Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935 — 1983 жж.)

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935 — 1983 жж.)

Нажимеденов Жумекен (1935 — 1983 гг.)

Дүни­еге кел­гені: 1935 ж. қара­шаның 28 (1935—11—28) (75 жыл), Қоша­лақ ауылы, Құрманғазы ауда­ны, Аты­рау об­лы­сы.

Қай­тыс болғаны: 1983 ж. қаңтар­дың 22.

Ман­са­бы: ақын, жа­зушы.

Нәжіме­денов, Жұме­кен Са­бырұлы — Қазақстан Рес­публи­касы Мем­ле­кеттік әнүра­нының (мәтіні) ав­то­ры, көрнекті ақын, Қазақстан Жас­тар одағы сый­лығының иегері.

Мазмұны:

  1. Өмірба­яны;
  2. Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік әнұра­ны;
  3. Шығар­ма­лары.

Өмірба­яны

1935 жыл­дың 28 қара­шасын­да Гурьев (Аты­рау) об­лы­сы Тенгіз (қазір Құрманғазы) ауда­нын­дағы Ашақ де­ген жер­де дүни­еге кел­ген.

Жұме­кен ата­сы Нәжіме­ден Стамғази­евтің ба­уырын­да өсіп, тәрбие алған. Сөз бен та­рих және туған халқының дәстүрлеріне де­ген ыс­тық сүйіспеншілік сезімді ба­ла бойын­да қалып­тастырған сол кісі. Не­мересіне өзінің атақты ба­бала­ры Қарт­пан­бет жы­рау (ал­тыншы ата) мен оның әпкесі Қосу­ан (Ма­хам­бет Өтемісұлы­ның туған ше­шесі) ту­ралы сыр шер­тетін.

1956–59 жыл­да­ры Қазақтың мем­ле­кеттік кон­серва­тори­ясын­да оқыған. Со­дан кейін «Жа­зушы» бас­па­сының ре­дак­то­ры, «Ле­ниншіл жас» га­зетінде бөлім меңге­руші, Қазақстан Жа­зушы­лар одағын­да әде­би кеңесші, Бас­па­лар жөніндегі мем­ле­кеттік ко­митеттің ре­дак­то­ры, «Мек­теп» бас­па­сын­да бөлім меңге­руші бо­лып қыз­мет атқарған.

Жұме­кен Нәжіме­деновтің алғашқы «Егіс» ли­рика­лық жи­нағы 1961 жы­лы жа­рық көрді. Төрт жыл­дан кейін «Жоқ, ұмы­туға бол­май­ды» ат­ты по­эма­лар жи­нағы шықты. Ж. Нәжіме­деновтің тірі кезінде бар­лығы он өлеңдер жи­нағы мен «Ақ шағыл­дар» (1973ж), «Кішкен­тай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) ат­ты үш ро­маны ба­сыл­ды.

Жұме­кен Нәжіме­денов өзінің 48 жасқа то­лу­ына ал­ты күн қалған­да, 1983 жыл­дың 22 қара­шасын­да дүни­еден оз­ды. Ақын өлімінен кейін жа­рық көрген он жи­нағына тірі кезінде жа­ри­ялан­баған өлеңдері, по­эма­лары, по­вес­тері мен ро­ман­да­ры, мақала­лары мен аудар­ма­лары және тоғыз күй енді. Оның шығар­ма­лары көпте­ген тілдер­ге ауда­рылып, ба­сыл­ды. Ақын А. Воз­не­сенс­кийдің, Е. Ев­ту­шен­ко­ның, Н. Хик­мет пен Ә. Фай­зи шығар­ма­ларын аударған.

Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік әнұра­ны

Жұме­кен Нәжіме­денов Қазақстан­ның қазіргі әнұран мәтінінің ав­то­ры. «Менің Қазақста­ным» әні оның шығар­ма­шылық жо­лының ба­сын­да, ақын­ның 21 жа­сын­да жа­зылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апай­дың ай­ту­ын­ша Жұме­кен әнді осы­дан 50 жыл бұрын, 1956 жы­лы Ал­ма­тыда, белгілі қобыз­шы Гүлса­ра Бірма­нова­ның үйінде жазған. Бұл өлең бір қараған­да Қазақстан мил­ли­ард пұт ас­тық жи­нағаны­на ар­на­лып жа­зылған сияқты бо­лып көрінгенімен, негізінен «ел, жер менікі» де­ген отар­шы­ларға қар­сы­лықтан туған. Оны сезіп қалған ком­му­нис­тер әнді мүлдем шығар­май тас­тауға ай­налған­да Жа­мал Ома­рова ара түсіп, эфир­ден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп ха­лыққа жет­пей жа­тып қуда­лана бас­таған ән бағы жа­нып, бей­рес­ми­ден тәуелсіздіктің арқасын­да рес­ми әнұранға ай­нал­ды.

2006 жыл­дың 11 қаңта­рын­да «Менің Қазақста­ным» әні елдің мем­ле­кеттік әнұра­ны си­патын­да алғаш рет ас­та­налық «Ақор­да» ре­зиден­ци­ясы­ның шаңырағы ас­тында, Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­тың Қазақстан Пре­зиденті ла­уазы­мына сал­та­нат­ты түрде кірісу сәтінде орын­далды.

Шығар­ма­лары

Елуінші жыл­дардың екінші жар­ты­сын­да, ал­пы­сын­шы жыл­дардың ба­сын­да Жүме­кеннің өлеңдері рес­публи­калық бас­пасөзде жиі жа­ри­яла­нып жүрді. Ал­пы­сын­шы жыл­дардан бас­тап өлеңдері мен шығар­ма­лары, үш ро­маны, аудар­ма кітап­та­ры «Жа­зушы», «Жа­лын» бас­па­лары­нан жа­рық көрді: «Ба­ла­уса» (1961), «Сы­бызғы сы­ры» (1962), «Өз көзіммен» (1964), «Жоқ, үмы­туға бол­май­ды» (1965), «Жа­рық пен жы­лу» (1966), «Күй кіта­бы» (1967), «Мен туған күн» (1972), «Мезгіл әуен­дері» (1968), «Ұлым, са­ган ай­там» (1970), «Қызғал­дақ жай­лы бал­ла­да» (1971), «Ақ шағыл» (1973), «Кішкен­тай» (1975), «Даңқ пен дақпырт» (1977) «Темірқазық» (1981), «Менің то­пырағым» (1985) кітап­та­ры, үш том­дық шығар­ма­лар жи­нағы (1996–1997), «Мен — та­мыр­мын» дас­тандар (2001), «Қасірет пен қай­сар­лық» (2001), «Жүме­кен» (2002), «Жаңғырық» (2003). 1967 жы­лы «Жоқ, үмы­туға бол­май­ды!» ат­ты по­эма­сы үшін Қазақстан Ле­нин ком­со­молы сый­лығының ла­уреаты атан­ды. Ақын жыр­ла­ры бірне­ше ше­тел тіліне ауда­рылған