Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Қуанышбаев Қалыбек (1893 — 1968 жж.)

Қуанышбаев Қалыбек (1893 — 1968 жж.)

Куанышбаев Калибек (1893–1968 гг.)

Қуаныш­ба­ев Қалы­бек (Қали­бек) (1893–1968 ж.), ак­тер, қазақ ұлттық про­фес­си­онал­ды те­атр өнерінің негізін қала­ушы­лар­дың бірі, КСРО ха­лық ар­тисі (1959 ж.), КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығының ла­уреаты (1952 ж.). 1922–25 ж. Қоян­ды жәрмеңкесі ду­ман­шы­лары ұйым­дастырған ойын-са­уыққа қаты­сып, өнер көрсетті. 1926 ж. Қызы­лор­да­да қазақ дра­ма те­ат­рын құруға қаты­сушы­лар­дың бірі бол­ды. 1927 ж. Мәске­удегі эт­ногра­фия кон­церт­ке қатыс­ты. 1928–64 ж. М. О. Әуезов атын­дығы қазақ дра­ма те­ат­ры­ның (Ал­ма­ты) ак­тері. Те­атр­дағы таңда­улы рөлдері Ны­сан Абыз, Тәне­ке. Абай (М. О. Әуезовтің «Еңлік-Ке­бек», «Түнгі са­рын», «Абайыңда»), Ба­лу­ан (Ғ. М. Мүсіре­повтің «Ақын тра­геди­ясын­да»), Го­род­ни­чий (Н. В. Го­гольдің «Ре­визо­рын­да»), Бра­бап­цио, Бап­тиста (У. Шекс­пирдің «Отел­ло», «Асауға тұса­уын­да»), 1937 жыл­дан ки­ноға да түсті; Бай­бол («Аман­гелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғали­ев («Ал­тын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәли­ханов­та»). Пе­даго­гика қыз­метпен де ай­на­лыс­ты. Қысқа пьеса, әзіл әжуа сықақтар­дың ав­то­ры (жи­нақтар: «Ост­рие», 1936; «Шан­шарлар», 1962). 2–4-сай­лау КСРО Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты, 2 рет Ле­нин ор­дені, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ор­дендерімен ма­рапат­талған. Қуаныш­ба­ев құрметіне Қараған­ды, Қарқара­лы қала­ларын­да көше­лер аталған. Қарқара­лыдағы ол тұрған үй­ге ме­мори­ал­дық тақта қойылған.

Кейбір адам­дар жа­раты­лысы­нан қабілетті, та­лант­ты, да­рын­ды бо­лып жа­рала­ды. Он­дай адам­дар өздерінің ерек­ше қабілеті өзге­лердің жан дүни­есіне қуаныш, ізгілік сый­лай­ды. Сон­дай жан­ның біре­гейі, қазақ өнерінің аса көрнекті өкілдерінің бірі — КСРО ха­лық ар­тисі және КСРО Мем­ле­кеттік сый­лығының иегері Қали­бек Қуаныш­ба­ев.

Сах­на өнерінің Қали­бек Қуаныш­ба­ев шыққан ең биік шыңы — М. Әуезов пен Л. Со­болевтің пьеса­сын­дағы қазақтың ке­меңгер ақыны Абай рөлі бол­ды. Да­рын­ды ар­тист бүкіл қазақ халқының ал­тын діңгегін арқалап шыққан­дай көрінді. Бұл рөлді бес жыл­дан кейін ки­нода қай­та­дан ой­наған­да ре­жис­сер Г. Л. Ро­шаль: «Қали­бек­пен қыз­меттес бо­лу бас­шы адамға бір зор бақыт екен ғой» — дейді.

Мәске­удегі көркем те­атр­дың 50 жыл­дық тойын­да Одақтағы бас­ты- бас­ты те­атр­лар­дың ең жақсы спек­такль­дерінен үзінділер көрсе­тетілген. Қазақстан­нан Шекс­пирдің Мұхтар Әуезов аударған «Асауға тұса­уынан» үзінді көрсетіледі. Сон­дағы Ка­тари­наның әкесі Бап­тиста­ның рөлін сом­даған Қали­бек Қуаныш­ба­ев­ты жи­налған сах­на ма­ман­да­ры, ғалым­да­ры орыс­тың ұлы ар­тистері В. Н. Да­выдов пен М. М. Тар­ха­новқа теңеген екен.

Сах­на өнерінің әйгілі саңлағы, Кеңес Одағының ха­лық ар­тисі Құрман­бек Жан­дарбе­ков «Сах­на мақта­нышы» де­ген мақала­сын­да: Қали­бек те­атрға басқала­рымызға қараған­да ар­тықша қабілетімен кел­ген адам. Алғашқы қазақ те­ат­ры бірне­ше өнердің ба­сын қосқан син­тездік те­атр бо­латын. Пьеса да қоямыз, кон­церт те бе­реміз, цирк ойын­да­рын да көрсе­туші едік. Қали­бек осы ойын­дардың бәріне де қаты­сып, жұрт көзіне ерек­ше түсетін. Көрушілерді ол өзінің «Қыз ұза­ту», «Қой күзе­ту» сияқты күлдіргі сықақ әңгіме­лерімен таңғал­ды­ратын. Құлаққа жағым­ды, бо­яуы мол қоңыр кең да­уысын сан қилы кейіпкер­лері ха­рак­теріне лайықтап пай­да­лана білетін.

Қали­бек — ими­таци­яның асқан ше­бері. Бір өзі «Қыз ұза­тудағы» ба­жыл­дақ кемпір мен бал­пылдақ шал­ды, қыз сыңсу­ын, бұза­удың мөңіре­гені мен иттің үргенін, қасқыр­дың ұлығанын — бәрін де ай­ныт­пай ше­бер бей­не­леп көркем шығара­тын. Ол мысқыл, тақпақ өлеңдер де шығарып, со­лар­ды сах­на­дан ше­бер орын­дап жүрді.

Қали­бек Қуаныш­ба­ев халқымыз­дың ауыз әде­би­етін жақсы біледі. Ол Абай, Ыбы­рай, Сұлтан­махмұт және де қазақ ақын-жа­зушы­лары­ның та­лай өлеңдерін жатқа ай­та­тын. Тіл өнерінде Қали­бек­тен асқан ак­теріміз болған жоқ. Бүгінгі жас ак­терлер алар үлгі, дәстүр осы бол­мақ. Өй­ткені ак­тердің сөз ке­реметін ұқпай, сах­на ше­берлігін иге­рем деуі мүмкін емес.

Ак­тер бойын­дағы тағы бір ар­тықша қаси­ет — өз халқының өткен өмірін, салт-са­насын, әдет-ғұрпын, тағы басқа өзғешеліктерін ег­жей-тег­жейлі білуінде жа­тыр. Эпос­тық және та­рихи тақырып­тарға ар­налған пьеса­лар­дың сах­на­лық шешімдерін, көріністерін та­буда Қали­бек қай ре­жис­серге бол­сын әр кез кон­суль­тант, ұстаз болған ак­тер. Біз халқымыз­дың ескі мұра­ларын Қали­бек­ше білу­ге үй­ре­нуіміз ке­рек. Қали­бек Қуаныш­ба­ев ак­терлік өнерін шыңдай, зер­лей жүріп көркем әде­би­ет­пен де көп шұғыл­данды. Ол «Түй­реуіш» және «Шан­шарлар» де­ген са­тира­лық өлеңдер жи­нағын шығар­ды. Дра­матург Шах­мет Құсайынов­пен бірлесіп, «Шан­шарлар», «Ақ жа­улық — көк жа­улық» ат­ты ко­меди­ялық пьеса­лар жаз­ды.

Қали­бек Қуаныш­ба­ев өзінің қырық жылға та­яу сах­на­лық өмірінде жүз елу­ден ас­там рөлде ой­наған екен. Олар­дың қай-қай­сы­сы бол­сын өз бо­яуы, өз нақышы­мен ерек­ше да­раланған то­лыққан­ды об­раздар.

Ол қазақ жас ки­но өнерінің өсуіне үлес қос­ты. Оның қаты­су­ымен шыққан «Аман­келді», «Абай» көркем су­ретті филь­мдері бүкіл одақ жұртшы­лығынан жоғары баға алғаны мәлім.

Қали­бектің өнер­дегі жо­лы қай-қай­сы­мызға да үлгі. Ауыл ара­сынан шыққан бір топ өнер­паздар қазақтың ұлт те­ат­ры­ның іргесін көтер­ген. Сол міндет та­быс­пен орын­далған сияқты, — деп жазған.

Қазіргі әркім өз ба­сын күй­ттеп кет­кен за­ман­да ар­тық туған текті түлғалар ұмыт қал­ды-ау де­ген ой ма­залап жүрген Асанәлі Әшімұлы Қали­бек Қуаныш­ба­ев жөнінде бы­лай деп қалам тер­бейді: Қал­ле­ки Қарқара­лыдан шыққан саф ал­тын — са­моро­док. Ол кісінің көрген мек­тебі, үлкен сах­на­сы — «Қоян­ды жәрмеңкесі». Осы жәрмеңке­де Май­ра Уәлиқызы, Қажымұқан Мұңай­тпа­сов, Иса Бай­зақов­тармен қанат­та­са жүріп, бірге өнер төкті. Бір өзі бір те­атрға ай­налған «пері Қали­бек» уақыт оз­ды­ра ке­ле «сах­на­ның піріне» ай­нал­ды. Ар­найы білім алып, дүни­енің оқуын та­уыс­пай-ақ, да­лалық эру­дици­ямен, то­пырақпен, қан­мен сіңген та­биғи да­рыны­ның арқасын­да дүни­елік құбы­лыс жа­саған Қал­ле­киді Шәкең ұстаз тұтты.

Сол ұста­зы төсек тар­тып жатқан­да Шәкен ки­но түсіріп жүреді де, бір-екі айға кешігіп ке­леді. Шәкеңнің кіргенін сез­ген Қал­ле­ки ірге­ге қарап, бұрыл­маған күйі жа­тып алып­ты. Шәкең бол­са сол баяғы еркін қал­пы­мен «оу, шал, бұл не жа­тыс, тұр кар­та ой­найық, ақшаң бар ма өзіңнің» дейді ғой. Қале­кең бұрти­ып, ба­ла секілді қара­май қояды. Со­дан 5–10 ми­нут­тан кейін ұлы өнер­паз бақиға ат­та­нып жүре бе­реді. Осы­нау бір мінез­ге то­лы соңғы «үнсіз ди­ало­гы», ғажайып қал­жыңы, зілсіз өкпесі арқылы өлімнің өзін әжуа етуін қараңыз­шы. Шіркін, Шәкеңнің ке­луін күтіп жатқан жүректі ақын бол­саң қалай жыр­ла­саң да жа­расар еді. Сол күні ас­пан түнеріп, күн күркіреп, ша­тыр­лап най­зағай ой­нап, ұлы ак­тердің, өнер­паздың бол­мыс-бітімінің бір сәулелі, сұра­пыл сәтін ба­ян ет­кендей еді. Қал­ле­киді Шәкен туған ағасын­дай ару­лап қой­ды.

За­маны­мыз­да өз ішімізден теңеу та­был­маған­дай Қал­ле­киді «қазақтың Шеп­кині» дейтін. Қазір ой­лап қара­сақ, ол ешкімге ұқса­май­тын, қай­та­лан­бай­тын Қал­ле­ки ғана бо­лып қалған екен.

Қале­кең Құнан­бай­ды да, Абай­ды да сом­да­ды. Шекс­пир шығар­ма­ларын­да ой­на­ды. Қан­дай рөлде ой­на­масын бәрін Абай­дан іздейтін, Абай­дан та­батын. Үстелінде үнемі Абай­дың кіта­бы жа­татын. Ол осы­нау алып­пен ғана ақыл­да­сатын­дай, тек со­дан ғана ләззат ала­тын­дай көрінуші еді. Де­мек оны «сах­на­ның Мұхта­ры» де­сек бек жа­раса­тын­дай.

«Ақан сері — Ақтоқты­дағы» Қале­кең сом­даған Мылқауды мен әлі күнге ұмы­та ал­май­мын. Жат­сам да, тұрсам да көз ал­ды­ма ке­ле бе­реді. Теңдесі жоқ об­раз жа­сады. Біз сол қойылым­да көпшілік сах­наға қатыс­тық. Сау адам­ның об­ра­зын жа­сай ал­май жүрген ба­ла-шәкірт біздер, опыр-ай, Мылқауды қалай ой­най­ды екен де­уші едік. Қос мұңлықтың тра­геди­ялық халін түсінген­нен кейінгі, Мылқаудың қайғы жұту­ын қалай бе­руді Қал­ле­ки тап­ты. Әсіре­се бар­мағын тістеп «а-а-а» деп ыңыранған­да қасын­да жүріп оған қарау өте ауыр еді. Қазақ бір нәрсе­ге қат­ты өкінген­де «бар­мағым­ды қат­ты тістеп қал­дым» дейді ғой. Қале­кең со­ны ұтым­ды пай­да­лан­ды. Бар­мағын тістеп, бірер ми­нут тұрған­да зал­да да, сах­на­да да жы­ламай­тын жұрт қал­май­тын. Со­нан кейін Ақтоқты­ны көтеріп алып, әлди­леп бесік бо­лады.

Та­лант­тың ал­дында ре­жис­серлердің де дәрменсіз күй ке­шетін кезі бо­лады. Кітап­тағыдай бы­лай жаз, бы­лай ой­на деу ол кісілер­ге жат еді. Ол тех­ни­калық ше­берлікке емес, өмірдің өз мы­салы­на, ұлттық мінез бен қаси­ет­ке ғана жүгінетін.

Қале­кең өнер­де қан­дай бол­са, өмірде сон­дай еді. От­ба­сын­да да сол қал­пы. Тар дәлізде күн ұзаққа ас­пай-сас­пай, толғанып-тебіреніп, әрлі-берлі жүреді де қояды екен. Ба­лала­ры «көке бы­лай тұрыңыз­шы» деп әбігері шығатын көрінеді. Көзінде қара көзәй­нек, қолын­да қара таяқ. Ба­яу қозғалып ке­ле жатқан ай­сберг секілді бо­латын Қале­кең. Тұла бойы толған мазмұн еді.

Сөз соңын­да ай­та­рымыз қазақ өнеріне еле­улі үлес қосып, ұрпаққа үлгі-өне­гесін мұра етіп қал­дырған Қали­бек Қуаныш­ба­ев сияқты да­ра тұлғалар­дың өнер­лерін бүгінгі жас­та­рымыз үй­реніп, тәлім-тәрбие алар де­ген ой­да­мыз.