Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Ғабиден Мұстафин (1902 — 1985 жж.)

Ғабиден Мұстафин (1902 — 1985 жж.)

Мустафин Габиден (1902–1985 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1902 ж. қара­шаның 16 (1902—11—16) (108 жыл), Жа­уыр та­уы, Бұқар Жы­рау ауда­ны, Қараған­ды об­лы­сы.

Қай­тыс болғаны: 1985 ж. қаңтар­дың 20, Ал­ма-ата.

Ұлты: Қазақ

Мұста­фин Ғаби­ден (29. 11.1902, Қараған­ды об­лы­сы Бұқар жы­рау ауда­ны Жа­уыр та­уы – 20.1.1984, Ал­ма­ты) – жа­зушы, Қазақстан­ның ха­лық жа­зушы­сы (1984), қоғам қай­рат­кері.

Мазмұны:

  1. Өмірба­яны;
  2. Ма­рапат­та­ры.

Өмірба­яны

Ауыл мол­да­сынан ескіше са­уат ашып, 14 жа­сын­да Спасскі за­уыты­ның та­бельшісінен бір жыл орыс­ша оқиды. Сон­дағы бес жыл­дық орыс-қазақ мек­тебін бітірген (1916). 20-жыл­дардан бас­тап ауыл­дағы кеңес жұмыс­та­рына ара­лас­ты. 1925 жыл­дан білімін көте­ру мақса­тын­да Қызы­лор­даға келіп, оқуға түсе ал­май, өлкелік сот­та іс-қағаз­дарды тірке­уші бо­лып істеді. Түскен шағым­дарды негізге ала оты­рып, ел ішіндегі заңсыз­дықтар ту­ралы мақала­лар жа­зуға үй­ренді. Жа­зушы­лыққа ұмты­лысы да осы ке­зеңдер­ден бас­талды.

Шығар­ма­лары

1925 – 1964 жы­лы Қараған­ды шах­та­сын­да темір жо­нушы (то­карь), «Қараған­ды про­лета­ри­аты» (қазіргі «Ор­та­лық Қазақстан») га­зетінің жа­уап­ты хат­шы­сы, Но­восібірде шыққан «Қызыл ту» га­зетінің, «Әде­би­ет май­да­ны» (қазіргі «Жұлдыз») жур­на­лының қыз­меткері, ре­дак­то­ры, ҚР Жа­зушы­лар одағы басқар­ма­сының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қыз­меттерін атқар­ды. Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» аль­ма­нағын­да жа­ри­ялан­са, тұңғыш жи­нағы «Ер Шойын» (1929) де­ген ат­пен шықты. 1940 жы­лы web шах­терлерінің өмірінен жа­зылған «Өмір не өлім» ат­ты тұңғыш ро­маны жа­ри­ялан­ды. Бұл кітап үлкен шығар­ма­шылық жол­дың бас­та­уын белгіле­ген еңбек еді. Қалам­гер алғашқы ро­маны­нан-ақ қазақ то­пырағын­дағы өндіріс тақыры­бын қозғады, шығар­ма­да бұрын жа­былып қалған өндірістің Кеңестік ке­зеңде қай­та ашы­луы су­рет­телді. Ав­тор осы жол­дағы күресті кейіпкер­лер әре­кеті арқылы біраз ши­еленістіріп, жұмыс­шы та­бының бей­несін жа­сады. Бірақ тар­тыстың жа­сан­ды­лығы ро­ман кейіпкер­лері бей­не­лерінің әлсіз шығуына, ком­по­зици­ясы­ның бо­саңдығына әсер ет­пей қой­ма­ды. Кейін бұл тақырыпқа қай­та ора­лып, Мұста­фин Ғаби­ден дәуір шын­дығы мен өндіріс адам­да­рын су­рет­те­уде едәуір та­быс­тарға жетті. Соғыс жыл­да­рын­да «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлме­ген адам», «Ке­ру­ен» секілді шағын ту­ын­ды­лары өмірге келді («Жи­ыр­ма бес», 1953).

оғыс­тан кейін ол кең көлемді про­зада қалам тар­тып, та­ры дақылы­нан мол өнім алу­да дүни­ежүзіне та­нымал болған Шығанақ Бер­си­ев өмірінен «Шығанақ» по­весін жаз­ды (1945). Соғыс жыл­да­рын­да еңсесі түскен ел­ге ерен еңбегі арқылы көмек көрсетіп, де­меу болған ақтөбелік диқан Шығанақтан да басқа мұнда еңбек адам­да­рының ке­сек тұлғала­ры көрініс тапқан. Шығар­ма­да қажыр­лы еңбектің нәти­желі жемісі сөз етіледі. Ауыр ар­па­лыс нәти­жесінде жет­кен жаңа өмірдің күрделі де қиын жо­лын үлкен су­рет­керлікпен жа­зады. Бұл өз ке­зеңінде ұрпақты еңбек сүйгіштікке, та­бан­ды­лыққа, адал­дыққа же­телейтін, тәрби­елік мәні жоғары шығар­ма бол­ды. «Мил­ли­онер» по­весі (1948) соғыс­тан кейінгі ха­лық өміріндегі өзгерістерді бей­не­ле­уге ар­налған. По­весть бірне­ше шет тілдер­ге ауда­рылған (ағыл­шын, неміс, фран­цуз, ис­пан, по­ляк, чех, бол­гар, венгр, қытай, т. б.), шығар­ма желісі бойын­ша осы ат­тас пьеса да жа­зылған. Ол «Қараған­ды» (1952), «Да­уыл­дан кейін» (’1960), «Көз көрген» (1963) ро­ман­да­рын жаз­ды. Бұл шығар­ма­лар иде­ялық-көркемдік қуаты­ның мол­дығымен қазақ әде­би­етіне зор үлес бо­лып қосы­лып, жа­зушы­ны әде­би­еттің аса көрнекті өкілдерінің қата­рына көтерді.

Мұста­фин Ғаби­ден шығар­ма­лары ше­тел тілдеріне ауда­рылып, оқыр­мандар­дан өз бағасын ал­ды. Мұста­фин Ғаби­деннің шығар­ма­лары 20 ғасыр­дың ба­сын­дағы дүрбе­лең оқиғалар мен қоғам­дағы жаңалықты, ел ба­сынан өткер­ген ауыр­па­шылықты кеңінен су­рет­теуімен құнды. Мұнда Мұста­фин Ғаби­ден өзі өмір сүрген дәуірдің па­нора­малық су­рет­терін жа­сап, қиын­шы­лықтар­ды жеңе оты­рып, ілгері ұмтылған қоғам­ды, он­дағы адам­дар қарым-қаты­насын көркем бей­не­лейді. Кеңестік дәуір әде­би­етінде көрнекті шығар­ма­лар­дың біріне ай­налған «Қараған­ды» ро­маны (1952) – ел эко­номи­ка көтер­ген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыс­керлер, зи­ялы­лар ту­расын­дағы кең ты­ныс­ты, күрделі ро­ман. Мұста­фин Ғаби­ден бұл шығар­ма­сын­да «Өмір мен өлім» ро­маны­ның кейбір сю­жеттік желісін пай­да­лана оты­рып, ұлттық зи­ялы­лар қауымы­ның қалып­та­су ке­зеңін на­ным­ды бей­не­лейді.

Кейіпкер тағды­рын қай­шы­лықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтым­ды көрсетіп, адам­дар әре­кетін уақыт тұрғысы­нан емес, адам­гершілік ұста­ным тұрғысы­нан та­нуға ұмтыл­ды. Әле­уметтік-пси­холо­ги­ясы­ның. те­реңдігімен ерек­ше­ленетін «Да­уыл­дан кейін» ро­маны (1960) 20-жыл­дардың ор­та кезіндегі қазақ ауылын­дағы өзгерістерді көрсе­туге ар­налған. Көркемдік са­пасы, шы­найылығы, пси­холо­ги­ялық сезім күй­лерін су­рет­те­удегі ше­берлігі, об­разда­рының жан-жақты ашы­луы, оқиғала­рының күрделілігі жағынан ро­ман қалам­гердің еле­улі та­бысы са­нал­ды. Шығар­ма­дағы өмір шын­дығы «Көз көрген» ро­манын­да (1963) отар­шылдық пен езгіге қар­сы күрес арқылы жалғасын тап­ты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға бу­ын­ның ба­сынан кеш­кен та­рихи ке­зеңдері жайын­да мағлұмат бе­ретін ме­му­ар­лық три­логия жа­зуды жос­парлаған Мұста­фин Ғаби­ден «Көз көргенді» дүни­еге әкелді. Мұста­фин Ғаби­ден шығар­ма­лары­ның негізгі тақыры­бы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің ты­нысы.

Шығап­ма­лары­ның негізгі тақыры­бы

Қалам­гер ту­ын­ды­лары ерек­ше қуат-жігер­ге, қуанышқа то­лы. Мұста­фин Ғаби­ден қаһар­манда­ры – өз еңбек­терімен та­рихи та­быс­тарға жет­кен жан­дар. Олар аға бу­ын­ның қажыр­лы ру­хын, биік мақса­ты мен ар­ма­нын, мағына­лы ғұмы­рын паш етеді. Жо­март, Жа­нат, Ал­ма секілді жас­тардың ха­лық ал­дындағы пер­зенттік, аза­мат­тық па­рыз­ды ақтау та­лабы­нан туған ізденісі мен ма­хаб­батты қас­тер тұта­тын қаси­еті – қазіргі ұрпақтың ру­хани тәрби­есінде жәрдемі бо­лары сөзсіз.

Мұста­фин Ғаби­ден шығар­ма­лары­ның еле­улі ерек­шелігі оның өзіндік стилінде. Ол сөй­лемді қысқа құрып, аз сөзге көп мағына бе­реді. Тілі қара­пайым да жа­тық, ұғымға жеңіл, ора­лым­ды, ұтым­ды. Ха­лықтың қанат­ты, бей­нелі сөздерін орын­ды пай­да­лану­мен қатар өз та­рапы­нан да өткір, ықшам сөз тіркес­терін жиі қол­да­нады. Әде­би-сын мақала­ларын­да елдің, ұлттың жайын қозғап, әде­би­еттің бүгіні мен ер­теңі, да­муы ту­расын­дағы тың ой-тұжы­рым­да­рын жаз­ды («Ой әуен­дері», 1974).

Ма­рапат­та­ры

Мұста­фин Ғаби­ден шығар­ма­шылықпен қатар қоғам­дық-са­яси өмірге де бел­се­не ара­лас­ты. Ол 5-ші сай­ланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1954), 6 – 9 сай­ланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің де­пута­ты (1962 – 1978) бол­ды. Мем­ле­кеттік сый­лық ла­уреаты (1978). Ол 2 мәрте Ле­нин, 2-дәре­желі Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту ор­дендерімен және көпте­ген ме­даль­дар­мен ма­рапат­талған.

Мұста­фин Ғаби­ден және Абай шығар­ма­шылығы

Көркем сөз жай­лы Абай айтқан та­лап, талғам — өлше­усіз өне­ге. Қазақтың жаз­ба әде­би тілінің та­рихын­дағы «қай­та өрлеу» дәуірінің ба­сын­да ту­ру бақыты Абайға біре­удің ұсы­нысы бойын­ша берілген «мәрте­бе» емес, уақыт өлшемінен са­раланған да­налық ойға, ақын­дық қуатқа, көркемдік да­ралыққа, әлемдік ой-са­на па­раса­тымен бәйгі алаңынан үн қатқан озат ой­лы клас­сикті мойын­да­удан ба­рып қалып­тасқан шы­найы пікір. Абай­дың эс­те­тика­лық ой­ла­рының негізгі мәні, оның көркемдік ту­ралы ұғым-на­нымы айқын белгі бе­ретін «Өлең — сөздің пат­ша­сы, сөз са­ра- сы…» де­ген өлеңін ес­ке түсірейік. Өзінің да­налық бол­мы­сы, сөз енеріндегі да­ралық си­паты по­эзия әлемінде ерек­ше биіктікке көтерілген Абай­дың әде­би­ет­ке қояр негізгі көркемдік талғам-та­лап­та­рын өлең сөзге бай­ла­ныс­ты білдіруі зан­ды еді. Абай айтқан та­лап-тілек­тердің бас­ты­ла- ры­ның бірі көркем шығар­ма­ның мазмұнды, иде­ялы бо­лып ке­луіне айырықша зер сал­са, екіншіден, мазмұн мен түрдің үй­лесімін қадағала­уды, бірлігін сақта­уды қат­ты көзде­ген.

Өнер әлеміндегі Абай­дың осы өне­гелік си­паты өзінен кейінгі қазақ әде­би­еті үшін тың идея, со­ны түр, жаңа көркемдік үлгілердің бас­тау көзі ретінде күні бүгінге дейін мәнін жой­маған, әрқашан бағдар бо­ла бе­ретін құбы­лыс. Абай­дың өне­гелік қыр­ла­рының бағда­ры са­ла-са­ла. Бүгінгі қазақ жа­зушы­лары­ның ішінде одан үй­рен­бе­ген, оның көркем өнер­ге қойған та­лап-тілек­терін бас­шы­лыққа ал­маған ақын-жа­зушы жоқ де­сек ар­тық емес. Алай­да ол та­лап­тарды бойына сіңіре білу әр жа­зушы­ның та­лант-да­рыны­на, зерт­тей ізденіп, кеңіліне зер­де­леп тоқи білуіне бай­ла­ныс­ты. Әде­би­ет­тегі Абай тұлғасы­ның биіктігі, клас­сик өнер ту­ын­ды­сын жа­сай алуы, көркемдік үлгіні ерек­ше меңге­руімен қатар өзі өмір сур­ген ор­та­ның, қоғам­дық қаты­нас­тардың ре­алистік бей­несін жа­сай білуінде.

Өз за­маны­ның мінез-құлқын зер­де­леп, бүгінгі дәуірі мен ке­шегі күндерін са­ралап, бо­лашақ өмірді пайым­дап алу­ын­да. Қазақтың көрнекті жа­зушы­лары­ның бірі Мұста­фин шығар­ма­ларын­да Абай өне­гесі, Абай дәстүрі берік орын теп­кендігі, жа­зушы­ның ал­ды­на жаңа иде­ялық мақсат­тар қойып, өз дәуірінің көркем бей­несін жа­сай білу­де Абай­мен үндестік та­нытқаны айқын. Он­даған әңгімөлері мен бірне­ше шағын пьеса­ларын бы­лай қойған­да, «Шығанақ», «Мил­ли­онер», «Қараған­ды», «Да­уыл­дан кейін», «Көзбен көрген» сияқты ро­ман, по­вес­тері арқылы жа­зушы қазақ әде­би­етінің да­му­ына, көркемдік жетістіктер­ге же­туіне мол үлес қос­ты. Жа­зушы­ның қатар түзген бұл шығар­ма­лары бір-біріне жалғасып жатқан ұлкен көзенді қам­ти оты­рып, 20-ғасыр­дың алғашқы жар­ты­сын­дағы қазақ халқының көркем шежіресін жа­сады де­уге бо­лады.

Осы тұрғыдан кел­генде Мұста­фин Ұлы ақын дәстүрін, Абай өне­гесін бірне­ше түрлі си­пат­та са­бақтас­ты­ра ал­ды. Бірінші, Ғ. Мұста­фин де Абай сияқты тақырып­ты өз дәүірінен, бірге ты­ныс­тап, қатар тіршілік жа­сап жүрген за­ман­даста­рының іс- әре­кетінен, көзімен керіп, бас­тан кешірген өмір шын­дығынан іздеп тап­ты Екінші сөз енері жай­лы Абай қойған та­лап деңгейіне ден қой­ды. Әр сөздің, әр сөй­лемнің көркем құры­луы мен он­дағы ой­дың те­рең де мағына­лы бо­лып шығуына ерек­ше на­зар аудар­ды. Жа­зушы­ның жоғары­да ай­тылған шығар­ма­лары­ныңқай-қай­сы­сын­да бол­сын, мақал-мәтел­ге ай­на­лып кет­кен жол­дар аз көздес­пейді. Аз сөзге көп мағына беріп, сөй­лемді қысқа құруы, тілінің қара­пайым­ды­лығы, ұғымға жеңіл, жа­тық өрі ұтым­ды, ора­лым­ды бо­лып ке­луі Мұста­фин­ның өзіндік стилін та­ныта­ды. Ха­лықтың бей­нелі, қанат­ты сөздерін орын­ды пай­да­лана оты­рып, өз та­рапы­нан да өткір, ықшам сөз тіркес­терін жа­сай білген. Абай өлеңіндегі көпте­ген жол­дардың мақал-мәтел­ге ай­на­лып кет­кені секілді

Мұста­фин шығар­ма­ларын­да көзде­сетін: «Біткен іске сын­шы көп, піскен ас­ты же­уші көп», «Сын­шы­ның бәрі бірдей мінші ме, же­ушінің бәрі бірдей енші ме?», «Өмір егер ащы­ны бер­ме­се, тәттіні білер ме едік, тәттіні бер­ме­се, ащы­ны білер ме едік?», «Теңіздей те­рең ха­лық ішінде ал­мастай асыл ой­лар жа­тыр», «Жақсы тәртіп әдет­ке ай­нал­са — ырыс, жа­ман тәртіп әдет­ке ай­нал­са — қыр­сық». «Бар­ды қанағат тұтып, жоқты ізде­меу — ме­ше­улік» т. б. тәрізді бей­нелі тіркес­тер қанат­ты сөздер­ге ай­на­луы со­ның айғағы. Кейіпкер об­ра­зын сом­дау ба­рысын­да порт­рет жа­сау ше­берлігі де оның өзге­ше өнер­паздық қырын айғақтап турған­дай.

Осы­ның бәрі де — Абай тағылы­мын өне­ге тұтып, Абай дәстүрін са­бақтас­ты­ра білудің жемісі. Аз сөй­леп, көп толғану тағылы­мын әбден бойына сіңірген жа­зушы әде­би­ет жай­лы ой­ла­рын да ай­туға міндетті тұста ғана сын­шыл зер­де, биік талғам деңгейінен сүзгіден еткізіп, сығым­дап беріп отырған. «Әде­би­ет — адам енерінің ішіндегі ең ұзақ жа­сай­тын­дардың бірі» дей оты­рып, сөз өнері жай­лы бы­лай­ша толғана­ды: «Әде­би­ет-ой­дың, тілдің жемісі. Алғыр тіл күн шал­маған­ды ша­лады, қараңғы көңілге сәуле бе­ре ала­ды, суық көңілді жы­лыта ала­ды».

Осы­лай­ша әде­би­еттің маңызы, міндеті жай­лы, әр көздегі қазақ әде­би­етінің белгілі өкілдері, олар­дың шығар­ма­лары ту­ралы толғаныс­та­рын білдіріп отырған. Өзінің әдет­тегі жи­нақы да қысқалықты бағдар тұта­тын қал­пын сақтай оты­рып, Ұлы Абай мұра­сыжай­лы да ойын бір мақала­ның аумағын­да са­бақтаған. Абайға ар­налған «Жұлды­зы өлең-жыр­дың сөнбейтұғын» ат­ты мақала­сын Ғ. Мұста­фин 1971 ж. Ұлы ақын­ның жүз жи­ыр­ма бес жыл­дық ме­рей­тойына ар­нап жазған.

Жа­зушы­ның 1978 ж. шыққан «Ой әуен­дері» кіта­бын­да ба­сылып, кейін бес том­дық шығар­ма­лар жи­нағының бесінші то­мына енгізілген. Мақала­да Абай­дың әде­би­ет­тегі та­рихи ор­ны, ақын­дық тұлғасы жай­лы сыр толғана­ды. «Әде­би­ет, шын мағына­сын­дағы әде­би­ет жойыл­май­ды. Өз тұсын­дағы қауым тіршілігін, та­биғат тіршілігін кейінгі ұрпақтарға, кейінгі қауым­дарға жеткізіп беріп оты­рады. Осы­ның мы­сал­да­рын алыс­тан ізде­мей-ақ, өзіміздің қазақтың фоль­клор, эпос­та­рынан не­месе Абай шығар­ма­лары­нан көріп, біліп ке­леміз» дей келіп, ұлы ақын­ның шығар­ма­шылығын­дағы ерен үлгі мен жан-жақты­лығына, аудар­ма­шылық ше­берлігіне тоқта­лады.

«Абай шыңы бәрімізден жоғарытұр. Орыс­тың үлкен әде­би­етшілері айтқан­дай-ақ we lo­ve the web, Толс­той­дың ор­ны бос тұр де­мекші, біздің Абай­дың да ор­ны бос тұр», — дейді жа­зушы. Абай та­лан­ты­ның қай­нар көзі, да­налық си­паты­ның негізі жай­лы ойын­бы­лай­ша ербітеді: «Әри­не, ешбір шың тек өзі ғана тіп-тік шығып ке­терілмейді. Шың неғұрлым биік бол­са, солғұрлым оны қор­шаған төбе, шоқылар да көп бол­мақ. Абай­ды Абай ет­кен — ал­ды­мен өзінің халқы. Тас­тақ жер­ге өсімдік ес­пейді. Абай­ды өсіретін ор­та­сы- әріден ке­ле жатқан ха­лықтың мұра­сы, Шығыс­тан, Ев­ро­падан алған білім нәрлері». Аз сөзге көп мағына сый­ды­рып ай­тылған бұл жол­дарда та­рихи баға, те­рең тұжы­рым жа­тыр. Біріншіден, Абай­дың өз ор­та­сына, кейінгілер­ге ет­кен ықпал, әсері пайым­далса, екіншіден. Ұлы ақын­ды өсірген құнар­лы то­пырақ, қаси­етті ор­та зер­де­ленеді.