Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Шәмші Қалдаяқов (1930 — 1992 жж.)

Шәмші Қалдаяқов (1930 — 1992 жж.)

Калдаяков Шамши (1930–1992 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1930 ж. та­мыз­дың 15-і

Қарақоңыр ауылы, Оты­рар ауда­ны, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы,

Қай­тыс болғаны: 1992 ж. ақпан­ның 29-ы

Ал­ма­ты

Ман­са­бы: Ком­по­зитор

Жұбайы: Жәми­ла Қал­даяқова

Құй­рықты жұлдыз секілді

Ту­ды да көп тұрма­ды

Көрген білген өкінді

Мін тағар жан бол­ма­ды Ғ. Құрманғали­ев

Шәмші Қал­даяқов (15.8. 1930, Оты­рар ауда­ны Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Ал­ма­ты) – ком­по­зитор, Қазақстан­ның ха­лық артісі (1991). Шым­кент, Та­раз, Жетісай қала­лары­ның құрметті аза­маты. Аса көрнекті саз­гер, ән жан­ры­ның әйгілі май­тал­ма­ны, Қазақстан мәде­ни­етіне еңбегі сіңген қай­рат­кер, осы за­манғы қазақ эст­ра­дасы­ның негізін са­лушы­лар­дың бірі, Қазақстан­ның ха­лық әртісі. Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының Қызылқұм ауда­нын­да дүни­еге келді. Ба­ла кезінен бойын­дағы бар та­лан­тын алқалы жи­ын, ала­ман бәй­ге­лер­де көрсе­те білді. 1950 жыл­дан бас­тап шығар­ма­шылықпен түбе­гейлі түрде шұғыл­данды. 1956 – 1962 жж. Құрманғазы атын­дағы мем­ле­кеттік кон­серва­тори­ясын­да В. В. Ве­лика­нов кла­сын­да оқыды. Шәмші әндері ғажайып саз­ды­лығымен, сыл­ды­рап аққан бұлақ су­ын­дай тап-та­за сыңғыры­мен, ли­рика­лық наз­ды­лығымен ерек­ше­ленеді. Оның шығар­ма­шылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эст­ра­далық әндерінің әуенін ұлттық нақыш­пен құнар­ланды­ру­ын­да, яғни ха­лықтық қай­нар­мен қабыс­ты­ру­ын­да жа­тыр. Ал бұл оның қазақ жұрты­ның му­зыка­лық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осы­лай­ша бағзы мен бүгінгі мақам­дарды ке­ремет ұштас­ты­руы Ш. Қал­даяқов ту­ын­ды­лары­ның даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім да­лаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсын­да уни­вер­си­тет сту­дент­тері ал­дында сөй­ле­ген әйгілі сөзінде Шәмші саз­да­рын Ақан, Біржан өнер­паздығынан кейінгі бір «жыл кел­гендей жаңалық» сезіндіретін үздік құбы­лыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузын­да «бүкіл қазақ еліне ән сал­дырған Шәмші» ата­ну­ының сы­ры сон­да. Саз­гер әндері, әсіре­се, 60–70-жыл­дарда­гы жас­тардың аузын­да жүрді. Ке­ше­уле­ген «хру­щевтік жы­лымық» дәуірінің жас адам­да­ры ше­тел ком­по­зитор­ла­ры мен орын­да­ушы­лары­на, мәсе­лен, «Биттлзге» ка­лай ын­тықса, қазақстан­дық өз саз­герлерімізді де со­лай сүйіп тыңда­ды. Бұл соңғысы мен ара­сын­да, әри­не, Қал­даяқов бірінші орын­да тұрды. Әсем да ақыл­ды көкөрім жас­ты ғана емес, ере­сек, ег­де қауым­ның да, сан түрлі ма­ман­дық, алу­ан ұлт адам­да­рының да көңілін ба­урап ал­ды. Ха­лық ара­сын­да әсіре­се күллі отан­шылдық, елшілдік но­тасын тап басқан «Менің Қазақста­ным» ту­ын­ды­сы ай­рықша мәшһүр бол­ды. 1986 жы­лы Жел­тоқсан көтерілісіне қаты­сушы ұл-қыз­дар Ал­ма­ты алаңда­ры мен көше­лерінде Шәмшінің осы әнін ұран­дай шырқап шықты. 2005 жыл­дан «Менің Қазақста­ным» ту­ын­ды­сы Қазақстан Рес­публи­касы­ның Мем­ле­кеттік әнұра­ны бо­лып бекітілді.

Мазмұны

  • Өмірба­яны;
  • Өмірба­яны;
  • Қазақ му­зыка өнеріне қосқан үлесі;
  • Ма­рапат­та­ры;
  • Шәмші есімі ел есінде;
  • Шығар­ма­лары.

Өмірба­яны

  • Са­рыағаш­тағы Қапы­лан­бек малдәрігерлік тех­ни­кумын бітірген (1950);
  • 1951 – 1954 жыл­да­ры Қиыр Шығыс­та әске­ри бо­рышын атқар­ды;
  • 1955 жы­лы Таш­кент­тегі му­зыка учи­лищесінің му­зыка те­ориясы фа­куль­тетіне қабыл­данды;
  • 1956 – 1962 жыл­да­ры Ал­ма­ты мем­ле­кеттік кон­серва­тори­ясы­ның ком­по­зиция фа­куль­тетінде (про­фес­сор В. В. Ве­лика­нов­тың кла­сы бойын­ша) оқыды;
  • 1950 жыл­дан бас­тап шығар­ма­шылық қыз­метпен ай­на­лыс­ты.

Өмірба­яны

Ол Шым­кент об­лы­сы Оты­рар ауда­нын­да 1930 жы­лы 15 та­мыз­да дүни­еге кел­ген. Оның әндері рес­публи­камыз­дың қай өңірі бол­ма­сын жиі ай­ты­лып, ән сүйер қауым ара­сына ба­рын­ша кең та­раған. Ән өнерімізде жа­рық жұлдыз­дай сәуле ша­шып, айырықша із қал­дырған Ш. Қал­даяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақта­нышы саз­гердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең бай­тақ да­ласы­мен ас­па­нын­да қалықтаған, ма­хаб­бат пен сағыныш сезіміне то­лық қай­та­лан­бас Шәмші әуен­дері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей бе­ретіні ақиқат. Та­биғат ерек­ше да­рын иесі ет­кен да­ра тұлға Шәмші Қал­даяқов­ты қазақ ба­ласы есінен шығар­мас. Шәмші ағамыз­дың «Қор­лан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сы­рын ашып ай­тпай сөз ше­шендігіне са­лып бұра тар­тып ке­тетіні де бар. Кең жүрегімен та­биғат бер­ген дар­хан, да­рын­ды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тер­бейтін, қиял қозғай­тын, те­рең ойға шо­мыл­ды­ратын ғажап әндерімен халқын байыта­тын, олар­дың өмір сүру­ге құштар­лығын арт­ты­ратынШәмші Қал­даяқов пи­они­ноны да, дом­бы­раны да жо­сыл­та тар­та­тын еді. Бірақ, дом­бы­раны екпінде­те, төпе­леп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шер­те бас­тай­тын да қоңыр­ла­та былқыл­да­та ала жөне­летін. Қысқаша айтқан­да тұла бойы тұнған өнер бо­латын.

Қазақтың му­зыка өнерінде Шәмшінің ор­ны ерек­ше 300-ге жуық әні бар Ш. Қал­даяқов ке­удесін қағып, мен атақты ком­по­зитор­мын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашан­да өзінің қарапйым­ды­лығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын ал­ды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Там­ды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа ма­хабат­ты жыр­лаған ком­по­зитор ретінде белгілі. Там­ды аруы ма­хаб­бат жай­лы болғаны­мен ол ма­хаб­бат бос­тандығын аңсап жа­зылған ән. Яғни, жас жігіттің ба­сынан өткен қайғылы оқиғаға се­беп болған. Бұл ма­хаб­бат бос­тандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің ше­берлігімен дүни­еге әкелді. Ал, «Сағыны­шым менің» әнінде ерек­ше аңсау, те­рең толғау бар. Ай­та бер­сек әр әннің өзіндік та­рихи сы­ры бар. Ең бір көшпелі та­рих — ән та­рихы. Ке­шегі Кәріба­ев­тың Жам­был вальсімен қанағат­танған лектің ру­хани көші небір ай­маңдай да­рын­дармен да­рала­нып, сән сал­та­наты асқан ке­лешектің көркем кел­бетін көз ал­ды­мызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көш жу­ан ор­та­сынан ойып орын алған ком­по­зитор­дың бірі әрі біре­гейі де Шәмші Қал­даяқов бо­латын. Шәмшінің тағды­рын да бірту­ар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жыл­да­рын­да осы то­пырақта ғажайып шығар­ма­шылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фос­форлы Жам­был» секілді атақты әндері осын­да дүние есігін ашып, төрткүл дүни­еге та­рады. Әу бас­та Шым­кент өңірінде атақты әндері осын­да дүние есігін ашып, төрткүл дүни­еге та­рады. Әу бас­та Шым­кент өңірінде бас­талған Шәмші Қал­даяқов атын­дағы Ха­лықара­лық ән фес­ти­валі Жам­былда жалғасын та­уып, та­лай та­лант­тар­дың тұса­уын кесті. Шын та­лант­тың ғажайып да­рын­ның ша­пағаты тиді де­ген осы. Да­рыны иісі қазаққа ор­тақ Шәмшідей аяулы жан­ның ән ғұмы­ры әлі та­лай ұрпақтың ой білімімен, па­раса­тымен жаңаша жаңғырып жалғасын та­ба бе­рері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл ба­сы Та­раз тойына тар­ту деп қабыл­да­уымыз ләміз.

Қазақ өнері ор­ны тол­мас қазаға ду­шар бол­ды. 1992 жы­лы 29 ақпан­да жа­сы 62 ге қараған шағын­да ұзаққа со­зылған ауыр науқас­тан, көрнекті ха­лық әртісі Ш. Қал­даяқов көз жұмды. Шығар­ма­шылық жұмыс­пен 1950 жыл­дардан бас­тап ай­на­лысқан 1956–1962 жыл­дарда Ал­ма­ты кон­серва­тори­ясын­да оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шын­дығымен, шы­найылы­лығымен және сезімге те­рең бой­ла­уымен ерек­ше­ленетін алғашқы әндерінің өзі ком­по­зитор­дың атын ел­ге жайып, ха­лықтың сүйікті пер­зентіне ай­нал­дырды. 40 жыл­дан ас­там шығар­ма­шылық қыз­метінде Ш. Қал­даяқов­тың 300-ге жуық му­зыка­лық ту­ын­ды жаз­ды. Олар­дың дені ән жан­рында Ш. Қал­даяқов­тың өзінің қай­та­лан­бас қол таңба­сы ха­лықтың бо­яуы қанық та­лан­ты­мен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік бе­лес­ке көтерді. Қазақ да­ласын әнмен тер­беткен Ш. Қал­даяқов­тың тағды­ры мен ғұмы­рына осы төрт жол өлең түгелімен ар­налған­дай. Оның әндерінсіз ешбір ме­реке де, ешбір той-ду­ман да өтпейді. Оның әндерін еңбек­те­ген ба­ладан бас­тап, еңкей­ген кәріге дейін шырқай­ды. Ал «Шәмші аға» де­ген сөз «Ән аға» де­ген сөзбен тұта­сып, си­ноним бо­лып кет­келі қашан…

Ол Шым­кент об­лы­сы Оты­рар ауда­нын­да 1930 жы­лы 15 та­мыз­да дүни­еге кел­ген. Оның әндері рес­публи­камыз­дың қай өңірі бол­ма­сын жиі ай­ты­лып, ән сүйер қауым ара­сына ба­рын­ша кең та­раған. Ән өнерімізде жа­рық жұлдыз­дай сәуле ша­шып, айырықша із қал­дырған Ш. Қал­даяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақта­нышы саз­гердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең бай­тақ да­ласы­мен ас­па­нын­да қалықтаған, ма­хаб­бат пен сағыныш сезіміне то­лық қай­та­лан­бас Шәмші әуен­дері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей бе­ретіні ақиқат. Та­биғат ерек­ше да­рын иесі ет­кен да­ра тұлға Шәмші Қал­даяқов­ты қазақ ба­ласы есінен шығар­мас. Шәмші ағамыз­дың «Қор­лан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сы­рын ашып ай­тпай сөз ше­шендігіне са­лып бұра тар­тып ке­тетіні де бар. Кең жүрегімен та­биғат бер­ген дар­хан, да­рын­ды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тер­бейтін, қиял қозғай­тын, те­рең ойға шо­мыл­ды­ратын ғажап әндерімен халқын байыта­тын, олар­дың өмір сүру­ге құштар­лығын арт­ты­ратынШәмші Қал­даяқов пи­они­ноны да, дом­бы­раны да жо­сыл­та тар­та­тын еді. Бірақ, дом­бы­раны екпінде­те, төпе­леп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шер­те бас­тай­тын да қоңыр­ла­та былқыл­да­та ала жөне­летін. Қысқаша айтқан­да тұла бойы тұнған өнер бо­латын.

Қазақтың му­зыка өнерінде Шәмшінің ор­ны ерек­ше 300-ге жуық әні бар Ш. Қал­даяқов ке­удесін қағып, мен атақты ком­по­зитор­мын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашан­да өзінің қарапйым­ды­лығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын ал­ды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Там­ды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа ма­хабат­ты жыр­лаған ком­по­зитор ретінде белгілі. Там­ды аруы ма­хаб­бат жай­лы болғаны­мен ол ма­хаб­бат бос­тандығын аңсап жа­зылған ән. Яғни, жас жігіттің ба­сынан өткен қайғылы оқиғаға се­беп болған. Бұл ма­хаб­бат бос­тандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің ше­берлігімен дүни­еге әкелді. Ал, «Сағыны­шым менің» әнінде ерек­ше аңсау, те­рең толғау бар. Ай­та бер­сек әр әннің өзіндік та­рихи сы­ры бар. Ең бір көшпелі та­рих — ән та­рихы. Ке­шегі Кәріба­ев­тың Жам­был вальсімен қанағат­танған лектің ру­хани көші небір ай­маңдай да­рын­дармен да­рала­нып, сән сал­та­наты асқан ке­лешектің көркем кел­бетін көз ал­ды­мызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көш жу­ан ор­та­сынан ойып орын алған ком­по­зитор­дың бірі әрі біре­гейі де Шәмші Қал­даяқов бо­латын. Шәмшінің тағды­рын да бірту­ар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жыл­да­рын­да осы то­пырақта ғажайып шығар­ма­шылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фос­форлы Жам­был» секілді атақты әндері осын­да дүние есігін ашып, төрткүл дүни­еге та­рады. Әу бас­та Шым­кент өңірінде атақты әндері осын­да дүние есігін ашып, төрткүл дүни­еге та­рады. Әу бас­та Шым­кент өңірінде бас­талған Шәмші Қал­даяқов атын­дағы Ха­лықара­лық ән фес­ти­валі Жам­былда жалғасын та­уып, та­лай та­лант­тар­дың тұса­уын кесті. Шын та­лант­тың ғажайып да­рын­ның ша­пағаты тиді де­ген осы. Да­рыны иісі қазаққа ор­тақ Шәмшідей аяулы жан­ның ән ғұмы­ры әлі та­лай ұрпақтың ой білімімен, па­раса­тымен жаңаша жаңғырып жалғасын та­ба бе­рері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл ба­сы Та­раз тойына тар­ту деп қабыл­да­уымыз ләміз.

Қазақ өнері ор­ны тол­мас қазаға ду­шар бол­ды. 1992 жы­лы 29 ақпан­да жа­сы 62 ге қараған шағын­да ұзаққа со­зылған ауыр науқас­тан, көрнекті ха­лық әртісі Ш. Қал­даяқов көз жұмды. Шығар­ма­шылық жұмыс­пен 1950 жыл­дардан бас­тап ай­на­лысқан 1956–1962 жыл­дарда Ал­ма­ты кон­серва­тори­ясын­да оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шын­дығымен, шы­найылы­лығымен және сезімге те­рең бой­ла­уымен ерек­ше­ленетін алғашқы әндерінің өзі ком­по­зитор­дың атын ел­ге жайып, ха­лықтың сүйікті пер­зентіне ай­нал­дырды. 40 жыл­дан ас­там шығар­ма­шылық қыз­метінде Ш. Қал­даяқов­тың 300-ге жуық му­зыка­лық ту­ын­ды жаз­ды. Олар­дың дені ән жан­рында Ш. Қал­даяқов­тың өзінің қай­та­лан­бас қол таңба­сы ха­лықтың бо­яуы қанық та­лан­ты­мен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік бе­лес­ке көтерді. Оның ғажап шығар­ма­шылығы ұлттық мәде­ни­еттің та­маша көрінісінің бірі.

Та­нымал әндер жа­зудағы та­бысы үшін ком­по­зитор 1965 жы­лы Қазақстан Ком­со­мол сый­лығын ал­ды. Ал, 1991 жы­лы оған Қазақстан Рес­публи­касы­ның Ха­лық ар­тисі

Қазақ му­зыка өнеріне қосқан үлесі

Қал­даяқов ұлттық му­зыка өнерінің ән жан­ры­на аса айқын, соңғы леп ала кел­ген саз­гер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағым­ды, жүрек­ке жы­лы қабыл­да­нып, жұртшы­лықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ком­по­зитор шығар­ма­лары­ның тақырып­тық, мазмұндық ауқымы аса кең. Ел­ге, жер­ге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жа­ранға де­ген сүйіспеншілік – Шәмші шығар­ма­лары­ның бас­ты тақыры­бы.

Оның аза­мат­тық ли­рикаға тұнған, рес­публи­камыз­дың кең бай­тақ жерін жырға қоса­тын:

  • «Ақ ер­ке – Ақ Жайық»;
  • «Арыс жағасын­да»;
  • «Сыр сұлуы»;
  • «Жарқырай­ды Жезқазған»;
  • «Қарқара­лы»;
  • «Фос­форлы Жам­был»;
  • «Байқоңыр»;
  • «Тал­дықорған – әнім менің»;
  • «Ырыс­ты өлке – Шар­да­ра»;
  • «Отан»;
  • «Теріскей»;
  • «Мойынқұмда»;
  • «Оты­рар­дағы той»;
  • «Көгілдір Көкше»;
  • «Өмір өзен», т. б. ту­ын­ды­ларын жұртшы­лық ерек­ше ықылас­пен қабыл­да­ды.

Ком­по­зитор­дың марш екпінді, жігерлі, шат­тықпен шырқала­тын:

  • «Менің Қазақста­ным»;
  • «Теңізде – толқын­да»;
  • «Бақыт құшағын­да»;
  • «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері ха­лық ара­сына кеңінен та­рады;
  • «Ақмаңдай­лым»;
  • «Ақсұңқарым»;
  • «Қай­да­сың»;
  • «Ер­ке­жан»;
  • «Ана ту­ралы жыр»;
  • «Құшақ жайған қан­дай адам»;
  • «Қайықта»;
  • «Қыз сағыны­шы»;
  • «Ақ бан­тик»;
  • «Кешікпей ке­лем деп ең»;
  • «Қуаныш вальсі»;
  • «Әнім сен едің»;
  • «Сағыны­шым менің» әндері Р. Бағла­нова, Р. Аб­дуллин, Б. Төле­гено­ва, Р. Мұса­ба­ев, З. Қой­шы­ба­ева, т. б. әншілердің ре­пер­ту­ары­нан берік орын ал­ды.

Қал­даяқов ар­тында мол му­зыка­лық мұра қал­дырды.

Ма­рапат­та­ры

Рес­публи­ка жас­тар сый­лығының иегері бол­ды (1965).

Шәмші есімі ел есінде

Шым­кент қала­сын­дағы Шәмші са­ябағын­да ор­на­тылған Шәмші ес­керткіші1992 жыл­дан бас­тап саз­герлер мен әншілер үшін Қал­даяқов атын­дағы ха­лықара­лық байқау-фес­ти­валь дәстүрлі түрде өткізіліп тұра­ды. Шым­кент қала­сын­да об­лыстық фи­лар­мо­ния, бір көше, Ал­ма­ты қала­сын­да бір көше, ком­по­зитор туған өлке – Шәуілдір ауылын­дағыму­зыка мек­тебі – Қал­даяқов есімімен ата­лады. Шым­кент фи­лар­мо­ни­ясы­ның ал­ды­на Қал­даяқов ес­керткіші ор­на­тылған. 1991 жы­лы Қал­даяқов жай­лы ғұмыр­на­малық «Жыл­да­рым менің, жыр­ла­рым ме-нің» (реж. Т. Ах­ме­тов) де­ген де­ректі те­лефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» ес­теліктер мен мақала­лар жи­нағы жа­рық көрді (2002).

Шығар­ма­лары:

  • Әндер, А., 1967;
  • Бақыт құшағын­да. Әндер жи­нағы, А., 1971;
  • Сағыны­шым менің. Әндер, А., 1978;
  • Менің Қазақста­ным. Әндер, А., 1981;
  • Шәмші әлемі. Әндер, А., 2000.