Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1900 — 1973 жж.)

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1900 — 1973 жж.)

Муканов Сабит (1900–1973 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1900 ж. сәуірдің 26 (1900—04—26) (111 жыл)

Ак­мо­ла гу­бер­ни­ясы, Ре­сей им­пе­ри­ясы

Қай­тыс болғаны: 1973 ж. сәуірдің 18

Ал­ма­ты

Ұлты: қазақ

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1900–1973) – қазақтың әйгілі жа­зушы­сы, қоғам қай­рат­кері, Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның ака­демигі. 1936—1937 және 1943—1952 шығар­ма­лар­ды жазған.

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан об­лы­сының Жам­был ауда­нын­дағы Жа­маншұбар де­ген жер.

Жа­сынан ел аузын­дағы жыр-толғаулар­ды, қис­са-дас­тандар­ды жат­тап, мақам­дап ай­тып үй­рен­ген. 14–15 жа­сынан өлең-жыр­ды ауыз­ша да, жа­зып та шығара бас­та­ды. 1918–19 жыл­да­ры Ом­бы­дағы оқыту­шылар кур­сында білім ала жүріп М. Жұма­ба­евқа хат­шы­лық етті‚ оның пе­даго­гика­лық кур­сы та­рихы­нан оқыған лек­ци­яла­рын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақын­дық өнерін шыңда­ды. Оқуды бітірген­нен кейін біраз уақыт мұғалім бол­ды. 1920 жы­лы жаз айын­да Жұма­ба­ев­тың же­текшілігімен оқыту­шылар кур­сы қай­та ашы­лып‚ күзге дейін сон­да оқуын жалғас­тырды. 1921 жы­лы ком­му­нистік төтен­ше әске­ри бөлімнің жа­уын­гері бол­ды. 1921–22 жыл­да­ры әр түрлі қыз­меттер атқар­ды‚ ел ара­сын­да ас­тық жи­нау жұмы­сын жүргізді‚ Ақмо­ла гу­бер­ни­ясы ГПУ-дің Көкше­тау бо­лысын­дағы опе­ративтік уәкілі және РК (б) П Ақмо­ла гу­бер­на­тор­лық ко­митетінің нұсқаушы­сы бо­лып қыз­мет атқар­ды. 1922 жы­лы Орын­бордағы раб­факқа (жұмыс­шы­лар фа­куль­тетіне) түсіп, оны 1926 жы­лы бітірді. Бас­пасөз орын­да­рын­да қыз­мет атқар­ды: Рес­публи­калық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Еге­мен Қазақстан») га­зетінің бөлімін басқар­ды, Қазақстан Мем­ле­кеттік бас­па­сының бас ре­дак­то­ры (1926–28) бол­ды.

1928 ж. Ле­нинг­рад (қазіргі Санкт-Пе­тер­бург) уни­вер­си­тетінің фи­лоло­гия фа­куль­тетіне оқуға түсті‚ аз уақыт оқыған­нан кейін от­ба­сы жағдайына бай­ла­ныс­ты Пет­ро­павл қ-на келіп‚ «Кеңес ауылы» га­зетінің ре­дак­то­ры және жа­зушы­лар бөлімінің же­текшісі бол­ды. 1930 ж. жергілікті ақын-жа­зушы­лар шығар­ма­лары негізінде «Жа­рыс» дейтін аль­ма­нах шығарып‚ Қазақстан­ның әр жеріндегі шығарм. ұйым­дарға үлгі көрсетті. 1932 ж. Мәске­удегі Қызыл про­фес­сорлар ин-ты­ның әде­би­ет бөліміне түсіп, оны 1935 ж. бітірді. 1935 ж. респ. «Кеңес ауылы», «Қазақ әде­би­еті» га­зет­терінің ре­дак­то­ры қыз­метін атқар­ды. Қазақстан Жа­зушы­лар одағын (1936–37, 1943–51) басқар­ды‚ Қаз­ПИ-де (1937–41, қазіргі ҚазҰПУ) проф. бо­лып, қазақ әде­би­етінен дәріс берді. 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына кел­ген теңдік‚ бос­тандық деп та­нып‚ әде­би­ет­ке ке­дейдің жы­рын жыр­лай кел­гендер ішінде ком­му­нистік идеяға берілгендігімен ерек­ше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығар­ма жа­зумен ғана ай­на­лыс­пай‚ 1920–30 ж. әде­би­ет­тегі иде­ялық күрес­ке бел­се­не ара­ласып‚ сын мен әде­би­ет­та­ну са­ласын­да да қалам тарт­ты. Сәбит Мұқанұлы әде­би­ет­ке ара­ласқан­нан бас­тап-ақ дәуір‚ за­ман алға қойған тақырып­тарға қалам тер­беді. Ол қазақ әде­би­етінің бар­лық жан­рында өндіре еңбек етті. Жа­зушы қала­мынан туған әде­би мұра сан жанр­лы, мол көлемді, иде­ялық-эс­те­тик. мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық ли­рик. өлең, жи­ыр­маға тар­та по­эма, бірне­ше по­весть пен ро­ман­дар, көпте­ген әңгіме, очерк­тер, он­нан ас­там пьеса, жоғары оқу орын­да­рына ар­налған оқулықтар, қазақ ақын-жа­зушы­лары­ның шығарм-н тал­дай­тын мо­ног­ра­фи­ялар, қазақ мәде­ни­етінің та­рихы және эт­ногра­фи­ясы ту­ралы зерт­теу еңбек­тер‚ т. б. сан-са­лалы кітап­тар жаз­ды.

Сіңірген еңбек­тері

Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғ-дағы ой­шыл-ғалы­мы Ш. Ш. Уәли­ханов­тың өмірі мен шығар­ма­ларын ұзақ жыл­дар бойы те­рең зерт­теді. Осы жөніндегі шығарм. мақса­тын жүзе­ге асы­руда Қытай­да, Шыңжаң өлкесінде бо­лып, Шоқан­ның сон­да өткізген өмір ке­зеңдерін, бас­тан кешірген оқиғала­рын зерт­теп білді. Ом­бы және Ле­нинг­рад қала­лары­ның мұрағат­та­ры мен кітап­ха­нала­рын­да бо­лып‚ Шоқан өміріне қатыс­ты ма­тери­ал­дар жи­нады. Со­ның нәти­жесінде оның қала­мынан «Жарқын жұлдыз­дар» ат­ты зерт­теу еңбегі ту­ды. Сәбит Мұқанұлы әде­би­ет­та­ну са­ласы­на да көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлты­ның көркем мұра­сын те­рең иге­румен бірге‚ по­эзия те­ориясы­ның қағида­лары мен ере­желеріне‚ өлең құры­лысы­на жіті көңіл бөлді. Орыс сим­во­лизмінің әде­би‚ эс­те­тик. және фи­лос. мәндерін ұғына оты­рып‚ оны өз өлеңдерінде қол­да­на білді.C. Сей­фул­линнің «Со­ветс­та­ны» мен І. Жансүгіровтің «Да­ла» по­эма­ларын­дағы фоль­клор­лық ізденістер­ге‚ ұйқас‚ ырғақ‚ шу­мақ құры­лысын­дағы со­ны өзгеріс-құбы­лыс­тарға зер сал­ды. «По­эзия мәсе­лесі» дейтін зерт­теуінде (1933) «Маған қазақ өлеңінің 4 аяқты‚ 6 аяқты‚ 8 аяқты түрлері күрделі пікір ай­туға қол­ды бай­лай­тын секілденді. Сон­дықтан мен „Тұрмыс тұлпа­ры“ өлеңімнен бас­тап ха­лық әде­би­етінің шұбырт­па­лы түріне бет алған­дай бол­дым. Маған шұбырт­па­лы түрдің („Қобы­лан­ды“‚ „Ал­па­мыс“) екпіні‚ ырғағы 6 аяқтар­дан күшті сияқтан­ды. Шұбырт­па­лы түрдің құшағы пікір құшақтауға кең тәрізденді» деп жа­зады. Ол со­нымен қатар қазақ ауыз әде­би­етін зерт­теді, фоль­клор және көне жаз­ба мұра­лар­ды жи­нап бас­тырды. Қазақтың ба­тыр­лық және ғашықтық жыр­ла­рының жанр­лық ерек­шеліктері мен ком­по­зици­ялық‚ сю­жеттік ұқсас­тықта­рын са­лыс­ты­ра оты­рып‚ олар­дың ха­лық шығарм-ндағы ор­нын анықта­ды. Эпик. жыр­лардың жанр­лық та­рихи си­пат­та­ры мен әде­би­ет­тегі ор­нын белгіле­уде фоль­клор­лық мұра­ны жа­ри­ялау‚ зерт­теу ғылы­мына өзіндік үлес қос­ты. 18–19 және 20 ғ-лар­дағы әде­би­ет та­рихы және ақын-жы­ра­улар шығарм. ту­ралы зерт­теу еңбек­тер жаз­ды. 1929 ж. «Еңбекші қазақ» га­зетінде «Әде­би­ет ту­ралы ашық хат» жа­ри­ялап‚ он­да Қазақстан­да әде­би­етті зерт­теу жөнінде істел­ген іс аты­мен жоқ‚ сон­дықтан біздің міндетіміз аз­дап бол­са да‚ әліміз жет­кенше осы істел­мей жатқан іске ат са­лысу де­ген пікірін білдірді. Сәбит Мұқанұлы­ның қазақ әде­би­еті ту­ралы зерт­теу ны­сан­да­рын‚ негізінен‚ 18–19 ғ-лар­дағы қазақ әде­би­еті‚ Шоқан Уәли­ханов пен Абай Құнан­ба­ев‚ 20 ғ-дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­еті деп бөлу­ге бо­лады. Оның «20-ғасыр­дағы қазақ әде­би­еті» (1932) ат­ты кіта­бы сол ке­зеңдегі қазақ әде­би­етінің шын­дығы мен да­муы жайын­да жа­ри­яланған бірден-бір дұрыс еңбек бол­ды.

Еңбек­те А. Байтұрсы­нов‚ М. Ду­латов‚ Ж. Ай­ма­уытов, Ғұмар Қараш‚ С. То­райғыров‚ С. Дөнен­та­ев‚ Б. Күле­ев‚ Жұма­ба­ев‚ М. Әуезов‚ т. б. ақын-жа­зушы­лар шығарм-на ке­зеңнің са­яси та­лабы­на сай сын­шылдық көзқарас тұрғысы­нан кел­генімен‚ көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шы­найы бағала­ды. Жұма­ба­ев ту­ралы «Ақын­дық жағынан кел­генде Мағжан‚ әри­не‚ қазақтың күшті ақын­да­рынан са­нала­ды. Қазақтың тілін байыту ретінде‚ әде­би­ет­ке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжан­ның еңбегі көп‚ Абай­дан кейін тіл өне­гесінде Мағжан­нан асқан ақын жоқ» ат­ты пікірін ашық жаз­ды. «Қазақтың 18–19 ғ-лар­дағы әде­би­етінің та­рихы­нан очерк­тер» (1942‚ кейін тыйым са­лынған) ат­ты мо­ног­ра­фи­ясын­да ақын-жы­ра­улар (Бұқар‚ Бай­тоқ‚ Жанұзақ‚ Ма­хам­бет‚ Шор­танбай‚ Шер­ни­яз‚ Мұрат, т. б.) по­эзиясы мен жыр-дас­тандарға‚ сон­дай-ақ атақты та­рихи тұлғаларға (Абы­лай‚ Ке­неса­ры) қазақ халқының ұлт-азат­тық күресі тұрғысы­нан қара­ды. М. қазақ елінің мүддесі‚ ха­лық тағды­ры тұрғысы­нан пат­ша өкіметінің отар­шылдық са­яса­тын сынға ал­ды. Со­нымен қатар ол осыған дейін бір жүйеге түсіп жіктел­ме­ген‚ же­ке ғыл. тал­дау жа­сал­маған қазақ халқының ай­тыс өнерін зерт­теу ны­саны­на ай­нал­дырды. М-тың 1944–45 ж. жа­зылып‚ 1961 ж. жа­рық көрген «Абай Құнан­ба­ев» мо­ног­ра­фи­ясы ав­тордың Абай ту­ралы пікірлерінің және қазақ әде­би­етінің өткені мен бүгіні жай­лы көзқарас­та­рының өсіп-жетілу ке­зеңдерін көрсе­теді. Бұры­нырақтағы «Қара тақтаға жа­зылып қал­маңдар‚ ше­шен­дер» («Еңбекші қазақ», 1.3.1923) ат­ты мақала­сын­да ол Абай­ды ескішіл‚ бай­шыл ақын­дар қата­рына жатқызып‚ үстем тап ақыны деп са­наған бол­са‚ аталған мо­ног­ра­фияға дейін Абай бол­мы­сын та­ныта­тын көпте­ген құнды мақала­лар («Абай­ды та­ну жо­лын­дағы пікірлер» («Қазақ әде­би­еті»‚ 29.11.1934) ‚ «Абай – ха­лық ақыны» («Әде­би­ет май­да­ны»‚ 1937‚ № 4‚ 5) ‚ «Абай­дың шәкірттері ту­ралы» («Әде­би­ет және ис­кусс­тво»‚ 1951‚ №7‚ т. б.) жа­зып‚ абай­та­нуға үлкен үлес қос­ты. Сон­дай-ақ оның «Са­яхат­тар» (1954), «Туған жердің тыңын­да» (1955), «Тыңда тұнған бай­лық» (1957), «Алып­тың адым­да­ры» (1959), «За­ман­дас ту­ралы аңыз» (1961) ат­ты кітап­та­рын­да 200-ден ас­там әде­би-сын мақала­лары жи­нақталған. Оның «Өсу жол­да­рымыз» (1960), «Жарқын жұлдыз­дар» (1964), «Ха­лық мұра­сы» (1974‚ «Қазақ қауымы»‚ 1995) ат­ты мо­ног­ра­фия, зерт­те­улері қазақ халқының мәде­ни­еті, тілі, өнері, ма­тери­ал­дық тұрмы­сы‚ т. б. ту­ралы жа­зылған сүбелі еңбек бо­лып са­нал­ды. М. жаңа өмірге‚ бақыт­ты өмірге қол жеткіземіз деп сендірген қоғам­дық күштер­мен бірге соц. иде­яларға үн қосып‚ туған елінің мүддесіне‚ ха­лық кәдесіне жа­рай­тын жақсы­лық та­буға ұмтыл­ды‚ су­рет­керлік да­рыны мен қай­рат­керлік қары­мын сарқа жұмсап‚ аян­бай еңбек етті. Осы жол­да кеңестік иде­оло­ги­яны қол­да­маған алаш­шыл ақын-жа­зушы­лар­ды сын тезіне алып‚ тап­шылдық ұста­ным­да­рын айқын та­ныт­ты. Әй­тсе де олар­дың жа­зушы­лық‚ ақын­дық та­лан­тын жоғары бағала­ды‚ олар­ды қазақ кеңес әде­би­етіне қыз­мет ету­ге шақыр­ды. Қазақ халқының ұлттық тілі мен мәде­ни­етіне қатыс­ты Кеңес өкіметінің әр ке­зеңдер­дегі со­лақай шешімдеріне қар­сы шығып‚ өзі сен­ген биліктің сы­нына да ұшы­рады. Осы ке­зеңде Сәбит Мұқанұлы­на «Ала­шор­да ақыны Мағжанға қамқор­лық көрсетті‚ С. Сей­фул­лин бас­таған ұлтшыл­дар то­бын­да бол­ды‚ бур­жу­аз. ымы­рашыл­дыққа бар­ды» ат­ты айып тағылып‚ са­яси сенімсіздік көрсетілді. 1951 ж. 13–15 ма­усым­да Қазақстан ҒА-сы мен Қазақстан Жа­зушы­лар одағының (Төралқа мүше­лерінің) Абай Құнан­ба­ев­тың әде­би мұра­сы жөнінде өткізген пікірта­ласы­нан кейін Әуезов‚ Қ. Жұма­ли­ев, Е. Ыс­майылов‚ т. б. әде­би­ет зерт­те­ушілерімен бірге Сәбит Мұқанұлы­ның да абай­та­нудағы «қателіктері» көрсетілді (Әуезовтің «Ли­тера­тур­ная га­зетаға» жазған ашық ха­ты‚ «Абай» жур­на­лы‚ № 2‚ 1996). 1956 ж. Қазақстан КП ОК қазақ бас­пасөздерін ауда­ру арқылы дуб­ляж жа­са­уды ұсынған­да алғаш бо­лып Сәбит Мұқанұлы қар­сы шықты. 1956 ж. қазақ зи­ялы қауымы рес­публи­каның қоғам­дық-са­яси өмірінде қазақ тілінің рет­бесін көте­ру ту­ралы мәсе­ле қой­ды‚ осыған орай Қазақ КСР-інің Жоғ. Кеңесі сес­си­ясын­да сөй­ле­ген сөзінде Сәбит Мұқанұлы «Қазақ рес­публи­касын­да қазақ тілі рет­бесін төмен­де­туге‚ респ. ме­кеме­лер­де‚ жи­налыс­тарда қазақтар­дың өз тілінде сөй­леуіне тыйым са­луға ешкімге құқық берілме­гендігі» ту­ралы өткір пікір білдірді (ЦГА­НИ‚ 708 қор‚ 30 оп. ‚ 76 іс‚ 85-б.). Екі ап­та­дан кейін Орт. к-тке «қазақ тілі тек қана тұрмыс­тық деңгей­де қалып‚ мемл. тіл ретінде өмір сүруін шын мәнінде тоқтатқан­дығын» ба­ян­дай келіп‚ оны қал­пы­на келтіру жол­да­рын көрсет­кен өткір хат жаз­ды. Сәбит Мұқанұлы со­нымен қатар қазақ әде­би­еті мен мәде­ни­етінің көркеюі‚ өсіп-өнуі жо­лын­да көпте­ген қазақ қалам­герлерінің әде­би­ет жо­лын­дағы бас­тапқы шығарм. қадам­да­рына қол­дау көрсетті‚ қара­пайым ха­лықпен тығыз бай­ла­ныс ор­натты. 1930–50 ж. ара­лығын­да әде­би­ет­ке кел­ген өз қатар­ласта­ры мен жаңа толқын өкілдері Сәбит Мұқанұлы­жана­шыр­лығын көріп өсті. Сәбит Мұқанұлы есімі қазақ әде­би­етінің «алып­тар шоғыры» қата­рын­да ата­лады. Оның шығар­ма­лары әлемнің 46 тіліне ауда­рыл­ды. 1956–66 ж. Қазақстан КП ОК-нің мүшесі бол­ды. 2–8-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің де­пута­ты‚ КСРО Жа­зушы­лар одағының басқар­ма мүшесі бо­лып, сон­дай-ақ Дүни­ежүз. Бейбітшілікті қорғау к-тінің мүшелігіне қабыл­да­нып (1958–69) ‚ Араб ел­дерімен дос­тық және мәде­ни бай­ла­ныс­тар қоғамы Қазақ бөлімшесінің төрағалығына да (1965–69) сай­лан­ды. ҚР Мемл. сыйл. 1-ла­уреаты атан­ды. Сәбит Мұқанұлы 2 рет Ле­нин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ор­дендерімен, ме­даль­дар­мен ма­рапат­талды. 100 жыл­дық ме­рей­тойы қар­саңын­да қалам­гердің есімі Ал­ма­ты қ. көшесіне, туған ауылы­на, он­дағы мек­тепке, обл. кітап­ха­наға, обл. дра­ма те­ат­ры­на берілді. Ал­ма­ты қ-ндағы Сәбит Мұқанұлы атын­дағы көше­де ес­керткіш мүсіні ор­на­тылған (2000).

Мұқанов­тың Әде­би-Ме­мори­ал­дық Мұра­жай-Үйі

С. Мұқанов­тың әде­би мұра­сын сақтап, на­сихат­тауға ари­алған та­рихи-мәде­ни ме­кеме. Ал­ма­ты ка­ласынн­да Төле­ба­ев көшесі 125/3, С. Мұқанов­тың өзі 1965 — 1973 ж. тұрған үйінде 1978 ж. 21 қара­шада ашылған. Мұра­жай үйі әде­би және ме­мори­ал­дық бөлімдер­ден тұра­ды. Мұра­жай­дың әде­би бөлімінде жа­зушы­ның зерт­те­лері мен сын мақала­лары, мо­ног­ра­фи­яла­ры, ҚР ҒА-ның Ш. Уәли­ханов атын­дағы сый­лық дип­ло­мы және тағы басқы құжат­тар бар. Оның 1922 — 1935 ж. Ле­нинг­рад­та (қазіргі Санкт-Пе­тер­бург), Мәске­уде оқыған кезіндегі су­рет­тер мен кұжат­тар рет-ретімен ор­на­лас­ты­рылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбы­рай­дың фо­тосу­рет­тері бар. Су­ретші Ү. Әжи­евтің, С. Мұқанов пен орыс жа­зушы­сы М. Горь­кийдің дос­тығын бей­не­лейтін «М. Горь­кий және С. Мұқанов» ат­ты кар­ти­насы да осы зал­да. Жа­зушы наг­ра­дала­ры — екі Ле­нин ор­дені, екі Еңбек Қызыл Ту, « Құрмет белгісі» ор­дендері, КСРО ме­даль­да­ры, сон­дай-ақ оның Қазақстан Жоғ. Кеңесінің де­путат­тығына бірне­ше рет сай­ланған куәліктері қойылған. Мұра­жай экс­по­зици­ясын­да түрлі қол­жазба­лар, жа­зушы­ның по­эзиялық, про­залық және әде­би сын шығар­ма­лары­ның ба­сылым­да­ры бар. Жа­зушы­ның «Сұлу­шаш» (1928), «Адасқан­дар» (1931), «Жұмбақ жа­лау» (1938), «Ба­лу­ан — Шо­лақ» (1941), «Сыр­да­рия» (1948) ро­ман­да­ры мен «Шоқан Уәли­ханов» (1953), «Қаш­кар кы­зы» (1958), «Сәкен Сей­фул­лин» (1964) ат­ты дра­малық шығар­ма­лары ту­ралы мол мәлімет­тер берілген. «Адасқан­дар» (1931) ро­маны­ның бас­ты кейіпкері — Бүркіт (Сүлтан­бек) пен Бәтестің (Бәти­ма) түпнұсқа су­рет­тері, ма­хаб­бат хи­ка­ясы­на бай­ла­ныс­ты көне күнделіктің мұқаба­сы, Қызы­лор­да қала­сын­дағы сотқа (1927) қоғам­дық айып­та­ушы ретінде қатысқан С. Мұқанов­тың куәлігі қойылған. «Ба­лу­ан — Шо­лақ» ро­маны­ның (ҚХР, Шыңжаң) араб әрпімен ба­сылған нұсқасы, Шәкәрімнің 1933 ж. Сәбит­ке жазған ха­ты мен фо­тосу­реті, М. Жұма­ба­ев­тың «Шол­пан» өлеңдер жи­нағы (1913), М. Ду­латов­тың «Ба­кыт­сыз Жа­мал» (1914) ро­маны, Ж. Ай­ма­уытов­тың «Ман­сапқор­лар» (1925), т. б. Мұқанов­тың же­ке мұрағатын­да сақталған кітап­тар бар. Мұра­жай­дың ме­мори­ал­дық бөлімінде жа­зушы­ның қабыл­дау бөлмесі, жұмыс ор­ны, де­малыс бөлмесі то­лық сақталған. 4 мыңға жуық кіта­бы бар кітап­ха­насы да осы бөлімде. Тұрмыс­тық зат­та­ры, үй жиһаз­да­ры, ше­тел­дерден кел­ген түрлі сый­лықтар, кар­ти­налар, т. б. экс­по­нат­тар қойылған. Мұра­жай­да түрлі дәрістер оқылып, ки­нофиль­мдер көрсетіледі. Кейін М. м. мен Ғ. Мүсіре­пов мұра­жай-үй­лері әкімш. басқару жағынан біріктіріліп (8.2.1999), «С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіре­повтің мем­ле­кеттік әде­би-ме­мори­ал­дық мұра­жай ке­шені» деп атал­ды. Мұқанов­тың 100 жыл­дық ме­рей­тойы кар­саңын­да ғима­рат күрделі жөнде­уден өткізіліп, экс­по­зици­ясы жаңар­тылды, 8 мыңнан ас­там экс­по­нат жи­нақтал­ды. (2000).

Қысқаша би­ог­ра­фия

Сәбит Мұқанов ауыл Мәске­удегі Қызыл про­фес­су­ра инс­ти­тутын бітірген (1935). 1935–36 жыл­да­ры «Қазақ әде­би­еті» га­зетінің бас ре­дак­то­ры, 1936–37, 1943 – 51 жыл­да­ры Қазақстан Жа­зушы­лар одағының төрағасы, 1937–41 жыл­да­ры ҚазҰПУ-дың проф-ы қыз­меттерін атқарған. Алғашқы кіта­бы «Со­вет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақала­лар, аудар­ма­лар) 1924 жы­лы жа­рық көрген. «Бай ба­ласы» (1928), «Мөлдір ма­хаб­бат» (1931), «Теміртас» (1935) ро­ман­да­ры Қазақстан­дағы тап­тық күрес мәсе­лелеріне ар­налған. «Бо­тагөз» (1938), «Сыр­да­рия» (1947 – 48) ро­ман­да­рын­да қазақ халқының та­рихы су­рет­телген. «Өмір мек­тебі» ав­то­би­огр. три­логи­ясы­на (1949 – 64) Қазақ КСР Абай атын­дағы Мем­ле­кеттік сый­лығы берілген. «Аққан жұлдыз» шығар­ма­сы (1967 – 70) қазақтың ағар­ту­шы-ғалы­мы Ш. Уәли­ханов­тың өмірі мен шығар­ма­шылығына ар­налған. Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1956 – 66), 2 – 8 шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің де­пута­ты, Бүкіло­дақтық бейбітшілік қорғау ко­митетінің мүшесі болған. Абай атын­дағы мем­ле­кеттік сый­лығы, Ш. Уәли­ханов атын­дағы сый­лығы (1967), Қазақстан мем­ле­кеттік сый­лығының (1967) иегері. Қазір Мұқанов тұрған үй мұра­жайға ай­налған (1975). 2 мәрте Ле­нин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, т. б. ор­дендер­мен, ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.