Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904 — 1985 жж.)

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904 — 1985 жж.)

Маргулан Алькей (1904–1985 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1904 ж. ма­мыр­дың 11 (1904—05—11) (107 жыл)

Қазақстан, Пав­ло­дар об­лы­сы Ба­янауыл ауда­ны

Қай­тыс болғаны: 1985 ж. қаңтар­дың 12

Ұлты: қазақ

Ман­са­бы: әде­би­ет­та­нушы, өнер­та­нушы, шығыс­та­нушы, ұлттық ар­хе­оло­гия мек­те­бiнiң не­гiзiн қала­ушы.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11.5.1904, Пав­ло­дар об­лы­сы Ба­янауыл ауда­ны – 12.1.1985, Ал­ма­ты қала­сы) – әде­би­ет­та­нушы, өнер­та­нушы, шығыс­та­нушы, ұлттық ар­хе­оло­гия мек­те­бiнiң не­гiзiн қала­ушы. Бүкi­лодақтық ге­ог­ра­фия қоғамы­ның то­лық мүше­сi (1933), фи­лоло­гия ғылы­мының док­то­ры (1945), Қазақстан ғылым ака­деми­ясы­ның ака­демигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қай­рат­ке­рi (1961). Оның ре­дак­ци­ясы­мен Шоқан Уәли­ханов­тың шығар­ма­лары­ның 5-том­дық то­лық ака­деми­ялық жи­нағы жа­рық көрді. Пе­даго­гика са­ласын­да Әлкей Марғұлан фоль­клор бойын­ша зерт­те­улерінің маңызы зор. Тұңғыш рет ха­лық пе­даго­гика­сының бірту­мала­ры шоғыр­ланған ка­зақ халқының аңыз­да­рын, ер­тегілерін, жыр­ла­рын іргелі зерт­теді.

Мазмұны:

  1. Өмірба­яны;
  2. Еңбек­тері;
  3. Шығар­ма­лары.

Өмірба­яны

Әлкей Хақанұлы Марғұлан бас­тапқы бi­лiм­дi ауыл мек­те­бiнен ал­ды. Пав­ло­дар қала­сын­дағы мұғалiм­дер кур­сын бi­тiрiп‚ туған аулын­да мұғалiм бо­лып iс­те­дi. Се­мей пе­даго­гика­лық тех­ни­кумы­ның сту­ден­тi бо­ла жүрiп‚ «Таң» жур­на­лы мен «Қазақ тi­лi» га­зетi­нiң ре­дак­ци­яла­рын­да (1921–25) қыз­мет атқарған. Осы жыл­да­ры ол М. О. Әуезов­пен‚ М. Жұма­ба­ев­пен та­ныс­ты. Ле­нинг­рад (қазiр­гi Санкт-Пе­тер­бург) қала­сын­дағы Шығыс­та­ну инс­ти­туты­ның түркi­тану және та­рих-фи­лоло­гия фа­куль­тет­те­рiн­де (1925–29) қатар оқыды.

Марғұлан КСРО ғылым ака­деми­ясы­ның ака­демигі А. Е. Ферс­ман мен про­фес­сор С. И. Ру­ден­ко­ның бас­шы­лығымен ұйым­дасты­рылған Қазақстан және Ал­тай ар­хе­оло­гия және эт­ногра­фия экс­пе­дици­яла­рының (1926–27) жұмы­сына қатыс­ты. Экс­пе­диция ке­зiн­де Ә. Н. Бөкей­ха­нов­пен тығыз қарым-қаты­нас ор­на­тып, бiр­ле­сiп қыз­мет жа­сады. Марғұлан 1928 жыл­дан қазақ халқына қатыс­ты әде­би, мұрағат­тық ма­тери­ал­дар жи­нақта­умен шұғыл­данды. 1929 ж. Абай шығар­ма­лары ту­ралы дип­ломдық жұмыс қорғап‚ орыс ге­ог­ра­фия қоғамы ар­хи­вiн­де­гi Абай қол­жазба­лары ту­ралы нақты та­рихи де­рек­тер не­гiзiн­де ғылы­ми дәйек­тi тұжы­рым­дар жа­сады.

Тер­ми­ноло­гия ко­мис­си­яның ғалым-хат­шы­сы (1930–31), Ле­нинг­рад қасын­дағы Мем­ле­кеттік ма­тери­ал­дық мәде­ни­ет та­рихы ака­деми­ясы­ның ас­пи­ран­ты (1931–34) ‚ Шығыс­та­ну инс­ти­туты­ның оқыту­шысы (1931–35), Мәскеу қала­сын­дағы ма­тери­ал­дық Мәде­ни­ет та­рихы инс­ти­туты­ның iз­де­нушi­сi және ғылы­ми қыз­метке­рi (1936–38) бол­ды. Осы жыл­да­ры ол Шығыс Түркiс­тан ар­хе­оло­ги­ясы мен өне­рi бойын­ша ма­ман­да­нып, бiр­не­ше ар­хе­оло­ги­ялық экс­пе­дици­яларға қатыс­ты. КСРО ғылым ака­деми­ясы­ның қазақ бөлiм­ше­сi Та­рих инс­ти­туты­ның аға ғылы­ми қыз­метке­рi (1939–41) бол­ды. Оның «Мәшһүр Жүсiп мұра­сын­дағы түркi эпо­сы», «Де­каб­ристер және Қазақстан», «Әлi­шер На­уаи және қазақ мәде­ни­етi», «Мұхам­мед Хай­дар – та­рих­шы», «Шоқан Уәли­ханов және Ор­та Азия та­рихы», «Су­воров», «Жам­был Жа­ба­ев» (1940–41), т. б. еңбек­те­рi жа­рық көрдi.

1941 ж. КСРО ғылым ака­деми­ясы Қазақ бөлiм­ше­сiнiң та­рих бөлi­мiн басқар­ды. Осы қыз­метте жүрiп «Хан­дар жар­лығының та­рихи маңызы» де­ген тақырып­та қорғаған канд. дис­серта­ци­ясын­да (1943) көне қып­шақ та­рихы­на бай­ла­ныс­ты құнды зерт­те­улер жа­сады. «Қазақ халқының эпи­калық жыр дас­танда­ры» тақыры­бын­да қорғаған докт. дис­серта­ци­ясы қазақ әде­би­етi мен та­рихы са­ласын­дағы iр­ге­лi зерт­те­улер­дiң нәти­жесi са­нал­ды. Ар­хе­оло­гия, па­ле­олит бөлi­мiнiң меңге­рушi­сi, аға ғылы­ми қыз­метке­рi (1946–53), Қазақстан ғылым ака­деми­ясы­ның Ар­хи­тек­ту­ра құры­лыс және құры­лыс ма­тери­ал­да­ры инс­ти­туты­ның аға ғылы­ми қыз­метке­рi (1953–55) бол­ды; кейін эт­ногра­фия бөлi­мiн (1958–76) басқар­ды.

Осы жыл­да­ры Марғұлан Сыр­да­рия, Шу, Та­лас өзен­де­рi бойын­да және Оты­рар, Са­уран, Сығанақ қала­лары ор­нында қаз­ба жұмыс­та­рын жүргi­зiп, со­ның не­гiзiн­де «Көне қазақ же­рiнiң қала­лары мен құры­лыс өне­рiнiң та­рихы» ата­латын мо­ног­ра­фи­ясын (1950) жа­ри­яла­ды. К. Ақышев, М. Қадыр­ба­ев, М. Ораз­ба­ев­тармен бiр­ге Ор­та­лық Қазақстан­да жүргiз­ген ар­хе­оло­гия қаз­ба жұмыс­та­рының қоры­тын­ды­сы са­нала­тын «Ор­та­лық Қазақстан­ның ежел­гi мәде­ни­етi» (Древ­няя ли­тера­тура Цент­раль­но­го Ка­захс­та­на, 1966) ат­ты ғылы­ми-зерт­ха­налық еңбе­гiн жа­зып‚ кi­тап­тың ре­дак­ци­ясын басқар­ды.

Марғұлан – қорқыт­та­нушы. Ол оғыз-қып­шақ тай­па­сынан шыққан да­нагөй абыз, жы­рау, күй ата­сы, қазақ бақсы­лары­ның же­бе­ушi­сi, ба­тагөй-сәуегейi Қор-қыт мұра­сын зерт­те­дi. М-ның жа­зу­ын­ша, қазақ му­зыка­сы мен фи­лосо­фи­ясын­да «Қорқыт күйi», «Қорқыт са­рыны», «Қорқыт тол-ғауы», «Тәңiр биi» дей­тiн ру­хани iз­гi дәстүрлер, мақам­дар қалып­та­сып да­мыған. Де­мек, Қорқыт – «ке­ремет иесi», «Ұлыс-тың ұлы кеңес­шi­сi», «та­рихи оқиғалар­ды жыр­ла­ушы жы­рау». Марғұлан Қорқыт мұра­сын, дәстүрiн ұстанған ха­лық мәде­ни­етi­нiң көрнек­тi өкiл­де­рiн бы­лай­ша топ­тасты­рады:

  • Бақсы-жы­ра­улар (Қой­лы­бай, Қара­мыр­за, Ны­сан абыз, т. б.);
  • Қобыз­бен күй орын­да­ушы­лар (әл-Фа­раби, Кетбұға);
  • Сәуегей жы­ра­улар, ше­шен­дер (Сы­пыра жы­рау, Асан қайғы, Шал­киіз, Қаз­туған, Әнет ба­ба, Бұқар жы­рау, Тәтiқара, Май­лы-қожа, т. б.);
  • Қорқыт дәстүрiн жалғас­тырған, қобыз­бен жыр ту­ын­датқан ақын­дар (Балқы Ба­зар, Ерiм­бет жы­рау, Ке­те Жүсiп, Қаңлы Жүсiп, Абыл, Оңғар жы­рау, Шо­раяқтың Ома­ры, т. б.).

Марғұлан «Қазақ халқының көне за­ман­дағы ақын­дық өне­рiнiң ше­бер­ле­рi» ат­ты еңбе­гiн­де (1959) қазақ халқының эпи­калық жыр дәстүрiн да­мытқан ақын­дарға, ше­бер орын­да­ушы­ларға, сал-се­рiлер­ге тоқта­лып, олар­дың сөз өне­рiн­де­гi ор­нын айқын­да­ды. Еңбек­те­гi ғылы­ми тұжы­рым­дар та­ным­дық те­реңдi­гiмен ерек­ше­лене­дi, он­да көне ой­шыл­дардан бас­тап Жа­нақ, Шөже, Арыс­танбай, Ма­рабай, Сүйiн­бай, Жам­был, Нұрпейiс, Иса се­кiл­дi ақын­дар шығар­ма­шылығы тал­да­нады. Марғұлан­ның «Тамғалы тас жа­зуы» ат­ты зерт­те­уiн­де әде­би-та­рихи һәм мәде­ни де­рек­тер мо­лынан кез­де­седi. Ол со­нымен қатар қырғыз халқының «Ма­нас» эпо­сы ту­ралы ғылы­ми-зерт­те­улер iсi­нiң да­му­ына үлес қос­ты. Қырғыз эпо­сын дүние жүзi­не алғаш та­ныс­тырған Ш. Ш. Уәли­ханов, кеңес за­манын­да бас­тапқы зерт­те­улер­дi жүргiз­ген Әуезов бол­са, кейiн­нен осы дәстүр Мағұлан­ның «Шоқан және Ма­нас» ат­ты мо-ног­ра­фи­ясын­да жалғас­ты. Ол эпос­тағы өмiр шын­дығы, жыр­дың шығу те­гi, дәуiрi, кейiп­керле­рi мен көркем­дiк кес­те­сi және ма­нас­шы­лар­дың жыр­ды же­тiл­дi­руде­гi қыз­ме­тi‚ т. б. жөнiн­де ғылы­ми маңызы жоғары пi­кiр­лер ай­тты.

1957–1967 ж. Уәли­ханов­тың ғылы­ми мұра­ларын жи­най­тын топқа (Әуезов, С. Бәйiшев, С. Мұқанов, Қ. И. Сәтба­ев, А. Нүсiп­бе­ков-пен бiр­ге) бас­шы­лық етiп, оның таңда­малы (1958) және 5 том­дық шығар­ма­лар жи­нағын жа­рыққа шығар­ды.

1976–1984 ж. Қазақстан ҒА эт­ногра­фия бөлi­мiнiң аға ғылы­ми қыз­метке­рi бол­ды. Оның ын­та-жi­герi мен ұсы­нысы бойын­ша қазақ да­ласы­ның ең шалғай аудан­да­рына бiр­не­ше ар­хе­оло­ги­ялық және эт­ногра­фи­ялық экс­пе­дици­ялар ұйым­дасты­рыл­ды. Ол өзi­не дейiн­гi Қазақстан­ды зерт­те­ушi орыс ғалым­да­рының қазақ да­ласы тек көшпе­лiлер ме­кенi бол­ды де­ген тұжы­рым­да­рының шын­дыққа сай кел­мей­тiн­дi­гiн дәлел­де­дi. Ғалым 1940 жыл­дардың аяғын­да бiр­не­ше рет са­яси қуда­лауға түсті, кейiн де ұдайы са­яси бақыла­уда бол­ды, ғылы­ми ор­та­ның кей­бiр қисын­сыз сын­да­рына ұшы­рады.

Еңбек­тері

Әлкей Хақанұлы Марғұлан­ның 100 жыл­дығына ар­на­лып шығарылған поч­та­лық мар­ка­Марғұлан та­рих, ар­хе­ол­ло­гия, эт­ногра­фия, әде­би­ет, өнер (қол­данба­лы және сәулет өне­рi) және ме­тал­лургия са­ласы­на қатыс­ты 300-ден ас­там ғыл. -зерт. жұмыс­тар, 100-ден ас­там эн­цикло­пед. мақала­лар жаз­ды‚ со­нымен қатар қазақстан­дық эт­нограф­тардың, ар­хе­олог­тардың, та­рих­шы­лар­дың бiр­не­ше бу­ынын да­яр­ла­ды. М-ның ғыл. еңбек­те­рiнiң бiрқата­ры ше­тел тiл­де­рiне ау-да­рыл­ды. 1991 жы­лы Қазақстан ҰҒА-ның Та­рих, ар­хе­оло­гия және эт­но­логия инс­ти­тутын­дағы ар­хе­оло­гия ор­та­лығының не­гiзiн­де Марғұлан атын­дағы Ар­хе­оло­гия инс­ти­туты құрыл­ды. Ас­та­на, Пав­ло­дар, Екi­бастұз, Жезқазған қ-ла­ры мен Оңт. Қазақстан обл-нда, Ба­янауыл, Екi­бастұз аудан­да­рын­да бiр­не­ше көше­лер, мек­тептер М. есi­мiмен ата­лады. Пав­ло­дар қ-нда мүсi­нi ор­на­тылған‚ сон­дай-ақ Пав­ло­дар мем­ле­кеттік уни­вер­си­тетiн­де Марғұлан атын­да сти­пен­дия тағайын­да­лып‚ му­зей ашылған. 100 жыл­дық ме­рей­тойы ЮНЕС­КО-ның ше­шiмi­мен дүни­ежүзілік деңгей­де ата­лып өттi (2004). Қазақстан ҒА-ның Уәли­ханов атынд. (1967), Қазақ КСР-і Мем­ле­кеттік сый­лықта­рының ла­уреаты. Ле­нин, Еңбек Қызыл Ту, Ха­лықтар дос­тығы ор­денде­рiмен және ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

Шығар­ма­лары

  • Из ис­то­рии го­родов и стро­итель­но­го ис­кусс­тва древ­не­го Ка­захс­та­на, А. -А., 1950;
  • Отк­ры­тие но­вых па­мят­ни­ков куль­ту­ры эпо­хи брон­зы Цент­раль­но­го Ка­захс­та­на, А. -А., 1966;
  • До ис­ламс­кая ар­хи­тек­ту­ра Ка­захс­та­на, М., 1968;
  • Бе­газы – Дан­ды­ба­евс­кая куль­ту­ра Цент­раль­но­го Ка­захс­та­на, А. -А., 1979;
  • Ежел­гi жыр аңыз­дар, А., 1985;
  • Ка­захс­кое на­род­ное прик­ладное ис­кусс­тво, 1–3 т.,1986–90;
  • Соб­ра­ние соч., 1–4 т., А., 1998 – 2003; Шығар­ма­лары, А., 2007.