Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912 — 1993 жж.)

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912 — 1993 жж.)

Кунаев Динмухамед Ахметович (1912–1993 гг.)

Қона­ев Дінмұха­мед Ах­метұлы

Дүни­еге кел­гені: 1912 жы­лы қаңтар­дың 12-сі

Вер­ный (Ал­ма­ты)

Қай­тыс болғаны: 1993 жы­лы та­мыз­дың 22-сі

Ал­ма­ты

Ман­са­бы: са­ясат­кер

Қона­ев Дінмұха­мед (Ди­маш) Ах­метұлы (1912—1993) — аса көрнекті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, үш мәрте Со­ци­алистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның ака­демигі, тех­ни­ка ғылы­мының док­то­ры, КСРО шет ел ор­дендері мен ме­даль­да­рының иегері. Ал­ма­ты қала­сын­да, қыз­меткер­лердің от­ба­сын­да өмірге кел­ген.

Мазмұны

  1. Оқу жо­лы
  2. Жұмыс жо­лы

Оқу жо­лы

Ор­та мек­тепті бітірген­нен кейін, Қазақстан Өлкелік ком­со­мол ко­митеті оны Мәскеу Түсті ме­талл ал­тын инс­ти­туты­на оқуға жібе­реді. Инс­ти­тут­ты ой­дағыдай бітірген.

Жұмыс жо­лы

Тау кен ин­же­нері ма­ман­дығын алған Қона­ев Балқаш мыс қоры­ту ком­би­наты­ның Қоңырат руд­нигіне жұмысқа ор­на­ласып, он­да бұрғылау ста­ногы­ның ма­шинисі, цех бас­тығы, руд­никтің бас ин­же­нері және оның ди­рек­то­ры бо­лып істейді.

Екінші дүни­ежүзілік соғысы­ның қиын күндерінде ол тыл­дағы жұмыс­ты ұйым­дасты­руда іскерлігімен көзге түседі. «Ал­тай­по­лиме­талл» ком­би­наты бас ин­же­нерінің орын­ба­сары, Рид­дер руд­нигінің және КСРО қорғасын мы­рыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпо­рын­да­рының бірі Ле­нино­гор кен басқар­ма­сының ди­рек­то­ры қыз­меттерін атқара­ды.

1942—52 жыл­да­ры Қазақ КСР Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы­ның орын­ба­сары бо­лып қыз­мет етеді. Осын­да жүрген­де Қазақстан ғалым­да­ры оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның ака­демигі және оның пре­зиденті етіп сай­лай­ды. Тау кен ісі са­ласы­ның ірі ғалы­мы Қона­ев рес­публи­ка ғылы­мының да­муы жо­лын­да зор еңбек сіңіреді. Ғылы­ми ұйым­дық жұмыс­тарды жақсар­ту, ғылы­ми зерт­те­улердің негізгі са­лала­рын білікті кадр­лар­мен нығай­ту ша­рала­ры оның бас­шы­лығымен жүзе­ге асы­рыла­ды. Дінмұха­мед Қона­ев 1955—60 және 1962—64 жыл­да­ры. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жыл­да­ры. Қазақстан ком­му­нистік пар­ти­ясы­ның Ор­та­лық ко­митетінің бірінші хат­шы­сы бол­ды. Ол Қазақстан­ның эко­номи­касы мен мәде­ни­етін өркен­де­ту жо­лына өзінің білімін, мол тәжіри­бесін және ұйым­дасты­рушы­лық қабілетін аян­бай жұмсай білді.

Ол бірне­ше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты бо­лып сай­лан­ды. СОКП­ның 19 съезінен бас­тап кейінгі съез­дерінің бәріне де­легат бол­ды. Пар­ла­мент және пар­тия де­лега­ци­ясын басқарып, әлде­неше рет ше­тел­дерде бо­лып қай­тты. 1956 жы­лы СОКП Ор­та­лық ко­митетінің мүшесі.

Пар­ти­яның 23 съезінде ол СОКП Ор­та­лық Ко­митетінің Са­яси Бю­росы­ның мүшелігіне кан­ди­дат, ал 24 съез­де мүше бо­лып сай­лан­ды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Пре­зиди­умы­ның және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Пре­зиди­умы­ның мүшесі бол­ды.

Дінмұха­мед Қона­ев өз за­маны­ның ұлы са­ясат­кері бо­ла білді. Ол билік ба­сын­да болған уақыт қан­ша­лықты күрделі, қара­ма қай­шы­лықты болғаны­мен, елдің эко­номи­касын, әле­уметтік са­ласын, ғылы­мын, ұлттық мәде­ни­етін да­мыту ісіне ай­ту­лы еңбек сіңірді. Түрлі деңгей­дегі пар­тия және кеңес қыз­метін атқара жүріп, Ор­та­лықтың өктем са­яса­тының ығымен ке­те бер­мей, ел мүддесін, бо­лашақ қамын да бір сәт ес­тен шығарған жоқ. 1960 жыл­дар ба­сын­да Н. С. Хру­щевтің оз­бырлығымен Өзбекс­танға беріліп кет­кен қазақ жерінің біраз бөлігін қай­та қай­та­рып алуы со­ның айқын бір дәлелі еді.

1986 жы­лы СОКП Ор­та­лық Ко­митетінің Бас Хат­шы­сы бо­лып М. С. Гор­ба­чевтің ке­луіне бай­ла­ныс­ты Дінму­хамед Қона­ев Қазақстан Ком­парти­ясы Ор­та­лық Ко­митетінің бірінші хат­шы­лығынан бо­сатыл­ды. 18 ми­нут өткізілген пле­нум­да ор­ны­на Ульяновск об­лы­сынан Г. В. Кол­бин отырғызыл­ды. Ор­та­лықтың жүргізіп отырған әділетсіз са­яса­тына қар­сы рес­публи­ка жас­та­ры өз қар­сы­лықта­рын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Жел­тоқсан оқиғасы­на ұлас­ты.

Дінмұха­мед Ах­метұлы Қона­ев Рес­публи­ка пар­тия ұйымын басқарған ши­рек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәде­ни­еттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен та­нылып, ха­лық дәстүрін жақсы білетін, тағылы­мы те­рең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мем­ле­кет ісінен қол үзген кез­де де ол білімдар білікті жан ретінде ел­де жүріп жатқан ре­фор­ма бағыт­та­рын, қоғам­ды де­мок­ра­ти­ялан­ды­ру қажет екенін те­рең сезініп, қол­дай білді.

Өзі өмір сүрген күрделі уақыт­тың адал пер­зенті бо­ла білген аб­зал аза­мат 1993 жы­лы та­мыз­дың 22-інде, 82 жасқа қараған шағын­да ке­нет­тен қай­тыс бол­ды