Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.)

Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.)

Кастеев Абильхан (1904–1973 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1904

Ал­ма­ты об­лы­сы

Қай­тыс болғаны: 1973

Ал­ма­ты қала­сы

Әбілхан Қас­те­ев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескінде­мешісі, гра­фик-су­ретші, қазақ бей­не­леу өнерінің негізін са­лушы­лар­дың бірі. Ту­ып-өскен жері — Ал­ма­ты об­лы­сына қарас­ты Жар­кент төңірегі. То­пырақ бұйырған жері — Ал­ма­ты қала­сы. Қазақстан­ның ха­лық су­ретшісі (1944). Қазақстан Су­ретшілер одағы басқар­ма­сының төрағасы (1945–1956). Еңбек жо­лын Түрксіб темір жол құры­лысын­да жұмыс­шы бо­лып бас­та­ды. Мәске­удегі көркем­су­рет сту­ди­яла­рын­да Н. Г. Хлу­дов пен И. Бродс­кий­ден са­бақал­ды (1929–1936). Ха­лық өмірінің алу­ан көріністерін шы­найы бей­не­леген мыңнан ас­там көркем ту­ын­ды­лар­ды дүни­еге келтірген.

Жас Абай. Ә. Қас­те­ев. 1945. Әбілхан қолөнер­ге, одан соң су­ретшілік өнер­ге жас­тайынан бейім болған. Ана­сы Айған­ша кілем, ала­ша, бау-басқүр тоқуға, сыр­мақ сы­руға, шым ши жа­сауға ше­бер адам бо­лып­ты. Әбілхан осы ха­лық өнеріне ба­ла кезінен көз қанықты­рып, ана­сына ою-өрнек­тер са­луға көмек­тесіп, су­рет өнеріне қолын үй­ретіп өседі. Оның 1930–1931 жыл­да­ры салған «Қарын­дастың порт­реті», «Ав­то­порт­рет» ат­ты ту­ын­ды­лары тұпнұсқаға ұқсас­тығымен және кейіпкер бол­мы­сын ашуға де­ген тал­пы­нысы­мен ерек­ше­ленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алу­ан са­лалы тіршілік-ты­нысы­на ден қойып, та­рихи-әле­уметтік өзгерістер­ге су­рет­кер зер­десімен қарай бас­тай­ды. Оның «Мек­тепте» (1930), «Түрксіб» (1932), «Жам­былдың порт­реті» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937–1941), «Аман­келді сар­базда­ры» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты ту­ын­ды­лары да­рын­ды су­ретшінің өткен мен бүгінді шын­шылдықпен бе­дер­ле­ген көркем шежіре іспет­тес.

Әбілхан — туған жердің әсем та­биғатын, оның ди­дарын­дағы адам қолы­ның жа­сам­паз өзгерістерін зор ша­быт­пен бе­дер­лей алған су­рет­кер. Оның «Биік та­улы муз ай­дын» (1954), «Гул ашқан ал­ма» (1958), «Менің Ота­ным» (1959), «Жай­ла­удағы ав­то-дүкен» (1963), «Қап­шағай ГЭС-і» (1972) сияқты по­лот­но­лары эпи­калық қары­мымен, шын­шылдығымен на­зар ауда­рады.

Әбілхан Қас­те­ев су­ретші ретінде өзіндік да­ра қол­таңба­сымен ғана ерек­ше­леніп қой­май­ды, со­нымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін пер­зенттік ма­хаб­батпен жыр­лай алған бірту­ар су­рет­кер.

Әбілхан ағаның жүз жыл­дық ме­рей­тойы ЮНЕС­КО көлемінде атап өтілуі: бар­ша қазақ көркемөнеріне де­ген құрмет. Осы бір қара­пайым да қаси­етті қылқалам ше­берінен біз көп өне­ге ал­дық. Ол — бұрын су­рет өнеріне қойылған тыйым­ды тұңғыш той­та­рып, төл өнерді төрге сүй­ре­ген жан. Бір бас­таған кар­ти­насын аяқта­май ор­ны­нан тұрмай­тын төзімді адам еді. Тіпті, са­лып отырған­да тау көлеңкесі өзгеріп кет­се де ай­ныт­пай, қаз-қал­пында келтіретініне әлі таңда­намын. Ауқымы, кеңістігі қан­дай кең?!. Бо­яу езу, жағу әдісі де әлі жүмбақ. Су­ретшілер одағының төрағасы кезінде сол түста жаңадан са­лынып, ашылған га­лереяға бүрынғы Т. Шев­ченко ор­ны­на Ә. Қас­те­евтің есімін бе­рейік деп хат жа­зып, Ди­мекеңе шыққаным­ды, ол кісі «Су­ретшілерді қол­даңдар!» деп қол қойғанын, сол кез­дегі Ми­нист­рлер Кеңесі: «Ол біз ше­шетін ша­руа. ОК-те нең бар?» де­генін, бірақ соған қара­май түбі қайыр­лы болғанын айтқан жөн. Біре­улер Ә. Қас­те­евті «оқымаған» деп кемсіткісі ке­леді. Әлемдік тұлғалар Ти­ци­ан, Ремб­ранд­ттар оқып па екен? Әбе­кеңдер ту­ма та­лант­тар ғой! Ол су­рет өнерін да­мыту арқылы дінді бүзған жоқ, қай­та та­рихы­мыз­ды тірілтті. Біздер­ге жол са­лып берді. Сон­дықтан ол — қан­дай қүрмет­ке де лайық іза­шары­мыз.

Жай­ла­удағы АбайӘбе­кеңнің үйінде әңгіме­лесіп отырған­да: «Мен жақсы көрмейтін адам­да­рым­ды қол­дан тұншықты­рып өлтірдім!» — де­гені бар. Ал өзінің қумырсқаға қияна­ты бол­маған. Мұның мәнісі — ұнат­паған адам­ды кескінде­ген жоқпын де­ген­ге са­яды. Шы­нын­да да, су­ретші қала­мына іліккен адам­ның ру­хани ғүмы­ры ұза­рып, та­рих­та қала­ды. Біз кет­кен соң да су­рет өнері жа­сай бе­реді. Жал­пы, су­рет­те тіл жоқ, түсінісу бар. Басқаша айтқан­да, су­реттің тілі де — тілсіз тіл, оны кез кел­ген ұлт ұғады. Бірақ өрқалай үғады. Маған ай­рықша үнай­тын су­ретшім — Ве­реща­гин. Ол өзі көрген соғыс сұра­пылын жазған. Қас­те­ев те со­лай, өз көргенін көркем­су­рет­ке көшірген. Өлмейтіндігі де со­дан. Олар­дың су­реті — ке­лешек­ке ғұмыр…

Әбілхан аға су­рет са­лудан қолы бо­сай қал­са, бір ми­нут та бір орын­да байыз та­уып оты­ра ал­май­ды екен. Ана­ны жөндеп, мы­наны жа­сап жібе­ру… Жаңа үй­ге көшіп барған бұларға көрші-қолаң ерек­ше бір таңда­ныс­пен қарап жүрді. Бірде Әбілхан аға қолы­на кет­пенін үстап, бақша­сын­да жұмыс істеп жүрсе, бір көршісі қаша­ның арғы жағынан сығалап түрса ке­рек. Аман­дықтан соң көршісі: «Осы үй­ге бір үлкен, атақты су­ретші көшіп келді дейді. Сіз білетін шығар­сыз ол кісіні. Қан­дай екен өзі?» деп қызығушы­лығын жа­сыра ал­мапты. Аңыз­дай көрінген ада­мы мұнша қара­пайым бо­лар деп ой­ла­маған шығар, мүмкін, ол.

— Бәріміз от­ба­сымыз­бен көше­ге шыққан­да бір квар­талды қырық ми­нут­та өрең жүріп өтуші едік. Әкемді білмейтін адам кем­де-кем. Аман­дық-са­улық сүрасқан ел, — деп Гүлнәзия апай сол күндерді сағына есіне ал­ды. — Мы­сық екеш мы­сыққа дейін әкемді төңірек­теп жүруші еді. Өзі де тар­лау үйімізде ауыл­дастар бар, біз бар, бәріміз мәз-мей­рам боп жатқан күндердің бірінде әкем үкі алып келіпті. Кеп­терлеріміз тағы бар… Жан-жа­ну­ар­ларды жа­нын­дай сүйетін әкем қүмырсқаның тірлігіне де таңда­нып, осы бір жәндіктен үлгі алыңдар деп оты­ратын. Ол, әсіре­се, «Жол­ба­рыс» деп ата­латын итіне көп көңіл бөліп, на­зар ауда­ратын-ды.

Жа­ны нәзік ағаның жүрегі де нәзік еді. Бірне­ше рет ин­фаркт алған. Ауру­хана­дан үй­ге алып ке­ле жатқан мәши­не бүры­лыс­тан көрінген­де Жол­ба­рыс ал­ды­нан ал­ды­мен жүгіріп шығады. Екеуі үнсіз ұғыса­ды. Әбілхан аға дүние са­лар­дан бір күн бұрын Жол­ба­рыс та жоғалып кетіпті. Жақсы ит өлігін көрсет­пейді… Бүл — қазақтың жеті қазы­насы­ның бірі дейтін иттің де иесінің өмірден өтерін, елдің бір қазы­насы — та­лант­ты ұлы­нан айыры­ларын соқыр түйсігі арқылы сезінуінің белгісі екен-ау.

Әбілхан ағаның жүрегі та­за таңда­ныс­тан жа­ралған. Ол ас­пандағы ұшаққа қарап, «бәлен­бай тон­на ауада қалай қалқып тұр» деп, адам­зат ақылы­на тағы бір таңда­нады. Та­биғат­тың әрбір жа­раты­лысы­на үңіліп тұрып, «қан­дай ғажап сис­те­ма» дейді ол. Осы таңда­нысы­ның бар­лығы қылқала­мынан су­рет бо­лып төгілді емес пе? Бұл да үлы­ларға ғана тән ерек­шелік шығар. «Эр адам­ның Құдайы ішінде». Әбілхан ағаның сөзі. «Құдай бақты бар­лық адамға бірдей бе­реді. Оны ұстай алу — өзіңнің қүзы­рыңдағы іс. Ұшы­рып ал­саң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес» дейді. Қас­те­евті Қас­те­ев ет­кен де дәл осы ұста­ным, дәл осы — әфса­на.

Тұғаны­на 100 жыл то­лып отырған ұлттың да­ра тұлғала­рының бірі Әбілхан ағаның сүйікті қызы Гүлнөзия апай­дың сағыныш­ты әңгіме­лерінің ішінен қара­пайым әкенің әлемін ойып ал­дық. Даңқ тұғыры­на мәңгі көтерілген Қас­те­евтің қара­пайым әлемін қазақтың да­на қарт­та­рын, ауыл­дың сол бір қазы­на қарт­та­рын сағынған­дықтан ба ара­лай бергің ке­леді екен. Ба­лала­ры мен ошағына бақыт, кең бай­тақ Ота­нына ме­рей сый­лаған си­рек түлга Ә. Қас­те­евтің же­ке мүра­жайын ашу — бар, жоғын түген­деп жатқан елдің атқары­лар бір ісі екені көрініп түр.

Ен­де­ше су­рет­терінің өзінен «да­ланың исі бүрқырап» тұрған да­намыз­га лайықты құрмет жа­сау па­рыз.

Та­нымал ту­ын­ды­лары

«Кол­хоздағы сүт фер­ма», «Мақта жи­нау», «Кол­хоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Са­тып алынған қалыңдық», «Ал­тын ас­тық», «Ақсай карьері», «Ме­деу мұз ай­ды­ны», «Түрксіб», «Та­лас жағала­уы», «Қап­шағай да­ласы». Со­нымен қатар Ке­неса­ры Қасы­мов, Абай, Шоқан Уәли­ханов, Жам­былдың порт­рет­тері; ерек­ше та­нымал бо­лып та­была­тын порт­реті – «Аман­гелді Има­нов» порт­реті.