тап­ты. Жаңадан мек­тептер са­лынып, мал­шы­лар мен диқан­дардың ба­лала­рының білім алу­ына жағдай жа­салын­ды. Ха­лықтың ден­са­улығын сақтау жөнінде де жаңа бағдар­ла­малар жүзе­ге асы­рыла бас­та­ды.

Ши­елі өңірінде өзінің жан­кешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр ди­хан Ыбы­рай Жақаев бол­ды. Осын­дай тұлғалар­дың жойқын те­ге­уріні Ши­елі алқабын­да со­нау соғыс қар­саңын­да, 1940 жы­лы 14 мың кет­пен қатысқан Ши­елі ка­налы­ның қазы­луы еді. То­лағай еңбектің нәти­жесінде Сыр­дың жар­ты ар­на­сын­дай болған осы бас ка­нал қазіргі бүкіл Ши­елі ай­мағы су жүйелерінің бас­та­уын­дай бол­ды. Ха­лықтың нанға қол жет­кен сәті шын мәнінде осы ке­зеңнен бас­талды. 1947 жы­лы Ыбы­рай Жақаев­тың, мұнан соң Ким Ман Сам­ның, кейіннен Ши­елілік 38 Еңбек Ерінің жоғары еңбек ма­рапа­тына ие бо­луы аудан көлемінде ғана емес, жал­пы Сыр бойына егіншілікке бет бұру­дың нәти­жесі еді. Сол бас­та­ма 1960 жыл­дардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас Жақаев­шы­лар қозғалы­сына ұлас­ты.

Аудан өзінің да­му та­рихын­да еңбек пен ерліктің, ын­ты­мақ пен бірліктің ұлы куәсіндей та­лай жеңістер­ге қол жеткізді. 2000 жылғы Сыр бойын­дағы он ғасыр адам­да­рының бе­сеуі Ши­еліліктер: М. Шоқай, Ы. Жақаев, Ш. Есе­нов, Н. Бе­кежа­нов, Ә. Тәжіба­ев­тардың бо­луы тар­лан са­ясат­кер, даңғайыр диқан, зер­делі ғалым, жез­таңдай әнші мен арқалы ақын тәрби­елеуде бұл өлкенің белгілі орын ала­тын­дығын дәлел­де­се ке­рек.

Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауыл­дық ок­ругтерінен тұра­ды.

Аудан­дағы 40 елді – ме­кен­де бар­лығы 77121 адам тұра­ды. Оның ішінде кент ор­та­лығын­да 30459 адам, ауыл­дық елді – ме­кен­дерде 46662 адам тұра­ды. Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғын­да­рының негізін 95,7 пайызын қазақ, 1,9 пайызын орыс, 1,4 пайызын кәріс ұлты­ның өкілдері құра­са, қалған 1,0 пайызын басқа ұлт өкілдері құрай­ды.

Аудан бойын­ша 47 та­рихи – сәулет ес­керткіштері тізімге алынған. Олар ар­хе­оло­ги­ялық, ар­хи­тек­ту­ралық, мо­нументтік және та­рихи ес­керткіштер бо­лып бөлінген. Ес­керткіштердің көпшілігі Са­рысу өзенінің бойын­да және Телікөл аумағына ор­на­ласқан.

Аудан халқына 1 аудан­дық мәде­ни­ет үйі, «Жеңіс» мәде­ни­ет үйі, 6 ауыл­дық мәде­ни­ет үй­лері мен 19 ауыл­дық клуб­тар, 5 ха­лықтық ұжым­дар, 2 мәде­ни қыз­мет көрсе­ту ке­шені, 32 мем­ле­кеттік жүйедегі кітап­ха­налар, 2 му­зей мәде­ни қыз­мет ету­де.

Аудан­да 40 мек­теп (оның 32 ор­та, 5 негізгі, 3 бас­та­уыш) жұмыс істейді. Олар­дың 19 – ы типтік жо­бада, қалған­да­ры ыңғай­лас­ты­рылған ғима­рат­тарда ор­на­лас­ты­рылған. 20 мек­тепке дейінгі ме­кеме, 2 мек­тептен тыс ме­кеме (Әуез мек­тебі және оқушы­лар үйі) бар.

Аудан­да 23 СТК – дан бөлек 4 са­яси пар­тия өкілдіктері, 15 ҮЕҰ, 3 кәсіптік одақтар ұйым­да­ры, 6 діни, 2 жас­тар қоғам­дық бірлестіктері бар.

Әле­уметтік-эко­номи­калық пас­порты 2011 жыл 1 шілде­ге

АУДАН­НЫҢ АУМАҒЫ 3239755 га

Елді ме­кен­дердің аумағы

Ши­елі кенті 3687 Ауыл­дық ок­ругтер Ақмая 12965 Ақтоған 105328 Ал­ма­лы 2965 Бәй­геқұм 3382 Бес­там 4875 Ги­гант 21592 Жа­натур­мыс 19479 Еңбекші 498609 Жи­деліарық 2753 Жөлек 70805 Жу­антөбе 6614 Иіркөл 19652 Кер­делі 7095 Қарғалы 418902 Май­лы­тоғай 92658 Сұлутөбе 608075 Қоғалы 415176 Та­лап­тан 416641 Тар­тоғай 338832 Телікөл 84726 Төңкеріс 15972 Ор­тақшыл 68972

Аудан жер­лерінің са­наты:

  • ауыл­ша­ру­ашы­лық жер­лер — 192540 га;
  • елді ме­кен­дер жері — 61646 га;
  • өнеркәсіп, көлік, бай­ла­ныс, қорғаныс және басқа жер­лер- 4376 га;
  • ор­ман қоры­ның жері — 1663265 га;
  • су қоры­ның жері — 18545 га;
  • бос жер­лер — 1486543 га.

ХА­ЛЫҚ СА­НЫ

Аудан халқы: 77121 адам.

Эт­ни­калық құра­мы:

  • ка­зақтар -73789;
  • орыс­тар — 1500;
  • кәрістер — 1110;
  • ше­шен­дер — 70;
  • ук­ра­ин­дар – 76;
  • басқа ұлттар — 576.