Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Ғарифолла Құрманғалиев (1909 — 1993 жж.)

Ғарифолла Құрманғалиев (1909 — 1993 жж.)

Курмангалиев Гарифулла (1909–1993 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1909

Ба­тыс Қазақстан

Қай­тыс болғаны: 1972

Ғари­фол­ла Құрманғали­ев (1909 —1972 жж.)- Рес­публи­ка мәде­ни­етіне еңбек сіңірген қай­рат­кер, әнші (те­нор), Қазақ КСР ха­лық әртісі. Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Қаратөбе ауда­нын­да дүни­еге келді.

Әншілік өнер­ге бейімділігі ба­ла кезінен байқал­ды. Ұлы Мүхит­тың шәкірттері Шын­тас пен Шайқыдан дәріс ал­ды. 1934 жы­лы Ал­ма­тыда өткен ха­лық көркемөнер­пазда­рының бірінші Бүкіл Қазақстан­дық слетіне қатыс­ты. Сол жы­лы Қазақтың му­зыка­лық дра­ма те­ат­ры­ның (қазір Қазақтың опе­ра және ба­лет те­ат­ры ата­лады) құра­мына қабыл­данды. Құрманғали­ев Е. Бру­силовс­кийдің «Ер Тарғын», «Ай­ман-Шол­пан», «Қыз Жібек», М. Төле­ба­ев­тың «Біржан-Са­ра», А. Жұба­нов пен Л. Ха­мидидің «Абай» опе­рала­рын­да күрделі пар­ти­ялар мен рөлдерді ой­на­ды.

Ғари­фол­ла Құрманғали­евтің орын­да­уын­да ха­лық әндері асқақ та әсем әуезімен ас­пан ас­тын тол­ты­ра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуеле­те салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, да­уыс са­зына да­ланың ұланғайыр дарқан­дығын өз көңіл толқыны­сымен ұштас­ты­ра сиғызып жібе­ретін. Ғари­фол­ла аңыра­тып, жа­мыра­тып ән төкпе­лет­кен кез­де тыңда­ушы­ның көз ал­ды­на арқыраған арғымақтар мен аса ки­елі ару­ана­лар да­ласы­ның кескін-кел­беті ке­леді. Ақта­рыла та­сыған ақ жар­ма өзен­дер мен ағын су­лар әуені қыран қүстар­дың қанат қағысы, алып та­улар асқақтығы, ақиық ақын Ма­хам­бет жы­рының атойы бар бо­яуымен, ішкі рух нәр-нақышы­мен Ғаре­кеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жа­тар­ды. Ол өзі негізін са­лып кет­кен әншілік мек­тептің осын­дай өзге­ше орын­да­ушы­лық ше­берлікті қажет ететін да­ра қаси­ет­тері бар. Ғ. Құрманғали­ев ән са­пары­мен төрткүл дүни­енің та­лай ел­дерінде бо­лып, сан-сан сах­на­лар­дан ұлттық му­зыка­лық салт-дәстүріміздің бай­лығын паш етті.

1967 жыл­дан бас­тап Рес­публи­калық өнер және цирк сту­ди­ясын­да са­бақ берді. Оның отан­дық мәде­ни­ет­ке сіңірген ора­сан зор еңбегі әлде­неше мәрте­мем­ле­кеттік ма­рапат­тармен бағалан­ды.