Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Молдағали Жұбан (1920 — 1989 жж.)

Молдағали Жұбан (1920 — 1989 жж.)

Молдагалиев Жубан (1920–1989 гг.)

Ман­са­бы: ақын, жа­зушы

Ұлты: қазақ

Жұбан Мол­дағали­ев (5.09.1920 жы­лы туған, Орал об­лы­сы, Тай­пақ ауда­ны, Сайқүдық ауылы) — қазақ ақыны. Орал­да ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­кумын (1940) бітіріп, 1940–47 жы­лы Кеңес Ар­ми­ясы қата­рын­да бол­ды. Ұлы Отан соғысы­на қатыс­ты. Одан кейінгі жыл­да­ры: «Ле­ниншіл жас» (1948–52), «Қазақ әде­би­еті» (1955–56) га­зет­тері мен «Жүлдыз» жур­на­лы (1958–63) ре­дак­ци­яла­рын­да, Қазақстан Жа­зушы­лар одағын­да (1953–54; 1963–71; 1 сек­ре­тары) қыз­мет іетеді. Алғашқы өлеңі («Ле­нин тірі») Орал «Ком­со­мол үрпағы» га­зетінде (1939) ба­сыл­ды. Түңғыш жи­нағы «Жеңіс жыр­ла­ры» де­ген ат­пен 1949 жы­лы жа­рық көрді. Жұбан Мол­дағали­евтің көпте­ген по­эма­ларын­да аза­мат­тық са­рын мен көңіл күйі ли­рика­сы ба­сым. «Жыр ту­ралы» по­эма­сын­да (1963) та­тар акы­ны Кеңес Одағының Ба­тыры Мүса Жәлилдің ерлігі бей­не­лен­ген. Ол «Жесір таг­ды­рын­да» (1965) қазақ әйелінің өткен за­ман­гы қатал тағды­ры мен оның жаңа өмір жо­лын­дағы күресін көрсетті. «Мен қазақпын» по­эма­сын­да қазақ халқының өмірі, үлттық ерек­шелігі ре­алистік түргы­да берілген. «Ай­ттым сөлем» ли­рика­лық по­эма­сы (1967) ма­хаб­бат пен ерлікті жыр­лай­ды. «Кісен аш­кан» (1969) по­эма­сын­да Қүрманғазы­ның осы ат­тас күйіне қүлақ қойып, ой жібе­ре оты­рып, өскен өнер, өркен­де­ген ха­лық тағды­ры ба­ян­далған. Оның ақын­дық өнерін айқын та­нытқан бүл шығар­ма­еына Қазақ КСР-інің Мем­ле­кеттік сый­лы­гы (1970) берілді. 1970 жы­лы Жұбан Мол­дағали­ев­тың таңда­малы шығар­ма­лары­ның 2 том­дығы жа­рық көрді. Жұбан Мол­дағали­ев көркем аудар­ма мен пуб­ли­цис­ти­ка са­ласын­да да жемісті еңбек етіп ке­леді. Бірсы­пыра шығар­ма­лары: ағыл­шын, неміс, араб, ис­пан, по­ляк, мон­гол, фран­цуз, венгр және басқа ше­тел тілдерінде ба­сылып шықты. Жұбан Мол­дағали­ев 7-сай­ланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Пре­зиди­умы­ның, Қазақстан Ком­парти­ясы Ор­та­лық ко­митетінің мүшесі (XII—ХI­II-съез­дерде) бо­лып сай­лан­ды. Ж. Мол­дағали­ев екі рет Еңбек Қызыл Ту жөне 2-дәре­желі Отан соғысы, «Қүрмет Белгісі» ор­дендерімен, ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

Жұбан — өзінің атақты «Мен — қазақпын» деп ата­латын по­эма­сымен қазақ әде­би­етінің ірі тұлғасы­на ай­налған, отансүйгіштік жыр­ла­рымен ха­лық жүрегінен орын теп­кен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жыл­да­рын­да кел­ген ұрпақтың ірі та­лант­ты өкілдерінің бірі. Бұл жыл­да­ры жыр әлеміне кел­ген ақын­дар шығар­ма­шылығын­да Отанға де­ген ерек­ше ма­хаб­бат, ха­лықты ерлікке шақыру, жеңіске де­ген үлкен сенім жат­ты. Сон­дай-ақ аза­мат­тық на­мыс, кек, ел­ге, жер­ге де­ген сағынышқа то­лы бол­ды. Осы ерек­шеліктер Жұбан Мол­дағали­евтің 1949 жылғы «Жеңіс жыр­ла­ры» кіта­бын­да анық байқала­ды Ж. Мол­дағали­евтің ақын­дық даңқын көтеріп, оның есімін әде­би­ет әлеміне енгізген шығар­ма­сы — «Мен — қазақпын» по­эма­сы (1964). Бұл по­эма­да ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағды­ры жай­лы ли­рика­лық-пуб­ли­цис­ти­калық стиль­де толғана жыр­ла­ды. Қазақ халқының ұлттық ерек­шеліктерін ашу­да, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның бай­лығы, адам­да­ры жай­лы асқақта­та көркем­деп жыр­лай білді.

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде та­быс­тым мұң тілімен.
Жы­лаған­да жүрегім күн тұты­лып,
Қуанған­да күлкімнен түн түрілген.
Мен — қазақпын, ажал­сыз ана­мын мен,
Құрсағыма сый­ды­рам да­ланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілде­ген

Дәуірлер­мен құрдас­пын, да­намын мен, — де­ген өлең жол­да­рынан-ақ ақын­ның қазақтық аза­мат­тық, пат­ри­от­тық на­мысын бірден та­нимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жа­рыла ерек­ше ша­быт­пен жыр­ла­уы — оның ерлігінің бір көрінісі де­сек қате­лес­пейміз.

«Қазақ бо­лу — зор бақыт» дер күн тіпті… — де­ген өлең жол­да­ры бүгінгі «еге­мендікті» жыр ет­кендей әсер­ге бөлейді. Ақын бо­лашаққа се­неді. Сон­дықтан да ол ақын­ша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жыр­лай­ды. Енді бірде ақын:

Мен — ка­зақпын қаным­мен, сүйегіммен.
Сән-сал­та­нат, сал­тымды сүйемін мен, —
… Өз бей­неңдей әлем­ге тұр та­нылып.

Қазақстан гербі де, жа­ла­уы да, — деп шат­та­нады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлел­дей түседі. Ақын өз жы­рының елі үшін ешқашан та­усыл­май­ты­нына ерек­ше қуана­ды.

Мен — ка­зақпын, биікпін, бай­тақ елмін,
Қай­та ту­дым, өмірге қай­та келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмес­ке —

Ай­та бергім ке­леді, ай­та бергім, — де­ген өлең жол­да­ры бүгінгі күн үшін ай­тылған­дай сезіліп, ақын­дық даңқын көте­ре түседі.

Жұбан Мол­дағали­ев өмір шын­дығының әр са­ласы­на те­рең үңіле оты­рып, жетпісінші жыл­да­ры «Қыран да­ла», «Сел», «Байқоңыр бас­палдақта­ры» ат­ты по­эма­лар жаз­ды. Мұнда жаңа де­рек­терге сүйен­ген ақын, за­ман шын­дығын, адам­дардың ерлік істерін су­рет­тейді. Ха­лықтың бейбіт өмірдегі ты­ныс-тіршілігін айқын­дап, та­рихи са­лыс­ты­рулар арқылы өткен өмір және бо­лашақ жай­лы толғаныс­та­рын, өз ой­ла­рын то­лық ашып көрсе­теді. Эпи­калык по­эма үлгісін жалғас­ты­рып, то­лықты­ра түскен ақын­ның қай по­эма­сы бол­ма­сын, қызық сю­жетті, оқиғалы больш ке­леді.

Абай және Жұбан Мол­дағали­ев

Ол Абай­ды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығар­ма­ларын­да ақын бей­несін ше­бер өрнек­те­ген. Со­лар­дың ара­сын­да шоқтығы биігі — «Абай шыңына» (Шығ. жи­нағы. 1 т., 1979) өлеңі:

«Шан­шы­лып Ала­та­удың ұршығын­дай,
Ша­быт­тың шырқап биік ыр­шу­ын­дай,
Шо­лып тұр шар­та­рап­ты Абай шыңы,
Шы­тыр­ман, жак­пар-жақпар жыр шыңын­дай…» — деп,

ол ешбір кіріспесіз-ақ ке­меңгер ақын бей­несін кескінде­уге бірден бет бүра­ды. Ала­тау — Абай тұлғала­рының қатар алы­ну­ын­да те­рең мән жа­тыр. «Шыңдар­дың ақиығы, мұз ба­лағы, Бөктер­де ба­лалаған құз қала­ды…»- деп, ақын Абай шыңын «шыңдар­дың ақиығына» ба­лай­ды. Өлең ұлы ақын­ның Ал­ма­тыда ор­на­тылған зәулім ес­керткішіне на­зар ауда­румен түйінде­леді. Ке­меңгер ақын бей­несін ол басқа да жыр­ла­рын­да сом­дай түскен. «Қазақша­дан ауда­рылған» (1971) де­ген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыз­дар қата­рын­да Абай есімін ал­ды­мен атай­ды. «Пір» (1972) өлеңінде А. С. Пуш­кин по­эзиясы­мен алғаш Абай аудар­ма­сы арқылы та­нысқанын ба­ян­дай­ды. «Мен — қазақпын» (1963–64) дейтін атақты дас­та­нын­да ол Абай бей­несіне ой­ша ора­лып, ол қазақ халқы та­рихы­ның бөлінбейтін бір бөлшегі, асқара­лыбе­лесі екенін ес­кертеді. Әде­би­ет жайын­дағы мақала­ларын­да ол Абай тұлғасы­на бір соқпай өтпейді. «Қазақәде­би­еті» га­зетіңде жа­ри­яланған мақала­сын­да («Ерлікпен тең еңбек», 1969, 7-жел­тоқсан) Абай­дың орыс тіліне ауда­рылуы ту­ралы сөз қозғай­ды. Қүрманғазы өмірінен жа­зылған «Кісен ашқан» по­эма­сы үшін 1970 ж. Мол­дағали­евқа Қазақ ССР-інің Абай атын­дағы Мем­ле­кеттік сый­лығы берілді.